Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:20, дипломная работа
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
І-ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері........................................................................................
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік мәселелесінің зерттелу деңгейі......................................................................................................
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері...............................
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі..........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................
ҚОСЫМША................................
7. Бала дамуының амплификациясы(баюы, күшеюі, тереңдеуі) - баланы жан-жақты тәрбиелеудің қажетті шарты. Әсіресе, бала дамуының бастапқы сатыларындағы оның біржақтылығын жеңу құралы, баланың тума қасиеттері мен қабілеттерін анықтау құралы ретіндегі мүмкіндіктердің маңызы зор. Оқушыға өз қасиеттері мен қабілетіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін таңдап алуы үшін қанша қажет болса, сонша мүмкіндік берген жөн. Амплификация - бұл еркін дамудың кепілі, баланың материалдан өзін-өзі іздеп табуы, содан соң іс-әрекеттің немесе қарым-қатынастың барлық түрінде материалдан және өзінен асып түсуі.
8. Бала дамуының барлық кезеңдерінің өшпес құндылығы.
А.В. Запорожец
балаларды дамудың бір
9. Жан күйзелісі мен ақыл-парасаттың бірлік принципі немесе соған жақын іскер адам принципі. Бұл қағиданың бірінші бөлігін Л.С. Выготский дамытса, екінші бөлігін М.Я. Басов кеңейте түсті. Екі бөлікті біріктіру барлық психикалық құбылыстарды олардың адамның іс-әрекеттерінде туу және орын алу себептері арқылы қарауды білдіреді.
10. Тұлғаның жеке басының, заттық әрекеттерінің, білімінің қалыптасуындағы белгілік-рәміздік құрылымдардың, сөз бен аңыздың жанама рөлі. Л.С.Выготский бұл құрылымдарға саналық (сөздің шын мағынасында) мәртебесін беріп, психика тіліне сана материясын енгізді. Бұл реттегі рәміздеу пайымдау құралының рөлін атқарады. Ойдың мұндай барысын теріске шығару психика мен сананың миға әсерінің нашарлау, мидан сананың қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелер мен құрылымдарды емес, сананың өзін немесе оны тудыратын салдарларды іздеу себептерінің бірі болып табылады.
11. Интериоризация және экстериоризация – даму және оқыту тетіктері. Мұнда ішкіден сырқыға, сыртқыдан ішкіге ауысу маңызды болып саналады. Мысалы, сыртқы заттың іс-әрекеттен заттық және операциялық мағынаға, бейнеге, тұжырымдарға, ақыр аяғында ойларға көшуі. Бұл реттілік жақсы зерделенген. Ойдан бейнеге көшу, мұнда ақыл-ойға күш түседі, ойдан іске көшу, мұнда сезім (адамгершілік) арқылы бағалау және ерік жігердің көмегі қажет – азырақ зерттеледі.
12. Дамудың біркелкі еместігі (гетерохрондылығы) және техникалық іс-әрекеттердің қалыптасуы. Еріксіз түрде есте сақтау тиімділігін беретін әрекет пен түсінік өзінің тиімділігі жөнінен ерікті түрде есте сақтау құралы бола отырып, оданда асып түседі. Дамудың оның кезеңдерін анықтаудың біркелкі болмайтынын айта отырып, дамудың барлық «саласын», яғни мінез-құлық пен іс-әрекеттің атқарушы когнитивтік, эмоциялық-бағдарламалаушылық, жекебастық компоненттерін дамытудың оқшауландырған деңгейін ғана емес, олардың қаншалықты ауысып, тегістеліп, содан кейін қалыптасу кезінде тағы да бәсекеге түсіп отыратының аңғаруға болады.
Аталған принциптер оларды одан әрі дамытуды және сипаттауды қажет етеді. Оның бәрі де қазіргі кез келген саналы да адамгершілікті білім мен тәрбие беру жүйесінің негізінде жатуға тиіс. Міндет оларды анықтауда, дамытуда және қолдануда, яғни педагогикалық қызметте іске асыру үшін тиісті әдістемелерді, психотехникалық технологияларды жасауда болып отыр.
Бастауыш
мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы
мен оның ағзасының одан әрі дамуын
айқындайтын өте маңызды
Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Бірінші сынып оқушысы оқи біледі, көңіл-күйге ортақтасып, аяушылық сезімін білдіре алады, мінез-құлық пен әдеп ережелерін тұмыста, ойын, сабақ үстінде сақтау керектігін түсінеді. Олар белгілі дәрежеде өздерінің мінез-құлқын басқара алады, не істеу, не істемеу керектігін біледі, үлкендердің қойылған талаптарын орындайды.
6-7 жасар
балалардың қоршаған ортадағы
заттар туралы түсініктері бар,
Балалардың кеңістікте көріп қабылдауы едәуір жоғары дәрежеде болады.
6 жасар
балалардың көру-моторлық
Есту-моторлық үйлестіру мүшелерін дамыту қарапайым ырғақты суретті айырып, қайта салуға, музыкаға қосылып, ырғақты қимылдарды орындауға және т.с.с. мүмкіндік береді.
Бұл жастағы балалар ерікті зейін қоюға қабілетті болады, алайда ол әлі онша орнықты емес, сондықтан да көбінесе оқытуды ұйымдастыру жағдайына және баланың жеке қабілеттеріне байланысты болады. Мысалы, ол іс-әрекеттің бір түрімен (оқу, жазу, әңгімелесу, т.б.) 10-12 минуттай ғана үздіксіз шұғылдана алады. Оқытуды ұйымдастыру кезінде мұны да ескерген жөн.
Әлеуметтік даму көбінесе баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің дұрыстығын және ұзақтығын айқындайды. Қарым-қатынас дағдыларының дұрыс қалыптаспауы бейімделуді қиындатуы мүмкін, егер мұғалім баланың осы ерекшеліктерін біле отырып, оған байсалды, қамқорлықпен қараса, бұл бейімделуге кедергі болмайды. Оқытудың бірінші кезеңінде (алғашқы жартыжылдықта) ұзартылған күн ұсынылмайды.
Іс-әрекетті ұйымдастыру деңгейі бала оқуының тиімділігін, оның шамасынан келетін тапсырманы орындау қабілетін, оның мұғалімді мұқият тыңдау, жаңа білімдерді меңгеру мүмкіндіктерін, т.с.с. анықтайды. Өзінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алмау 6-7 жасар балаларда жиі кездеседі және ол оқу процесін айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Егер баланың өзінің іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық компоненттері дұрыс қалыптаспаса, оның жүйке жүйесінің дұрыс дамымауының, бұзылуының (ұйқының бұзылуы, қорқыныштар, сөйлеу қарқынының бұзылуы, т.б.) салдарынан болуы мүмкін. Сонымен бірге ауыр және жиі сырқаттанудың әсерін де жоққа шығаруға болмайды. Бұған отбасының жағдайсыздығы да (ішкілікке салыну, отбасындағы кикілжіндер, т.с.с.) себеп болуы мүмкін. Іс-әрекеттің дұрыс қалыптаспауынан жазуға, оқуға, математикаға үйрету кезінде көптеген қиындықтар кездесуі мүмкін. Мұндай балаларға қарқынды оқу бағдарламасын ұсынуға, бірінші сыныпта қосымша жүктемелер беруге болмайды.
Баланың жалпы дамуы – көп көңіл бөлінетін дайындық саласы. Қазіргі балалар (қолайсыз әлеуметтік жағдайларда өсетіндерін басқа) көп көреді, көп естиді, ата-аналары оларға әңгіме, ертегілер оқып береді, оларды дамытумен белсенді түрде шұғылданады.
Зейінді және жадты дамыту – жақсы оқудың қажетті шарты. Зейіннің орнықсыздығы, тежеулілігі немесе үнемі алаңдауы, жад көлемінің төмендігі немесе орнықсыздығы, ерікті еске сақтаудағы қиындықтар оқыту процесін нашарлатып жіберуі мүмкін. Алайда, көбінесе баланың оқудағы сәтсіздіктері зейіннің немесе жадтың нашарлығымен емес, оның жағдайымен (денсаулығының нашарлығы, эмоциялық күйзеліс, жабырқаушылық), кейде ата-аналарының шектен тыс қатаң талап қоюымен түсіндіріледі.
Зейіні орнықсыз, жадының көлемі төмен балаларды жазуға, оқуға үйрету кезінде кешенді қиындықтар туындауы мүмкін. Бұлар, әдетте, бірінші сыныпта емес, екінші сыныпта байқалады. Мұндай балардың үлгерімінде көптеген кемшіліктер бар, бұл жағдайда көмектің ең жақсысы оқу материалын ұдайы қайталау болып табылады. Қарқынды оқу бағдарламалары мен қосымша оқу жүктемелері баланың жалпы дамуының өте жоғары деңгейінің өзінде оның мүмкіндіктерінен асып кетуі мүмкін, сондықтан оқуды жаңа бастаған оқушының танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін педагогикалық қолдау, арнайы мектепте оқуға дайындау, даярландыру мәселесі өте маңызды.
Тілді дамыту. Тілді дамытудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізбейінше, білім беруде жақсы жатістікке жету мүмкін емес. Дегенмен, тілдің дұрыс қалыптаспауы жиі кездеседі (бірінші сынып оқушыларының 60%-ында). Әдетте, бұл дыбысты бұзып айтудың салдарынан, дыбыстық-әріптік талдаудың қиындығынан, сөздік қордың тайыздығынан, сөйлесе білмеудің және сурет бойынша жүйелі әңгіме құра алмаудың салдарынан болады. Тілдің бұлайша қалыптаспаған жағдайында логопедтің кеңесі (мүмкін, арнаулы жаттығулар) қажет. мектепке дейін және мектепте оқу кезінде логопедпен жеке жаттығулар өткізу өте тиімді. Ол жазу мен оқуды меңгеру кезіндегі қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Тілі нашар дамыған баларды жеделдетіп оқытатын және шетел тілдерін терңдетіп оқытатын мектептерге берудің қажеті жоқ.
Қимылды дамыту және кеңістікте бағдар ұстау – бала дамуының маңызды көрсеткіші. Балаға үйрететін (немесе ол өзі үйренетін) қимылдың барлығы дерлік – ерікті қимылдар, ол ұйымдастыру жөнінен ең күрделісі болып есептелінеді. 6-7 жасқа келгенде бала қарапайым қозғалыс элементтерін (әсіресе, тұрмыстық, өзіне-өзі қызмет көрсететін) меңгеруге тиіс, алайда жаңа қимылдарды, әсіресе, жазу сияқты күрделі ұимылдарды қалыптастыру арнайы оқытуды қажет етеді.
Моторлық
әрекеттердің қалыптаспауы (ебедейсіздік)
– жақсы жазу дағдылары қажет
болатын пәндерді игеру кезіндегі
бала проблемаларының басты
Көру–кеңістікте қабылдау және көру-моторлық үйлестірулер мектепте оқу үшін үлкен мәні бар функциялар. Бұл функциялар жіктілікті дәрежеде қалыптаспаса, баланы жақсы оқуға және дұрыс жазкға үйрету мүмкін емес. Бала дамуының бұл ерекшеліктері онша айқын көріне бермеуі де мүмкін.
Дамуына мұндай кемшіліктері бар балаларға жедел оқыту бағдарламасы, шетел тілін ерте бастан (бірінші сыныптан) оқу ұсынылмайды.
Жеке басты дамыту - әлеуметтік дағдыларды қалыптастырумен қатар, баланың мектепке ойдағыдай психологиялық бейімделуін айқындайды. Дегенмен, баланың жеке басын дамытудың жеткіліксіз қалыптасуы оқытудың психологиялық қолайлы жағдайларымен, педагогтың және ата-аналардың жеке тұлғаға бағдарланған жұмыс тактикасының есебінен өтелуі мүмкін. Мұндай бала үшін мектептен гөрі педагогты дұрыс таңдаудың маңызы зор.
Бала денсаулығы – оқытудың нәтижелілігін айқындайтын басты фактор.
Алты жас- баланың ақыл-ойын дамытудың және әлеуметтік жағынан дайындаудың ең қолайлы (сензитивті) кезеңі. Осы жағдайды дұрыс пайдаланып, іске асырған жөн. Олай бомаған жағдайда, бұл жасқа тиесілі рухани азықсыз, үлкеннің қамқорлығынсыз баланың басқа қасиеттері толық дәрежесінде ашылмауы мүмкін.
Баланың ұдайы
оқытуға психологиялық
Алты жаста
бала едәуір сезімдік бай тәжірибеге
ие болады, айналадағы өмірдің құбылыстары
мен заттарын тексеруге бағытталған
қабылдау әрекеттерін, олардың қарым-қатынастарының
сан түрлі қасиеттерін
Баланың мектепте
оқуға психологиялық
Баланың мектепте
оқуға психологиялық