Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59
Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........
1) бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері анықталды;
2) бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықталып, ғылыми – әдістемелік жүйесі құрылды;
3) бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар берілді.
4) бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар анықталды.
Зерттеудің әдістері: қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
- бастауыш сынып математикасы пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;
- дамыта оқыту технологиясы жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- оқушылардың даму үрдісін бақылау;
- мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;
- оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау,
- тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Жұмыстың жариялануы мен сарапталуы: зерттеудің негізгі тұжырымдары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу тақырыбына орай басылымдарда жарық көретін болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог – ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скинлер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың зерттеулерінде, жеке бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская еңбектерінде жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А.А.Бударный, Д.Б.Вендеровская, И.Э.Унт еңбектерінде жан – жақты зерттелген. Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне енгізу мәселесі Б.С.Гершунский, Ж.А.Қараев, Н.Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде – тәжірибелі – ізденіс жұмыстары, зерттеу тақырыбы негізінде философиялық, психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді ғылыми – теориялық зерттеу жүзеге асырылды; зерттеудің ғылыми аппараты даярланды; бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық ерекшеліктері анықталды; анықтаушы тәжірибенің нәтижелері бойынша, қоғамдық өзгерістерді ескере келе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері нақтыланды, анықтау экспериментінің нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде – теориялық – әдістемелік тұрғыдағы жұмыстар; бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс – әрекетінің әдістемесі әзірленді; оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға байланысты математика сабағы бойынша оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, танымдық қабілетті арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді.
Үшінші кезеңде – эксперименталды – қорытындылау – жұмыстары; тәжірибелік – педагогикалық жұмыстардың зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді; пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді; тұтас зерттеу бойынша қорытынды жасалды.
Жұмыстың практикалық мәні: бастауыш сынып үрдісіндегі математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күні математика оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру бойынша арнайы курс, семинарлар дайындау барысында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» курстарының мазмұны тарау ретінде енгізуге болады.
Қорғауға ұсынылған зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелелік тұрғыда негізделуімен, теориялық мәселені шешудің біртұтас жүйесімен, зерттеудің мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелерінің дәлелденуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу базасы: Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: диссертациялық жұмыс 80 бетте жазылған, кіріспе, екі тарау, 3 сурет, 4 кесте, қорытынды және пайдаланған 46 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, проблемасы қойылып, негізгі аппараты: зерттеу мақсаты, нысаны, ғылыми болжамы, міндеттері берілген.
Бірінші тарау «Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тараудын бірінші тармағында оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері мәселелері туралы зерттеулерге ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау жасалды. Тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясының педагогикалық–психологиялық алғы-шарттары қарастырылды. Зерттеу тақырыбына сәйкес дамыта оқыту теориясының ерекшелігіне тоқталдық. Дамыта оқыту жүйесі - оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ете отырып, оның өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп және соған кең жол ашатын жүйе. Сол себепті әртүрлі есептер дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың танымдық, ақыл- ой, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен жол ашады.
Жалпы зерттеу барысында математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екенін байқадық. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың математика сабағында мол мүмкіншілігі бар екені анықталды. Осы жағдайларға байланыты эксперименттің мақсаты айқындалды.
Зерттеу жұмысының екінші тармағында «Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» деп аталады. Бұл тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болды. Бұдан мұғалім қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп жойылған психологиялық-педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог- мұғалім болу жауапкершілігі артып отыр.
Зерттеу жұмысының екінші тарауының үшінші тармағында «Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі» деп аталады. Зерттеу барысында математика сабағында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың қазіргі жай-күйін білу мақсатында бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарына, оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасалынды. Бақылау сыныптарындағы математика сабақтарына қатынаса отырып, оқушылармен, мұғалімдермен қажет кезінде ата-аналармен әңгіме-семинарлар ұйымдастырылды. Оқушыларға сауалнамалар тарату арқылы оқушылардың қабілетін, танымдық қабілетінің деңгейін анықтауға мүмкіндік туды. Зерттеу барысында сабақты жан-жақты, түрлендіре ұйымдастырып тиімді әдіс-тәсілдерді топтастыра қолданып жүрген озат тәжірибелі мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, талдау жасалынды. Алайда мұндай сабақтардың үлгісі заман талабына сай өз бетімен талпыныс жасап жүрген кейбір мұғалімдердің тәжірибесінде ғана кездесетіндігі байқалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беруді жақсартумен педагогикалық, технологиялық, психологиялық жаңалықтармен байытуға тиісті қазіргі оқу әрекетінің құралдарымен оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту мәселелерінің объективті қажеттілігіне негізделген. Екінші тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері қарастырылды. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальды проблемалардың бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрі – оқу болғандықтан, бұл заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан – саласында еңбек етуге әзірлеу, ғылыми – техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі міндеттер осы процесс барысында шешілмек.
Тараудың екінші тармағында зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімі қорытындыланды. Бақылау және эксперименттік топтардың салыстырмалы көрсеткіштері анықталды. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелердің әдіснамалық негізделуімен, теориялық түбегейлігімен, қойылған мәселені шешудің біртұтас жүйесімен, зерттеудің мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелермен дәлелденіп, негізделді.
1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері
Қазіргі білім беру жоғарғы технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект – субъекті қарым – қатынастың басымдық танытумен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда.
Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің технологиясын жақсарту – қоғамның мәдени сана – сезімін және оның экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Білім беру жүйесінде оқыту технологиясын қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін психологиялық – педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттарының, сонымен қатар пәнді оқытудың құралдарының негізі қалануы керек.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды. Білім беру жүйесіне әсер ететін:
- педагогикалық білімге деген сұраныстың өсуі;
- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру қажеттілігі;
- педагогикалық білім берудің ерекшелігі мен икемділігі, кәсіптік еңбектің мақсаты мен жағдайға бейімділуі;
- педагогикалық білім берудің қоғамның талабына сәйкес келу қажеттілігі;
- дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі;
- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отырған талабының өсуі;
- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп отырған психологиялық кедергілер, яғни бір үлгімен жұмыс істеп дағдылану, шығармашылық деңгейдің төмендігі, педагогтық мамандықты таңдаудағы ынта – ықыластың тұрақсыздығы.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына сөз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданылған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Оқытудың мұндай механизмін яғни нәтижеге қол жеткізетін оқу процесін Я.А.Коменский «дидактикалық машина» деп атады.
Табиғат танымында, ғылымда үлкен секіріс ретінде танылған ғылыми-техникалық революциялар техника, технология саласында іргелі өзгерістер әкелді, табиғатқа, қоғамға, адам өміріне игі әсерін тигізеді, нәтижесінде жаңа технологиялар, жаңа перспективалық бағыттар өмірге келді. Мұндай ірі ғылыми техникалық революциялар қатарына нәрселердің микроқұрылысын тану, ғарышты игеру, кибернетикалық құрылымдар, өндірісті автоматтандыру, қалдықсыз өнім өндіру және қалдықты қайта өңдеу жатады.
АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл оқу процесінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. 60-ыншы жылдарда Америкалық, батыс Европалық межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды.