Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Таңдау кезінде басты сол бағытқа иіп, бұрын отырса, ол адамда қызығушылықтың пайда болғанын білдіреді.
2- ереже. Психолог-кеңес беруші клиентке тек қана кеңес беріп қана қоймай, бұл кеңестердің мәселесін шешу бойынша жеңіл немесе қиындығына да өз пікірін білдіруі керек.
3-ереже. Клиентке өзіне сай келетін іс-әрекет тәсілін өз бетінше таңдауына мүмкіндік беру.
4-ереже. Психологиялық кеңес беру соңында клиенттің мәселесін шешу бойынша қабылданған тәсілінің сәттілігін өз бетінше бақылай алу құралдарымен қамтамасыз ету керек.
5-ереже. Мәселені практикалық шешу процесінде психолог- кеңес беруші клиентке қажетті ұсыныстар мен кеңестер алуға қосымша мүмкіншілік беруі керек.
6-ереже. Ең алдымен жұмысты аяқтау және клиентке өз бетінше іс-әрекет етуге мүмкіншілік беру үшін психолог-кеңес беруші клиент барлығын дұрыс түсінгенін, күмәнсіз шешім қабылдағанын, дұрыс бағытта әрекет етуге дайын екендігіне көз жеткізу керек. Бұған іс жүзінде көз жеткізу үшін кеңес беру соңында мүмкіншілігінше клиентке тағы да бір сөз беріп одан келесі сұрақтарға жауап беруін сұрау керек. Мысалы: Сізге бәрі түсінікті және дұрыс па?
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
2. Кеңестер мен ұсыныстарды қарастырғанда психолог-кеңес беруші қандай ережелерді ұстануы керек?
№ 5 ЛЕКЦИЯ
5-тақырып. Психологиялық кеңес берудің этикалық принциптері.
1.Кеңес берудің
құпиялылығы және оның
2.Психологтың клиентпен кеңес берудегі және басқа да қарым-қатынасының үйлесуінің этикалық және құқықтық мәселелері.
3.Ю.Е. Алешинаның
еңбектеріндегі этикалық
Көптеген мамандықтарда кәсіпкерлер үшін міндетті болып келетін өзінің принциптері мен талаптары болады.
Кеңес беруші басқа да кәсіпкерлер секілді, этикалық жауапкершілікті мойнына алады және міндеттерді орындайды. Ең әуелі, ол клиенттің алдында жауапты болып келеді. Алайда клиент пен консультант вакумда емес, алуан түрлі қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Сондықтан кеңес беруші клиенттің отбасы мүшелері алдында, клиент жұмыс істейтін ұйымның алдында, жалпы қоғамның алдында, сонымен қатар, өз мамандығының алдында жауапты. Міне, осындай жауапекершілік психологиялық консультациялау мен психотерапиядағы этикалық принциптардың ерекше маңыздылығын анықтайды. Сондықтан көптеген елдерде психотерапевт пен консультант-психологтың кәсіби іс-әрекетін регламентейтін кәсіби этиканың кодекстері жасалынды.
«Психологтар тұлғаның ар-намысын құрметтейді, бағалайды және адамның негізгі құқықтарын қорғап, қамтамасыз етуге тырысады. Олар адамдардың мінез-құлқы туралы, адамдардың бір-бірін түсінуі туралы, өзін-өзі түсінуі туралы мәліметтерді жинақтап, сосын осы мәліметтерді қоғамның жақсаруын қамтамасыз ету үшін қолдануы керек».
Кеңес беруші құпиялықты қамтамасыз ете отырып, клиентті кәсіби құпия сақталмайтын кездермен таныстыру керек. Конфиденцианалдылықты абсолютті принципке айналдыруға болмайды. Жиі оның шектері туралы айтуға тура келеді. Shneilder осындай шектерді қоюға оның жеті негізгі ережелерін қарастырды:
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Кеңес берудің құпиялылығын қалай сақтаймыз?
2.Психологтың клиентпен кеңес берудегі және басқа да қарым-қатынасының үйлесуінің негізгі ерекшелігі қандай?
3.Ю.Е. Алешинаның
еңбектеріндегі этикалық
№ 6 ЛЕКЦИЯ
6-тақырып.
Сенім телефоны арқылы
1. «СТ» қалыптасу тарихы.
2.«СТ»
қызмет атқаратын
3.Телефон арқылы кеңес беру ерекшеліктері.
4.«Сенім
телефоны» бойынша
1. «СТ» қалыптасу тарихы
Отбасына психологиялық қызмет көрсетуде соңғы кезде «Сенім телефоны» кеңінен пайдаланылып келе жатқан көпшілікке психологиялық қызмет көрсетудің бір түрі. Қазіргі кезде әлеуметтік ортаның әр адамға тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде оның психоэмоционалдық жағдайы да теріс белгіде болып, стресс, шамадан артық психоэмоционалдық зорлануы жиі орын алуда. Көпшіліктің ортасында жүргенімен өзін шектеулімін деп санайтындар, үйішілік қатынаспен шектелгендер және жалғыздық сезімге бөленіп, нәтижесінде психоэмоционалдық жағдайы төмендеп жүргендер аз емес. Қоршаған адамдардың бір-бірімен тұлғааралық қатынастардың мән мағнасының таяз болғандығынан кейбіреулер өздері қарым-қатынас жасайтын, сырласатын, достық қатынаста болатындарды таба алмастан, кеңес сұрауға, өзінің басына түскен жағдайлар туралы ойларымен бөлісіп, өзгелердің ақылын тыңдауға зар болып жүреді.
Осы жағдайда «Сенім телефоны (СТ)» қызметін ұйымдастырудың өзектілігі тереңдеп отыр. Өйткені «СТ» арқылы қажеттілік туғанда қысқа мерзім ішінде жедел жәрдем көрсетуге мүмкіндік туады. «СТ» жұмысының тиімділігі онда қызмет атқаратындардың кәсіби шеберлігіне және өз жұмысына деген қызығушылығына байланысты болады.
Сенім телефонын ұйымдастыру қазіргі кезде екі модель бойынша жүргізілуде: кәсіби және волонтерлық. Ресейде осы екі моделі де орын алады: жеткіншектерге арналған «Сенім телефоны», «Құрдастар» телефон тетігі - бұлар волонтерлық моделдер. Сонымен қатар аралас функция атқаратын моделдер кездеседі. Психолог маманы кәсіби деңгейдегі кеңес беру жұмысын ұйымдастыруымен қатар (психологиялық қызмет көрсету білімі мен іскерлігіне сүйене отырып арнайы көмек көрсету) волонтерлық қызмет атқарады (шағымдарды тыңдап, жағдайына түсіну, болған жағдайларға деген көзқарасы мен өз пікірін ашық айтып, әсерленгендігін, сезімін білдіру).
«Сенім телефоны» қызметінің тарихы онша терең емес. Бірінші «Сенім телефоны» арқылы көпшілікке психологиялық қызмет көрсету жұмысы өткен ғасырда басталды. 1960 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Өмірді сақтаңдар» лигасы өз қызметін бастады. Бұл қызмет көрсету жүйесінің негізгі мақсаты телефор арқылы көпшілікке моралдық және психологиялық көмек көрсету болды.
Еуропада бұл процесс бірінші дүниежүзі соғысынан кейін басталды. Ал екінші дүниежүзі соғысынан кейін, 1948 ж. психиатр X.Хофф және Е.Рингель «Өмірден шаршағандарға дәрігерлік көмек» орталығын ашты. Бұл орталықта қажетсінгендерді қабылдаумен қатар телефон арқылы кеңес беру жұмыстарыры жүргізілді. 1953 жылы АҚШ діни қызметкері Чад Вара «Самаритяндар» деп аталған талапкерлер бірлестігін ашты. «Самаритяндар» «суицидқа» жақын адамдарға телефон арқылы көмек көрсетуді көздеді.
«Самаритяндар» біртіндеп «Befrienders International» («Халықаралық достық көмек») деп аталатын тәуелсіз халықаралық интернационалдық бірлестікке айналды. Осы кездерде Азия және Австралия елдерінде «Өмір жолы», «Life Line International» («Халықаралық өмір жолы») деп аталатын телефон байланыстары ашылды. Қазіргі кезде әлемде 300-ге дейін «Befrienders International» телефондары қызмет атқарады. Бұл орталықтарда талапкерлер өмірде бір қиыншылыққа ұшырап, не істерін білмей, өмірін құрбан етуге даяр адамдарға көмек көрсетеді.
«Сенім телефоны»
қызметінің көпшілікке танылуы барысында
олар көптеген адамдардың басынан кешетін
психоэмоционалдық «ерекше мәсе
«Сенім телефоны» Ресиейге Польша мен и Чехословакиядан келді. 1967 жылы адамдарды өз өзіне қол жұмсаудан сақтау үшін бір біріне тәуелсіз Гданьск пен и Вроцлав қалаларында «Сенім телефондары» өз қызметтерін бастады. Бұл байланыс жолдарына көптеген адамдар неше түрлі проблемалары бойынша қабарласып отырды. Сондықтан олардың қызметі кеңінен пайдаланылатын сымтетік жолы болып кетті.
Ресейде «Сенім телефонын» ұйымдастыруды бірінші болып қолға алған Э.Г.Амбрумова. Ол бұл қызметті суицидқа жақын адамдарға психологиялық жедел жәрдем көрсету ретінде қарастырды. Біріншілер қатарында мұндай жәрдем орталығы Ленинград қаласында 1981 жылы қалалық наркологиялық диспансер жанында ұйымдастырылды. Мәскеу қаласында «СТ» 1982 жылдан бастап превентивно-суицидологилық қызметтің бір бөлімі ретінде ұйымдастырылды. 1985 жылға дейін ССРО-да 4 «СТ» орталықтары қызмет атқарды. 1988 жылы Ресейде тағы 5 жедел жәрдем телефондары; ал 1989 жылы – 11 орталық ашылды. Сонан соң «СТ» кеңес мемлекеттерінде жылдам тарай бастады. 1991 жылы «Ресейдегі жедел психологиялық көмек көрсету телефондары ассоциациясы» құрылып, Мәскеу және С. – Петербург қалаларында «СТ» кеңесшілерін даярлайтын мектептер ашылды. Қазіргі кезде Ресейде 215-тен астам жедел психологиялық көмек көрсету телефондары өз қызметтерін атқаруда. Ол орталықтарда 2500 кеңес беруші психологтар тәулігіне 24 сағат бойы қажеттенгендерге көмек көрсетуде.
2. «СТ» қызмет атқаратын кеңесшілердің ролі
«Сенім телефоны» телефон арқылы, анонимді түрде көпшілікке жедел психологиялық көмек көрсетудің тиімді түрі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты көпшілікті психологиялық ыңғайсыз жағдайлардан шығару, агрессиясын төмендету, психологиялық мәдениеттілікті тәрбиелеу, адамдардың жансаулығын нығайту және психологиялық жағынан қорғау үшін ұйымдастырылады. Қазіргі кезде психологиялық көмек көрсету орталықтарының біздің ортада тапшылығына дер кезінде психолог көмегін пайдаланудың қиындығына байланысты, «СТ» ролі өте үлкен болып отыр.
«СТ»
кеңес берушілерінің
– адамдардың әлеуметтік
- көмекті қажет еткен адамға өзін мазасыздандырып отырған мұңын толық айтуына мүмкіндік беріп, сеніммен сырын шегіп, қажетті кеңес алуын қамтамасыз ету;
- телефон арқылы психологиялық кеңес беру;
- абонентке
кризистік жағдайдан шығып
- абоненттердің өз проблемаларын шешуге пайдаланатын әлеуметтік ортада сыйысымды және жеке тұлға ретінде қабылдай алатын құралдары мен әдіс-тәсілдерінің диапазонын кеңейтуге мүмкіндік беріп, алдында тұрған қиындықтарды өз бетімен шеше алатынына сенімін нығайту;
- абоненттерге оның алдында тұрған мәселерді шешуге көмек көрсететін басқа қызмет көрсету жүйелері мен мекемелер туралы мәлімет беру;
- абоненттердің проблемаларын шешуге біліктілікпен көмек көрсете алатын басқа мекемелер мен мамандарға баруы қажет екенін түсіндіру;
- көпшілікке
«Сенім телефоны» атқаратын
- көпшіліктің
шамадан артық
«Сенім телефоны» қызметінің мазмұны – талапкерлерге сырттай (сымтетік арқылы) психологиялық қызмет көрсету. «СТ» тәулік бойы жұмыс істесе психологиялық жәрдем қажет болғандарға барлық уақытта жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік туады.
«СТ» негізгі ұстанымы – анонимділігі. "СТ" қызметкерлері клиентпен байланыс барысында алған мәліметтерді оның намысына, лауазымына, статусына, құқығы мен қызығушылықтарына зиян келтірмеу үшін құпияда сақтауы керек.
3. Телефон арқылы кеңес беру ерекшеліктері
Телефон байланысының дүние жүзінде кеңінен тарағаны оның байланыс құралы ретіндегі ерекшеліктерімен байланысты. Телефон келесі ерекшеліктермен сипатталады: кеңістіктегі және уақыттағы ерекшеліктері; өз қалауың бойынша байланысты тоқтатуға болатындығы; "коммуникацияның шектеулілігінің әсері"; "сенімділік әсері". Оларға қысқаша тоқтап өтейік.
Кеңістіктегі ерекшелігі. «СТ» арқылы кеңес беруші қашық жердегі кеңес сұраушыға өзінің пікірін айтып, әсерін тигізуге мүмкіншілігі бар. Психологтың кәсіби қызметінің шеңбері кеңейіп, ол өз кабинетінен алыста орналасқан клиенттерге көмек көрсетеді. Сондықтан оның моралдық және кәсіби жауапкершілігі жоғарылайды, ал психологиялық жүктеме мен жауапкершілік арта түседі.
Анонимділіктің жоғарылауы. Кеңес берушімен тікелей кездескенде клиент толық анонимділікті сақтауы қиын. Оның құжаттары тексерілмеген күннің өзінде, анонимділік толық болуы мүмкін емес. Өйткені кеңес беруші клиенттің түрін көріп, дайсын естіп, жүріс-тұрысын бақылап отырғандықтан басқа жерде кездескенде консультант оны танып қоюы мүмкін. Ал телефон арқылы жүргізілген байланыс анонимділіктің өте жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
Байланысты үзуге болатындығы. Телефон арқылы кеңес беруші клиентке өзі қалаған уақытында байланысты үзуге мүмкіндік береді. Ол үшін телефон аппаратын орнына қойсаң болды. Тікелей кездесу барысында кеңес алушыға өзі қалаған уақытыңда орнынан тұрып кетіп қалу қиынырақ болады.
Коммуникацияның шектеулілік әсері. Телефон бойынша байланыс тек акустикалық каналмен жүреді. Бұл жағдайда сөйлесушілер алмасып отырған мәліметтер ағымы тапшы болады. Телефон арқылы жүретін коммуникация тек акустикалық, вербалдық жолменен жүртін болғандықтан (телефон арқылы мимика, пантомимика арқылы мәлімет алмасу жүрмейді), абонент сөйлеу әрекетін ерекше құрады. Бұл жағдай шағымданушы өзіне теріс әсерін тигізген психожарақаттаушы жағдайды интеллектуалдық тәсілдермен талдап, оны шешу жолдарын ақиқатқа сай келетін шынайы шешу жолдарын іздеуге әсерін тигізеді. С.Д.Хачатурянның пікірі бойынша коммуникацияның шектеулілігі болған оқиғаларды жүйеге келтіруді, оларды талдаудағы ішкі жинақылықты, әңгімелесудің психотерапевтикалық әсерін ескере отырып абонент проблемаларын логикалық талдауды талап етеді. Сонымен қатар көзбен көрмеген кеңесшіні идеалдандыру орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда кеңесшінің сөзінің салмағы аса түседі және кеңесшінің айтқан ақылы ешқандай сыналмастан қабылданады.
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері