Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59
Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........
Дидактиканың техникалық мәселелері біздің заманымыздың ІІ-жартысында техника мен технологияның интенсивті дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы немесе кеңірек қарайтын болсақ, педагогикалық технология ақпаратты сақтау, өңдеу беру әдістері мен құралдардың табылуына байланысты. Дамудың барлық мүмкіндіктеріне не әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады.
Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен оның мән – мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «технология – бұл қандай ма болсын істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Личачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді. Б.Т.Лихачев: «педагогикалық технология түркілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым», - дейді [6].
В.П.Беспалько, Б.Т.Лихачев, Б.В.Горячевтің «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық техника» терминдеріне берген анықтамалыры «оқыту технологиясы» ұғымы оқытудың өзіндік ерекшелігіне сәйкес, сабаққа дайындық, оқытуға дайындық технологиясына емес, мұғалім оқу үрдісін басқару, іс – әрекетінің технологиясына, оқушылардың танымдық қызметіне белсенділігін, олардың өз бетінше жұмыстануы мен дербестігін, инициативасын арттыруға іс жүзінде сынақтан өтіп, онда нәтижелер берген амалдар мен тәсілдерген сүйену қажеттігіне саяды.
Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілетінің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
В.П.Беспальконың пікірі бойынша «»педагогикалық технология» - оқу үрдісін жүзеге асыратын мазмұндық техника [7].
Белгілі ғалым – әдіскер В.М.Монахов: «Педагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үрдісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық іс – әрекеттің үлгісі», - деп жазады [8].
В.М.Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» - десе, [9] М.Чошанов «технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі», - деп анықтама береді. М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогиканың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазды [10]. Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс – амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының жиыны. 70 – жылдардың аяғында бұрынғы социалистік елдердің халықаралық «Современная высшая школа» журналында «оқыту технологиясы» термині тұтас «Қазіргі заманғы оқыту технологиялары» атты тарауға негіз болды. Бұдан: «қазіргі заманғы оқыту технологиясы бар ма?» - деген сұрақ туындайды.
Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтар және жеке басының шығармашылық күш – қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс – әрекеттегі қарым – қатынасты рухани жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады.
Н.Ф.Талызинаның пікірінше: «оқыту технологиясы – бұл оқу үрдісін нақты сипаттаудың, мұғалімге қойылған мақсатқа жетуде басшылыққа алынатынның нақ өзі» [11].
Д.Г.Левитестің пікірінше: «білім беру технологиясы – бұл орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі. Бірақ бұл өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым – қатынас технологиясы да, оқыту технологиясы да кіреді. Педагогикалық (білім беру) технология – бұл оқытудың межеленген нәтижесіне жетудің педагогикалық және экономикалық тұрғыдан негізделген үрдісі» [12].
Оқыту технологиясы - бұл ұзақ тарихи дамудың жемісі. Мұның жолында талай іздену мен адасу, ұзақ жылғы еңбек пен еліктеу, жарқын ойлардың жылт еткен кездейсоқ жарқылы мен терең сенім, ең соңында кәдімгі үйреншікті әдет қалыптасты. Қоғам тарихы технология саласындағы көптеген революцияны біледі.
Сөйтіп, оқыту технологиясы мектеп оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс – әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс – әрекетіне игі әсер етумен қатар, интелектуальдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Бұдан оқытудың технологиясы дегеніміз – педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенің нақты көздеген мақсатына қол жеткізу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен іс-әрекеттер тізбегі. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер педагогикалық технологияның қолданылу деңгейіне, философиялық негізіне, психологиялық даму факторына, меңгерілу тұжырымдамасына, жеке тұлғаның қалыптасу бағдарына, мазмұны мен құрылымының сипатына, ұйымдастырылу түріне, танымдық қызметті басқару типіне, балаға қарым-қатынас тәсіліне, қолданылып жүрген әдістеріне, дәстүрлі жүйені жетілдіру бағытына және оқушының категориясына қарай түрліше болып бөлінетінін анықтап отыр. Сол сияқты біз жоғарыда айтқанымыздай, бүгінгі күні оқыту технологиясының дәл нақты жіктелуі жоқ. Дегенмен, екі түрлі технология – дәстүрлі және жаңа технология болып бөлінеді. А.Я.Савельев білім беру технологиясының мынадай түрлерін ұсынады [14].
- іс-әрекет бағытына қарай;
- оқыту мақсатына қарай;
- пәндік орта бойынша ;
- оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша;
- әдістемелік міндеттерге орай;
Педагогикалық технологияларды зерттеумен айналысушы ғалымдар пікірінше педагогикалық технологияларға сипаттама беру және талдау үшін төмендегідей белгілер ескерілуі тиіс:
1. Педагогикалық технологияның қабылданған технологиялар классификациясына сәйкестендірілуі немес теңестірілуі;
2. Технология аталуының оқыту жүйесіндегі идеясын, негізгі сапасын, ақырында оқу – тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі;
3. Тұжырымдамалық бөлімінің (жетекші идеясының, болжамының, ұстанымдардың, түсініктерінің, оны құру жолы мен қызметі қойылымының қысқаша сипаттамасының) болуы;
- Бағдары мен мақсаттық нұсқауының нақтылығы;
- Негізгі идеясы мен ұстанымдарының (психикалық дамудың негізгі факторы, игерудің ғылыми тұжырымдамасы) болуы;
- Білім беру үрдісіндегі оқушы позициясының есепке алынуы;
4. Білім беру мазмұнының ерекшеліктері:
Тұлғалық құрылымға бағдары (ББД- білім, білік, дағды, АӘА- ақыл-ой әрекеті, амалдары, ТӨТ- тұлғаның өзін – өзі басқару тетіктері, ЭАС- эмоционалды – адамгершілік қатынас сферасы, ПӘС- практикалық – әрекет сферасы)
Білім беру көлемі мен сипаты;
Оқу жоспарының, бағдарлама материалының, баяндау формасының дидактикалық құрылымы.
5. Процессуалдық (нормалық) сипаттамасы:
Оқу әдістемесінің, әдістері мен құралдарының қолдану ерекшеліктері.
Мотивациялық сипттамасы.
Білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы.
Білім беру үрдісін басқару (диагностикалау, жоспарлау, түзету,
регламент).
Технология арналған оқушылар категориясы.
6. Бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз етілуі.
Оқу жоспары мен бағдарламасы.
Оқу және әдістемелік құралдары.
Дидактикалық материалдары.
Оқытудың көрнекі және техникалық құралдары.
Диагностикалық құралдары.
Ал педагогикалық технологияны сараптау мен бағалаудың ең басты өлшемі болып оның тиімділігі, нәтижелілігі және қазіргі заманға лайықтылығы мен жаңашылдығы есептеледі.
Қорыта келгенде, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық әрекетті – әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн деген қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясын зерттеуші ғалымдарымыз білім беру формасын оңтайландыру міндетін техника және адам ресурсы мен олардың өзара байланысын есепке ала отырып, жүзеге асыруды көздейтін, білімді игеру мен оқыту үрдісін құру, қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі ретінде қарастырады [15].
Ал оқу-тәрбие үрдісінің технологиясын – оқыту мен тәрбиенің мұғалім мен оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістерінің жүйесі деп білеміз.
Мектептегі жүргізілетін ғылыми – әдістемілік жұмыстың негізгі бағыттары, мазмұны, ұйымдастыру формалары, мақсат, міндеттері оқу- тәрбие үрдісінің деңгейі мен сапасын көтеруді көздейтіндіктен бұл әрекет барысында оқушылар ұжымы да назардан тыс қалмайды. Оқушылардың кез келген әрекеті олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, ортақ мүдде, мақсаттары болғанда ғана табысты болмақ.
Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық үрдісті жобалаушы бір бөлшегі. Ол – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үрдіс. Сондықтан ол технологиялық үрдістерді жүзеге асыруда барлық тұлғалық, әдіснмалық, педагогикалық құралдарды қолдануда әрекеттік – үрдістік болып табылады. Сол себепті, біздің ойымызша, педагогикалық технологияны оқытудың барынша оңтайлы жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқытуда қолданылатын әдістер, ұстанымдар мен реттеуіштерді түсіндіретін жүйе ретінде және іс жүзінде жүргізілетін оқу үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Педагогикалық технология немесе оқыту технологиясы дидактикалық немесе әдістемелік жүйенің негізі бөлігі болып табылады. Мысалы, егер әдістемелік жүйе «нені оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген міндеттерді шешуге бағытталса, оқыту технологиясы осылардың тек соңғысын, яғни «қалай нәтижелі оқыту керек?» деген сұраққа ғана жауап береді.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі оқу үрдісі қойылған мақсатқа жетуге кепілдік берілетіндігінде. Мақсатқа жетудің негізгі бағдары – кері байланыс. Осыған сәйкес оқытуға технологиялық қатынаста мыналарды атап көрсетуге болады:
- мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеде табысқа жетуге орай айқындау;
- оқытудың барлық барысын және оқу материалын оқу мақсатына сәйкес дайындау;
- ағымдағы нәтижені бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды өзгерту;
- нәтиженің қорытынды бағасы.
Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Бірақ, педагогикалық жобалаудың бәрі бірдей педагогикалық жүйені дамытатын заңдылықтарды, оның құрылымының тұрақтылығын және құрамдас бөлшектерінің үйлесімді әсерін қарастыратын оқыту үрдісінің ғылыми негізін құра бермейді.
Педагогикалық технологияның ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының интелектуальдық даму заңдылықтарын, оқу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін және педагогикалық басқарудың тәсілдерін зерттейтін құрал ретінде әдіснамалық қызмет те атқарады.
Оқыту бағдарламасын жобалаудың әдіснамалық қызметі оқыту бағдарламасын құрудың технологиялық бағалау өлшемдері тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Бұл бағалау өлшемдеріне сәйкес оқу және оқыту қызметтерінің бағдарласы түзіледі. Түзілген оқыту үлгісінен педагогикалық технологияның даму мүмкіндіктерін көруге болады. Бұл үшін білім беру мақсаттарын оқу қызметін басқару әрекеті жүйесіне нақты ғылым тілінде көшіру, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілген оқыту үлгісін түзу қажет.
Осылайша, оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі – оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады. Оқыту бағдарламасы – педагогикалық қызметтің жобасы ретінде төмендегі арнайы ерекшеліктерге ие:
- әлі пайда болмаған объектілерді бейнелейді;
- ең болмағанда нормативті түрде жүзеге асырылған болуы мүмкін;
- сәйкес іс-әрекеттің орындалуының қолайлы деңгейін белгілеп отыратындықтан нормативті болып табылады.
Бұл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты өзіндік ерекшелігімен толықтыруға болады. Технологияның бұл сипаты дәстүрлі оқыту барысында жеткілікті дәрежеде көрінбейді, бірақ жаңа технологияның маңызды белгісі болып табылады.
Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық үлгілері оқытуды ұйымдастырудың ізгілік, дамытушылық, жеке қарым – қатынастық жобаларының әдіснамасын айқындайды. Кейбір технологиялар біржақты, оқытудың тек бір мәселесін, мысалы, проблемалық құрылымды, бағдарламалап оқытуды т.б. қарастырады. Сонымен қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшелігіне орай бейімделген дамыта оқыту сияқты тұтас технологиялар да орын алған. (Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов)