Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің  негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы  өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.

Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен ) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты-әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып,алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады.

 

 

1.3 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері

 

Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан  тыс ақпараттық жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс ақпараттық жұмыстар деп атайды. Дегенмен , оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс» , «мектептен тыс » , «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.

Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге беріген есептерді шешіп, жаттығуларды орындау да т.б. жатады.

Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханалаларында, аудандық, қалалық метептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.

Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке - дара, топтық,  көпшілік жұмыстар.

Бұл жұмыстардың бағыттары мен түрлері (1-кесте) оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір - бірінен ерекшеленеді.

 

1-кесте

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бағыттары мен түрлері

 

Әрбір бағытқа сәйкес оқушылар қызметінің түрлері

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың нәтижелерін жариялау түрлерін ұйымдастыру

Теориялық

Баяндамалар, рефераттар даярлау, теориялық, тарихи зерттеулер жүргізу. Аса күрделі есептерді шешу. Газет, хабарлама шығару жұмыстары,т.б.

Химиялық кештер, ғылыми конференциялар, үйірме сабақтары. Химия күндері мен декадаларын, апталықтарын өткізу. Олимпиадалар, білімдік ойлан тап жарыстары. Хабарламалар, газеттер жазба журналдар шығару.т.б.

Эксперименттік

Зертханалық препаративті сарамандық сабақтар, оқушылардың эксперименттік ғылыми зерттеу жұмыстары, т.б.

Үйірме сабақтары, конференциялар, байқаулар, конкурстар, тұрақты және әр кездік көрмелер әзірлеу.

Конструкторлық

Құралдарды конструкциялау, макеттер, үлгілер,көрнекі құралдар, жинақтамалар даярлау жұмыстары, т.б.

Химия кабинеттерін жабдықтау,көрме-стендтер ұйымдастыру ,байқаулар өткізу,т.б.

 

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бір түрі - химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға  қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне  даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі - үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды.

Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер  әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Шағын топтағы оқушылар монтаждар мен КВН, Ойлап –тап жарыстарына әзірленеді, қызықты тәжірибелерді көрсетуге дайындалады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - химиялық  үйірме. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны он - он бес оқушыдан артық болмауы керек.

Көптеген мектептерде үйірме жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тілімізде жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезеңде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылады.

Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын жас химиктер үйірмесі әрбір мектепте болғаны жөн.

 

 

1.4 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың негізгі түрі-үйірме

 

Орта мектепте химия үйірмелері сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың  негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б.көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Көптеген мектептерде үйірме жұмысын окушылар мен  мұғалімдер өз  талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме  жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап карасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы  деуге болады. Қазіргі кезенде окушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәсілесіне баса назар аударылуда. Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын жас  химиктер үйірмесі әрбір мектепте болғаны жөн. Ауылдық жердегі жас химиктер үйірмесі ауыл шарушылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Жас химиктер азотты, фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.

Химиялық үйірмелер жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызыкты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын үйірме,  болашағы бар химия үйірмесі, химиялық технология, модельдер, макеттер жасайтын конструкторлық химия үйірмесі, талдау химиясы, агрохимиялық үйірме, бейорганикалық, органикалық синтездер жасайтын үйірме, химия біздің айналамызда, химия өсімдіктер әлемінде, химия оқулығы бойынша табиғатты қорғау, өлкентанушы химиктер, теориялық химия, кинетикалық химия, физика -  химия, электрохимия, биологиялық  химия, геохимия және минералогия, зертханашы химиктер даярлау, фотохимия үйірмелері, т. б. бар.

Үйірме мүшелері өздері таңдап алған химия  үйірмесінің мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған танымжорықтан алған әсерлері жайында үйірме отырыстарында және істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде баяндап отырады. Үйірмелердің бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.

Химия үйірмесінің мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Олар кейбір қызықты деректерді «жас химик»   қабырға газетіне жариялайды. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Үйірме мүшелерінің жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан ақпараттық тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында үйірмелердің  санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. Үйірмелердің өзі бірнеше бірлестіктен  тұрады. Қоғамға жас ғалымдар, қызметкерлер, оқытушылар, жоғары курс студенттері де жетекшілік ете алады.

Үйірме жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт сілтейді . Оқушыларға жоспар құруға жәрдемдеседі. Онда мынадай мәселер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.?

Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық үйірмелерге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады.

Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктері ескеріліп отырады:

1.Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің  өзара бірлігі –бірін - бірі қайталамауы.

Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктер ескеріліп отырады.

2.Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу - тәрбиелік жоспардың бір бөлігі ретінде оқушылардың мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.

3.Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, соған жақын мамадық иелерімен кездесулер өткізу, сол арқылы кәсіптік бағдар беру.

4.Үйірме жұмыстарында сынақ тәжірибелік және теориялық материалдардың өзара байланысының болуы. Танымдық, білімдік танымжорықтар өткізіп отыру.

5.Үйірме жұмысын жоспарлауда ғылыми - зерттеу жұмысына, қажетті әдебиеттерді оқушылардың өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету

6.Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық матриалды талқылағанда 1 сағаттан, ал сынақтәжірибелік не конструкторлық жұмыстарды орындау 2-3 сағаттан аспауы тиіс.

7.Үйірме жұмыстары негізінен үш бөлімнен тұрады :сарамандық сабақтар, теориялық хабарламалар, сарамандық жұмыстың қорытынды есебі.

8.Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратын, тартымды, алуан түрлі болуы керек.  

Осының бәрі оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сөйтіп, мамандықты еркін таңдауына мүмкіндік береді.

Үйірменің жетекшісі қауіпсіздік техникасының ережелерімен күн бұрын таныстырып, тәжірибелік жұмыстар жасайтын оқушыларға нұсқау беріп отырады. Химиялық тәжірибелерді орындау кезінде шыны заттармен, электр тоғымен, қыздырғыш, түзеткіш құралдармен жұмыс істеуге тура келеді. Әрбір үйірме сабақтарына кірісерде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау ескеріледі. Әсіресе газбен, қышқыл, сілті ерітінділерімен жұмыс істеп, органикалық синтезге байланысты тәжірибелер орындаған кезде өте сақтық керек. Қауіпсіздік техникасына байланысты нұсқауларды химия оқулықтары мен сарамандық жұмыстардың оқу құралдарынан табуға болады. Зертханада жазатайым оқиғалар бола қалған кезде, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге  арналған дәрі – дәрмек болуы қажет. Әрбір химия зертханашысы қауіпті жағдайға қарсы шараларды күнібұрын ойластырып, оған қажетті жабдықтарды дайындап қояды .

 

 

Химия үйірмелерінің түрлері: Химия біздің айналамызда, Химия өсімдіктер әлемінде, Конструкторлық химия, Агрохимия, Зертханашы химиктер, Табиғатты қорғау .т.б

 

1)Химия біздің айналамызда - үйірме сабақтардағы теориялық материалдар мен сарамандық жұмыстар оқушылардың күнделікті тұрмысына жақын , өмірде пайдаланып жүрген материалдардың негізінде баяндалады. Мәселен, су,ауа,топырақ,минералдық заттар,олардың тұрмыстағы рөлі. Сарамандық жұмыстар екі бөлімнен тұруы мүмкін, оны табиғаттағы химия және химия тұрмыста деп алуға болады .

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту