Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат

Описание

Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер

Работа состоит из  1 файл

тәжірбие.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Сиыр және бұзау етін таңбалау. сиыр және бұзау етін семіздігіне қоңдылығына қарай келесі түрмен таңбалайды.

  I категория - домалақ ;

II категория-төртбұрышты;

Арық – үшбұрышты.

         Өгізшелердің еттеріне семіздік категориясына сәйкес таңбаны қояды және таңбада Б /Ө/ әрпі болады.

Бұзаулардың еттеріне семіздік категориясына сәйкес Т/б/ әрпі бар таңба қойылады. Еттің сапасы және массасына қарай қабылданатын ірі қара малдың, төлдерінің еттерін таңбалауда семіздік категориясына сәйкес ішкі бетінде әріптері бар таңбаларды қолданады: В /ж/- жоғары семіздік, с/о/ - орташа семiздiк; Н- орташадан төмен семіздік, ірі қара малдардың және бұзаулардың, технологиялық өңдеу кезінде ақаулары болған еттерінің таңбасының оң жағына “ПП” әріпті штамп қойылады.

Таңбаларды  түсірудің тәртібі келесідей:

  • I және II категориялы сиыр етіне екі таңба койылады:
  • біреуі жауырын, екіншісi сан бөлігіне;
  • бұзау етінің I және II категориялы жарты бөлігіне /етіне/ жауырын жағына қояды, ал тұтас бұзау етіне жауырын бөлігінің бір жақ бетіне;
  • арық сиырдың тұтас етіне және арық бұзау етіне таңбаны жауырын бөлігіне бір таңба, ал төрттен бір бөлігіне /арық сиыр етінің/- жауырын және сан бөліктеріне бір-бірден қойылады;
  • сол орнында өнеркәсiпте өндіруге және тікелей келісiм шарт арқылы ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға жіберілетін сиыр етіне /сиырдың етінің жартысына/ жауырын бөлігіне бір таңба қойылады.

Қой және ешкі еттерін таңбалау. Қоңдылығына қарай қой, ешкі еттерін келесiдей таңбалайды.

  I  категория- дөңгелек;

II категория - төртбұрышты;

арық- үшбұрышты.

Қозылардың  тұтас еті ішінде “Я” әрпі бар  дөңгелек таңбамен таңбалайды.

Егер  қозының семіздігі техникалык шарттарға  сәйкес болмаса, онда оны қой етіне қойылатын стандарт талаптары бойынша бағалайды және таңбалайды.

Массасы /көлемі/ мен сапасына қарай қабылданатын қой және ешкі еттерін таңбалауда, семіздік категориясына сәйкес ішінде әріптері бар таңбалар қолданылады:

В - жоғары; с - орташа, Н - ортадан төмен семiздiк.

Технологиялық өңдеу кезінде ақау болған қой және ешкі еттеріне таңбаның оң жағына “ПП” әріпті штамп қойылады.

Таңбаны басу тәртібі мынандай: Қозы және қойдың тұтас етіне таңба жауырын бөлігінің бір жақ бетіне қойылады

Шошқа етін таңбалау. Шошқа етін сапасына байланысты келесідей түрмен таңбалайды.

  I категория /беконды/-дөңгелек таңба;     

  II категория /етті/- төртбұрышты таңба;

  III категория /майлы/- сопақ таңба;

  IV категория /өнеркәсiпте өндірілетін/- үшбұрышты таңба;

 V категория /торай еті/-дөңгелек таңба.

  Сапасы бойынша стандарт талаптарына сай емес шошқа етін-ромб түрлі таңба.

Балалар тағамына арналған ұшаларына, оның  категориясына сәйкес ішінде Д әрпі бар таңба қолданылады.

Шошқаның бүтін  еті және жартылай етінде технологиялық өңдеу кезінде болған ақауларына байланысты жауырын жаққа таңбаның оң жағына ңППң әріпті штамп басылады.

Таңбаларды  және штамптарды басу тәртібі:

  • шошқа етінің жарты бөлігіне /I, II, IV категориялы/ таңбаны жауырын бөлігіне қояды;
  • торайдың бүтін етіне /артқы аяғына/ шпагатпен “М” әрпі дөңгелек таңбаны /фанерлі биркадағы/ байлайды;
  • қабан етінің жартысына “Хряк-ПП” штампын жауырын бөлігіне қояды.

Бұғы етін таңбалау.    Семіздігіне қарай бұғы етін келесiдей түрмен таңбалайды:

I категория- дөңгелек таңба;

II категория — төртбұрышты таңба;

арық- үшбұрышты таңба.

Бұғы етінің әр қайсысына таңбаның оң жағына “Бұғы еті” деген штамп болады. Төлдің үлкен жастағы етіне таңбаның оң жақ бетіне “М” әріпті штамп қойылады, кіші жастағы етіне “ММ” әріпті штампы қойылады, ал өте жас бұғы етіне “ПП” әріпті штамп қойылады.

Таңбаны басу тәртібі:

  • бұғы етінің әр ұшасына бір таңбадан жауырын және сан бөліктеріне қояды;
  • өте жас бұғылардың тұтас етіне таңбаны жауырын бөлiгiнiң 
    бір жақ бетіне қояды;
  • сол орнында өнеркәсiпте өндіруге және тікелей келісім шарт арқылы ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға жіберілетін бұғы етіне “Бұғы еті” штампты қоймауға  болады.

Құс етін таңбалау. кұстың тұтас етін сапасына қарай келесідей етіп таңбалайды:

I категория - 1 саны бар электр таңбасы не қызғылт түсті қағаз этикетка;

II категория - 2 саны бар электр таңбасы не жасыл түсті қағаз  этикетка.

Электр  таңбаны сирақтың беткі жағына қояды; балапан, бройлер балапаны, үйрек балапаны, тауықтың тұтас етіне — бір аяғына; үйрек, қаз, қаз балапаны және күрке тауықтардың - екі аяғына қояды.

Ақауы бар құс етін арқасының жоғары бөлігіне сәйкес категориясына қарай таңбамен таңбалайды, “П” әріпті штампы басылады.Ақауы бар құс етінің жәшіктерін «П” әріпті штамппен таңбалайды, ал арық кұс еті бар жәшіктерді - “Т” әріпті штамппен. Егер құс етін полимерлі пленкадан жасалған пакеттерге салатын болса /орайтын болса/, онда құс етін таңбаламауға болады, ал таңбалауды пакетке немесе этикеткаға басады. Мұнда осы өнімнің нормативтік кұжаттарының талаптарына сәйкес мәлімет болады.

Қоян етін таңбалау. Қоян етінің сапасына қарай таңбалануы мынадай:

  I категория — дөңгелек таңба;

II категория — төртбұрышты таңба;

семіздігіне қарай стандарт талаптарына сай  келмейтін қоян етінің арқа жағына үшбұрышты таңба басылады.

Қоянның және бройлер-қояндар сирағының сыртқы бетіне бір таңба қояды.

Ақаулары  бар қоян және бройлер-қояндарының ұшасын семіздік категориясына қарай арқасына таңба басады.

I және II категориялы қоян еттерін және ақауы бар бройлер қояндарының еттерін және де қоңдылығына қарай стандарт талабына сай келмейтін еттерін, жәшікке салып “П” әріпті таңбамен таңбалайды.

Қоян  және бройлер-қояндарының еттерін  полимерлі пленкадан жасалған пакеттерге салатын болса, онда таңбаны пакетке немесе этикеткаға басуға болады. Мұнда бұл өнімінің стандарт талаптарына сай екендігін көрсететін мәлімет болады.

Жылқы және құлын етін таңбалау сапасына қарай жылқы еті және құлын етін келесідей таңбалайды:

    I категория  жылқы еті және құлын еті — дөңгелек таңба;

  II категориялы жылқы еті — төртбұрышты таңба;

сапа  категориясы көрсеткіштеріне қарай стандарт талаптарына сай емес жылқы етіне - ұшбұрышты таңба.

Әрбір жарты ұшаға /тұтас еттің жартысы/ таңбаның оң жағына тік төртбұрышты штамп қойылады. Онда жылқы етің деген жазу болады.

Төлдің  жарты үшбұрышына қоңдылық /семіздік/ категориясына сәйкес  “М” әрпі бар таңба қойылады.

Төлдің жарты ұшасының сапа көрсеткішіне қарай стандарт талаптарына сай келмейтін түріне “М” әрпін баспайды.

Құлын етінің жарты ұшасына “Ж” әрпі бар таңба қойылады. Балалардың тамақтануына арналған еттерге, таңбаның оң жағына “Д” әріпті штампын қояды.

Технологиялық өңдеу кезінде ақау алған жартылай ұшаларға /тұтас еттің жартысы/ және ұшасының төрттен бір бөліктеріне “ПП” әрiптi штампы басылады. Ол жауырын және сан бөліктеріне, таңбаның оң жағына басылады.

Таңбаны қою /басу/ реті:

  • қай категориядағы болмасын жылқы етінің жарты ұшасына 
    /тұтас етінің жартысы/ екі таңба қойылады - сан және жауырын 
    бөліміне бір-бірден;
  • құлын етіне таңбаны жауырын бөлігіне басады;
  • өндірістік өндіруге арналған және тікелей келісім шарт арқылы ет өнімдерін кәсіпорындарға жіберетін жылқы еттеріне таңба жауырын бөлігіне қойылады.

Етті  қайта таңбалау

Етті  қайталап тек қана қажет жағдайда ғана таңбалайды. Мысалы: егер таңба  дұрыс басылмаса, басылған марканың еттің сапасына сай келмеуінен және тағы да сол сияқтылар.

Етті  қайта таңбалау зандылығы затты сараптау не болмаса заттың сапасы жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның қатысуы мен комиссия құрған актімен дәлелденуі тиіс. 

Етті  қайта таңбалау кезінде ескі таңба  мен штамптарды кетірмейді, өшірмейді.

Етті  қайта таңбалауға арналған таңбаның ішіне “ПМ” әріптері болуы тиіс және қайта маркілеуді жасап жатқан кәсіпкерліктің нөмірі болуы керек. Қайта таңбалауға арналған таңба ескі таңбаның шетіне, өшіру белгісі ретінде қойылады.

Балаларды тамақтандыруға арналған ет қайта таңбалауға жіберілмейді.

Тұтынушылық кооперация кәсіпорындарында және басқада сойыс пункттерінде өндірілген және вет-санитарлық сараптаудан өткен етті таңбалау жоғарыда айтылған реттермен талаптарға сәйкес жүргізіледі. 

 Бақылау  сұрақтары:

  1. Тауар таңбасы дегеніміз не?
  2. Тауарларды белгiлеу және таңбалау
  3. Етті таңбалау дегеніміз не?
  4. Арнаулы таңба дегеніміз не?.
  5. Көліктік таңба дегеніміз не?
  1. Қоян  етін таңбалау

Қолданылатын  әдебиеттер:

1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд. М. Юрайт М 2001-272 с

3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

8. Артистов О.В.  Упровление качеством . Учебник  М ИНФРА –М 2003-237 с

9. Гончаров Э.Н  Статистические методы  контроля качества продукции М Издат  Стандартов 1983

10. Стицнадель В.Н Системы качества в соответствии с международными стандартами   ISO 9000 Учебное пособие СНб : издательский дом « Бизнес-пресса» 2000-336 с

11 ВАракута С.А.  Управление качеством продукции  : Учебное пособие М- ИНФРА –М  2002-207с

12. Мишин В.Н  Управление качеством : Учебное пособие для ВУЗов М ЮНИТИ-ДАНА 2000-303 с

13 СТ  РК 1.17-2000 ГСС РК Методика проведение государственного контроля деятельности аккредитованных органов по сертификации и испытательных лабораторий( центров)

Тәжірбие  №4

Тақырып:Объектілерді идентификаттау(бiрдейлендiру)

Сабақтың  мақсаты:Объектілерді идентификаттауды студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Тағамдық ауыл шаруашылық өнiмдерiн бiрдейлендiру
  2. Бірдейлікті өткізу тәсілдерін салыстырып талдау.

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

Тағамдық  ауыл шаруашылық өнiмдерiн бiрдейлендiру

сәйкестiк өнiмге  нормалық құжаттарда /әрi қарай НҚ/ көрсетiлген барлық талаптарды орындау.

Бiрдейлiк /ұқсастық/ нышаны- нақты /берiлген/ үлгiнi теңестiрiлетiн /берiлген үлгiнiң атын, белгiде, тауарлық-жолдама құжатта, НҚ анықталған талаптарға/ өнiмнiң сипаттамасы. Органолептикалық көрсеткiштерi- адамның сезiм органдарының көмегiмен анықтайтын, тұтыну қасиетiнiң негiзгi сипаттамалары.

Физикалық-химиялық көрсеткiштерi-физикалық және химиялық өлшеу құралдарының сынау тәсiлдерiмен  анықталатын тағамдық өнiмдердiң  физикалық және химиялық сипаттамасы.

өнiмнiң бiрдейлiгi бұл - сертификаттауға берiлген өнiмнiң  аталған өнiм /нормалық және техникалық құжаттарға, өнiм жөнiндегi мәлiметтерге / түрiне /типiне/ сәйкестiгiн анықтайтын процедура. Мiндетiне байланысты бiрдейлiктi мынадай түрлерге  бөледi: ассортименттiк /түрлiк/ және сапалық /квалиметриялық/.

Ассортименттiк /түрлiк/ бiрдейлiк-қойылатын талаптарға байланысты, тауар атының сәйкестi ассортиментке жататындығын айқындау.

сапалық /квалиметриялық/ бірдейлік нормалық құжаттарда көрсетiлген  сапа көрсеткіштеріне сәйкес екендігін айқындау. Бірдейлік нышанының негізгі міндеттері:

Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі