Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат

Описание

Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер

Работа состоит из  1 файл

тәжірбие.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

20 . РД 50 РК 3.4-94 ГСС  порядок проведения сертификации  системы качества и производств

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірбие  №6

Тақырып:Өнімді сертификаттау тәртібі

Сабақтың  мақсаты: Сынау өнімді сертификаттауда қолданылатын нормативтік құжаттарда көрсетілген сынау жұмыстарын жүргізуді студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Өнімді сертификаттау тәртібі
  2. Сертификаттау схемасына сәйкес өндіріс жағдайын талдау

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

 Өнімді  сертификаттау  тәртібі

   Өнімді  сертификаттау мынандай негізгі  жүйеде жүргізіледі:

   - сертификаттау  органына сертификатту жөнінде  өтінім беру;

   - өтінімді  қарастырып ол жөніндегі шешімді өтінушіге жіберу;

   - өтінуші  мен сертификаттау органы өнімді  сертификаттау жұмысын жүргізу  жөнінде шарт жасайды;

   - өнімнің  үлгерін іріктеу, ұқсастыру және  сынаудан өткізу;

   - өндірісті  тексеру (егер сертификаттау схемасында  көзделген болса);

   - жүргізілген  жұмыстандың нәтіжелерін талдау, сертификат беру мүмкіндігі туралы  шешім қабылдау;

   - сертификат  беру және оны сертификаттаудың  мемлекеттік жүйесі тізіліміне  тіркеу;

   - сертификатталған  өнімді сәйкестік белгісімен  таңбалау;

   - сертификатталған өнімді оның қабылданған схемасы бойынша инспекциялық қабылау.

   Кейбір  схемалар бойынша сертификаттағанда  келтірілген жүйедегі жұмыстардың  барлығы бірдей қолданылмауы  да мүмкін.

   Әрбір  жұмыс реттерінің мағынасына  тоқтайлық.

   1. Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім жолдайды. Бірнеше сертификаттау органы болған жағдайда өтінуші оның қайсысына болса да өтінімін жолдай алады. Өтінуші ретінде өнімін сертификаттауға ұсынып отырған, сертификаттау жүйесінің ережелерін мойындайтын және оны жүргізу шығынын өтеуге міндеттеме ала алтын заңды тұлға (немесе жеке кәсіпкерелер) болуы мүмкін.

   Мүндетті  сертификаттауды сәйкестік туралы  декларациясы қолданылатын схемалар  бойынша жүргізгенде өтінуші  сертификаттау органына өтініммен қоса сәйкестік туралы декларациясын да ұсынады.

   2. Сертификаттау  органы өтінімді қарастырып 2 апта  ішінде өтінушіге шешімін айтады. Шешімде сертификаттаудың барлық  негізгі жағдайлары келтіріледі:сертификаттау  схемасы (егер өтінуші оны өзі  ұсынбаса) қажетті құжаттардың тізімі, тіркеуден өткен сынау зертханаларының тізімі, тіркеуден өткен сынау зертаналарының тізімі, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттау органдары (егер бұл сертификаттау схемасында көрсетілсе). Нақтылы сынау зертанасын, сапа жүйесін (өндірісті) сертификаттай алатын сертификаттау органынн өтінуші өзі таңдайды.

   Өтінуші  сертификаттауды өткізу жағдайымен  келіскен болса сертификаттау  органына бекітілген шартты және  белгіленген төлем құжатын жібереді.

   3. Өтінімде  көрсетілген өнімнің үлгілерін  іріктеуді көп жағдайда сыну  зерханалары жүргізеді. Сынау  өтінуші өндіретін өніммен конструкциясы,  құрамы, дайындау технологиясы бірдей  үлгілерге жүргізіледі. Іріктеп  алынатын үлгілердің саны (іріктеу  көлемі), оларды іріктеу методикасы, сәкестендіру және сақтау нормативтік құжаттардың (сертификаттау органының құжаттарының) талаптарына сәйкес болуы тиіс.

   Сәйкестендіру  өнімнің нақтылығын, яғни оның  атауына, таңбасында көрсетілген  партия номеріне сәйкестігін анықтайды.

   Сынау  өнімді сертификаттауда қолданылатын  нормативтік құжаттарда көрсетілген  сынау жұмыстарын жүргізуге сәкес  тіркелген сынау зертанасында  жүргізіледі. Сынау хаттамасы  өтінушіге және сертификаттау  органына беріледі. Сынау хаттамаларының  көшірмесі және сынаудан өткен үлгілер сертификаттың қодану мерзімі афқталғанға дейін сақталады. Сынау нәтіжесі бір көрсеткіш бойынша болса да талаптарға сәйкес болмаса, онда сертификаттау мақсаттындағы сынаулар тоқтатылады және бұл жөнінде өтінушіге және мемстандарттың аймақтық органдарына хабарланады.

   4. Сертификаттау  схемасына сәйкес өндіріс жағдайын  талдау (2а, 4а, 9а, 10а схемалары), өндірісті  және сапа жүйесін сертификаттау  (5 және 6 схемалары) жүргізілуі мүмкін.

   5. Сертификаттау  органы сынау хаттамасын талдағаннан және өндірісті тексергеннен кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Нәтіжелер оң болса сертификаттау органы сертификат толтырып оны тіркеуден өткізеді. Сертификат тіркеу номері боғанда ғана жарамды болып есептеледі.

  Міндетті сертификаттауда сертификат өнім барлық нормативтік құжаттардын талаптарына толығымен сәйкес болғанда ғана беріледі. Сәйкестік сертификаттының құрамында мүндетті түрде өрт қауіпсіздігі жөніндегі сертификат болуы тиіс.

   Сертификатты  қолдану мерзімін сертификаттау  органы сертификаттау схемасына, өнімнің өзінің және оны өндіру ерекшеліктеріне, өнімге қатысты нормативтік құжаттардың қолдану мерзіміне, өндірісті және сапа жүесін сертификаттау мерзіміне сәйкес тағайындайды, бірақта бұл мерзім үш жылдан аспауға тиіс.

   Егер  сертификаттауға негіз болған  нормативтік құжаттардағы нормалардың  қатандығы жоғарыласа, онда осы  өзгеріс енгізілгеннен бастап  сертификатты қолдану мүмкіндігі  жойылады.

   Өнімді  сертификаттау халықаралық жүйе  немесе келісім аумағында жүргізілсе, онда сертификат пен сәйкестік белгісінің түрлері, беру тәртібі, қолдану мерзімі осы жүйенің немесе келсімнің ережелерін ескере отырып тағайындалады.

   6. Өнімді  сәйкестік белгісімен таңбалауды  айқын бейнелеуді, сыртқы әсерлерге  төзімділікті, өнімнің жарамдылық мерзімінде өзгермеу қабілетін қамтамасыз ететін әдістермен дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады. Таңбалау әдісі мен орнын, олар сертификаттау тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттарда анықталмаған жағдайда, сертификаттау органы өтінушімен бірлесе отырып ҚРСТ 3.1. талабына сай белгілейді.

   7. Сертификаттау  схемасында сертификатталған өнімді  инспекциялық бақылау қарастырылса, онда оны сертификат берген  орган жүзге асырады. Инспекциялық  бақылау сертификат пен өнімді  сәйкестік белігісмен таңбалау құқығын қолдану мерзімінде әр жылда кем дегенде бір рет мерзімді немесе жоспардан тыс тексеру түрінде жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеріс сертификатталған өнім сапасына байланысты шағым-арыз түскенде жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың мақсаты – таратылып жатқан өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау. ИНспекциялық бақылау нәтижесі актилер түрінде толтырылады. Бақылау нәтіжесінде өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еместігі анықталса сертификаттау органы сертификатты тоқтатуы немесе қолданыстан шығаруы және сәйкестік белгісін қолдану құқығына берілген лицензияны жоюы мүмкін.

Бақылау сұрақтары

  1.    Өнімді сертификаттау қандай негізгі жүйеде жүргізіледі
  2. Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім жолдауы
  3. Сертификаттау органы өтінімді қарастырып 2 апта ішінде өтінушіге шешімін айтуы
  4. Өтінімде көрсетілген өнімнің үлгілерін іріктеуді  сыну зерханалары жүргізуі
  5. Сертификаттау схемасына сәйкес өндіріс жағдайын талдау
  6. . Сертификаттау органы сынау хаттамасын талдағаннан және өндірісті тексергеннен кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау
  7. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды айқын бейнелеу.
  8. Сертификаттау схемасында сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау
  9. Ерікті сертификаттау жөніндегі органдар тәртібі
  10. Сертификаттау саласында жұмыс жүргізу ережелері мен құжаттары
  11. Сертификаттау жөнідегі нормативттік құжаттарға.Қойылатын талаптар
  12. Өнімді сертификаттау тәртібі
  13. Сертификаттау схемалары
  14. қандай дәлелдеу әдістері қолданылады
  15. Сертификатталатын өнімнің түріне байланысты қандай үстеме құжаттар қолданылады

Қолданылатын  әдебиеттер:

1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд.  М. Юрайт М 2001-272 с

3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

8. Артистов О.В.  Упровление качеством . Учебник  М ИНФРА –М 2003-237 с

9. Гончаров Э.Н  Статистические методы  контроля качества продукции М Издат  Стандартов 1983

10. Стицнадель  В.Н Системы качества в соответствии  с международными стандартами    ISO 9000 Учебное пособие СНб : издательский дом « Бизнес-пресса» 2000-336 с

11 ВАракута С.А.  Управление качеством продукции  : Учебное пособие М- ИНФРА –М  2002-207с

12. Мишин В.Н  Управление качеством : Учебное  пособие для ВУЗов М ЮНИТИ-ДАНА 2000-303 с

 

Тәжірбие №7

Тақырып:Сапа жүйесін сертификаттау

Сабақтың  мақсаты:Сапа жүйесін сертификаттауды студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару
  2. Ұйымдық және әдістемелік принциптері

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

Сапа  жүйесін сертификаттау жөніндегі  жұмыстарды басқару

1. Сертификаттау  жөніндегі жұмыстарды басқаруды  Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілеген стандарттау, метрология  және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.

2. Жеке және  заңды тұлғалар сертификаттау  жөніндегі өз қызметін осы  Заңның және Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтік құқықтық  актілерінің ережелеріне, сондай-ақ  мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

5-бап.  Мемлекеттік сертификаттау жүйесін  ұйымдастыру

1. Мемлекеттік  сертификаттау жүйесінің ұйымдық  құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары).

2. Мемлекеттік  сертификаттау жүйесі сертификаттау  саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйсінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

Ұйымдық және әдістемелік принциптері:

• сертификаттау  объектісі туралы анық ақпаратын  қамтамасыз ету;

• объективтілік  және әзірлеуші мен тұтынушыдан  тәуелсіз болуы;

• профессионалдық  сынау;

• шет ел мәлімдеушілерге  дискриминация жасамау;

• сертификаттау  органы мен сынау лабораториясын таңдаудағы мәлімдеушінің құқығы; сертификаттау қатысушыларының жауапты-лығы;

• сертификаттау  нәтижелері немесе сәйкестік сертификаттың (белгінің) мезгіл тоқтауы (жоюға) туралы ақпарат ашықтығы;

• стандарттау  объектісінің, оның  шығару және пайдалану ерекшеліктерін есепке алатын сынау әдістерінің көптілігі;

• ИСО/МЭК, аймақтық ұйымдардың кепілдемелерін және ережелерін, халықаралық стандарттардың және басқа  халықаралық құжаттардың қағидаларын  сертификаттау қызметінде қолдану;

• Қазақстан  қатысатын көптарапты және екітарапты келісімдердің негізіндегі шетелдік сертификаттау органдардың және сынау лабораториялардың аккредиттеуін, сертификаттардың және сәйкестік белгілерін ҚР-мен мойындауы;

• сауда құпияны  құратын ақпарат жасырын сақтауы;

• Қажетті кезде сертификаттау жұмыстарға тұтынушылардың қоғамдарын тарту.

Сертификаттаудың негізгі ережелері

1. Сертификаттау  органы немесе сынау лабораториялары  ретінде кез-келген әр түрлі  жеке меншікті мекемелер болуы  мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.

2. Сертификаттау  органдарының және сынау лабораториялары-ның  аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік  стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі. 

3. Отандық және  импорттық өнімдердің сертификаттау  жұмыс-тары бір ережелермен жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі