Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа
Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,
Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4
1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30
2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51
Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52
1.Аралас типті сабақтар
2.Дәріс сабақтары
3.Сарамандық (зертханалық) сабақтар
4.Бақылау, есепке алу сабақтары (семинар, сынақтар, бақылау жұмысы)
Аралас типті сабақтар - жиірек қолданылады. Кейде сабақ ертеректе өтілген материалдарды әңгіме түрінде қайталап, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын, кейбір түйінді мәселелерді қалай тұжырымдай алатынын білу мақсатында өтіледі. Сабақтың келесі бөлімінде мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа материалды түсіндіруде әр түрлі тәжірибелерді көрсетіп, көрнекіліктер мен қосымша түсіндірме материалдарды пайдаланды. Сондай-ақ сабақта зертханалық тәжірибелер, жаттығуларды орындау, есептер шығару, анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу, т. б. өзіндік жұмыстарды орындауы да мүмкін
Аралас типті сабақтың 2 - нұсқасының бірінші сағатында алғаш теориялық материал түсіндіріліп, екінші сағатында өтілген тақырып бойынша өзінше жұмыс орындалады, немесе алғаш оқу құралымен, қосымша әдебиеттермен оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындатып, сабақтың екінші бөлігінде мұғалім материалды қорытындылап жинақтайды.
Аралас типті сабақта кейде оқушылардың баяндамасы, хабарламасы тыңдалады, кинофильмдер көсетіліп, көрсетілімді тәжірибелер орындалады, шақырылған мамандар баяндама жасайды, дыбыс жазбаларын тыңдауы да мүмкін, т.б.
Оқыту үрдісі оқыту әдісі мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Химияны оқыту әдістері жалпы және жеке әдістер түріне бөлінеді. Жалпы әдістер мұғалімге оқушылардың белгілі бір танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағыт береді. Дидактикалық мақсатқа және оқу материалының мазмұнына сәйкес түсіндірмелі – көрнекі бейнелеу, жартылай ізденушілік немесе жалпы зерттеу әдістерін қолданады.
Жеке әдістер мұғалім мен оқушылардың бірліктегі оқытудың нақты мәселелеріне назар аударып, табысқа жетуді көздейді. Жеке әдістер көпшілік жағдайда білім көздеріне сәйкес сөздік, сөздік-көрнекілік және сөздік-көрнекілік-сарамандық әдістерге жіктеледі.
Оқыту үрдісінде жалпы және жеке әдістер дидактикалық мақсатқа сәйкес әр түрлі бірлікте қолданылады. Мәселен,дәріс, әңгіме немесе мұғалімнің түсіндіруі, әңгімелесу не көрнекі бейнелеу – түсіндіру, жекелей – ізденушілік, зерттеу әдістерін пайдаланады.
Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтарда қолданылатын оқыту әдістері де сан алуан, олар осы пәннің оқыту әдісіндегі арнайы ерекшеліктерге сәйкес іріктеп алынады. Факультативтік сабақтарда қолданылатын арнайы әдіс жоқ, онда да дәстүлі әдістер кең түрде қолданылады -әңгіме, әңгімелесу, тәжірибелер көрсетілімі, оқулықпен, оқу құралдарымен өзінше жұмыс, сарамандық сабақтар, кейде жоғары оқу орындарында кеңірек пайдаланылатын дәріс, семинар, практикум, сынақ тәсілдері де қолданылады.
Факультативтік сабақтардың кәдімгі сабақтарға ұқсас, ұқсас емес жақтары да бар. Оқыту әдістерін түрлендіріп, өзгертіп отыру көзделеді. Оқыту үрдісінің үш болігі бірлікте қарастырылады:
1.Білімді мұғалім үйретеді, оны оқушылар меңгереді (оқыту мен оқу).
2.Білімді жетілдіру және іскерлікті қолдана білу (оқушылардың өзіндік іс - әрекеттері).
3.Білімді және іскерлікті тексеру (бақылау).
Қолданылуына қарай оқытудың осы бөлігіне сәйкес әдістер үш топқа біріктіріледі.
1.Жаңа материалды меңгеруге сәйкес әдістер.
2.Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіру әдістері.
3.Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру әдістері. Химиядан өтілетін факультативтік сабақтар кезінде оқытудың үш тобына сәйкес үш әдіс түрленіп отырады.
I.Жаңа материалды, оқып – үйрену әдістерінің түрлері сөздік әдістер-дәріс, түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, мамандардың түсініктемелері, оқушылардың баяндамасы, танымжорық әңгімелер, бағдарланған мәтінмен жұмыс, үйрету машиналарына сүйенген диалог сөздік – көрнекілік әдістер тәжірибелер көрсетілімін, жинақтамаларды, макеттерді, модельдерді, кестелерді, экрандық көрнекіліктерді танымжорық түсіндірмелерімен айту.
Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістерге сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, зерттеу сипатындағы жұмыстар , т.б.
II.Білімді және іскерлікті, дағдыны жетілдіру әдістері –оның сөздік әдістері –дәптерге жазу, жаттығулар, сан есептерін шешу, анықтама және қосымша әдебиеттермен жұмыс, бағдарланған мәтін бойынша жұмыс, есептер құрастыру, рефераттар жазу, ғалымдар туралы хабарламалар әзірлеу, өндірістік технологиялық сипаттамалар, бағдарламаланған мәтін бойынша жұмыс.
Сөздік – көрнекілік әдістер-зертханалық тәжірибе, көрсетілімдік тәжірибелерді түсіндіру , танымжорық кезіндегі химиялық үрдістерді байқау оны түсіндіру , технологиялық сызбанұсқа бойынша жұмыс , үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс.
Сөздік-көрнекілік-сарамандық әдістер-зертханалық практикум, модельдеу, көрнекіліктер әзірлеу.
III. Білім мен іскерлікті есепке алу және бақылау әдістері-оның сөздік әдістері-фронтальды тексеру, әңгіме, ауызша, жекелеп сұрау, перфокарталарды пайдаланып, тақырып бойынша сұрау, жазбаша тексеру және бақылау жұмыстары, семинарлар, конференциялар, әдебиеттерге шолу, сынақтар, бақылаушы құралдар бойынша білімді тексеру. Сөздік- көрнекілік әдістер-сынақтәжірибелік есептерді шығару, білімді графикалық тексеру. Сөздік - көрнекілік - сарамандық әдістер-сынақтәжірибелік есептерді шығару, модельдеу, құрастырған аспаптарды көрсету, қорытынды жиындағы әр түрлі шығармашылық жұмыстарды хабарлау.
Факультативтік сабақтарда осы әдістердің ең тиімді деген түрлері пайдаланылады. Мысалы, Агрохимия негіздері-факультативін өткізудің әдістері: Жалпы білім беретін орта мектеп окушыларының ішінде химияға ынтасы ауған, химияны тереңірек түсініп білгісі келетін балалар мен қыздар аз емес. Ауыл шаруашылық өндірісімен, агрохимиялық зертханалармен,ғылыми зерттеу институттарымен немесе агрохимиялық бағыттағы оқу орындарымен байланысты мектептерде окушыларды Агрохимия негіздері жөніндегі факультативтік курсты оқыту болады.Бұл пән оқушыларды агрохимияның теориялық негізімен таныстырады және талдау жасауға қажетті сарамандық дағдыларға үйретеді. Агрохимия жөніңдегі теориялык та, сарамандық та сабақтар окушылардың химия, физика және биологияны оқыған кезде алған біліміне дағдыларына сүйеніп өтіледі және осы пәндер жөніңдегі білімін терендете түсуі тиіс.
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Факультативтік сабақтарда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады:дәріс беру, әңгімелесу, семинарлар, қорытындылар пайдаланылып, әр түрлі жаттығулар жүргізіледі, көрсетілімді және зертханалық тәжірибелер қойылады. Сабақтарды өткізу үрдісінде қолданылатын түрлі әдістер материалдың мазмұнына, сабақтардың мақсатына және олардың ұйымдастырылуына қарай түрліше ұштастырылып отырады.
Теориялық мәселелер көбінесе дәрістерде баяндалады. Жоғары оқу орындарындағы дәрістерден мектептегі дәрістің айырмашылығы мынада :мектептегі дәрістер жеке мәселелер баяндалғаннан кейін, материалды қаншалықты түсінгендіктерін анықтау және жаңа мәселелерді шеше білуді оқушылардың білімін байқау мақсаттарында әңгімеге көбірек қатыстырады. Кейбір дәрістердің құрылысы мен мазмұнын түсінікті етіп құру жоспары құрылады. Мысалы, спирттер туралы дәрісте: спирттердің алыну тәсілдері мен кейбір химиялық қасиеттері, қанықпаған және ароматты спирттер жайлы түсінік. Зертхана тәжірибелері (спирттердің тотығуы) дәріспен бірге жүргізіледі. Сабақтарда және үйде орындауға арналған жаттығулар (изомерлердің алынуы мен қасиеттері бойынша) ұсынылады.
Факультативтік сабақтарда семинарлар үлкен рөл атқарады. Олар оқушылардың әдебиетті өз бетінше оқып - зерттеуіне қозғау салып, білімдерін қорытындылап және пысықтауға көмегін тигізеді. Курстың ең қиын деген мәселелері семинарда талқыланып отырады. Келешекте болатын семинар мен онда талқыланатын мәселелерге дұрыс әзірленуі үшін алдын ала хабарланды.
Сабақтарда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына: әдебиеттерді (кітаптар мен журналдарды) оқуына, реферат жазуына жеке мәселелер бойынша баяндамалар жасауына көп көңіл бөлінеді
Дегенмен факультативтік сабақтарда оқушылар жасайтын хабарлардың тақырыптарын кеңейту қолайлы екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушылар жұмысқа теориялық жағынан әзір болып, жеке тақырыптарды оқыту, соңынан сарамандық сабақтар өткізіп отыруы керек. Оқушылар даярлануға мүмкіндік алу үшін алдағы сабақ тақырыбы күн бұрын хабарланады. Сарамандық жұмыстарды орындау үшін әрбір оқушыға сынақ тәжірибелік сипаттамасы, аспаптың суреті және т.б. жазылған нұсқау беріледі. Жұмысты әрбір оқушы жеке немесе, ең болмағанда, екі-екіден бірігіп жасайды. Оқушылар сабақ кезінде анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады. Олар орындаған синтез жайлы баяндайтын есебін мына сызба - нұсқа бойынша құрастырады: реакциялардың теңдеулері және олардың жүру жағдайлары: бастапқы заттар жайлы мәліметтер (формула, молекулалық масса, балқу, қайнау температуралары, тығыздығы, т.б); бастапқы заттардың граммен алынған мөлшері, әдебиеттегі берілгендері бойынша синтезделетін зат жайлы деректер (формулаласы, молекула массасы, т.б. мәліметтері көрсетіледі), синтездің негізгі кезеңдері теория бойынша шығымы, синтезделетін затқа кейбір сапалық реакциялар, нұсқау көлеміндегі бақылаулар, оларды түсіндіру кіреді.
Оқушылардың білімі бақылау жұмыстары, сабақ үстінде сұрақ, жеке әңгімелесу және т.б. әдістер бойынша тексеріледі. Тексеру нәтижесі факультативтік сабақтар үшін таңдап алынған материалдардың оқушылар түсінігіне лайық екенін байқау тұрғысында жүргізіледі.
Оқу жылы бойында бақылау жұмысы шамамен үш рет өткізіледі. Оқушылардың факультативтік сабақтарда алған білімдерінің сапасы жайлы олардың емтихандағы жауаптарына қарап та пікір айтуға болады. Факультативтік сабақтарға қатысқан оқушылардың жауаптары басқалардың жауаптарына қарағанда аса толықтығымен көзге түседі.
1)Арнайы курс - Металдар химиясы факультативін өткізудің әдістері:
Бұл курстың мақсаты - оқушыларды металдардың жалпы қасиеттерімен және элементтердің периодтық жүйедегі жеке топшаларындағы металдардың ерекше қасиеттерімен орта мектеп курсына қарағанда жүйелірек және тереңірек таңыстыру. Бұл курс 9-сыныпта мына тақырыптарды өткеннен кейін оқылады: Периодтық заң және элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, Заттардың кұрылысы, Электролиттік диссоциация теориясы. Бұл металдар химиясын теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде оқып-үйренуге және оқушылардың жана материалдарды талдау кезінде бұрынғы алған түсініктерін толықтыра түсуге мүмкіндік береді.
2)Агрохимия негіздері - факультативін өткізудің әдістері: Жалпы білім беретін орта мектеп окушыларының ішінде химияға ынтасы ауған, химияны тереңірек түсініп білгісі келетін балалар мен қыздар аз емес. Ауыл шаруашылық өндірісімен, агрохимиялық зертханалармен,ғылыми зерттеу институттарымен немесе агрохимиялық бағыттағы оқу орындарымен байланысты мектептерде окушыларды Агрохимия негіздері жөніндегі факультативтік курсты оқытуға болады
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ. ХИМИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТЕУ
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну
Факультативтік курсты негізгі оқу пәнімен қатар өту оның мазмұнын іріктеп алуға өзіндік ерекшелік енгізеді. Материалды іріктеп алудың жалпы ұстанымдарымен қатар (ғылымның даму логикасын, оның жетістіктерін, маңызымен түсіндіруге лайықтылығын есепке алу) мына төмендегідей теориялық, практикалық мәніне баса назар аударылады.
1.Факультатив курс үшін іріктеп алынатын материал химияның мектептік курсында қарастырылатын ұғымдарды терең оқып-үйренуді қамтамасыз етуі тиіс.
2.Факультативтік курс көптеген бөлек-бөлек, әрі ұсақ мәселелерден тұрмауы тиіс, ол бейорганикалық және органикалық химияның белгілі бір теориялық терең негіздері мен оның басты – басты іс - жүзінде қолданылуын ашып көрсететіндей біртұтас курс болуы тиіс.
3.Факультативтік курстың сабақтарында беруге болатын білім көлемі қайсыбір дәрежеде, оның өзі ойлау жағынан байланысты болатын бейорганикалық және органикалық химияның мектептік бағдарламасымен және оны оқып –үйренуге берілген уақыт мөлшерімен қарайлас болады. Химияны тереңдетіп оқытуға байланысты факультатив сабақтарының мақсаты мен міндеттері өтілетін тақырыптардың мазмұны мен құрылысына байланысты әр түрлі сипатта болады. Мысалы, Факультативтік «Химиялық технология негіздері » пәні химияны өнеркәсіптік өндірістерде колданумен тереңірек танысқысы келген оқушыларға арналған. Факультативтік пәнді өту кезінде мынадай жағдайларға ерекше көніл бөлінеді. Зерттеліп отырған өндірістің технологиясына қажет химиялық мәліметтер жөнінде оқушылардың корытынды жасауы, технологиялық үрдістердің жеке сатыларын немесе тұтас үрдіс жүргізу үшін зертханалық қондырғылардың құрылғысын жасау, осы қондырғыларда окушылардың шағын зерттеу жұмыстарын орындауы; технологиялық үрдістің кейбір көрсеткіштерін жан-жағынан бағалауда оқушылардың шағын зерттеу жұмыстарын орындауы; химиялық - технологиялык есеп шығару; алған біліміне сүйене отырып, өндірісте қолданылатын құрылғыларды оқушылардың бағалай білуіне назар аударылған. Енді кейбір факультатив курстарының мазмұны мен оқу-танымдық міндеттеріне қарай химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасы құрастырылды.
Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту