Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:20, дипломная работа
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
І-ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері........................................................................................
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік мәселелесінің зерттелу деңгейі......................................................................................................
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері...............................
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі..........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................
ҚОСЫМША................................
Өзін-өзі тану сабақтары 10-15 адамнан тұратын топтарда арнайы үнтаспалармен, бейнетаспалармен, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.
Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен формаларының кең көлемділігі оларды арнайы кабинеттерде ғана емес, концерт залдарында, мектептің сыртқы алаңдарында табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т.б. орындарда өткізуді қарастырады.
Өзін-өзі тануды оқыту процесінде пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады:
«Шаттық шеңбері» ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл-күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге құрған шеңберде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзіне жылы үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі “Менін” түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.
«Өзіммен-өзім» ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.
«Мәтін оқу» ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойын, жадын, эмоционалдық-еркіндік күйін дамытады.
«Сабақтың дәйексөзі» ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөздер, даналық сөздер, ұлағатты сөздер алынады.
«Әңгімелеу» ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің әр түрлі амал-тәсілдері қолданылады: кідіріспен әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асыру.
Әңгімелеу – 1-2 сыныптарда (рөлдік әңгімелеуді қоспағанда) мұғалімнің әңгімелеуі арқылы, ал 3-4 сыныптарда мұғалімнің және оқушылардың әңгімелеуі арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелеуге арналған мәтіндер «Өзін-өзі тану» оқулығында беріледі. 3-4 сыныптарда сабақта әңгімеленетін мәтіндер оқушыға (әр сабақта әр оқушыға) алдын-ала тапсырылады немесе оқушы сол тақырыпқа өзі ойынан құрастырған шығармасын (өсиет әңгіме, өлең, әңгіме, немесе ертегі) айтып беруіне болады.
«Әңгімелесу» ─ бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.
«Ойын», «Жаттығу» ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар құрастыру мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл шығармашылық шабытты аша түсуге, символдар, бейнелер мен әрекеттерді ұғыну арқылы өзіндік “Менін” көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді, балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.
«Жаттығу-ойлану» - балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу іскерліктерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең қатарлары табылады. Балалардың мақал-мәтелдер мен өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы мен жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері қалыптасады.
Жаттығу-ойлану
жұмыстарын орындау барысында ойлануға
берілетін уақытты
«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» - оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер балаларға оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді.
«Сергіту сәті» ─ балалардың сабақ үстінде шаршағандығы мен жалығушылығын ұмыттыруға, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың жақсы көңіл-күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.
«Сахналау» ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.
«Қорытындылау» ─ сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
«Үй тапсырмасы» ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Балалардың үй тапсырмасын қызығушылықпен, жақсы көңілмен орындауы үшін дәптерге олардың көмекшілері – Данышпан ата, ақылды ұл мен қыз Алпамыс, Махаббат, түйенің ботасы – Ақбота сияқты ертегі кейіпкерлері енгізілді.
Сабақ барысында әдістемелік тәсілдер байланысының ара жігін үзбей, сабақ мазмұнымен сабақтастыра отырып үй тапсырмасын сұрап, балаларға ризашылық сезімін білдіру мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты.
Өзін-өзі
тану пәнінің мазмұнын жүзеге асыруда
осы аталып өткен әдістемелік
тәсілдердің педагогикалық
Мұғалім әрбір
оқушының ерекшеліктерін ескере отырып,
балалардың қоршаған ортада өзінің тұлғалық
«Менін» жете түсінуіне көмектеседі.
Ол дайын білімдерді жеткізуші емес,
балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері
мен дағдыларын игеруге жетелейтін
өзін-өзі тану процесінің жетекшісі.
Ол балалармен бірге ойланады, жаңалықтар
ашады, дауларды шешеді, таңданады, күмәнданады,
бірлестік әрекеттерде
Кіші мектеп
жасындағы оқушыларды өзін-өзі тануға
үйрету мұғалімнің жоғары адамгершілікті,
мәдениетті, жан-жақты білімді, «ізгі
ойлы және жылы жүректі» болуын талап
етеді. Мұғалім – ерікті немесе еріксіз
– баланың жанына әсер етеді. Педагогикалық
іс-әрекет мұғалім мен оқушы арасында
тең құқықтылық сақталатын ынтымақтастық,
серіктестік ұстанымдары
Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек» еңбегінде нағыз мұғалім «бұғау салмайды, ал еркіндік береді, басымдық көрсетпейді, мақтап-мадақтайды, мыжғылап тастамайды, ал қалыптастырады, бұйырмайды, ал үйретеді, талап етпейді, ал сұрайды, балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп айтқан болатын. Өзін-өзі тану мұғалімі де дәл солай болуы тиіс.
Осыдан төрт жүз жыл бұрын өмір сүрген, дидактиканың негізін салушы, педагог-гуманист Ян Амос Коменский «Алдымен сүю, содан кейін үйрету» деген болатын Баланы кішкентай күнінен сүюге үйрету керек, өйткені махаббат пен сыйластық адамның ішкі дүниесінде және қоршаған ортасында да тыныштық пен үйлесімділікті орнатады. Біздің тәрбиеленушілеріміз әрбір жаңа күнді өз айналасына мейірімді, жағымды жағдай тудыратын жымиюдан бастауы өте маңызды.