Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Оқыту технологиясы деңгейінде оқыту үрдісінің барлық компоненттері айқындалады. Жеке қарым – қатынас жасау кезінде бір теорияға негізделген бірнеше технология ойлап табылауы мүмкін. Өзіндік бағыт ұстаған дамытушы технологиялардың негізгі тиімділігі интелектуальдық және эмоциональдық-ынталық даму, білімді және кәсіптік біліктілікті қалыптастыру, білім беру үрдісінің құндылығын бағадлауды қамтамасыз ету, белсенділікті арттыру болып табылады.

Қазіргі заманғы психология ғылымында жеке адамның қоғамдық білімді игеру үрдісін және оның танымдық әрекеттерінің құрылымын өзінше түсіндіретін бірқатар тұжырымдамалар бар.

Сөйтіп, қазіргі заманғы жаңа педагогикалық парадигманың пайда болуының мынадай елеулі негіздері бар. Біріншіден, постиндустриялық қоғам білім берудің күрт көпшілік сипат алуын және оның деңгейінің тұтынушы тарапынан талап – тілектің өсуіне орай арттырылуын талап етеді. Екіншіден, бұл жаңа парадигманың бекітілуі адам өмірінің барлық салысында, оқытудың жолдары мен құралдарында көрініс табады. Былайша айтқанда, қазіргі заманғы педагогикалық парадигма екінші мыңжылдықтың аяғы мен үшінші мыңжылдықтың басында үстемдік құратын танымның гуманистік – рефлексивтік әдістері түріндегі мықты ғылыми – дүниетанымдық көзқарасқа негізделеді. Үшіншіден, қазіргі заманғы информатика құралдары мен телекомуникация құралдары оқушылға бүгіннен бастап әр пәннің қиындық дәрежесі мен олардың өмірге көзқарасының сабақтастығын анықтап, болашаған таңдауға мүмкіндік беріді.

Педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың бастык кепілі бола алатын технологиялық іс – шаралар жиынтығы [16].

Педагогикалық технология оқушының оқу – танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Сонысымен де ол әдістемеден ерекшеленеді, сөйтіп технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуіне әкеледі.

Қазіргі кезде оқытуда дәстүрлі және дәстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту әдістері пайдалануда. М.Н.Скаткин «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық әрекеттерді шешуді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды прблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан – жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» - дейді.

Оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы [16, 13 бет].

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық бағыттары, негізгі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады: 1) есте сақтаудағы негізделген, оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу; 2) білімнің статистикалық үлгісін ақыл – ой-әрекетінің динамакасының құрылым жүйесіне көшу; 3) оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан  жекелеп  саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қамтамасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бір техниканың өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеген мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Атап айтсақ: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ш.А.Амонашвилидің «Ізгілікті тұлғалық» технологиясы, В.Ф.Шаталовтың «Оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту» технологиясы, П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, С.Н.Лысенкованың «Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту» технологиясы, Р.Г.Хазанкиннің «Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген» технологиясы, «Саралап оқыту» технологиясы, «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы» дамыту технологиясы, «Жаңа ақпараттық» технология, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы т.б.                                                                                                                                                                                                        Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың әрбір стратегиялары оқушының ой-өрісінің, сөздік қорының дамуына тигізер пайдасы өте зор. Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру технологиялары сараланып ұсынылуда. Нәтижеге бағытталған бастауыш мектеп жөнінде сурет 1 көруге болады [17].

Сурет 1 - нәтижеге бағытталған бастауыш мектеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Л.В. Занковтың «дамыта оқу жүйесі» - оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі оқушыларды әртүрлі қызметтерге тару, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.                

Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтардың «Дамыта оқыту» технологиясының мақсаты – теориялық ой мен сана қалыптастыру, балаларда білім, білік, дағды ғана қалыптастырып қоймай, ой-әрекетінің әдістерін де қалыптастыру, балалардың оқу әрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу болып табылады [18].

«Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі» -  іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық перспективаға көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымжық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

Ш.А.Амонашвилидің «Ізгілікті тұлғалық» технологиясының мақсаты – баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білім мен білікті кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау [18, 77 бет].

Ф.Шаталовтың «Оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту» технологиясының мақсаты – оқушылардың толық және жаппай белсенділігін қамтамасыз ету, әр оқушының жетістіктерін жариялап отыру, бағаны түзетуге мүмкіндіктер беру, оқу-оқыту жағдайында келісіп, кикілжіңсіз жұмыс істеу [18, 82 бет]. 

П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы материалдың логикалық байланысын күшейтуге; материалдағы ең негізгіні және маңыздыны бөліп көрсетуге; материалды білім, білік, дағды жүйесі тұрғысынан түсіне білуге; пәнаралық байланыс орнатуға; материалды мейлінше тартымды түсіндіруге; қорытындылауға барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік жасайды [18, 89 бет].

С.Н.Лысенкованың «Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту» технологиясы тірек карточкалары арқылы есептеу, түсіндіре отырып, түсінік жазу тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асады. С.Н.Лысенкованың әдістемесінің ерекшелігі: ретімен қолданылатын дидактикалық материалдары – схема, кесте, карточканы қолдану даңа тақырыптың берік негізін қалайды; үлкен және кішкентай тіректер жекелеп, даралап оқыту, дербестікті дамыту үшін қолданылады [18, 77 бет].

Р.Г.Хазанкиннің «Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген» технологиясы  барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту, балалардың математикаға қызығуын туғызу, таланттарды тәрбиелеу мақсатында жүзеге асады [19].

«Саралап оқыту» технологиясы оқу үрдісінің белгілі бір бөлігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, оның құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы әрелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар және нашарлар пайда болады.  Сондықтан мұғалім балалармен сабақ және оның барлық кезеңдері: жаңа материалдары түсіріндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді [18, 79 бет].

«Ойын арқылы оқыту»  технологиясы оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен ынталарын арттыру мақсатында қолданылады. Сабақта ойындарды пайдаланудың мынадай негізгі бағыттары бар: дидактикалық мақсат оқушылар алдында ойын арқылы, оны шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсатты ойынмен алмастыратын, ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі; дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді [18, 80 бет].

«Жаңа ақпараттық» технология – мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады [18, 86 бет].

Осы педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады; оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп, білім сапасын көтереді; пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген психология, педагогиканы терең меңгерген – нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушысының бейнесі: еркін ойын айта алатын, жүрегіне жылылық қалыптасқан, білім стандартына сай міндетті, мүмкіндік деңгейдегі біліммен қаруланған, танымдық күші қалыптасқан, білімге деген қажеттілікті ұғынған болады. Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

 

1.2. Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы – шарттары

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.

Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық, және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту туралы теориалары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндар күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп жүрміз. Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен «инноватика» ұғымының мәні, латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын беретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Білім беру саласындағы жаңалықтар: 1) ұйымдастырудағы; 2) технологиялардағы; 3) оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі,- деп үш топқа бөлінеді.

Француз ғалымы Э.Брансуик педагогикалық жаңалықтардың үш мүмкін түрін бөліп қарайды: [20]

1.                  Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.

2.                  Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейкестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.

3.                  Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану арқылы жаңа нәтижелер беретін жаңалық.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі мектептердегі жаңарту процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда.

Білім беру технологиясының ерекше белгілері:

-         оқыту үрдісін басқарушылығы;

-         қойылған мақсаттардың диагностикалығы, яғни мақсатқа жеткендігін анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық құралдардың болуы;

-         мақсатқа жетуге жетелейтін тәсілдер жиынтығын, мұғалім мен оқушының әрекет бірізділігін анықтау нақтылығы;

-         қайта қалыпқа келуі.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту жүйесіне ерте кезден бастап –ақ ұлы педагогтар Я.А.Коменскийдің, И.Г. Песталоццидің, орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Коменскийдің қосқан үлестері мол. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж.Пиаженің еңбегінде ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн және басқа да психиканың функциясын зерттеген Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская және басқа да іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин еңбектерінде жан – жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау.

Көрнекі психолог Л.С.Выготский айтқандай оқыту дамудың  алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі «актуальды даму аймағына» көшуі тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру