Девиантты мінез құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:20, дипломная работа

Описание

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
І-ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері........................................................................................
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік мәселелесінің зерттелу деңгейі......................................................................................................
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері...............................
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі..........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................
ҚОСЫМША................................

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 98.03 Кб (Скачать документ)

Елiмiздiң  ертеңi – жас ұрпақты сапалы бiлiм, саналы тәрбиемен қаруландырып, олардың  туа бiткен тұлғааралық ерекшелiктерiн  мүмкiндiгiнше тиiмдi жетiлдiре түсудi көздеу – әрбiр тәрбиешiнiң басты  мiндетi, абыройлы борышы. Бiреу өнерге, бiреу әдебиетке, ендi бiреу техникалық мамандықтарға бейiм болады, соған  сай мiнез-құлық ерекшелiктерiнiң  де қалыптасатынын өмiр тәжiрибесi көрсетiп  келедi. Әрбiр халықтың “адамгершiлiк  тәрбиесiнiң” өзiндiк ерекшелiгi, яғни ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы  – бiр халықтың, этностық мәдениетiнiң  өзегi, жеке iшкi мәдениетiнiң iрге тасы. Осы орайда бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiк құндылыққа тәрбиелеу  үрдiсi де келесі сипатта жүгізіледі.

Адамгершiлiкке  негiзделген тәрбие қарым-қатынастың қарапайым түрi – ұжымдық өмiрдiң  талаптарымен, ерекшелiктерiмен танысу арқылы жүзеге асырылады. Балаларды  бағалау көрсеткiшi әрбiреуiнiң оқудағы  табыстары және оның мiнез-құлқының негiзгi қырларынан көрiнедi. Оқушыларды адамгершiлiк құндылыққа тәрбиелеуде  қарым-қатынастың да ролi зор. Олардың  қарым-қатынастарында бiрте-бiрте өзара  көмек, бүкiл топқа тапсырылған  қоғамдық жұмыстың орындалуына бiрдей жауапкершiлiк сезiмi, бүкiл топтың жүмысын басқару кiмге тапсырылса, соған бағына бiлу, топқа жетекшiлiк  мiндетiн мойнына алып, жалпыға  тән ережелер мен тәртiпке қатаң  мойын ұсына отырып, атқара бiлуi қалыптасты. Бiрлескен iс-әрекеттiң барысында  балалар бiр-бiрiн жақынырақ, тереңiрек  таниды. Ал, оқушылардың белсендi iс-әрекетiнде  бiлiмдi, iзденiмпаз педагог балалар  жiгерiнiң көзiн ашып, әрбiр оқушының шығармашылық күшiн, қабiлеттерiн шешуге бағыттайтын мүмкiндiк табады.

Адамгершiлiктiң  ең жоғары рухани қажеттiлiгiнiң бастау көзi – өзiн-өзi көрсету, өзiн-өзi жетiлдiру, өзiн-өзi дамыту, қарым-қатынаста, дүниетанымда өзiнiң шығармашылық қабiлетiн таныту болып табылады. Оқушыларды адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң шарттарының бiрi –  мектеп жасында жеке тұлғаның өздiгiнен  даму заңдылықтарын бiлу болып табылады. Адамның өзiндiк сана-сезiмiнiң  көрiнiсi туралы басқа адамға үңiлiп  көз тоқтатып, өзiн өзгелермен салыстырғанда  ғана ол өзiн-өзi таниды. Осы орайда адамгершiлiк  тәрбиесiнiң ойдағыдай табысты  болуы жеке тұлғаның өзiн рухани дамыту мақсатында үздiксiз өзiн-өзi жетiлдiруiне байланысты.

Бала өзге балаларға қырағылықпен үңiлiп, мына талаптарға құрбыларынан қалыспай бiрдей атсалысуға тырысады: олар қалай жазады, қалай сынайды, қалай сөйлеседi және оларға ересектер мен құрдастары, үлкендер мен кiшiлер қалай тiл  қатады.

Өзiн бағалау, өзiне-өзi баға беру оған мұғалiмнiң қатынасының  әсерi арқылы пайда болады. Өзiнiң  табыстарын, жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiн  өзге балалардың да осындай iстерiмен  үнемi ерiксiз салыстыру – оқушыға  өзiне-өзi баға беруге мүмкiндiк туады. Мiне, осындай бiрлескен ынтымақпен, сабақтастықпен жүргiзiлген өзiн-өзi бағалау  оқушылардың адамгершiлiк қасиет сапаларының қалыптасуының өзегi болмақ деп ойлаймыз. Баланың жеке басы сана-сезiмiнiң қалыптасуына оның құрдастарымен үнемi араласуы және бiрлескен өмiрi шешушi рөл атқарады.

Рухани-адамгершiлiк құндылықтарды  қалыптастыруда маңызды тәрбиелік  мiндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік  сияқты жалпы ажамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта  басқа ұлттармен бейбітшілікті  сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.

Дж.Локктың  педагогикалық пiкiрлерiнде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементтерi орын алды.

Дж.Локктың  ойынша адамға қажеттi тағы бiр сапа – мiнез-құлықтағы мәдениеттiлiк. Дөрекiлiк, мысқылшылдық, әдепсiздiк, кекшiлдiк  – мiнез-құлық мәдениеттiлiгiне сыйыспайтын  қасиеттер деп есептелдi.

Дж.Локктың  дәлелiнше, адамгершiлiк тәрбиесiнiң  нақты тәсiлдерi мен құралдары  мынадай принциптерге негiзделуi тиiс:

- табиғатқа  сәйкестiлiк; 

- бала  табиғатын жете зерттеу және  балаға даралық қатынас орнату;

  - тәрбиедегi  қаталдықты балаға сүйiспеншiлiк  бiлдiрумен ұштастыру. 

Ол балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде  зерттеуге және тәрбиенiң олардың  мiнез-құлқын жүйелi түрде байқауға негiзделу қажеттiлiгiн баса айтты. Балаларды зерттеп бiлудiң негiзiнде  балалардың табиғи ерекшелiктерiн, талаптары  мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдаланудың, соларға дер  кезiнде арқа сүйей бiлудiң қажеттiлiгiн  көрсеттi.

Дж.Локк iрiктеп ұсынған тәрбиенiң жолдары мен  құралдары:

а) үлгi-өнеге  көрсету; 

ә) әдеттендiру;

б) балалармен пiкiр алысу және олардың әуестенушiлiк  ынталарын қанағаттандыру;

в) намыс  және терiс ұғымдарына назар аудару.

Дж.Локк бала табиғатының ерекшелiктерiн негiзге  ала отыра, баланың айналасын  қоршаған өмiрден алатын үлгiлер мен  өнегелердiң мықты тәрбиелiк ықпалы болады деп есептедi.

Бастауыш  мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын  қалыптастырудың  әдіснамалық негізі ретінде білім  беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылығын және дербестігін дамыту туралы идеялар, отандық және шетелдік білім беру теориясындағы ізгіліктік дәстүрлер  мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің  адамға бағытталған тұрғылары танылған. Адамзат жинақтаған тәжірибесін  жас ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде  негізгі бағдарды жеке тұлғаның жалпы  адамзаттық құндылыққа белсенділігін  арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударылуда.

Философиялық, педагогикалық, психологиялық  тұрғыда рухани-адамгершілік құндылықтар  жүйесін дамыту мәселелері төмендегідей бағыттарда сипатталған:

- құндылықтардың философиялық  және аксиологиялық негіздері  туралы: (Сократ, Аристотель, Монтень,  Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.А.  Гельвеций, И.Г. Пестолоцци, А.С.  Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д.  Ушинский, т.б.) [4,5,6,7,8,9,10,11,12,13];

- қазақ ойшылдарының рухани-адамгершілік  құндылықтар туралы ой-пікірлері  (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,  Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов және т.б.) [14,15,16,17,18,19,20];

- жалпыадамзаттық құндылықтардың  педагогикалық құндылықтарды дамытудағы  ролі (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.А.Сластинин,  И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов, И.Б.Котова) [21,22,23,24,25];

- тұлғалық ізгілікті даму көзқарастары (А.Дистервег, И.Кант, Д.Дидро, А.Маслоу, Д.Дьюи т.б.) [26,27,28,29,30].

М.М.Монтеньнің педагогикалық көзқарастарында  жеке тұлға тәрбиесінде эстетикалық  талғам мен рухани-адамгершілікті дамыту, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы (Я.А.Коменский), «Адам ісін түзетудің бүкіл жалпылық Кеңесі» деген еңбегінде: «Тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны  түгелдей дамыту керек», «Адам тек  ақыл-ой, құлықтық тәрбие арқылы ғана адам бола алады», «Ілім құлықтың серігі» (Ж.Ж.Руссо), тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық) сүйіспеншілікпен, рухани-адамгершілікпен  ұштастыруды (К.А.Гельвеций) өз еңбектерінде адамды  ізгіліктікке, үлкен жүректілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу (И.Г.Песталоцци) адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз етуін талап етеді.

Орыс және кеңес педагогтары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский К.Д.Ушинский еңбектерінде рухани-адамгершілік құныдылықтар көзқарастары - өз Отанын сүю және қорғау, адамдарға  көмек көрсету және қайырымды  болу, сыйлы болу, салауаттылыққа, ынтымаққа  шақыру туралы озық ойларға басым.

Рухани-адамгершілік құндылықтарға елімізде бірнеше  ғалымдар өз зерттеулерін бағыттады: тұлғаны  тазалық, ұқыптылық, салауаттылық негізінде  ізгілікке тәрбиелеу (Х.Досмұхамедов), қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің  негізінде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу (К.Қожахметова, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев), қоғам дамуының жаңа кезеңінде ұлттық тәрбие негізінде адамгершілікке тәрбиелеу (Р.К.Төлеубекова), рухани-адамгершілік ізгілік негіздерін талдау (А.Тұрсынов, С.Нұрмұратов, С.Тілеуова), жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту (Б.Игенбаева), мұғалімдерді кәсіптік бағдарлауда  адамгершілікке тәрбиелеу (А.Калюжный), рухани-өнегелі тұлғалық бағдарлы ізгілікке  тәрбиелеу (Ш.Майғаранова), құндылыққа бағдарлау жүйесі (Г.Нұрғалиева, К.Нугманова), халық педагогикасы негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру (А.Қисымова, Ж.Сәдірмекова, Ш.И.Джанзакова) рухани-адамгершілік тәрбиесі ілімінің  ект (Э.Урынбасарова), жастарға адамгершілік тәлім беру жолдары (А.Қараев), жеткіншектерге адамгершілік тәрбие берудің  жолдары (В.А.Ким), адамгершілік тәрбие мен құқықтық тәрбиенің өзара  байланысы (Л.А.Байсеркеев), салауатты  өмір салты негізінде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу (А.Каплиева), студенттердің  рухани-адамгершілік құндылықтарын  қалыптастыру (Г.А.Ерғалиева) және т.б. Зерттеу еңбектерінде рухани-адамгершілік сананы дамыту, өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі рухани-адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу керектігі дәлелденген [55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63,  64, 65, 66, 67].

Рухани-адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір  әрекетке баруына түрткі болатын  сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық  қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі  іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен  себептер әрбір тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетеді (Осипова С.Д).

Жас ұрпаққа  рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. (А.Қараев).

Құндылықтарды мазмұнына қарай  жоғары және төменгi деп есептеуге  болатындығын зерттеулер арқылы анықтадық. Жоғары құндылыққа адамның аса мәндi, маңызды қажеттiлiктерiне жауап беретiн, бiрiн-бiрi толықтыратын өзара тең  бағаға ие болатын, адам мен адамзат  игiлiктерi үшiн жасалатын құндылықтарды  айтуға болса, төменгi құндылықтарға  адамның қажеттiлiктерi үшiн материалдық  игiлiктердi жүзеге асырудың амал тәсiлдерiн  есептеуге болатындығына көзiмiз  жеттi [24].

Құндылық  дегiнiмiз – “идеал” және “мәндiлiк”, олардың ерекшелiктерi субъектiлер  арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрiнiс табады. Құндылық болса субъектiлер  арасындағы жеке тұлға немесе тұтас  қоғам деңгейiндегi қатынастардың  жалпы кезеңдерiн бiлдiредi.

Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз адамның  өзінің табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбиелеу жүйесі негізінде дамыған, тұлғаның тұрақтылығы  деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық  қасиеттерінің сипатын айқындайтын  ішкі құрылымдық жүйе.

Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын, рухани-адамгершілік, парасаттылық ой толғаныстарын қуаттайтын, жеткіншекті өмір жолында кездесетін түрлі жағдайды шешуге бағытталған, өзара  қарым-қатынас құра білетін, ішкі сезімін дамытатын, өз іс-әрекетіне  сындарлы көзқарасын жетілдіретін әдіснама қажет деп ойлаймыз. Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде  тәрбиелеу (Ш.Амонашвили, Узнадзе, В.В.Краевский, С.Назарбаева, Х.Г.Шерьязданова, З.Б. Мадалиева, т.б.) олардың бойында төмендегі  қасиеттер мен сапалардың  пайда  болуына ықпал ететіндігін айқындайды:

- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі  мен тіл байлығы, логикалық  өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі  сыни ойлау қабілеті;

- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;

- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

- болашаққа көзқарас сипаттары:  өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, рухани-адамгершілік қасиетіне сыни  көзқарас, өзінің адами даму сапасына  жоғары талап қоя білу, жауапкершілік,  өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім  алуға қажеттілігінің болуы;

- рухани-адамгершілік тәрбиені  алу мақсатына талпыныс;

- рухани-адамгершілік эмоциялық  сапалар: нақтылық, өзге жанын  түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық;

- дүниеге деген  көзқарастар  сапасы: барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды  қалыптастырудың әдiснамалық және теориялық  мәселесiн зерттеудегi ғалымдардың  ұстанымдарын негізінде  бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершiлiк құндылықтарын  қалыптастырудың қағидаларын анықтадық: сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  барысында оқушылардың қоршаған ортаға, жан-жануарға, табиғатқа, Отанға, елге, туған жерге сүйiспеншiлiгiн  және адамгершiлiк сана-сезiмдерi мен  сапаларын қалыптастыру; сыныптан тыс  жұмыстар арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жетiлдiру; сыныптан тыс жұмыстардың формаларын ұйымдастыруда тәрбие әдiстерiн түрлендiре пайдалану.

Ж.Ж.Нұржанова  адам құндылығының ең маңыздысын «өмір  сүру» деп белгілеп, оның адамгершілік және руханилық қатынас бағыттарын сипаттай отырып, адамның адам болып  қалыптасуына үлес қосатын негіз  рухани-адамгершілік құндылық екендігін  атап көрсетеді.

Ғалым Г.Нұрғалиева құндылықтардың өзара әрекеттестігін көрсете келе «адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік  туғызады» дейді. Адам өмірінде барлық тарих сынағынан сүрінбей өткен, адамзаттық мәнд қасиеттері бар құбылыс  – адамгершілік құндылық болып табылады. Адам болмысының қасиеті: ар мен ұят, адамгершілік пен қайырымдылық, ақниеттілік  пен жан тазалығы, шынайылық пен  ұстамдылық негіздері өз құндылығын жойған емес.

Рухани  құндылық – қоғамдағы мәдени тұтастық, оның ішкі бірлігі, әлеуметтік ортадағы таным мұраттары, әсемдік пен  адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.

Бөбек қорының  президенті С.А.Назарбаева «Өзін-өзі  тану» атты әдістемелік оқу құралында: «Рухани-адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты  гуманизм принциптерін бейнелейтін  моральдық қасиет. Адамдарға деген  ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен  сезім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі  үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді  қамтиды, сондай-ақ кішіпейілдік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады. Рухани-адамгершілік ұғымы  ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде  неғұрлым кең мағынада да қолданады. Рухани-адамгершілік қоғамдық қатынастардың  дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктердің нәтижесі, рухани-адамгершілік туа біткен қасиет емес. Рухани-адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа  талпыну, мүдделерді үйлестіру мен  ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік  пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен  мойындау сияқты факторлар негізінде  қалыптасады», - дей келе, қоғамдық дамудың  жаңа сатысында, айталық, біздің еліміздегідей, тоталитарлық жүйеден қадам басқан өтпелі кезінде, тарихта талай рет  болғандай, рухани-адамгершілік талаптары  туралы түсінік те жаңғырулар, тіпті  бұрмалаулар да орын алады. Мұндай қауіптен адамның рухани тазарып, кемелденуі мен қоғамның ізгіленуі негізінде  ғана рухани-адамгершілік мұраттарды сақтап қалуға болатындығын атап көрсетеді.

Информация о работе Девиантты мінез құлық