Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат

Описание

Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер

Работа состоит из  1 файл

тәжірбие.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

Қазақстан Республикасының стандарттау мемлекеттік  жүйесі. «Cтандарттау туралы» заңға сәйкес ҚР-да Мемлекеттік стандарттау жүйесі құрылған. Оның ұйымдастыру және жұмыс істеу әдістемелік негіздері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесіне» кіретін мемлекеттік негізге алынатын стандарттардың кешенінде баяндалған. Бұл кешенде келесі құжаттар бар:

  1. ҚР СТ 1.0-2000 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер;
  2. ҚР СТ 1.1-94 ҚР МСЖ. Терминдер мен анықтамалар;
  3. ҚР СТ 1.2-98 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі;
  4. ҚР СТ 1.3-2000 ҚР МСЖ. Техникалық шарттарды әзірлеу,  келісу, бекіту, және мемлекеттік тіркеу тәртібі;
  5. ҚР СТ 1.4-99 ҚР МСЖ. Кәсіпорын стандарты. Жалпы ережелер;
  6. ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәсімделуіне және келісуіне жалпы талаптар.

Cтандарттаудың мақсаттары.Стандарттаудың негізгі мақсаттары  болып мыналар табылады:

- өнімге, процестерге  (жұмыстарға), қызмет көрсетуге, нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

- өнімнің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызмет-тердің адамдар өмipi, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;

- саудада техникалық  кедергілерді жою, өнімнің ішкі  және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік  қабілетін қамтамасыз ету;

- өнімнің техникалық  және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын камтамасыз ету;

- өлшемдер бірлігін  қамтамасыз ету;

- ресурстардың  барлық түрін сақтау және ұтымды  пайдалану;

- елдің қорғаныс  қабілетімен жұмылдырушылық әзірлігін  қамтамасыз ету;

- табиғи және  техногенді апаттар мен басқа да жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып шаруашылық объектілepiнің кауіпсіз-дігін қамтамасыз ету;

- өнімнің, процестердің  қызмет көрсетудің сапасы мәселелерді  тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

Стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару. Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Бұл орган:

- стандарттау   саласында  мемлекеттік  саясатты   қалыптасты-рады және іске асырады;

- мемлекеттік   басқару   органдарының,   жеке   және   заңды тұлғалардың осы  саладағы кызметін үйлестіреді;

- мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттау  жөнін-дегі жұмыстарға қатысады;

- стандарттау  жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастырады;

- мемлекеттік  стандарттау жүйесін кұрады;

- стандарттау  саласындағы кадрларды кәсіби  даярлауды және қайта даярлауды  ұйымдастырады;

- стандарттау   бойынша   халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды,  ережелер  мен ұсынымдарды қолданудың тәртібін белгілейді;

- жеке және  заңды тұлғалармен, стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттермен  өзара ic-қимыл жасайды;

- мемлекеттік  стандарттарда, мемлекеттік стандарттау  жүйесінің  ережелері мен ұсынымдарында стандарттау жөніндегі жұмыстарды    жүргізудің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық ережелерін, жеке және заңды тұлғалардың бip-бірімен, мемлекеттік    басқару органдарымен өзара ic-қимыл жасауының нысандары мен әдістерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару органдары  стандарттау жөніндегі жұмыстарға өздерінің құзыреттері шегінде  қатысады. Жеке және заңды тұлғалар стандарттау жөніндегі қызметін «Стандарттау туралы» заңға, стандарттау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өздерінің құзыреттері шегінде ұйымдастырады және жүзеге асырады, осы жұмыстарды орындау үшін стандарттау жөніндегі тиісті бөлімшелер мен қызметтер, оның ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құра алады.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің  ұйымдық құрылымы:

1) стандарттау,  метрология және сертификаттау  жөніндегі өкілетті мемлекеттік  орган мен оның ведомстволық  бағыныстағы бөлімшелерінен;

2) стандарттау саласындағы  құзыреттерінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарынан;

3) стандарттау  саласындағы жұмыстарды жүзеге  асыратын стандарттау жөніндегі  жеке және заңды тұлғалардан,  оның ішінде техникалық комитеттерден;

4) Қазақстан  Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорынан тұрады.

Қазақстандағы   ұлттық    стандарттау   жүйесінің      концепциясы отандық стандарттаудың көп жылдық тәжірибе жетулерін талдап қорытады, актуалды мақсаттарды және стандарттау әдістерін анықтау, стандарттау басты бағыттарын таңдау және осы аймақтағы халықаралық ынтымақтастығын өркендету, негізгі терминологияны ISO, МЭК, БСҰ (ВТО) және т.б. ұйымдарының негізге алынатын  құжаттарымен үйлестіру жөніндегі міндеттерін анықтайды.

Концепция ҚР-ғы стандарттаудың даму негізгі алғы шарттарын және одан ары толық жетілдіру жолдарын анықтайды:

• нарықты бағытталынған  экономиканы мемлекет арқылы реттеу қажеттілігі;

• дербес шаруашылық субъектілердің және мемлекеттің мүдделік теңдігін стандарттарда қамтамасыз ету;

• отан экономикасын дүниежүзілік экономикаға жеткізу мақсатымен БСҰ-ға кіру жағдайларын қамтамасыз ету;

• сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық серіктікте ТМД елдерінің  приоритетін сақтау;

• тауарлардың  тұтыну рыноктың және қызметтердің импорттан  тәуелділігін бірте-бірте төмендету;

• дамыған елдермен ғылыми-техникалық озық интеграциясын  қамтамасыз ету.

Концепцияның  негізгі қағидалары барлық стандарттау  қызмет түрлеріне таралады, соның  ішінде:

• басты бағыттарды және стандарттау объектілерді анықтау;

• заң шығаратын  негіздерін толық жетілдіру, сонымен қатар қажетті техникалық заң шығаруды тездету;

• стандарттардың құрамы мен құрылымдарын ықшамдау;

• зерттеу нәтижелері және стандарттардың тиімділігін эконо-микалық  және басқа түрде есептеу негізінде  болашақты және ағымды жоспарлау;

• стандарттаудағы басқарушы және атқару органдардың жүйелерін реформалау;

• ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне және стандарттарды  әзірлеу процедураларына замандас ақпараттық технологияларды енгізу.

Ұлттық стандарттау  жүйесінің Концепциясында халықаралық  ережелермен үйлестірілген негізгі бағыттар анықталынған:

• БСҰ-ға қосылу шарттарының орындалуы;

• отан және шетелдік стандарттардың статус жақындасуы;

• техникалық заң  шығару құруы;

• стандарттау  методологиясын және жұмыстарын ұйымдастыруы;

• стандарттау  саладағы халықаралық ынтымақтастық;

• қорғаныс өнімді стандарттауы;

• стандарттауды  ақпараттық қамтамасыз етуі;

• техника-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеуі  және кодтауы;

• техникалық шарттарды  әзірлеуі және қолдануы;

• стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадаға-лау;

• кадрлардың дайындауы.

 Бақылау  сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының стандарттау мемлекеттік жүйесі
  2. Cтандарттаудың мақсаттары
  3. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару
  4. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы
  5. стандарттаудың  толық жетілдіру жолдарын анықтау
  6. Концепцияның негізгі қағидалары
  7. Ұлттық стандарттау жүйесінің Концепциясында халықаралық ережелермен үйлестірілген негізгі бағыттары қандай?

 

 

 

Қолданылатын  әдебиеттер:

1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд.  М. Юрайт М 2001-272 с

3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

8. Артистов О.В. Упровление  качеством . Учебник М ИНФРА  –М 2003-237 с

9. Гончаров Э.Н Статистические методы  контроля качества продукции М Издат  Стандартов 1983

10. Стицнадель В.Н Системы  качества в соответствии с  международными стандартами   ISO 9000 Учебное пособие СНб : издательский дом « Бизнес-пресса» 2000-336 с

11 ВАракута С.А. Управление  качеством продукции : Учебное пособие М- ИНФРА –М  2002-207с

12. Мишин В.Н Управление  качеством : Учебное пособие для  ВУЗов М ЮНИТИ-ДАНА 2000-303 с

13 СТ  РК 1.17-2000 ГСС РК Методика проведение государственного контроля деятельности аккредитованных органов по сертификации и испытательных лабораторий( центров)

14. СТ РК 1.9-99-  ГСС РК Порядок приминения международных региональных и национальных нормативных документов по стандартизации и сертификации

15. СТ РК 3.0-94 ГСС РК Основные  положения

16. СТ  РК 3.1-94  ГСС  РК Знак соответствия . Тех. Требования и порядок применения

17СТ РК 3.2-94  ГСС РК Требования к органом по сертификации порядок их аккредитации

18 СТ РК 3.4-94  ГСС РК   Порядок проведения сертификации продукции Общие требования

19. СТ РК 3.9-97 ГСС РК Сертификация импортипуемой продукции  Общие положения

20 . РД 50 РК 3.4-94 ГСС  порядок проведения сертификации  системы качества и производств


Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі