Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59
Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
ӘОЖ: 371.315.5
Қолжазба құқығында
ИСПАНОВА ЭЛЬМИРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
Магистратура: 6N0102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
п.ғ.к., профессор Б.Т.Барсай
Атырау, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері.....................
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары......................
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі........................
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері.........................
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…....
Кіріспе
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына «үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау» міндетін қойды [2]. Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен [3].
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. «Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай – ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.»
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәселелерде өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы «дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы көрсетілген» [4].
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көп деңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді. Демек, оқулықтың құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отырғанын байқау қиын емес.
Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән-мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу танымдық негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу қойылып отырған қазіргі кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады.
Қазіргі кезде көпшілік назарын өзіне аударып отырған идея – дамыта оқыту идеясы. Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орны түрліше. Математика пәні – реалды ақиқатының ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жасанды (математика) тілдер туралы қалыптастыруға, дүниені математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға мүмкіндік ашатын жетекші пән ретінде қарастырылады. Бастауыш саты – оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы – оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап – бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқытудың теориялық негізін нақтылау; бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес төл оқулықтарды (математика) тәжірибеден өткізуді іске асыру; сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда дамыта оқыту тәжірибелік – эксперименттік түрінде тексеріп, нәтижесін шығару – бұлар дамыта оқытудың міндеттері болып табылады.
Оқушыларды дамыта оқыту – қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім берудегі дамыта оқыту процесі – математка пәнінен дамыта оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады [5].
1993 жылдан қазіргі күнге дейін Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі ресми түрде расталып, мұғалімдердің сабақты түрлі әдіс-тәсілмен өткізуі өз таңдаулары бойынша жүзеге асып келеді. Әлемдегі он бес елде Л.В.Занковтың жүйесі кеңінен қолданып келеді. Қазіргі кезде дамыта оқыту технологиясын өз пәндерінде тиімді етіп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланыты болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында көрсетілген «оқыту технологиясын жетілдіру» мәселесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, іс жүзінде тәжірибеге енгізу және тарату қажет. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқушыларын математика сабақтарында танымдық қабілетін арттыруда дамыта оқыту әдістемелік жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан – жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.
Болжам дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Ғылыми жұмыстың алға қойған мақсаты, пәні және жұмыс болжамы бірқатар міндеттерді шешуді көздейді:
1) бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін анықтау;
2) бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми – әдістемелік жүйесін құру;
3) бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелдеп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар беру.
4) бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптарды анықтау;
Зерттеудің жетекші идеясы: мектептің бастауыш сатысында дамыта оқыту технологиясын қолдану оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға негіз болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыта оқыту технологиясы арқылы арттыру жөніндегі зерттеулердің тақырып тұрғысынан талданып, жіктелуі;
- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының жолдары мен бағыттары және әдістемелік жүйесі.
- бастауыш математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға арналған әдістемелік құралдар пакеті және оларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Дамыта оқыту мәселесі оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды: