Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)


 

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

 

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама

1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7

1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8

1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12                                   

1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме

……………………………………………………………………………………13-18

1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері  және  оларды

      өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22

1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен

әдістері…………………………………………………………………………..23-27

1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

 

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.

2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың  бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28

2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің  маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42

2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47

2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49

3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

 

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51             

 

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ  сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату, жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан  тыс жұмыстарды ақпараттандыру сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.

Оқушылардың хмияға қызғуын біршама қанағаттандырғанымен факультетивтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді.

Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды қызықты етіп жүргізуде химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан,  оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді.

Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді, осыған  байланысты мен өзімнің дипломдық жұмысымдағы жүргізілген жұмыстарды тәжірибе алмасу барысында көпшілікке ұсынамын. Бұл жұмыстар болашақ мұғалімдерді химия пәніне байланысты сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері жайында сөз болды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетіп сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жағдай жасау. Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды қызықты, тартымды етіп ұйымдастырудың ең тиімді деген  әдіс, тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймай, оларды жан-жақты тәрбиелеу мақсатында жасаған жұмыстарымды ұсыну арқылы сыныптан  тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызын зерттеу.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ірі ғалымдардың өмірімен, ғылымға шексіз берілуінің нәтижесінде ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсіндіру.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту.

Қазіргі ахуалы: химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірліөзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті оқушыны тәрбиелеу.

Зеррттеу обектісі : Орта мектеп жасындағы оқушыларға политехникалық дайындық беру.

Теориялық және әдіснамалық негіздері:  Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік, топтық, жеке жұмыстарға арналған әдістемелер  арқылы  эксперимент жасадықсалыстыру, әңгімелесу, бақылау әдістерін қолдандық және ой қорыту жасадық.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:  Оқытудың мақсаты дегеніміз – жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім. Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті – химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету. 

Дипломдық жұмыстың жазылуының практикалық базасы:

Ш.Уалиханов атындағы №1 мектепте мемлекетік педагогикалық практикада жүрген аралықтарда 9 – 11 сыныптарда сыныптан тыс  жүргізілді

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт  параграфқа бөлінген  және  қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.        ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. ХИМИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУҒА  ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

 

1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың  тиімділігі

 

Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.

Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [1].

Химия  пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.

Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді  институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын ,атап айтқанда, химиялық кештер, ойлан – тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.

Мектептердегі «Жас химик» қабырға газеті де бір сарынды, көшірме рөлін атқарып келеді, өйткені онда пайдаланған материалдар көбінесе ғылыми кітаптардан, газеттер мен журналдардан сөзбе - сөз көшіріле салады.

Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар,жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар,тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.

Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.

Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.

Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты.

Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы болды.

Мектептерде химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс жұмыстар химия пәнін саналы меңгеруге негізделген.

Сыныптан тыс химиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату арқылы химиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі ғылыми тұрғыдан тұжырымдала бастады. Олар химия тарихынан баяндамалар дайындап, жергілікті химия өндірісіне топсеруен жасаумен айналысқан.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың басты негіздерін шешу жөніндегі алғашқы жұмыстар Москва қаласында №110 мектептің мұғалімі Л.И.Розинаның еңбектерінен байқалады. Ол академик Н.Д.Зелинскийдің басшылығымен ұйымдасқан химия қоғамының жұмысын жинақтап, қортындылайды.Л.И.Розинаның іс - тәжірибесі қалалық мектептердің жағдайына негізделіп жазылғандықтан,селолық мектептердің жағдайына аса қолайлы болмады. Осыған орай Л.И.Розинаның ұсынған қондырғылары барлық мектептер үшін шешімін таппаған кездейсоқ қорытындылар екені сыналады. Дегенмен бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіруде мұғалімдерге көп көмегін тигізді.

«Орта мектептердегі химиядан сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар және оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау » деген тақырыпта П.Н.Карелин өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап жазды. Ол өз еңбегінде сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың және оны өткізудің түрлері мен әдістерін әңгіме етеді. Болашақ мұғалімдерді химия пәніне байланысты сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері сөз болды.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың оқу - тәрбиелік рөліне, ұйымдастыру принциптеріне баса назар аударған. Дегенмен бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.

 

             

1.2 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері

 

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту