Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

2-кесте

Факультативтік сабақтардың бағдарламасы

Факультативтік сабақтардың тақырыптары

Факультативтік сабақтардың  мазмұны

Сағат саны

1

Бейорганикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері

  Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі, заттардың құрылысы. Ерітінділер. Электролиттік диссоциация теориясының негіздері.Металдар. Оттек және күкірт. Азот және фосфор.

18сағат

2

Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері

Органикалық молекулалардың кеңестік құрылысы жөніндегі идеялар. Органикалық қосылыстар қатары және заттардың негізгі кластары жөніндегі мәліметтер. Органикалық заттарға синтез жасау және материалдарды зерттеу.

18 сағат

3

Химиялық технология негіздері

Зертханалық қондырғылардың  құрылғысын жасау. Химиялық-технологиялық есептер шығару. Жергілікті химиялық өндірістің базасымен таныстыру.

18сағат

4

Полимерлер химиясы

Полимерлік химияның теориялық мәселелерімен тереңірек танысу. Жоғары молекулалық қосылыстар   және полимерлік материалдардың көптеген түрлерімен танысу

18сағат

5

Барлығы

72 сағат

 

«Полимерлер химиясы» факультативтік сабағынын бағдарламасының үлгісін ұсынамын.

 

1.Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының қалыптасуы және олардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы түсінік-2сағат.

2.Полимерлі қосылыстардың төменгі молекулалардан негізгі айырмашылығы. Полимердің физикалық қасиеті. Кристалды аморфты полимерлер-2сағат.

3. Бейорганикалық полимер туралы түсінік-2сағат. Теориялық сұрақтар. Полимерді оқу: алмаз, графит, кварц, күкірт оксиді (жіптердің созылуы).

4. Метилметакрилат пен стиролдың полимеризациясы-2 сағат. Теориялық сұрақтар: а) (радикалды полимеризация, сополимеризация механизімімен танысу

ә) полимеризациялық полимерлерді алу жолдары (массалық полимеризациялық полимерлену, полимерлену реакциясының еріткіш қатысында жүруі).

Сарамандық жұмыстар:а) мономерді тазалау, деполимеризация реакциясы;

ә) массалық полимеризация, эмульсиялық полимеризация (инициятордың реакция жылдамдығына әсерін зеттеу);

5.Полимердің молекулалық мессасын анықтау- 2 сағат.

Теориялық сұрақтар: Вискозиметриямен танысу.

Сарамандық жұмыстар: Зертханада және өндірісте алатын полиметилактрилаттың, полистиролдық және табиғи каучуктың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау.

6. Фенолформальдигид смоласын алу және олармен тәжірибелер жасау-2 сағат.

Теориялық сұрақтар: Поликондисация реакциясының механизмі.

Сарамандық жұмыстар:

А)Қышқылдық ортада смоланы алу ( реакция жылдамдығына әсері), Новолок смоласының резольды смолаға айналу жағдайын анықтау;

ә) Сілтілік ортада смола алу (сілтілік ортада смола алу үшін зерттеу жұмысын жүргізу)

б) Резорцино формальдегид смоласын алу (реакция жылдамдығына әр түрлі  сілтілік және қышқылдық катализатор концентрациясының әсерін зеттеу, сонымен бірге температуралық режимнің реакция жылдамдығына әсері)

в) Фенолформальдигид және резорцинформальдегид смоласына бұйымдар даярлау.

7.Пластмассалық бұйымдарды дәнекерлеу және желімдеу – 1 сағат. Теориялық сұрақтар: макромолекулалардың құрылымына және молекулалық массаларына мелім және дәнекерлеу үрдісінің әсері.

Сарамандық жұмыс:

а) Органикалық әйнекті желімдеу (цилиндр мен тығынды  дәнекерлеу):

б)Капронды, целлулойдты, поистиролды (әр түрлі ерітінділерді)пайдалану:

в)Термореактивті пластмассалық бұйымдарды, пластмассаны металмен , пластмассаны ағашпен желімдеу (желімдегенде оптимальды жағдайды анықтау):

г)Термопласты дәнекерлеу (жполиэтилен , поливинилхлорид , полистирол , капрон ,т.б.)

8.Талшықтарды жіктеу туралы түсінік –1 сағат

Теориялық сұрақтар:Органикалық химия курсында берілмеген (хлорин , нитрон , анид , энанд және т.б.) кейбір талшықтармен танысу.

Сарамандық жұмыстар:талшықтардың қасиеттерін оқу (талшыққа температураның , қышқыл мен сілтінің әр түрлі концентрация ерітінділерінің , судың әсерін зерттеу)Талшықты анықтау кестесін толтыру , капрон талшығын алу.

9.Каучук қосылыстарының салыстырмалы қасиеті –2 сағат.

Теориялық сұрақтар:Органикалық химия курсында оқылмайтын кейбір каучуктар мен танысу (силиконды , хлорпренді және т.б.)

Сарамандық жұмыстар:Каучук қосылыстарын оқыту (каучукқа температураның , қышқыл мен сілтілердің әр түрлі концентрациялы , ерітінділердің , озонның әсерін анықтау)

10.Жоғары молекулалы қосылыстардың химиядағы жетістіктері-2 сағат

Оқушылар үйірмесінің осы бағдарламасы эксперименттік техника жасауға толық мүмкіндік береді (заттарды тазалау , реакция өнімдерін анализдеу , вискозиметрге дәнекерлеу , пластмассалық бұйымдарды желімдеу және т.б.).

 

 

2.2 Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы

 

Педагогикада окушыларға тәрбие берудегі ойынның рөлі мен маңызын аса жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын дегеніміз өмір, еңбек және өзара бір-бірімен араласу құралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек. Окушылардың бос уақытын мазмұндырақ етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор.Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға  тікелей байланысты. Басқарушы танымдық ойынға өзімен жақын араласы жоқ окушыларды тартып, оларды ойынға дұрыс қатысуын, ойын ережесін мүлтіксіз сакталуын аныктайтындай жағдай жасай білуі тиіс. Танымдық ойындарды оқушыларға қызықтырытындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана танымдық ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып-білу құралы бола алады. Химиялық танымдық ойындар сабақтан және кластан тыс көпшілік окушылар катысатын жұмыстардың бір түрі. Ойын деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандарға ермек сиякты  елестейді,  Ал шын мәнінде дүние танымдық, білімдік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді. Салқын карап, белсене кіріспеген ойын әрқашан жақсы болмайды. Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мәні бар химиялық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналылықпен жеткізудің бір түрі, бірақ әлі толық зерттеліп шешілген, педагогикалық әдебиеттерде әлі де болса өзіне тән орын таппай келе жаткан мәселелердің бірі. Жалпы пәндік ойындар - әлі де зерттей озық- педагогтар: ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыруда баланың өз еркімен ойнауының қандай рөл атқаратыны туралы мәселе педагогикалық әдебиетте жеткілікті түрде көрсетілген, ал шындығында бұл – манызды мәселе деп көрсетті. Химиялық танымдық ойындар ойнау үшін ерекше жағдай керек емес, оларды химия кабинетінде, клуб фойесінде, таза ауада, спорт залында тағы осындай жерлерде өткізуге болады. Химиялық ойындар екі-екіден оданда көбірек ұжымды болып жүргізілсе, соғұрлым кызыкты болып, жаппай сипат алады. Ол ойынның түріне қарай топталады.Ұжымда ойнаушылар кейбір ойында уақытша біріне-бірі карсы екі топқа бөлінеді, бұл топтар бірін-бірі женуді мақсат етеді, ол-ойынның қызықтылығын арттыра түседі. Химиялық танымдық ойындардың бірнеше түрі бар, оларға:тізбексөз, өрмесөз, шарадалар, анаграмма, химиялық лото, химиялық билер, суретсөз, ойлап тап жұмбақ ойындары, т.б. Бұл ойындарды оқушылар ойнай білу үшін, оларды құрастырудың және шешудің әдістерін білу керек, оны жақсы менгермейінше шеше де алмайды. Сондықтан мұғалім алғаш оқушыларға осы ойындарды құрастырудың және шешудің әдістерін үйретеді. Ол тек сыныптан тыс уақыттарда ғана жүзеге асады.

 

 

Бұл ойындарды мен, Ш.Уалиханов атындағы 1 орта мектепте педагогикалық практикада жүрген аралықта  химия апталығында   пайдаланылған  ойындардың  жасалу жолдары беріліп отыр:

 

Сөзжұмбақ калай жасалады?. Сөзжұмбақтарды жеке  пәндерден, әсіресе химия, физика, математика, биологиялық пәндерден жеке-жеке құрастыру біршама қиын, ол көп ойлауды керек етеді. Ал бірнеше пәндерді араластырып немесе кез келген сөздерді пайдалана отырып кұрастыру оңайлау.

Химиялық сөзжұмбақтардың жеке бір түрін құрастыру үшін олардың негізгі ерекшеліктерін есте сақтаған жөн. Мәселе, біреулер химиялық сөзжұмбақтардың қайсы бір түрін құрастырады да сөздер тобын жинақтап, кейін суретін салады, кейбіреулер алдымен суретінсалып соған карай лайықты сөздер табады. Әрине, бұл әркімнің өз ісі. Сондықтан сөзжұмбақтардың барлығына ортақ  мына ережелерді білу керек.

Біріншіден - жасалатын сөзжұмбақтардың қай түрі болса да оныің суреті симметриялы; яғни екі немесе төрт қабырғасы біркелкі болуы қажет.Ол сөзжұмбаққа сұлулық сән береді.

Екіншіден - сөзжұмбаққа енетін сөздер мағыналы болып, оларға  берілген балама неғұрлым қысқа, түсінікті болғаны жөн.

Үшіншіден - сол сөзжұмбаққа енетін бір сөздің екінші рет қайталанбағаны дұрыс.

Төртіншіден - сөзжұмбақты құрастырғанда оқушылардың көпшілігіне белгісіз оқымыстылардың аттарын немесе мағынасыз сөздері қалай болса солай ала беруге болмайды.

Бесіншіден-сөзжұмбақтарды тез қолма-қол жасамай, мүмкіндігінше асықпай ойлап, қызықты етіп құрастыруға талпынған пайдалы.

Енді танымдық ойындар мен сөзжұмбақтардың бірнеше түрімен танысуға болады.

ШАРАДА Бұл бірнеше бөлікке бөліп берген жасырын сөзді табу. Құпия сөздің әрбір бөлігі өз алдына жұмбақ болып беріледі: мысалы, жұмбақ сөздің бірінші бөлігі көп емес деген екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада. Бірақ өзі химиялық элемент. Ойландаршы сонда ол не?  Жауабы-азот. (аз-от) немесе тағы бір құпия сөздің бірінші бөлігі сан есім, бұл сөзі шипалы газ деп  те есептеледі. Ойлаңдаршы сонда ол не? Жауабы- озон .

Алғашқы буыны тасқын су, екінші буыны мал құлағына салынатын белгі. Бірақ өзі химиялық элемент. Ойлаңдаршы қандай элемент? Жауабы. Селен (сел-ен).

Бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші бөлігі« шараппен улану» деген мағынада, ал өзі улы тұз. Ойлаңдаршы кандай тұз ? Жауабы. Алмас ( ал-мас). Екі валентті сынап хлориді.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент. Ойландаршы, сонда қай элемент? Жауабы Неон (Не-он).

ЛОГОГРИФТЕР.Берілген жұмбақ сөздің құрамына әріп қосқанда немесе әріп алып тастағанда өзінің мағынасын өзгертетін құпия сөздің бір түрі.

Мысалы:

Егер Ф-тен бастасаң,

Элемент берем мен саған.

Ал, Ф-ты алып тастасан,

Зат сала бер сен маған. Жауабы. ( Фтор-тор).

Сүттен шыққан керек тағам,

Ол аталған« М» -ны« Ш»- ға

алмастырсаң 

Ішетұғын сұйық болам. Жауабы. (Май-Шай).

 

Тағы да бір химиялық элемент егер ан қосымшасын жалғасаң, қыстың қағарлы күндерін есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы, сонда ол не? Жауабы. (Бор-боран).

АНАГРАММА. Бұл бір сөздің әріптерінің орындарын алмастыру арқылы одан кейін екінші бір жаңа сөз тудыру, жаңа сөзжасау. Бұл грек сөзі «ана» кері, қайтадан, «грамма»-әріп деген сөздерден шыққан. Алынған кұпия сөздің жазылуы бойынша немесе керісінше оқыса да белгілі бір мағынасы болу керек, немесе белгілі бір әріптерін ауыстырып оқыса да мағыналы сөз шығуы тиіс. Мысалы, жазылуы бойынша оқысаң, элемент, ал керісінше оқысаң, өткізгіш. Ойлаңдаршы, сонда бұл не? Жауабы. ( Мыс-сым).

ВОРДИНГВОРДС – бұл да ағылшын сөздерінен алынған: вординг-қалыптастыру, қайта құрастыру, вордс- сөздер, сонда сөздерден жаңа сөз құрастыру деген мағына береді. Мысалы, егер өнеркәсіптен іздесең минерал, алғашқы екі әрпін ауыстырып оқысаң-улы газ. Ойлаңдаршы, сонда бұл не? Жауабы.(Пирит-иприт).              

Вордингвордс сурет түрінде де болады, онда берілген химиялық сөздерді баламасына сәйкес тауып, белгілі цифрлардың орнына қойғаннан кейін шешілетін сөзжұмбақтың бір түрі. Мысалы, мына вордингвордстағы текшелерге химиялық бес сөзді дұрыс тауып жазғанда, бірінші сөздің ортаңғы әрпімен жетінші сөздің ортаңғы әрпінің аралығынан жеті әріптен тұратын синтетикалық каучукты алғаш алған әйгілі химиктің фамилиясын оқисың. Кейде сурет түріндегі вордингвордста жалғыз әріп (дыбыс) ортақ болатын түрлеріде бар. Тор көздегі сөздердің баламасын тауып көрейік: 1.Бром элементін кездейсоқ ашқан француз ғалымы.2. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын тағайындаған әйгілі химик. 3. Бромды ашуға жақын келіп, аша алмай қапыда қалған неміс химигі.4. Құрамында магнийі бар минерал.5. Екінші топтағы металл6. Россияның құрметіне қойылған элемент.7. Россияның академик-химигі. Жауабы. 1. Балар.2. Бекетов.3. Либих .4. Кизерит.5.Радий.

6. Рутений.7.Ловиц.

Сонда ортаңғы тордан синтетикалық каучукты алғаш ашушы химик С.Г. Лебедевті оқуға болады.

 

 

1

 

Л

 

 

 

2

 

 

Е

 

 

 

 

3

 

Б

 

 

 

4

 

 

Е

 

 

 

 

5

 

Д

 

 

 

6

 

 

Е

 

 

 

 

7

 

В

 

 

 

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту