Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Кенес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов т.б. ғалымдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға негіз болатын төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымымен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады, бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы роль психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарастыру керек.
Кеңес беру процесіндегі психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншылықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімінің, іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қойатынын көрсетеді де оған сенім арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымында бола отыруы арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі «жоғарыға» ұстанымында болған авторитетпен көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптеген сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердың ұстанымы мен даңқы олардың тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқын өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайда өзінің білімі мен беделіне сүйене отырып бір жағдайда «жоғарыға» ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып «төменге» ұстанымын ұстанатын актер болып келеді.
Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Кеңес берушіде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Бірақ олардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиетпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әңгімесі болып табылады. Әңгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.
Клиентпен әңгімелесу.
Кеңес беру тәсілдерінің ішінде ерекше тобын құратындары – клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арқылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтын адам бар екеніне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүрген сырларын шегеді. Осы қызығушылықпен тыңдаудың өзі, мәселенің негізіне психологтың шын көңіліменен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтері кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті мәліметті алып, кеңес беруде тиімділікке жету мақсатымен қолданатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан құрылған күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде психолог сөзінің нақтылығы мен анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.
Арнайы тапсырма беру әдіс-тәсілдері.
Киенттің психологиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланылатын әдістемелер мен арнайы жасалған техникалар үлкен орын алады. Оларға, мысалы, гиштальт-терапия шеңберінде жасалған «бос орындық техникасы», отбасылық терапия шеңберінде жасалған “келісімдер жасау” т.с.с. әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б. түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да, клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің теориялық бағдарымен, сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс–тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойынша теориялық еңбектермен таныстығын, бұл жұмыстардың ерекшеліктерін толық түсінгенін, сондай–ақ әріптестерімен кәсіби қарым–қатынас жасап олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің, оның кәсіби жинақтылығының шарты болып табылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағналы жағынан тереңдетіп, оны эмоцианалды жағынан үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін, клиент пен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
Кеңес берушінің ықпал етуінің вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепіл береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты - әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады:
а) психологтың көзқарасы - сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап, айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру;
б) отырысы - отырғанда клиентке қарама-қарсы емес, кішкене бір-біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады;
в) бет көрінісі – психологтың бет-әлпетінде тілектестік, мейрімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістердің бірі болып табылады;
г) дене қалпы
– психологтің отырысы емін-
д) даустың ырғағы, күші–психолог дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін, кей-кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар;
е) паузаларды пайдалану - психолог кейде үндеместен отырып клиентке өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік беруі керек.
Осы талаптарға
сай ұйымдастырылған
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты қандай?
2. Психологиялық кеңес берудің қағидалары.
3. Кеңес берушінің
ықпал ету құралдарына
№ 3 ЛЕКЦИЯ
3-тақырып. Психологиялық кеңес берудің жүргізілуі және оның кезеңдері мен процедурасы.
1.Психологиялық кеңес беру қалай жүргізіледі.
2.Психологиялық
кеңес берудің негізгі
3.Психологиялық кеңес берудің процедурасы.
1. Психологиялық кеңес беру қалай жүргізіледі.
Кеңес беру кеңес беруші-психолог пен клиенттің жеке кездесуінен басталады. Кеңес беруші немесе оның көмекшісіне клиентті кеңес беру өтілетін ғимараттың есік алдында күтіп алу ұсынылады. Кеңес беруші клиентке өзін бірінші таныстырып, қажет болса кеңес беру кезінде отыратын орнына әкеліп отырғызуы қажет. Содан соң клиентпен оның психологиялық кеңес алу үшін келген мәселесі бойынша әңгіме бастамас бұрын, клиенттің қасына отырып, әңгімеде аздаған үзіліс жасау қажет, бұл клиент өзіне-өзі келіп, алдағы сұхбатқа көңілін орнықтыру үшін қажет. Клиенттің көңілі жайланып, кеңес берушіні тыңдауға психологиялық дайын бола салысымен, клиенттің мәселесі туралы әңгіме мазмұнын бастауға болады.
Клиентпен әңгімені онымен адам ретінде таныстықтан бастаған жөн және клиенттің карточкасында жоқ, бірақ кеңес беруде маңызды боп табылытын клиент туралы мәліметтерді нақтылау керек қажет болса кеңес беруші клиентке өзі туралы бір-екі нәрсе айта алады.
Жалпы танысу процедурасы аяқталған соң кеңес беруші клиентке оны не толғантып жүргенін айтуды ұсынып, оны мұқият шыдамдылықпен тыңдауы қажет. Ара-тұра психолог-кеңес беруші клиентке өзі үшін кейбір нәрселерді нақтылып сұрақтар беруіне болады, бірақ клиенттің сөзіне кедергі жасалуы керек.
Психолог-кеңес берушінің сұрақтары клиентті ойынан жаңылдырмауын, онда ашу, қысым, қарсылық тудырмауын, әңгімені тоқтату немесе тақырыпты өзгертуге деген қалауының оянбауын қадағалап отыру керек.
Кеңес беруші клиентті тыңдау кезінде есімдерді, даталарды, фактілерді, оқиғаларды және көптеген басқа да нәрселерді есте сақтау керек. Бұл клиент тұлғасын түсінуде, оның мәселесіне тиімді шешім іздеуде, дұрыс және тиімді қорытындылар мен ұсыныстар жасауда маңызды болып табылады.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Клиентпен қалай әңгімелесу керек?
2. Психологиялық кеңес беру неше кезеңнен тұрады?
3.Дайындық кезеңіне сипаттама беріңіз.
4. Психологиялық
кеңес беруді жүргізудің
№ 4 ЛЕКЦИЯ
4-тақырып. Психологиялық кеңес берудің техникасы.
1.Клиенттің әңгімесін интерпретациялау кезінде қолданылатын техникалар.
2.Клиентке кеңес пен ұсыныстар берудегі кеңес берушінің әрекеті.
3.Кеңес берудің
соңғы кезеңінің техникасы
1. Клиенттің әңгімесін интерпретациялау кезінде
қолданылатын техникалар
Клиенттің әңгімесінен дұрыс қорытынды жасау үшін және оның проблемасын бағалауда қателеспеу үшін, сондай-ақ клиенттің өзін әңгімесінің интерпретациялануы дұрыс екендігіне сендіру үшін психолог-консультант әңгіменің интерпретациялану процесінде келесі ережелерді еске ұстау қажет:
1. Қорытынды
жасауға асықпау.
Мысалы, мұндай үзіліс кезінде шай ішуді ұсынуға болады. Үзіліс кезінде сондай-ақ психолог-консультант ойын жинақтап, қажет болса клиентке қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
2. Кеңес беруші клиент әңгімесінің интерпретациясы кезінде клиент мәселесі және оны шешу әдістері туралы шешім жасалуда негіз болатын, сондай-ақ бір-біріне қайшы келетін мәнді детальдардың қалып кетпеуін қадағалап отыру керек. Егер бұл маңызды ережені сақтамаса, істе қарама-қайшылық міндетті түрде көрінеді және қорытынды жасауда да қайшылықтар болады.
3. Сондай-ақ, ұсынылып
отырған фактілердің
Мұндай практикалық
шеберлік әртүрлі психологиялық
теорияларды жақсы кәсіби деңгейде
меңгерген әр түрлі психолог-консультант-
2. Клиентке кеңес пен ұсыныстар берудегі кеңес берушінің әрекеті
Психолог- кеңес берушінің ұсынған кеңестері мен ұсыныстары клиентке толықтай түсінікті болу үшін, сондай-ақ клиент оны сәтті қолданып, қалаған практикалық нәтижеге жете алуы үшін, кеңестер мен ұсыныстарды қарастырғанда психолог-кеңес беруші келесі ережелерді ұстануы керек:
1-ереже. Клиенттің мәселесіне практикалық шешім бойынша кеңестер мен ұсыныстарды жасау кезінде және клиенттің әңгімесін (исповедь) интерпретациялау кезінде оған бір емес бірден бірінші, мүмкіндігінше әр түрлі кеңестер мен ұсыныстар ұсыну. Бұл бір мәселенің шешімінің түрлі тәсілдері әр алуан жағдайларды сақтау мен түрлі іс-әрекеттерді орындауды қажет етеді. Бұлардың кейбірі клиент үшін қол жетімсіз болуы мүмкін, бұл ұсыныстың практикалық іс-әрекетінің тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Мысалы, психолог-кеңес беруші клиентке онда әлсіз дамыған ерік күшімен басқа да тұлғалық қасиеттерді талап ететін тәсілдерді ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл ұсынылған ұсыныстың іс жүзінде пайдалы болуы неғайбыл. Немесе, мысалы, психолог-кеңес берушінің кеңесі клиенттен айтарлықтай үлкен бос уақыттың болуцн керерк етеді, ал клиентте мұндай бос уақыт шын мәнінде болмауы мүмкін.
Жалпы алғанда клиентке оның мәселесін шешу үшін ұсынылған әр түрлі тәсілдер саны екі немесе үш болуы керек және бұл тәсілдер клиенттің өмір жағдайын, оның мүмкіншіліктерін сондай-ақ оның жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке алып берілуі керек.
Клиенттің жеке тұлғасы және оның психологиялық жағдайы туралы келесі белгілер бойынша білуге болады.
Кеңес беру кезінде клиенттің мінез-құлқын, әрекетін бақылау өте маңызды.
«Қолдың белде болу» позасы шешім қабылдағыш, ерік күші мол адамдарға тән.
Аяғын бір-біріне айқастырып, оны қолдарымен қапсыра ұстап отыратын адамдар жылдам реакцияға ие болады, оларды пікірталас кезінде иландыру қиын.
Алақандарын бір-біріне айқастырып отыру, адамның осы сәтте негативті, жағымсыз ойда екенін білдіреді.
Киімінен жоқ нәрселерді теріп отыру адамның осы уақытта оған айтылып жатқандарымен келіспейтіндігін білдіреді.
Әңгімелесу кезінде басты тік ұстау оның естіп жатқандарына нейтральдық қатынасын білдіреді.
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері