Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

2) Химия өсімдіктер әлемінде - үйірмесінде биологиялық білімдерін химиямен байланыстырып, дүниетанымын кеңейте түседі. Өсімдік құрамына кіретін химиялық элементтер жөніндегі оқушылардың білімін дамыту. Өсімдік тіршілігімен танысу кезінде химиялық өзгерістердің мәні түсінікті болып, айқындала түседі. Оқушылар өсімдіктану курсының негізінде бұрыннан белгілі материалдармен химиялық тәжірибелер орындайды. Табиғат қорғау мәселелері де қарастырылады. Өсімдік тіршілігінде кейбір химиялық тәжірибелердің рөлін ашып көрсетеді.

3)Конструкторлық химия – үйірмесінде техникалық шығармашылыққа қызығатын оқушылардың констукторлық қабілетін дамытып, химиялық материалдардың негізінде, қоғамдық пайдалы еңбекке үйрету. Оқушылар химия зауыттарының жұмыс істейтін техникалық үлгілерін, сол сиақты түрлі аппараттар, кестелер плакаттар, макеттер жасауларына болады. Үлгілерді, аппараттарды жасау барысында олардың конструкциясымен,қолданылуымен жете танысу оқушылардың сабақ үстінде алған білімін баянды етіп, тереңдете түседі, материалдарды өңдеуге және түрлі құралдармен жұмыс істеуге, т.б. дағдыландырады. Үлгілер даярлауда әр түрлі материалдар:металл, ағаш, шыны, резина, пластмасса, папемаш, т.б. заттар пайдаланылады.

4) Агрохимиялық үйірме - көбіне, жоғары сынып оқушылары, кейбір жағдайларда барлық сыныптың жеке оқушылары да қатысады. Өйткені жоғары сынып оқушылары мектеп бітіргенде олардың орынын келесі сынып оқушылары толықтырып отырады.

Агрохимиялық үйірмені әр түрлі әдіспен ұйымдастырады. Үйірме тақырыптары лекция, баяндама, реферат, хабарлама түрінде сарамандық жұмыстар оқу - тәжірибе үлескісінде немесе сыныптағы тәжірибе түрінде өтеді. Онда оқу - тәжірибе үлескісінде агрохимиялық тәжірибелерді  тексереді, ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға қажетті мәселелермен айналысады, өсімдікті күту, тыңайтқыштар беру, суару ,арамшөптен тазарту, т.б.жұмыстарын жүргізеді. Әр түрлі кестелер әзірлеп , жинақтамалар даярлайды, топырақтың картограммасын жасайды, қорытынды кешке әзірленеді. Үйірменің жоспарын жағдайға қарай өзгертіп, қосымшалармен толықтырып отырады.

5) Зертханашы химиктер үйірмесі - химия кабинетінде жұмыс істеудің ережелерінен бастап, зертханалық, сарамандық сабақтарды жабдықтау, спирт шаммен , газ жанарғысымен жұмыс істеу, шыныларды ию, кесу, прибор даярлау, таразыда өлшеу, ерітінділер даярлау, химия кабинетін жабдықтау, техникалық құралдарды пайдалануға дейін жұмыстардың бәрімен танысады. Үйірменің бағдарламасын төрт жылға есептеп әр класқа ыңғайлап жасауға болады. Химиялық үйірмелердің түрлері бұл айтылғандармен бітпейді. Мысалы, Шыныдан түтік июшілер үйірмесі, Өлке танушы химиктер үйірмесі, Фотографиялық химия үйірмесі, Геохимиялық және минералогиялық үйірме

6)Табиғат қорғау үйірмесінде-табиғат қорғау мәселесі қазіргі кезеңдегі көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Оқушыларды жас кезінен табиғатты сүйе білуге үйрету керек. Туған елінің табиғатын, оның байлықтарын қорғап, аялап білуге үйрету мектептегі осы үйімелерде жүзеге асады. Айналадағы ортаны ластаудан сақтаудың бірнеше әдістері бар, соның бәрін табиғат қорғау үйірмесінде үйренеді. Үйірме жұмыстары негізінен үш бөімнен тұрады: 1)су байлықтарын ластайтын әр түрлі жағдайларды ашу, табиғатты қорғаудың химиялық – бақылау әдістері. 2)жер қойнауы мен топырақтың  құнарлы қабаттарын ластап, бұзатын жағдайларды зерттеп, химиялық бақылау жүргізу. 3)ауаны ластайтын, бұзатын жағдайлар, оны химиялық жолмен қорғау әдістері.

Үйірме сабақтарында оқушылар табиғат қорғау жұмыстарын мемлекеттік және бүкіл жержүзілік мәселе тұрғысынан қарастырады. Оқушылар осылай табиғат аясында,туристік жорықтарда, топсеруендерде жүргізеді. Табиғатқа жасалған саяхаттар кезінде оқушылар өздері жасаған зертханалық жабдықтарды пайдаланады. Табиғат қорғау сабақтарында, үйірмелерде оқушылар үкімет пен Президенттің табиғатты қорғауға байланысты қаулы - қарарларымен танысады.

Судың, ауаның құрамдас бөліктерін анықтайтын кейбір тәжірибелерді орындайды. Үйірменің жоспарына қазіргі кезеңдегі аса қажетті материалдарды іріктеп ала білудің мәні өте зор.

Егер мектепте химия үйірмесіне қатысатын оқушылардың саны көп болса, жалпы тақырыппен Химия үйірмесі деп аталатын, ол бірнеше бірлестіктерге бөлінеді. Әрбір бірлестікке қатынасатын оқушылардың саны да шағын болады. Бірлестіктер химия қоғамына бағынады. Ондай жағдайда жоғары сынып оқушылары кейінгі сыныпта оқитын оқушыларға көп көмек көрсетеді.

 

 

1.5 Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды өткізу жолдары

 

Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі – химия кештері. Кештер өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін тереңдетіп, дамыта түсу  және сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру, химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру және көңілді дем алуына  көмектесу.

Химиялық кештердің тақырыбын таңдап алуда оқу тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді.

Химиялық кешті  дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, кештің тақырыбы белгіленеді, баяндама жасауға дұрыс ырғағы жақсы, материалдарды жетік меңгерген, ойын дәлелдей алатын оқушылар таңдап алынады. Мұғалім оқушылардың дайындығын тексеріп, баяндамаға қажетті материалдарды реттеп, жоспар жасауға көмектеседі.

Кейде бір кеште 2-3 баяндама болған жағдайда оған бөлінетін уақыт та реттелуі керек, бір баяндама 15-20 минуттан артық уақыт алмағаны дұрыс.

Кешті жақсы өткізу үшін кейбір педагогикалық талаптарды ескерген жөн.

Біріншіден, кештің тақырыбы, оның мазмұны оқушылардың бәріне бірдей қатысты, әрі түсінікті болуы керек.

Екіншіден, кешті өткізудің бағдарламасы да оқушылардың білім алу жарысын дұрыс ұйымдастырып, оларды қызықтыратындай болғаны жөн.

Үшіншіден, кештің мазмұнына сәйкес тәрбиелік міндет дұрыс шешілу керек.

Кеш жоспары бірнеше бөлімнен құралады:

1.Тақырып бойынша баяндама.

2.Қызықты тәжірибелер көрсетілімі.

3.Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтар шешу.

4.Қызықты химиялық ойындар, т.б.

Химия кеші 2-2,5 сағаттан аспауы тиіс. Кешке дайындалуда химиядан көпшілікке арналған ғылыми кітаптардың көрмесін ұйымдастырып, техникалық журналдарды да пайдалануға болады. Өткізілетін химиялық кештің тақырыбына қарай әр түрлі талап қойылады. Мектептерде өткізілетін химиялық кештер тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1.Мектеп бағдарламасының жеке тақырыптары бойынша өткізілетін кештер.

2.Политехникалық мазмұндағы кештер.

3.Химия ғылымының даму кезеңіне байланысты өтетін кештер.

4.Химиктердің туған күніне не ғылыми еңбегіне байланысты кештер.

5.Қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіліміне арналған кештер.

 

 

Химиялық кештер өткізудің жеке түрлерінің өзідік ерекшеліктері бар, ол мазмұндарынан – ақ көрінеді

 

1.Тақырыптық кештерді көпшілік жағдайда оқу бағдарламасындағы  белгілі тақырыптарды оқушыларға жете таныстыру мақсатында өтеді. Оқу бағдарламасындағы көпшілік тақырыптар бойынша әр түрлі мақсатты жүзеге асыратын кештер өткізуге болады.

2.Политехникалық мақсаттағы кештердің де тақырыбы әр түрлі болу мүмкін, онда оқушылардың ауылшаруашылық негіздеріне байланысты сарамандық жұмысының барысы, өндіріс орынына жасаған танымжорық қорытындысына, зауыттағы сарамандық жұмысқа сай не политехникалық мақсатта ұйымдасқан үйірме жұмысының жетістіктеріне арнап өткізіледі.

3.Оқушыларға химия ғылымы мен өнеркәсібінің даму кезеңдерін таныстырудың тәрбиелік мәні өте зор. Химия тарихымен таныстыру оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, химиялық әдебиеттерге көбірек ынталандырады. Химия тарихына көңіл аудару кештерінде қазіргі даму кезеңдері де айтылуы тиіс. Мысалы, «Тас көмірдің тарихынан», «Көміртегі-өміртегі», «Оттегінен озған бар ма » т.б.тақырыптарға кештер өткізуге болады.

4.Химия ғылымындағы қазіргі жетістіктерімізбен қатар, осындай тамаша ғылымды жасауда бар өмірін сарп еткен ғылым жолында талай қиындықтарды басынан кешірген атақты химиктердің өмірі мен ғылыми еңбектерін таныстырып отырудың оқу-тәрбиелік мәні ерекше. Әйгілі химиктердің өмір жолы мен ғылыми еңбектерін оқушыларға таныстыру оларды елін, халқын сүюге тәрбиелейді. Кештер әйгілі химиктердің өміріне не ғылыми еңбектеріне арнап өткізіледі. Көпшілік химиктердің өмірбаяны – жастарды жан - жақты тәрбиелеуде үлгі - өнеге. Мұндай тақырыптағы кештерде ғалымның өміріне байланысты диапозитивтерді, кинофильмдерді пайдалануға болады.

5.Мектеп оқушыларына ғылыми - материалистік тәрбие беру жан - жақты тәрбие берудің бір түрі ретінде оқу барысының бір бөлігі болып саналады. Материалистік тақырыпта өткізілетін химиялық кештердің тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Ондай химиялық кештердің басқа да тақырыптар бойынша өткізілетін кештер сияқты өзіндік  жоспары болады. Онда да баяндама мазмұнына сәйкес әр түрлі қызықты тәжірибелерді пайдаланады.

6.Оқу материалдарын жүйелі меңгерту мен оқушылардың химияға қызығушылығын арттыруда көптеген педагогтар химиялық кештерде әр түрлі тәжірибелер көрсетіліміне баса назар аударады.

Қызықты химиялық тәжірибелердің көрсетіліміне арналған кештердің басқа кештерден негізгі айырмашылығы - мұнда тақырыптық баяндама жасалуы да,  жасалмауы да мүмкін.  Егер кеш баяндамасыз өткізілсе, кешті жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін қызықты тәжірибелер көрсетілімін дереу өткізуге тырысады. Онда әрбір тәжірибеге бір оқушыдан не екі тәжірибеге бір оқушыдан бөлінеді, әр оқушыдан өзі істейтін тәжірибені бірнеше рет қайталап жасап дағдыланады. Тәжірибе әр түрлі қызықты әңгімелермен байланыстыра жүргізіледі, т.б.

Химия кеші сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бір түрі ретінде  кең пайдаланылып жүр.  Бірақ көпшілік мектептерде өткізілетін кештер көбіне бір сарынды болып, ғылыми жағынан оқушыларды онша қызықтырмайды. Сондықтан бұл жағына мұкият болған жөн.

Химиялылық кештер аркылы оқушылардың білімін тексеріп, белгілі дәрежеде бағыт беріп отыруға болады. Химия кештері оқушылардың алған біліміне сәйкес, олардың өз шығармашылығына негіздей жүргізілсе, кызықтылығы арта түседі. Онда оқушылар өздерінің білімін көрсетіп қана қоймай, сол білімді басқа түрде жолдастарына баяндап бере алатындай болу жағы ескеріледі,  керек болса, алған білімін әр түрлі жұмбақ, жанылтпаш немесе химиялық монтаж, жарыс кештері (КВН) түрінде де көрсетулеріне көп көніл бөлінеді.

Ғылыми мәселелерді көпшілікке түсінікті тілмен айтканда, ол тыңдаушысын қызықтыра түседі. Осы мақсаттарды ескере отырып, 1991 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебінде: «Металдар» тақырыбына арнап кеш өткізді. Кештің әрбір бөлімі өте қызықты, әрі тартымды болды. Сол кеште пайдаланылған монтажды үлгі ретінде ұстауға болады. Монтажды жүргізушілер «Металдар» тақырыбына арнап сөз сөйлейді. Оны монтажбен жалғастырды. Барлық оқушылардың төсіне ромба тәрізді қағазға ірілеу етіп, әсемделіп жазылған әр түрлі металдардың таңбасы тағылды.

 

 

1.6 Факультативтік сабақтарыды оқытудың формалары мен әдістері

 

Мектептер жүйесіне факультативтік сабақтарды өткізу, оқыту үрдісінің әдістемесін зерттей түсуге көп мүмкіндіктер тудырады.  Мұндағы химиялық және биологиялық пәндерді оқыту негізінде оқу-тәрбие үрдісін зерттеуге көңіл бөлу кездейсоқ пайда болған жоқ. Ондай дәстүрлі әдістермен қатар жоғары оқу орындарында пайдаланылатын әдістерді, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың әдістерін де бірлікте қарастыруға әкелді. Факультативтік сабақтардың негізгі мақсаты оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенді әрі тұрақты қызығушылықтарын арттыруға негізделген.

Қазір мұғалімнің басшылығымен белгілі күн тәртібі немесе уақытпен шектелген оқу - тәрбие үрдісінің әр түрлі формалары қолданылатыны белгілі. Осылардың ішінде сабақ оқытудың негізгі формасы деп есептеледі де, қосымша сабақ, консультация, танымжорық оқытудың қосымша формасына жатады. Оқу пәніне қызығып, оны сүйетін, білімін тереңдеткісі келетін оқушылар үшін кәдімгі сабақтан өзіндік ерекшелігі бар сыныптан тыс ақпараттық факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.

Кәдімгі сабақ жыл сайынғы құрамы тұрақты сынып ұжымымен жекелей не толық оқушылармен 45 минут уақыт ішінде жүргізілетін оқу іс-әрекетіне басшылық жасауға негізделсе, ал факультативтік сабақтар білім дәрежесі әр түрлі сыныптардан құралған оқушылармен жүргізілуі мүмкін (олар кейде әр түрлі мектептерден құралуы да мүмкін). Екінші жағынан кәдімгі сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, факультативтік сабақтар кейде екі академиялық сағатқа созылуы (арасында үзілісі бар 90 минут қосарланған сабақ болуы) мүмкін.

Кәдімгі сабақты тұрақты мұғалім жүргізсе, факультативтік сабақты мектеп мұғалімімен қатар, сырттан келген мамандар да жүргізеді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі сабақ сыныптық жүйе бойынша өтілсе, факультативтік сабақ жоғары оқу орындарына тән дәріс, семинарлық жүйелерде пайдаланылады, практикумдар мен сынақтарда өтіледі. Кейбір жағынан алып қарағанда факультативтік сабақтар кәдімгі сабаққа ұқсас жақтары да бар, бірақ оқушылардың танымдық, өз беттінше іс-әрекеттеріне көбірек назар аударылады.

Факультативтік сабақтар оқытудың басқа формаларымен де толықтырылады: оқу танымжорығы, үйде орындайтын сарамандық сынақтәжірибелік тәжірибелер, конференциялар, пікір сайыс сабақтары,  өндіріс мамандары мен ғалымдарымен өткізілетін кездесулер. Оқытудың кейбір формалары сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарға да ұқсас. Сабақтардың кейбір түрлері оқытылатын курстың мазмұнына сәйкес өтілетін материалдардың құрылысына қарай әр түрлі дидактикалық мақсаттар көздейді. Химиядан өтілетін факультативтік сабақтардың төрт типі белгілі:

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту