Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа
Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,
Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4
1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30
2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51
Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52
Сыныптап тыс жумыстардың маңызы.
Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Өзінің атынан көрініп тұрғанындай бұл жүмыстар — оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабактан тыс жұргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі.
Сыныптан тыс жүмыстар окушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі.
Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі-өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсінеді. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жүмыс істей білуге үйретеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады.
Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми-көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім акыл-кеңесін беріп, бағыттап отырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды, оқушылардың ата-аналарын қатыстыру; сыныптан тыс жұмыстармен оқушыларды шамадан тыс шұғылдандырмау; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық шектер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар.т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының рекциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасты. Жиырмасыншы жылдарда химиядан сыныптан тыс жұмыстар техникалық станцияларда жүргізіледі, оқушылар тәжірибе жасау, құралдар мен көрнекі құралдар әзірлеумен шұғылданды. Отызыншы жылдарда химиялық үйірмелер жұмыс істеді, оларды ұйымдастыру жөнінде оқу құралдары жарық көрді. Қырқыншы жылдарда алғашқы химиялық қоғам ұйымдастырылды, бұлар кейінгі жылдарда кең өріс алды.
Елуінші жылдардан бастап "Химия в школе" журналында сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесін баяндайтын бөлім ашыдды, ғылыми зерттеу жұмыстары дамыды. Алпысыншы жылдарда Д.И.Менделеев атындағы Бүкіл одақтық химия қоғамы жас химиктер секциясын ұйымдастырды. Оған орта мектептің оқушылары, арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мүше болып, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуге белсене араласты.
Жас химиктер шығармашылығын насихаттауға арналған Одақтық көрмелер ұйымдастырылып, бәйгелер жарияланды. Жас химиктер секциясының жұмысына ірі ғалымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Осының бәрі сыныптан тыс жұмыстардың кең өріс алуына зор ықпалын тигізді. Бұрынғы КСРО Ғылым Академиясының "Химия и жизнь" журналында жас химиктерге арналған тартымды материалдар үзбей жарияланды.
Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсарту жолға қойылуда.
Көпшілікке арналган сыныптан тыс жұмыстар.
Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде кеңінен таралғандары жас химиктер қоғамы және химиялық кештер.
Сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушыларының саны көп, олардың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде жас химиктер қоғамы ұйымдастырылады. Қоғам арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда қоғамның мақсаты, құрамы, мүшесінің хұқы мен міндеттері, басқару органдары және ұғымдық құрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Қоғамның құрылысын жалпы жиналысында сайланған Кеңес басқарады (5-15 адам). Қоғам, әдетте, химиялық үйірмелердің негізінде құрылады, жеке секцияларға бөлініп, жұмыс істейді. Секциялары химия ғылымының салалары және жұмыстың түрлері бойынша ұйымдастырылады: бейорганикалық химия, органикалы немесе модельдер жасау, құралдар қарастыру, дәрісшілер тобы, шыны үрлеу т.б. секциялар. Секциялардың және оған қатысатын оқушылардың санына шектеу қойылмайды. Қоғамның мүшелігіне қабылдау және шығару жарғыға сәйкес жалпы жиналысында шешіледі. Мұнда еріктілік пен міндеттілік, белсенділік пен дәйектілік, жеке мен ұжым бірлігінің негіздері мүлтіксіз жүзеге асырылады. Жас химиктер қоғамына, әдетте, бір ғалымның аты беріліп, оның жұмысы әуесқойлық, бәсеке, жарыс түрінде ұйымдастырылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздыларының бірі -химиялық кештер, оған оқушылардың көпшілігі қамтылады. Ол танымдық әсерінің күштілігімен ерекшеленеді. Химиялық кештер мазмұнына қарай тақырыптық, тарихи, мерейтоп, қызықты, т.б. кештер деп жіктеледі, сабақта өтілген материалдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
VIII сынып. Атом-молекулалық ілімнің тарихы. М.В.Ломоносов -химияның негізін қалаушы. Химиялык элемент ұғымының дамуы. Жер қыртысында ең көп таралған элемент. Ауа - газдар қоспасы. Сутегінің ашылу тарихы және қолданылуы. Су - ғажайып зат. Сусыз тіршілік жоқ. Периодтық заңның ашылу тарихы. Д.И. Менделеевтің ғылыми ерлігі. Периодтык жуйеге саяхат. Тұз түзушілер топтамасы.
IX сынып. Кұкірт қышқылы - химия өнеркэсібінің "наны". Табиғаттағы жэне адам өміріндегі көміртегінің маңызы. Жер қыртысындағы жэне өнеркәсіптегі кремний. Азоттың табиғаттағы айналымы. Акыл мен ой элементі (фосфор). Сванте Аррениус. Металдар - біздің күшіміз. Химия мен электрдің одағы. XX ғасырдың металы. Шойын мен болат.
X'- XI сыныптарда органикалық химияға байланысты, сондай-ақ Қазақстанның халық шаруашылығын химияландыруы жетістіктеріне арналған кештердің маңызы зор. Оларды республикалық материалдарға лайықтап өткізген тиімді, мысалы: Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуы. Қазақстанда фосфор тыңайткыштарын өндіру. Жамбыл суперфосфат заводы. Шымкент фосфор заводы. Металлургия өндірісінің қалдықтарынан күкірт қышқылын өндіру. Қостанай жібек заводы. Қарағандыдағы кокс - химия заводы және т.б.
Химиялық кештерді дайындауға үйірме мүшелері және басқа да тілек білдірген оқушылар қатысады. Мектеп жоспарында кештің тақырыбы және өткізілетін мерзімі анықталған соң, оның бағдарламасы жасалады. Онда жасалатын баяндамалардың, хабарламалардың тақырыптары, қызықты тәжірибелер, жұмбак әңгіме, жұмбақ тәжірибелер, викториналар, химиялық ойындар, қабырға газетін шығару, плакаттар әзірлеу белгіленеді, оларды оқушылардың ыңғайына және қалауына қарай бөліп береді, әр оқушының белсенділік көрсетуін қамтамасыз етеді. Кештің тақырыбына байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер, көркем шығармалардан үзінділер, тақпақтар жинауға және өздері шығаруга тапсырмалар беріледі.
Сынаптын тыс көпшілік жұмыстарының тағы бірі - химиялық олимпиадалар мектептік, аудандық, облыстық, республикалық, одақтық және халықаралық болып сатылап өткізіледі. Бұған өз бетінше көп ізденетін, химияның ғылыми және көпшілік кітаптарын ұзбей оқитын, ой өрісі кең, алган білімін жаңа жағдайда қолдана білетін оқушылар катысады. Олимпиаданың тапсырмаларына деректі, теориялық және тарихи материалдар, сан және эксперимент есептері кіреді. Олар оқушылардың химиялық ойлауын, тапқырлыгын және алғырлығын тексеру сипатында қойылады. Мысалы: 1. Сендер өзеннің жағасында тұрасыңдар, айналаңда қандай оксидтер бар, олар туралы білетіндеріңді толық баяндап, реакция теңдеулерін жазыңдар. 2. Бейорганикалық қосылыстардың төрт класының өкілдері бірдей кездесетін химиялық рекцияларға мысалдар келтіріп, тусінік беріңдер. 3. Үш элемент А,Б,В берілген. Б мен В элементтерінің қосылысы суда еріп, лакмусты көк түске боялады. А мен Б-ның қосылысы сумен әрекеттескенде жанғыш газ түзіледі. Үшеуінен түзілген қосылыс суда ерімейді, бірақ А мен В-ның қосылысы су әсер еткенде ериді. А,Б,В қай элементтер, олардың сипатталған қосылыстарының формулаларын, реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
Химиялық олимпиадаларға әзірлік мектепте басталады. Арнайы жарнамада олимпиада өтілетіні хабарланып, өткен жылгы олимпиаданың тапсырмалары ілінеді, оқылатын әдебиеттердің тізімі беріледі, мәселені талқылап, кеңестер ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезекте өтіледі. Сырттай өткізілетін теориялық олимпиадаға қалаған оқушылардың барлығы қатысады. Жеңіп шыққандар үшін тікелей қатысатын теориялық және сарамандык тур ұйымдастырылады. Айрықша білімін танытқандарға жүлде, аудандық олимпиадаға қатысу үшін жолдама беріледі.
Кейінгі кездерде химияның апталығы немесе онкүндігі жиі өткізіліп жүр. Оған әзірлік жұмыстары 1,5 - 2 ай бұрын басталады. Апталықта химия оқитын барлық сыныптардың оқушылары қатысады. әр сыныпқа жалпы жеке тапсырмалар беріледі. Апталықтың жоспарында және тапсырмаларында химия ғылымы мен өнеркәсібінің дамуын көрсететін тақталар, химиядан ғылыми-көпшілік кітаптар көрмесін ұйымдастыру, газет, бюллетень және химиялық журнал шығару, құралдар, дәріс, хабарлама, баяндамалар әзірлеу, тақпақтар және әңгімелер жазу, үйірме жұмыстарын күшейту, химиялық олимпиадаларға және топсеруенге дайындалу және т.б. көрсетіледі.
Апталықтың алғашқы күні оқушылар әзірлеген шығармашылық жұмыстар бәйгесінің қорытындысы шығарылады. Келесі күндері химиялық олимпиадалардың теориялық және сарамандық түрі химиялық және химияға байланысты объектілерге топсеруендер, үйірмелердің жиындары, сынып сағаттары, қатар сыныптар оқушыларның арасындағы "Сен химияны білесің бе?" деген білім сайыстары өткізіледі.
Мектеп радио торабынан қызықты дәрістер, химиялық мазмұнды әңгімелер, химия жаңалықтары беріледі, оқу фильмдері, дипозитивтер мен диафильмдер көрсетіледі. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, химик мамандарымен кездесулер өткізіледі. Апталық мектепте химия кешін өткізумен аяқталады.
Жұмыстың жеке салаларынан көзге түскен, жеңіп шыққан оқушыларға және сыныптарға сыйлықтар тапсырылады. Кештің қалған бөлімінде қызықты тәжірибелер көрсетіледі, жұмбақтар шешіледі, химиялық ойындар ойналады.
Сыныптан тыс топтық және жеке жұмыстар. Сыныптан тыс топтық жұмыстардың ең маңыздысы - химиялық үйірмелер. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады. Ол жүйелі түрде жүргізіледі, еркімен келген оқушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жұмысын біріктіретін жалпы тақырыбының болуы химия үйірмесінің ерекшеліктеріне жатады. Үйірме жұмыстары сыныптар бойынша ұйымдастырылады. 1970 жылы жеке сыныптарда химиядан жүргізілетін үйірме жұмыстарының шамамен алынған бағдарламасы ұсынылды. Онда зертханалық техниканың негіздері, препараттар әзірлеу, электрохимия, химиялық технология, геохимия, органикалық химия, аналитикалық химия үйірмелерінің тақырыптары, бағдарламасы берілген, әдебиеттердің тізімі көрсетілеген. Бұл құжат бағыт-бағдар беру үшін ғана жарияланады, үйірме жұмыстарының факультативтерден айырмасы олардың мазмұны бағдарлама арқылы қатаң шектелмейді, оқушылардың дара ерекшеліктерін, икемділіктерін ескеріп жүргізіледі.
Бір үйірмеге қатысатын оқушылар саны 10-12 - ден аспайды. Бірінші жылы (VIII сынып) оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен толығырақ танысады.
Заттарды тазарту, ерітінділер дайындау, химия зертханасына қажетті кейбір заттарды алумен шүлылданады, сарамандық біліктер мен дағдыларды игереді. Химияның тұрмыста қолданылуына байланысты тәжірибелер жасайды, киімдегі дақты, ыдысқа жұққан кір мен жабысқан қақты кетіру жолдарымен танысады.
Химияның тарихымен шұғыдцанатын үйірменің мүшелері химиялық элементтердің ашылу тарихымен, көрнекті ғалымдардың өмірі және еңбегімен танысады, музейлерге, көрмелерге, өндіріс орындарына топсеруенге барады.
Аналитикалық химия үйірмесінде судың, ауаның, минералдардың және ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрамына химиялық анализ жасалады.
Агрохимия үйірмесінде топырақтың құрамын, қасиеттерін, өсімдіктерге қажетті қоректік заттарды зерттейді. Минералды тыңайтқыштардың құрамы, қасиеттері, қолданылу тәсілдері және нормаларымен танысады. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын заттардың пайдасы мен зиянын анықтайды. Агрохимиялық анализдер және тәжірибелер жүргізеді.
Электрохимия үйірмесінде химияның осы маңызды саласының шығу тарихын, электролиз эрекетінде, гальваникалық элементтер және металдар коррозиясы кезінде жүзеге асатын әрекеттерді тәжірибе жүзінде зерттейді.
1. Ауызша шешілетін викториналар –оларға аса қиын емес , ойға тез түсетін сұрақтарды іріктеп алдым. Мысалы:
1) Аты үш әріптен тұратын қандай элементтерді білесіңдер ?(Йод,Мыс,Бор)
2) Қандай су дем шығарудан лайланады?.(Әкті су)
3. Кандай элементтер ғалымдардың құрметіне қойылған? Кюрий (Мария Складовская-Кюри), Эйнштейний (Альберт Энштейн) Менделеевий (Д.И. Менделеев), Фермий( Энрико Ферми), Гадолиний (Ю. Гадолин), Курчатовий( И. Курчатов.)
2.Жазба түрде берілетін викториналардың – сұрақтары мазмұны біршама ойланатындай күрделірек болуы, оқушыларға ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы жауап беруге тура келеді. Кейде жазба жауап химиялық кештерде карточка-билет арқылы бердім, ол күні бұрын жазылып қойған викторинадан жеңілдеу болады. Жазба түрінде күні бұрын берілген сұрақтардың мазмұны мынадай:
1). Д.И.Менделеев қашан және қандай мақсатта ауа шарымен аспанға көтеріледі?(Александр Абрамович 1887ж ауаның жоғарғы қабатын зерттеу үшін)
2). Д.И.Менделеев өз мұғалімдерінің ішінен кімді орыс химиясының атасы деп атады(Александр Абрамович Воскресенский)
3).Жасыл кағазды жасыл жалынмен, кызыл кағазды кызыл жалымен жағуға бола ма болса, ол үшін не істеу керек? Жасыл жалынмен жандыру үшін азот қышқыл стронций тұздарының ерітіндісін батырып, одан соң оны кептіру керек.
Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту