Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат
Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік технгикалық реттеу жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының үкіметі;
2) Уәкілетті орган;
3) Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы
техникалық кедергілер, санитарлық
және фитосанитарлық шаралар
жөніндегі ақпарат орталығы(
6) Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) Сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлар;
9) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрады.
Бақылау сұрақтары:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. « Техникалық реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004
2. Лифиц И.М
Основы стандартизации, метрологии,
сертисфикации. Учебник 2-е
3. Крылова Г.Д Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487
4. Авторский коллектив под. ред. Тазабекова К. А Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г
5. Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции Алматы 2002 г
6. Швандар В. А. др Стандартизация и управление качеством продукции Москва 1999 г
7. Таныгин В.А Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г
№2 тәжірбиелік сабақ
Тақырыбы: Стандарттаудың нормативтік құжаттарын жүйелеу
Сабақтың мақсаты: Нормативті-техникалық құжаттар мен стандарттар туралы түсінікті студенттерге таныстыру.
Сабақтың жоспары:
Кілті сөздер:
МЕМСТ-мемлекеттік
стандарт
ИСО- халықаралық стандарт
ТШ- техникалық шарт
ҚР- Қазақстан Республикасы
СТАКО- стандарттаудың ғылыми зерттеу комитеті
Техниканың кез - келген басқа салалары сияқты стандарттау саласындағы қызметтің сәтті болуы үшін де нақты, ғылыми тұрғыдан негізделген анықтамалар қажет. Анықтамалардың жүйесіздігі мамандардың бір - бірін өзара түсінулерін қиындатады, ортақ әдістемелік қүралдарды жазуға кедергі береді, халық шаруашылығын бақаруға арналған жаңа, есептеуші техниканың енуіне кері әсерін тигізеді.
"Стандарттау"
терминінің анықталуы ұзақ дамы
Бұл анықтау стандарттаудың барлық түрлерінен көрініс беріп, оның реттеуге бағытталған белсенді қызметін тек техникада емес, сонымен қатар қызметтің басқа да салаларында сипаттайды. “тандарттау" термині Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінде төмендегідей анықталған: "Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты әрекет ететін міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет". Стандарттау ғылым, техника және озық тәжірибенің нысанды жетістіктерінде негізделіп, тек қазіргі дамуды ғана емес, сонымен қатар болашақтағы дамуды іске асырып, ғылыми - техникалық дамумен қатар үздіксіз жүзеге асуы тиіс. Стандарттау әлемнің қай географиялық, экономикалық және саясаттық аймағы стандартты қабылдағанға байланысты әр түрлі деңгейде жүзеге асады. Стандарттау бойынша жұмыстардың көлеміне байланысты ол халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық бола алады.
Халықаралық стандарттау - бұл кез - келген елдің сәйкес келетін органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.
Қатысушы елдердің тікелей, дайындау немесе ұлттық стандарттарды қайта қарау кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттар, халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет.
Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау.
Аймақтық және халықаралық стандарттау, халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады.
Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады.
Стандарт. Бұл терминнің дұрыс анықталуы маңызды мағынаға ие. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым мынандай анықтамаларды қабылдады: "Стандарт - бұл белгілі салада реттеудің оптималды деңгейіне жетуге бағытталған, сондай - ақ мойындалған орган тарапынан бекітілген консенсус негізінде жасалған нормативті құжат (терминнің анықтамасы ИСО2/МЭКД 991. Басшылығы келісімімен берілген)." Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес стандарт - ереженің жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған қызметінің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы мақсаттар мен сипаттамалар белгіленетін екі жақты мүдделердің негізінде дайындалған құжат. Стандарт ғылыми зерттеулердің жалпылама нәтижелерінде, техникалық жетістіктерде және тәжірбиеде негізделуі тиіс, сонда оның пайдаланылуы қоғам үшін оптималды пайда әкеледі.
Стандарттау бойынша нормативті құжат - бүл стандарттау немесе оның нәтижелері бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты норма, сипаттама, мақсаттар мен ережелерді белгілейтін құжат.
Стандарттау жүйесі - бұл өнімге, үрдіске, жұмысқа және қызметтерге деген талаптарды белгілейтін стандарттау мен нормативті құжаттар қатысушыларының жиынтығы.
Cтандарттаудың
заңдылық және нормативтік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
- техникалық - экономикалық
ақпараттың мемлекеттік
- мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, ережелер мен ұсынымдар;
- белгіленген
тәртіппен қолданылатын
- ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен баска да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары;
- ұсынымдар;
- фирмалық стандарттар;
- техникалық шарттар.
Стандарт - әр түрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелер, жалпы мақсаттар немесе сипаттамаларды жалпы және көп рет пайдалану үшін белгіленетін, мүдделі тараптар мен мойындалған орган келісімі негізінде әзірленген құжат.
Мемлекеттік стандарттар салааралық мәні және көп мәрте ұдайы өндіру және (немесе) пайдалану перспективасы бар өнімге, үрдістерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы нормалар мен талаптарға әзірленеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Олар Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарымен бекітілген.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері - өнімнің, үрдістің (жұмыстың), қызметтің техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының жүйелі кодтар мен атауларын көрсететін құжат.
Фирмалық стандарттар – тек осы заңды немесе жеке түлғалармен қолданылатын және бір заңды немесе жеке түлғамен әзірленген нақты өнім, үрдіс (жұмыс), қызмет түрлеріне талаптарды белгілейтін стандарттар. Бұл стандарттарды әзірлеушілер дербес бекітеді.
Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің білімінің түрлі салаларында алынған нәтижелерін тарату мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданылады.
Техникалық шарттар - нақты өнімге, үрдістерге, қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжат. Бұл құжатты жеке және заңды түлғалар әзірлейді және бекітеді.
Ұсынымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай да бір болмасын қызметтің түрін үйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейтін нормативтік құжат.
Стандарттардың түрлері: негіз алынатын стандарттар; өнім (қызмет) стандарттары; үрдіс (жұмыс) стандарттары; бақылау (сынау) әдістері стандарттары; терминдер мен анықтамалар стандарттары; стандарттар кешені.
Негізге алынатын стандарт – кең таралу саласы немесе белгілі қызмет саласы үшін жалпы ережелері бар стандарт.
Өнім стандарты - өзінің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өнім немесе біркелкі өнім топтарын қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.
Үрдіс (жұмыс) стандарты – үрдіс тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үрдіс (жұмыс) қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.
Бақылау (сынау) әдістері стандарты - әдістер, тәсілдер, қабылдау, сынаулар, өлшеулер және (немесе) талдау жүргізетін әдістемелерді белгілейтін стандарт.
Терминдер мен анықтамалар стандарты – түсінудің қажетті жеткілікті белгілері бар анықтамалар берілетін терминдерді белгілейтін стандарт.
Стандарттар кешені – жалпы бағыттық мақсатпен бірлескен және өзара байланысты стандарттау объектілеріне келісілген стандарттарды белгілейтін өзара байланысты стандарттар жиынтығы.
Стандарттар кез - келген субъектіге бағынуға дайын болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттың жасалуында онда иелік ететін кез - келген мүдделі адамдар қатыса алады.
Стандарттар саудада техникалық тосқауыл болмауы тиіс.
Оларды
жасау кезінде халықаралық
Стандарт жасалуының мақсатқа лайық болуы сараптау, және оның әлеуметтік, экономикалық және техникалық аспектілерде қажет болуы жолымен анықталады. Тікелей экономикалық тиімділік қорлардың үнемделуіне, техникалық және ақпараттық сәйкестілік сенімділігінің жоғарылауына алып баратын стандарттарды қалыптастырады. Адамдар өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз етеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі