Мектепте
оқуға даярлық дәрежесі – бұл
баланың әлеуметтік кемелдену мәселесі,
өйткені ол жүйелі дайындықтарға
кірісе отырып, ол білім алуға ғана
емес, сонымен бірге оның қоғамдық
қатынастар жүйесіндегі орнының
өзгеруіне байланысты бүкіл өмір
салтын едәуір дәрежеде қайта құруға
да дайын болуға тиіс.
- 12 жылдық
мектеп түлегінің жеке қасиеттерін
жобалау
Әлемнің дамыған
елдерінің бәрінде білім беру
жүйесін реформалау барысында педагогикалық
технологияларды дамытудағы бетбұрыс қажетті ақпаратты өз бетінше алып үйренуге,
проблемаларды мүшелеп, олардың оңтайлы
шешімін табу жолдарын іздестіруге, алғаш
білімді сыни тұрғыдан талдай білуге және
оларды барлық жаңа міндеттерде шешу үшін
қоладнуға бағытталған.
Дайын білімдерді
меңгеру мен жинақтау – мақсат
емес, адамның интеллектуалды дамуының
көмекші құралдарының бірі ғана. Педагогикалық
жүйелер қазіргі жағдайда оқытуды
адамзат жасаған дайын білімдердің
жиынтығын меңгеруге, соңғы жүзжылдықтың
бастауындағы сияқты өркениет тәжірибесін
көне ыдыстан жаңасына ауыстырып
құюға құра алмайды. Қазіргі қоғамдағы
білім берудің мақсаты – адамның интеллектуалдық және адамгершілік
тұрғыдан дамуы, бұл – адам, әйтеуір
белгілі бір саяси, идеологиялық немесе
кез келген басқа бір машинаның есік-тетігі
болмасын деген сөз. Бүгінгі қоғамға өз
бетінше дербес, сыни тұрғыдан ойлайтын,
туындаған проблемаларды көре білетін
және шығармашылықпен шеше білетін адам
қажет.
Оқушы тұлғасының
анықталған қасиеттері базистік оқу
жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар
мен басқа да білім беру құралдарын
құрудың мақсаты және құрылымдық
негізі ретінде қызмет етеді, бұлардың
негізгі мақсаты – оқушының білім
алу қызметін қамтамасыз ету.
А.В. Хуторской
12 жылдық мектепті бітірушінің жеке
қасиеттерінің үш тобын бөліп
көрсетеді: креативтік, когнитивтік
және ұйымдастырушылық-іскерлік.
Ұйымдастырушылық-іскерлік (методологиялық)
қасиеттер:
- оқушының өзінің жеке ерекшеліктерін, мінезінің қырларын, әрбір оқу пәні мен сабақтың оңтайлы қарқыны мен нысанын білуі;
- белгілі бір оқу пәндері арқылы әрбір сабақтың мақсатын сезіну және түсіндіру, онда өзін қалай көрсетуді білу;
- жаңа немесе әлі қол жетпеген мақсаттың, оған жету бағдарламасының болуы, істі ақыр аяғына дейін жеткізуге деген табандылық, мақсатқа берілгендік; мақсатқа жетуді көздеу, мақсаткерлік; мақсатқа жетудегі табандылық;
- белгілі білім немесе қызмет саласында оқу мақсатын қоя білу, оған жетудің жоспарын жасау; белгіленген жоспарды өзінің жеке қасиеттеріне сүйеніп орындау; нәтижеге қол жеткізу және оны сезіну; оны сынптастарының соған ұқсас нәтижелерімен салыстыру;
- іс-әрекет ережелерін, оның заңдар жүйесін қалыптастыра білудің шығармашылық нормасын жасау қабілеті, іс-әрекет нәтижелерін болжау; зерттелетін объектілердің мағынасын көре білу;
- өзіндік ұйымдастыру дағдылары: іс-әрекетті жоспарлау, іс-әрекетті бағдарламалау, іс-әрекеттің кезеңдері мен тәсілдеріне түзетулер енгізу, іс-әрекеттің икемділігі мен вариативтілігі, іс-әрекеттің реттілігі, жоспарлардың іске асырылуы; санада әр түрлі баламаларды бір мезгілде ұстап тұру;
- рефлекстік ойлау әдістерін меңгеру, өзінің одан арғы оқу жоспарын құра білу; іс-әрекеттің мағынасын анықтау, нәтижелерді мақсатпен біріктіру, өзіндік байқау, өзін-өзі талдау және өзіндік бағалау; басқа білім беру субъектілерімен және айналадағы әлеммен өзара іс-қимыл жасау қабілеттілігі; өз идеяларын қорғай білу, маңайындағылардың мойындамауына төзу, «соққыға шыдай білу»; дербестік, тәуелсіздік, алға ұмтылушылық, шешімділік, коммуникативтілік;
- басқа оқушылармен бірге өзгелердің шығармашылығын ұйымдастыру қабілеті
(педагогикалық қасиет); идеяларды тану және туғызу; ми шабуылын ұйымдастыра білу, оған қатысу; идеяларды салыстыру және салғастыру, пікірталас.
Креативтік қасиеттер:
- эмоциялық-бейнелік қасиеттер: шығармашылық жағдайлардағы шабыттылық, жігерілілік, эмоциялық өрлеу; бейнелілік қауымдастық, байқампаздық, қиял, елестету, арманшылдық, романтиктік, жаңаны, әдетен тыс құбылысты сезіну, қарама-қайшылықтарға ден қою, шығармашылық күмәнге бейімділік, ішкі күйзелісті жеңу қабілеті, эмпатияға қабілеттілік, таңбатану шығармашылығы, рәмізтану шығармашылығы;
- бастамашылық, оралымдылық, зеректік, ойдан шығаруға дайындық; өзіндік ерекшелік, даралық, бейстандарттық, төлтумалық, идеялар тудыруға қабілеттілік;
- мектепте және отбасында қалыптасқан мінез-құлық нормаларын сақтай отырып, ой мен сезімнің, қимылдың еркіндігін меңгеру;
- өткірлік, бейтаныстан танысты көре білу және керісінше; таптаурындарды жеңе білу, проблеманы шешу кезінде басқа жазықтыққа немесе кеңістікке шығу қабілеті; зерттелетін объектімен әңгімелесе білу, объектіге сәйкес келетін танымдық әдістерді таңдау; құрылым мен құрылысты анықтай білу, объектінің салалас объектілермен байланысын және функцияларын табу; объектінің өзгерістерін, оның өсу немесе даму динамикасын болжау; объектінің қасиеттеріне қарай танымның жаңа әдістерін құру;
- болжампаздық, сәуегейлік, гипотезаны қалыптастыру, нұсқаларды, заңдылықтарды формулаларды, теорияларды құрау; логикалық емес эвристикалық рәсімдерді меңгеру; интуиция, инсайт, медитация;
- білім стандарттарының тереңдігімен, тақырыбымен, пікірібімен, жалпы қолданғандардан өзгешелігімен ерекшеленетін білімнің жеке нәтижелерінің болуы; тәуелсіздік, тәуекелге бейімділік;
- өзінің шығармашылық қабілеттерін шығармашылық жұмыстарды орындау және қорғау түрінде іске асыру тәжірибесінің болуы, конкурстарға, олимпиадаларға және басқаларға қатысу.
Когнитивтік қасиеттер:
- физиологиялық қасиеттер: көру, есту, сипап сезу, зерттелетін объектіні иісі, дәмі арқылы сезіну; жұмыс қабілеті, жігерлілік;
- уалдық қасиеттер: білуге құмарлық, білімділік, ойлылық, аңғарғыштық, қисындылық, «интеллект коэффициенеті», мағыналық, негізділік, дәлелділік, талдай білу, ұқсастықтарды таба білу қабілеті, дәлелдемелердің әр түрлі нысандарын пайдалану, іске берілгендік;
- ұмтылғыштық, өткірлік, проблемаларды іздеу, экспериментке бейімділік, сұрақ қоя білу, қарама-қайшылықты білу, проблемалар мен гипотезаларды құрау, теориялық және эксперименттік зерттеулерді орындау, әр түрлі міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, тұжырымдар мен қорытындылар жасау, әрекеттердің жеделдігі, ойлаудың тосындығы;
- өз іс-әрекеті арқылы бастан кешірген мәдени нормалар мен дәстүрлерді меңгеру; өз білімін және алынған нәтижелерді дәлелдей білу; таңдау жағдайында өзін-өзі таба білу;
- кез келген туындаған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсінбегенін білдіру қабілеті; басқа көзқарасты түсіне білу және бағалай білу, мазмұнды әңгімеге немесе пікірталасқа қатысу;
- зерттеу салаларын олардың кеңістік пен уақыт ішіндегі иерархиясы арқылы құрылымдық-жүйелік көру; объектінің байланыстарын, олардың себептерін, соған байланысты проблемаларды іздеп табу, кез келген объектілер мен құбылыстардың (табиғаттың, мәдениеттің, саясаттың, т.б.) мәнін білудің жалпы тәсілін меңгеру, әр түрлі ғылыми көру;
- іргелі емес объектілер арасынан іргелілерін таңдау, олардың арасындағы бағынысты байланыстарын іздеп табу; белгілі объектілердің иерархиясын, жаңа функцияларын және байланыстарын, көру; объектінің пайда болу себептерін іздеу қабілеті, объектінің мағынасын, оның көзін табу қабілетіҢ объект туралы фактілерді және факт еместерді айыра білу;
- әрбір оқытылатын оқу пәнінің мағынасын түсіну; базалық білімді, біліктер мен дағдыларды меңгеру; оқытылатын ғылымдардың іогелі проблемаларына бағдарлану;
- мәдени-тарих ұқсас материалдарды өзінің білім жетістіктерімен және сыныптастарының нәтижелерімен салыстыра білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, өзіндік білім нәтижелерін қайта қарау немесе пысықтау;
- мәдени-тарих ұқсастықтардың шығу
(көріну) себептерін анықтау қабілеті, оның құрылымы мен құрылысын анықтай білу, салалас идеялық объектілердің жүйесін құру, дәлелденген принциптердің өлшемдерімен олардың иерархиясын құру; мәдени-тарих ұқсастықтардың нақты объектілермен байланыс жүйесін таба білу;
- алынған білімді рухани, материалдық және іскерлік нысандарға жұмсау қабілеті (13).
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту
барысында оқушылардың рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық үлгісі
Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының қай
кезеңі болмасын, ондағы тұлғаның әлеуметтік,
рухани, дене және шығармашылық дамуының
үйлесімді болуы, тұлғаның өз мүмкіндіктері
мен өзін-өзі жан-жақты танып білуіне шартталған.
Бұдан біз «өзін-өзі тану» ұғымы тарихи
және адам өмірі үшін маңызды категория
екенін түсінеміз. Тұлғаның өзін–өзі
тану үдерісін, өз мүмкіндіктерін жан-жақты
ашу мәселелерін ерте кезден ақ ғалымдар
қарастыра бастаған. Оған ұлы философ,
ойшыл Сократтың: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің
таны» деген пәлсәпәлық ойы, К.Яспердің
«адамның рухани және кеңістіктік болмысының
толықтық мәселесіне» байланысты көзқарастары
дәлел болады. Аталған мәселенің қазіргі
таңға дейін маңыздылығын жоғалтпауы
керісінше бұл мәселе еліміздің үкімет
басшылығы тарапынан кең ауқымда қарастырылуы
«өзін-өзі тану» категориясының зерттелу
өзектілігін нақтылай түседі.
Мысалы:
2002 жылы еліміздің бірінші ханымы
Сара Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты
рухани-адамгершілік тұрғыда дамыту
бойынша «Өзін-өзі тану» атты
кең, ауқымды білім беру бағдарламасын
ұсынды. Автордың пікірінше «Әр баланың
қабілетін ашуы, өзіне жол табуы,
өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі
орнын анықтау үшін өте маңызды!
Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын
жасай отырып, қарапайымдылық пен
махаббат жүректен жүрекке жетуі
тиіс».
«Өзін-өзі
тану» пәні жастардың бойында
махаббат, адамгершілік, мейрімділік
сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалыптастырады, оларды рухани-адамгершіліктің
нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану
– адамның өзіне терең мән
берудің алғашқы қадамы.
Тұлғаның
өзін-өзі тану мәселесінің маңыздылығы
мен қоғам үшін бұл мәселені зерттеу
мәнділігінің жоғары болуы мемлекетіміздің
тәрбие және білім кеңістігінде «өзін-өзі
тану» курсының пайда болуына
ықпал етті.
«Өзін-өзі
тану» курсы жеке пән ретінде
оқу жоспарына ендіру қажеттілігі
туралы идеяны өзектендіру тұлғаға
рухани-адамгершілік тәрбие берудің
негізіне талдау жасауды талап етеді.
Осыған орай К.Ж.Қожахметованың тұжырымдамасында
аталған мәселеге жаңа тұғырлар призмасы
арқылы рухани-адамгершлік тәрбие негізін
қайта саралауға талпыныс жасалынды.
Бұл тұжырымдамада:
- рухани-адамгершілік тәрбие үдерісінің өзіндік негізі және оның басқа әлеуметтік-білім беру үдерістерінен айырмашылығы;
- әлеуметтендірудің көптеген факторлары жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбие үдерісінің орны мен қызметтері;
- технологиялық ережелер мен заңдарға айналған рухани-адамгершілік тәрбиенің құралдары қарастырылған [6].
Жас ұрпаққа
тәрбие мен білім беруде уақыт
талабына сай болу С.А.Назарбаеваның
«Өзін-өзі тану» атты білім жобасының
негізінде оқу жоспарына жаңа
пәннің енгізілу қажеттілігін айқын
аңғартып отыр.
«Өзін-өзі
тану» - мектепке дейінгі дайындық пен
мемлекеттік білім берудегі экспериментальды
пәннің аты, ол пән ретінде Қазақстан
Республикасының барлық обылыстары
бойынша эксперименталдық алаңдарда,
мектепке дейінгі мекемелерде, мектептің
1-11 сынып аралығында және жоғары кәсіби
білім беру де өтіледі [3].
«Өзін-өзі
тану» пәнінің басты мақсаттары:
рухани-адамгершілік білім беру, дамыту
арқылы адамның төмендегідей түйінді
құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына
ықпал ету:
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік, азаматтық, отансүйгіштік және толеранттық таныту;
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту [4].
2006-2007
оқу жылында ҚР-ң Білім және
ғылым министірлігінің 12-қазан
2005-жылғы №679 бұйрығына сәйкес
оқу-әдістемелік кешенін дайындау
және сынақтан өткізу жоспарға
сәйкес жүргізілді.
«Өзін
өзі тану» курсының пән ретінде
мемлекетіміздің білім кеңістігіне
енгізілуінің алғы шарты «өзін-өзі
тану» курсының нәтижелі болуымен сипатталған
экспериментке негізделген, яғни, өзін-өзі
тану курсының қоғам үшін қажеттілігін
нақтылау мақсатында мемлекетіміздің
бірнеше мектептерінде эксперимент ұйымдастырылған.
Аталған эксперименттің нәтижелі болуы
«өзін-өзі тану“ курсының пайда болуына
ықпал еткен.
Экспериментке
жауаптылар - мектеп директорлары, облБЖИ
мен облБД мамандары.
Тәжірибелік-эксперимент
жұмысы төмендегідей кезеңдерден өткен:
- Іздеу кезеңі
а) «Өзін-өзі
тану“ курсының теориялық аспектілерін
қарастыру.
ә) тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың бағдарламасын даярлау.
б) алғашқы
әдістемелік және диагностикалық материалдар
жасау.
в)“Өзін-өзі
тану“ курсын енгізу үшін қажетті
ұйымдастырушылық жағдайларды құру.
2. Эксперименттік кезеңі
а) 1-4 сыныптарда
«өзін-өзі тану» курсын сынақтан
өткізу.
ә) бастауыш
сынып жағдайында өзін-өзі тану курсын
енгізудің ерекшелеіктерін анықтау.
б) аралық
нәтижелерді қорытындылау.
3. Қорытынды кезең
а)бастауыш
мектеп жағдайында «өзін-өзі тану»
курсын педагогикалық және әдістемелік
қамтамасыздандыру критерийлерін,
нұсқаулықтарын, қорытындыларын жасау.
ә) озық
педагогикалық тәжірибені қорытындылау.
б) негізгі
мектеп жағдайында «өзін-өзі тану»
курсын сынақтан өткізу кезеңіне өту.
Уақыты
бойынша ұзақ және қамтуы бойынша
кең эксперимент балалар мен
студенттік жастарда рухани-адамгершілік
білім берудің оң тәжірибесі жинақталғанын
көрсетті. Эксперимент жылдарында өте
бай жұмыс тәжірибесі жиналды, әдістемелік
қоржын жинақталды, мемлекеттік және
педагогикалық құрылымдармен, кең
қауымдастықпен табысты және өте
тығыз қарым-қатынас орнады. Негізгі
алаңдар тәжірибесінен педагогтар,
өзін-өзі тану арқылы оқушыларда ең
жақсы сапалы және шығармашылық қабілеттер
дамитынына, өзінің ішкі жан дүниесін
ұғу арқылы өзін-өзі оң тану қалыптасатына
көз жеткізді. Балалар ар-намысты
бағалауға, жаңашылдыққа ашық болуға,
ұлттық және жалпы адамдық мәдениетті
дамытуға үйренеді, материалдық игілікке
ғана емес, рухани байлыққа да ұмтылады.
Аймақтардағы
эксперименттің нәтижелерін талдау
мынаны байқатты: өзін-өзі тану бағдарламасы:
- мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы дайындық құрылымында өзіндік орынды иеленді, ол оқу пәндері мазмұнындағы адамгершілік тәрбие берудегі кемшіл тұстарды толықтырады, дамытып оқытудың жоғалып бара жатқан гуманистік қуатын қалпына келтіреді;
- әлем туралы, айналадағы адам туралы, өзі туралы ойланатын жеке тұлғаны қалыптастырады; өмірден алшақ кетпейтін модельдік жағдайлар ойластырып, басқа оқу пәндерінде жүзеге асыру көзделмеген, өзін-өзі тану арқылы әлеуметтік бейімделу дағдыларын бойға сіңіреді;
- білім беру ұйымдарындағы қазіргі оқу-тәрбие қызметі жүйесіндегі жетіспеушіліктердің орнын толтырады;
- жас ұрпақтың әлеуетін дамытудағы білім берудің жаңа міндеттерін жете түсінуге мүмкіндік ашады;
- оқытудағы дәстүрлі және жаңа көзқарастардың мазмұнын қайта ой елегінен өткізуге, педагогикалық теорияның жаңа ұстанымдары жұйесін нақтылауға, дидактикалық талаптарға қойылатын жаңа өлшемдерді ұсынуға ықпал етеді;
- тұлғаның балалық, жасөспірімдік, жеткіншектік жас ерекшеліктеріне орай үйлесімді дамуының сабақтастығын қамтамасыз ететін нақты концептуалды шешімді қажет етеді [5].