Девиантты мінез құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:20, дипломная работа

Описание

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
І-ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері........................................................................................
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік мәселелесінің зерттелу деңгейі......................................................................................................
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері...............................
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі..........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................
ҚОСЫМША................................

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 98.03 Кб (Скачать документ)

Адам баласы рухани жеке материалдық өмiрде арасында өмiр сүрiп, өзi еңбек етушi қоғамда, ұжымда ұлттың, рудың мүшесi ретiнде  ақыл-ой, ерiк-жiгер, мiнез-құлық ерекшелiгiмен  көрiнуге ұмтылады. Барлық адамдардың мiнез-құлықтық қасиеттерi бiрдей, өзара  жуық болып келуi екiталай, әрбiр адам жеке тұлға.

Адамдар тұлға  болып, өзiндiк жеке бас ерекшелiгiмен  бiрден дүниеге келмейдi, әрбiр адам ұзақ тәрбие жолдарынан өтедi. Отбасы, мектеп, жұмыс орындары, өзiнiң рухани бiлiм алуын, дүниеге көзқарастары, өзiн-өзi тануы, арман-мақсат қоя бiлуi, әрбiр тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастырып, жетiлдiру, мiнез-құлқы, адамгершiлiк  қасиеттерi жетiле түсуiн қамтамасыз етедi.

Монографиялық зерттеулердi, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық  әдебиеттердi зерделеп, ой елегiнен  өткiзiп талдаулар жасау арқылы “құндылық”, “адамгершiлiк құндылық”, “жалпы адамзаттық құндылық” ұғымының мәнi жайлы оларға әртүрлi анықтамалар  берiлгендiгiн байқауға болады.

Рухани-адамгершiлiк құндылықтарды  қалыптастыруда маңызды тәрбиелік  мiндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік  сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта  басқа ұлттармен бейбітшілікті  сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.

Адам әрдайым  болып жатқан құбылыстарды (саяси, рухани-адамгершілік, эстетикалық және т.б.) бағалауға, міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны  жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа, өзіне) көзқарасы  екі жақты белгіленеді: практикалық  және теориялық. Практикалық және теориялық  көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Аxia – құндылық және logos – ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады. Ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды ізгілендіру  міндетін атқарады. Аксиология адам құндылығының өзегін құрайды. Аксиология философиялық зерттеу, талдауы бойынша болмыс ұғымының екi элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап  пен ұмтылыс нысаны ретiнде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты –  болмыстың, жалпы құрылымындағы  құндылық мүмкiндiгiн және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсiнiгiн, қатынасын, байланыстарын көрсету  болып есептеледi.

Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданылды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіреді. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді [11, Б.64.].

И.Кант және Г.Гегель немiстiң ұлы пәлсапашыларының танымдары бойынша құндылықтар  ұғымына зейiн қойып, талдаулар  жүргiзген. Мысалы, И.Кант аксиологиялық  түсiнiктердi қалыптастыру үшiн қоршаған әлемдi ойша нақты және идеалды деп  екiге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына  жету үшiн ол Факторлардың ықпалына, мәндiлiгiне қатысты болады деген  ойларда болған. [56]. Адамгершiлiк  пен мораль мәселелерiн қарастыруға  философтар ерте кезден-ақ ерекше назар  аударған. Мәселен, И.Кант өзiнiң «Практикалық сананы сынау» этикалық шығармасында адамгершiлiк жүйесiн емес, адамгершiлiк  шындығының тұжырымдамасы жасалған, алдыңғы этикалық дәстүрдi қатты  сынға алады [15].

Гегельдiң  еңбектерiнде мораль теориясы одан әрi дамытылды. Ол мораль мен рухани адамгершiлiктi бiр-бiрiне ұқсамайтын ұғым деп қарастырды. Адамгершiлiктi, Гегель бiр жағынан солардың көмегiмен  адамдардың тәртiбiн реттейтiн әдет-ғұрыптары  мен дәстүрлерiн, екiншi жағынан, моральға жанама адамның нақты мiндеттерi деп түсiндi. Оның пiкiрi бойынша, мораль адамгершiлiкке қарағанда неғұрлым кең ұғым болып саналады [15].

Жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтiндер мағынасын өткен және қазiргi бiртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер  герменевтиканы қазiргi кезеңнiң әмбебап  пәлсапасы деп ойласа [62], Х.Гадамердiң  пайымы бойынша құндылықтарды түсiну үшiн жеке адамды, халықты, мемлекеттi түсiну жеткiлiксiз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептерi, жалпы тарихына терең зер салу қажеттiлiгiн айтып, “ақиқат” деп сонда айта аламыз, сырын түсiнiп жолын, әдiсiн табамыз.

Ғылым мен  бiлiм, тәрбие мәселелерi тиiмдiлiктi, өсудi, байлық жинауды көздеу деңгейiнде  ғана болмауы керек. Себебi, адам жасампаз және рухани тiршiлiк иесi болғандықтан адамзатқа ортақ жалпы мәселелер  жөнiнде ойланып, толғануы, өзiнiң  мақсаты мен тiршiлiгi, құндылықтар  мен мүдделерi жалпы адамзатқа  тән сипатта болуы тиiс екендiгiн  жазған.

Қоғамда дәстүрлi құндылықтармен қатар әрбiр тарихи кезеңде пайда болған, әрбiр әлеуметтiк  қауымдастық үшiн маңызды құндылықтар  өмiр сүрдi. Этникалық қауымдастықтар өзiндiк ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар  барлық адамдарды бiрiктiредi. Қоғамда  даму, жылдардың өтуi, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгерiп, орын ауыстыруы тарихтан белгiлi. Қоғамдағы  үрдiстердiң даму қисынына байланысты тiршiлiкте, әрине, құндылық мәнiн жоғалтуы мүмкiн емес, тек мән берiлмеуi ықтимал. Құндылық өте сирек кездесетiн  құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биiк белестерiне жеткен адамдардың қасиетi.

Адамгершiлiктiң  өрiсi кең, бұл қасиет әр адамның еңбекте, қоғам өмiрiнде, тұрмыста, көпшiлiк  орында өзiн ұстауынан, басқалармен  қарым-қатынасынан, жүрiс-тұрыс, iс-қимылынан  байқалады. Адамгершiлiгi мол адам –  бақытты, ел-жұртына қадiрлi, қоғамға  пайдалы, яғни маңындағыларға үлгi-өнеге  болатынын ғұламалардың терең ойларынан  байқауға болады. Сондықтан жас ұрпақты  адамгершлікке тәрбиелеуде олардың  маңыздылығы арта түсетіні анық.

“Құндылық объектiнiң жағымды немесе жағымсыз жақтарын бiлдiретiн философиялық-әлеуметтiк  ұғым” – деп құндылыққа Қазақ  Кеңес энциклопедиясында анықтама берiлген. Нысанның адам үшiн маңыздылық шамасын бiлдiретiн көрсеткiш –  құндылық.

Құндылық  екi құрамдастан тұрады, бiрiншiсi –  заттық құндылық, екiншiсi субъективтiк  құндылық. Заттық құндылық – оның табиғи қажеттiлiгi, еңбектен шыққан өнiмнiң  құны, әлеуметтiк игiлiк, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттық, теориялық маңызы, iс-тәжiрибелiк  пайдасы, адамдардың тiршiлiгiндегi жақсылық пен жамандықтар, табиғи және қоғамдық нысандардың тамаша көрiнiс беретiн  түсi, симметриясы сияқты қасиеттерiн  айтамыз.

Санадағы  құндылық алға қойылған мақсат және оған жетудiң жолдары, қоғамда кездесетiн  түрлi қалыптар. Заттық құндылық баға берудiң  объектiсi және адамның дүниеге қатысын  бiлдiредi, ал субъективтiк – санадағы құндылық олардың өлшемi мен әдiсi болып табылады.

“Заттық құндылық – адамдардың қабiлетi мен  мүмкiндiктерiнен шыққан әрекеттердiң  қажеттiлiгi. Сондықтан ол адамдардың әлеуметтiк әрекеттерiнiң сыртқы қоғам үшiн керектi жақтарын қамтиды. Субъективтiк құндылық адамдардың әлеуметтiк  өмiрiндегi iс-әрекетiнiң бағытын нормативтiк  формаларға бағындырып отырады” делiнген [73,74,75].

ҚР ҰҒА-ның  әлеуметтiк зерттеулерiнiң нәтижелерiне қатысты негiзгi тұрақты деп есептеуге  болатын 14 құндылықтарды атауымызға болады: өмiр, адам өмiрi, еркiндiк, адамгершiлiк, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, қарым-қатынас, күнкөрiс көзi ретiндегi жұмыс, игiлiк (кiрiс, денсаулық), мейiрiмдiлiк, беделдiлiк, әрекет мәнi, заңдылық, бастамашылдық (дәстүрдi құрметтеу) [76,77].

Философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларына қатысты күрделi мәселелердiң бiрi, әрине құндылықтар категориясы. Зерттеу жұмысына байланысты “құндылық” ұғымы философиялық және әлеуметтiк  ұғым. Ол қандай да бiр объектiнiң  сапалық сипаттарымен салыстырғанда  оң және терiс маңыздылығын көрсетедi, бұл бiрiншiден, заттық құндылықтар, ал екiншiден, құндылық қоғамдық сананың  құбылысы қалыптылық, ұйғарымдық, бағалаушылық, мәндiлiк бiлдiретiн философиялық және әлеуметтiк түсiнiк (ұғым) екендiгiн  анықтадық; [77].

“Құндылық”  ұғымының мазмұнын заттар мен қоғамдық және табиғи құбылыстарды бағалайтын адамзаттық және әлеуметтiк категория  деп философ ғалымдардың көпшiлiгi есептейдi. Философ В.А.Василенко  және оның пiкiрiн қолдаушылар құндылықтарды  рухани және материалдық қажеттiлiктердi қанағаттандырудағы пайдалылық, “мағынашылық”, әдiс-тәсiл деп қарастырады. Келесi философ У.Хатгер және И.С.Нарский  ойларын жалғастырушы зерттеушiлер  ойынша “құндылықтарды” идеал деп  түсiнiп, амал-тәсiл емес, мақсат қажеттiлiк, тиiстiлiк көзқарасында кеңiнен қарастырады [78, 79,80].

Психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан жеке адамның құндылығын зерттеушi Р.К.Төлеубекова адамгершiлiкке жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу тұжырымдамасын жасады оны біз ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізуде негiзге алдық  және оны дамытуға ұмтылдық. Айтылған жүйелер ұқсас болғанымен олардай  құндылықтарда ортақ көзқарасты көремiз, оларды бiрiктiрiп тұрған iзгiлiктiк  бағыт: үш жүйеде де “Адам” ең негiзгi құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтарды  зерттеу нысандарына алған. Мысалы, көпшiлiкке белгiлi “Әлеуметтанушының  жұмысшы кiтабы” [87] деген шығармада  былай делiнген: “Кез-келген нысан (материалдық  немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниетi, тiлек-ықыласының негiзiн құрап, өмiр сүруiнiң маңызды  шарты болып табылса, онда ол әлеуметтiк  құндылық бола алады” [88].

Д.А.Леонтьев “Құндылықтар жүйесi – iс-әрекет пен  қоғамдық қатынастар жүйесiнiң заттық көрiнiс табуы” деп жазады [89]. Бұл  түсiнiк бойынша құндылық бiздiң  санамыздан тыс мәдениеттiң заттық әлемiне ғана тиесiлi, өз бетiнше пайда  болған немесе адамның әртүрлi жағдайдарда  өзiнiң қажетiне қарай жасалған мәселесi.

Сонымен, осы айтылған пiкiрлердi тұжырымдай келiп, қорытындысын шығарсақ: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттерi де емес, ол адам ойының қандай да бiр жоғары түрi екендiгiн  анықтадық. Құндылықтар дегенiмiз  – ұнатқан игiлiктер мен оларға қол жеткiзу тәсiлдерi туралы қорытындылаған, белгiлi көзқарастар, орнықты ойлар, оларда объектiнiң озық тәжiрибелерi, сыннан өткен пiкiрлер арқылы мiнез-құлқын анықтайды. Келесi бiр авторлар, мiнез-құлық  құндылықтары мәдениетiнiң түрлерi мен  байланыстарына ерекше назар аударады.

Құндылыққа  қатысты жоғарыдағы ойлар, анықтамалар, тұжырымдарға қатысты бiз өз ойымызды түйiнге айналдырсақ: құндылықтар  дегенiмiз санаға қатысты айтылатын  құбылыс. Заттар мен құбылыстар сипаттамалары  адамдағы, қоғамдағы, табиғаттағы үрдiстердiң  үздiксiздiгi және тұтастығын қамтамасыз ету үшiн қажет. Құндылықтар дегенiмiз  – жекелiк (жеке туындау), әлеуметтiк  құбылыстар, қатыстық (субъективтi және объективтi) болып бөлiнедi, олар тарихпен айқындалады. Олар адамның өзiнiң  өмiрлiк әлемiне деген қатынасын  өзiне-өзi тиесiлiгi, өзiндiк мәртебесiн, өзiн-өзi тануы құндылық құрылымын  айқындайды.

Философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық  әдебиеттердi зерделеп, ой елегiнен  өткiзiп талдаулар жасау арқылы «құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық», «рухани-адамгершiлiк құндылық» ұғымының мәнi жайлы оларға әртүрлi анықтамалар  берiлгендiгiн байқауға болады. Олар бiрiн-бiрi қуаттайды, қайталайды, кейде  керiсiнше жоққа шығарады. Сонымен  бiрге әр авторлардың еңбектерi құндылық жайлы біз қарастыратын зерттеу  мәселелерiне толық арналмаған. Сондықтан  құндылық ұғымының мәнi, мағынасы әртүрлi болуына байланысты ойлар, пiкiрлер де әртүрлi берiлген.

Ойшылдар  мен философтар, ағартушылар мен  тарихшылар, психологтар мен педагогтар еңбектерiне тиянақты талдау жасау  арқылы мәселенiң ғылыми-теориялық  негiзiн дәлелдеу мақсатымен «құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық», «рухани-адамгершiлiк  құндылық», ұғымдарына объективтi анықтамалар  беру үшiн келесi кезекте олардың  байланыстарын анықтау қажеттiгi туындап отыр.

Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлi түсiнiк, ой, көрiнiстер арқылы құрылым  туындап, философиялық келбет, көрiнiс  қалыптасады. Олардың зерттеулерiмен  танысу барысында құндылықтар теориясын  өмiрге алып келгендiгi және оларды типтерге бөлуге арналған пәлсапалық, әлеуметтiк  тұжырымдары айқындалады.

Адамгершiлiк  құндылықтар – бiр халықтың, этностың, мәдениетiнiң өзегi, жеке iшкi мәдениеттiң iргетасы. Осы орайда бастауыш сынып  оқушыларын адамгершiлiк құндылыққа тәрбиелеу үрдiсiнде мынандай талаптарды басшылыққа алуға болады деп тұжырымдаймыз.

Жалпыадамгершiлiк құндылық тұрғысынан тәрбиеге деген ғылыми педагогикалық  көзқарасты қалыптастыруда:   

- тәрбие процесiнде жалпы адамгершiлiк  құндылықты педагогикалық тұрғыда  меңгеру;

- тәрбие процесiнiң мазмұнын  анықтауда жеке тұлға болуға  лайықты адамгершiлiк құндылықтар  жүйесiн белгiлеу;

- оқушының жас және дара ерекшелiктерiне  сай өмiрлiк мәселелердi саналы  түрде айқындап, құндылықтарды өз  өмiрiнiң объектiсiне айналдыруымыз  қажет.

Тәрбиедегi басты мәселе оқушылардың тұлғааралық  қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерiмен қарым-қатынас  орната бiлуi, ол үшiн өзге адамдарды  түсiнуi, қабылдауы, әр адамның құндылықтарын  және даралық ерекшелiктердi жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсiне бiлуi және өзiне-өзi сырт көзбен қарап, өзiнiң көңiл-күйiне байланысты iс-әрекетiнiң  себебiн түсiнiп, iстеген iсiнiң нәтижесiне өзiндiк баға бере бiлуге үйрету.

Ұрпақ бойына адамгершiлiктiң iзгi қасиеттерiн үйрете бiлу, бала жүрегiнiң бағбаны –  ұстаздың қолынан келедi. Тәрбие процесiнде  жеке тұлғаның, адамгершiлiк қасиет сапаларын тәрбиелеуде пән мұғалiмi мен сынып жетекшiлерiнiң рөлi зор. Түрлi өмiр жағдаяттарын әр қилы пайдалана  отырып, тәрбиешi оқушының адамгершiлiк  еркiн жаттықтырады, оның ой-өрiсiн  кеңейтедi және мiнез-құлықтарын байытады. Мұғалiм оқушыны күрделi қажеттiлiктерге тәрбиелейдi: бастаған iсiн аяғына жеткiзу, оның орындалуына жауапкершiлiкпен қарауды, тәртiптiлiкке және ұйымшылдыққа әдеттендiредi. Мұғалiм – бала үшiн, бала – мұғалiм үшiн қарым-қатынаста  болу адамгершiлiктiң көзi.

Информация о работе Девиантты мінез құлық