Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

5.20. Галогендер деп нені айтамыз? Қандай элементтер жатады? (фтор, хлор, бром, йод, астат).

6.30. Темірдің қанша саламен байланысы бар? Ол қандай салалар? (8, ғарыш, биология, инабат негіздері, медицина, физика, тарих, география, халықтық педагогика).

7.20. Неліктен темір - аспан тасы деп аталған? (себебі метео-риттің қурамында бар).

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

IV. "Жорға" (тікелей сұрақтар). Бұл сайыс жылдамдықты, ал-ғырлықты талап етеді.

Бірінші оқушыға:

1. Ма - сілтілік металл.

2. Сутек - газ.

3. Фенолфталеин, метилоранж, лакмус - индикатор.

4. Н25О4 - қышқыл.

5. МаОН - сілті, куйдіргіш натр.

6. Ең жеңіл металл - литий.

7. Ас тұзы - NаСІ.

8. Марганцовка - КМпО4.

9. Тұз тудырушы - галогендер.

10. Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас өкен. Екінші оқушыға:

1. Ауа құрамында оттек неше пайыз -21%.

2. Мыс кенін тудырушы - халькогендер.

3. Периодтық жүйені жасаған кім? - Менделеев.

4. Галогендер - туз тудырушы.

5. Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім? - Лавуазье.

6. Авогадро тұрақтысы -  6,23 • 1023

7. Сутекті алғаш алған - Кавендиш.

8. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? - Н.Н.Бекетов.

9. Элемент атомының ядро құрамы - протон, нейтрон.

10. Ас содасының формуласы -  МаНСО3

 

XVI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Қазіргі заманғы өмір ағымы мұғалімдерден жаңаша ойлап, шығармашылықпен жұмыс істей білуді, көп ізденуді талап етеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, білімге деген құштарлығын тереңдетуде сыныптан тыс шаралардың алар орны зор. Осы орайда 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Химия және денсаулық" атты сайыстың қысқаша жоспарын үсынып отырмын. Бұл теледидарда көрсетіліп жүрген "XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық шоу ізімен жүргізілді.

Сайыстың мақсаты: оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.

Байқау 6 кезең бойынша безендірілген химия кабинетінде өтілді. Ойынға 8 оқушы қатысты.

1-жүргізуші: қазақ халқы ежелден-ақ денсаулыққа ерекше мән беріп отырған. "Бірінші байлық денсаулық", "Дені саудың жаны сау", "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде", т.б. мақалдардың бәрі денсаулықтың баға жетпес байлық екеніне көз жеткізгенінің дәлелі.

2-жүргізуші: химия ғылымының адам өмірін сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқанын Қосжан Мүсірепов ағамыз былай жырлайды:

Аһ, ұрумен іздеп  өтті қанша адам,

Ауруларға арман болған қашаннан.

Аптекада алуан-алуан дәрі бар,

Химияның қудіретімен жасалған.

1-жүргізуші: бүгінгі "Химия және денсаулық" атты сабағымызда химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адамағзасы мен тіршілік үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталамыз. Халық денсаулығы ел байлығы. Адам - табиғаттың теңдесі жоқ ең қадірлісі. Ал табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы - денсаулық.

2-жүргізуші: сонымен бүгінгі ойынға қатысушыларды ортаға шақырып, қарсы алайық.

Әр оқушы өз ұстанымын айтып таныстырады. I кезең - "Бәйге".

8-сайыскер қатысып, дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Барлығы 16 сұрақ қойылады. Соңында қазылар алқасы әр кезеңнің бағасын береді.

Ал, оқушы балалар, Сендерге сұрақ  беремін Ойланып бір көріңдер,               Толғанып жауап беріңдер.

1. Қан құрамында гемоглабин азайса, адам анемия ауруына шалдығады. Бұл дерт біздің облыста да кең тараған. Гемоглобин молекуласының құрамында қай элемент бар? (темір)

2. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелі ванна қай элементтен жасалады? (радон)

3. Аналгин, аспирин дәрілері қай органикалық заттан алынады? (карбон қышқылы)

4. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды? (фтор)

5. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)

6. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)

7. Йод тапшылықтан болатын ауру түрі? (жемсаулық нөмесе зоб)

8. Тамақ өнеркәсібінде темірмен байыту үшін қай азық-түлік түріне темір қосылады? (ун)

9. Медициналық спирттің формуласы? (этанол)

10. Ессіз, түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде.  (NН4ОН мүсәтір спирті)

11. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон )

12. Қарағанды фитохимия институтында алынған қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі? (арглабин)

13.  Шыдасаң да 6 күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз 2 күнге?   (су)

14. Тамақ өнеркәсібінде адам ағзасына қажетті йодты қандай затқа қосу арқылы өндіреді? (ас тузына қосу)

15. Өмір мен ойдың элементі? (фосфор)

16. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына қүйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (НаСІ натрий хлориді)

17. Ас содасының формуласы. (NаНСО3)

18. Целофанның мономері. (этилен)

19. Нәруыздың мономері. (амин  қышқылдары)

20. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

II кезең - "Полиглот".

Бұл кезең 2 сатыда өтеді.

Әр сайыскерге тапсырма оқылады. Жауабын 3 тілде айта білуі қажет. (Қазақша, орысша, латынша) Мысалы:

1. Өзі ауыр металға жатады, Емшілер қорықтық құюға қолданады.

(қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Суйық металл. (сынап, ртуть, гидраргирум)

3. Ел іші... бесік. (алтын, золото, аурум)

4. Батыр майданда шыңдалады, …….. қайнауда шыңдалады.    (темір, железо, феррум)

5. Алтын, ... тас екен, Арпа-бидай ас екен.   (күміс, серебро, аргентум)

Ойынның шарты бойынша жинаған ұпайы аз 4 сайыскер ойыннан шығарылады.

III кезең - "Ғажайып жетілік".

Бұл сайыста әр пәннен сұрақтар беріледі. Тақтадағы сандар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әр оқушыға дұрыс жауап үшін торкөздегі сан мөлшеріндегі ұпай қосылады.

201        202         301         302            40 1       402

201 Биология. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан ғана болған, сонда да авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі не?

(ауа, су, топырақ таза болған.)

202  Орыс тілі. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин  шығармасына материал жинау мақсатында Батыс Қазақстанның бір қаласында болған. Соны атаңыз. (Орал қаласы)

301  География. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.   (эпицентр)

302  Қазақ әдебиеті. Шоқан оқыған оқу орны қай қалада орналасқан? ( Омбы)

401  Музыка. Ең алғашқы вальстың авторы.    (Штраус)

402  Химия. Нобель қандай химиялық затты патенттеу арқылы байыды? (тринитроглицерин немесе динамит)

IV кезең - "Тікелей сұрақтар".

Тақтадағы торкөздерден ұпайы аз оқушы өз қалаған нөмірін таңдайды. Санның астында ұстаздың аты-жөні, сұрағы жазылған. Дұрыс сұраққа 30 ұпай беріледі.

1. Физика пәнінің муғалімі сурақ қояды.

Макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын ең алғаш ашқан ғалым? (И. Ньютон)

2. Тарих пәнінің мұғалімі сүрақ қояды.

Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы қалай аталады? (яса)

3. Математика пәнінің мұғалімі сүрақ қояды.

Үшбұрыш төбесін қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қоса-тын сызық.  (медиана)

4. Валеология пәнінің мұғалімі сурақ қояды:

Адам ағзасының қалыптасуы қанша жасқа келгенде аяқталады? (22-23 жас)

Осы кезеңнен соң ұпайлары төмен 2 сайыскер ойыннан шығады. Қалғаны келесі кезеңге жолдама алады.

V кезең - "Жорға".

Шарты: 1 минутқа сыйғанша сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс сұрақ 10 ұпаймен есептеледі.

1. Дәрігер беретін анттың авторы. (Гиппократ)

2. Иіс газының формуласы  (СО)

3. Темекі құрамындағы қышқыл.   (никотин)

4. Судың мольдік  массасы (18 г/моль)

5. Ең жеңіл газ. (сутек)

6. Пышақпен кесуге болатын  металдар. (натрий,  кальций)

7. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер. (атомдар)

8. Мыстың латынша аты. (купрум)

9. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі.  (моль)

10. Ауада оттек неше  %. (21%)

11.Натрий  неше валентті? (1 валентті)

12. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым. (С. Аррениус)

13. Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы. (32 г/моль)

14. Еуропада темекі қалай аталады? (табаго, табак)

15. Ұйқы безі қандай гормон бөледі? (инсулин)

16. Ең жеңіл металл. (литий)

17. Лакмус, метилоранж, фенолфталейн қалай аталады? (индикаторлар)

18. Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? (жарық, жылу)

19. Азот қышқылының мольдік массасы.    (63 г/моль)

20. Менделеев болжаған үш элементті атаңыз. (галий, скандий, германий)

VI кезең - "Шешендік өнер".

Бұл сайыс бойынша сайыскер Қазақстан жері кең, табиғат ресурстарына бай болуы, оның экономикасына халық денсаулығына, әл-ауқатының жақсаруына

а) оң әсері;                       ә) кері  әсері

туралы әңгімелеп, шешендік шеберліктерін ортаға салады. Сайыс аяқталғаннан кейін қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз мақтау қағазымен марапатталады.

ТІРЕК-СЫЗБА НҰСҚАЛАРЫ

Оқытудың өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу материалына қызығушылығын тудыру, оқу материалын өздігінен (еріксіз) қызығушылықпен меңгеруге жағдай жасау. Баланың қызығушылығы оны елең еткізер оқиғадан, оны таңқалдырудан басталса керек. Олай болса баланың білімге қүштарлығын қалайша арттыруға болады? Оқушының бар зейінін оқытылатын материалға ойын арқылы, тірек-сызбанүсқалар арқылы аударуға болады.

Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру мәселесіне көптеген еңбектер арналып келеді. Сол еңбектердің барлығында түрлі кестелер, сызбанүсқалар, диаграммалар, суреттер қолдану кең орын алады. Көптеген әдіскерлер және іскер мүғалімдер әдеттегі классикалық үлгідегі кестелер, сызбанүсқалармен бірге тірек-сызбанүсқаларын (ТС), тірек конспектілерді (ТК) қолдануды ұсынады.

ТС-басқа сызу нұсқаларынан (кесте, сурет, сызба) несімен ерекшеленеді?

Тірек-сызбанүсқалары - бүл айтылатын оқу материалының бейнелі жоспары, бір-бірімен тығыз байланысты белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа, бейнелі түрде берілген хабарды кез келген оқушы түжырымдап, өрі кеңейтілген түрде айта алады. ТС - балалардың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады.

Тірек сызбанүсқаларын жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруде, қорытынды, қайталау сабақтарында қолдануға болады.

Жаңа материалды түсіндіруде қолданылатын белгілер жеңіл жазылатын, суреттер оңай салынатын болуы шарт. Сонда бүл белгілерді мүғаліммен бірге оқушылар дәптерлеріне сызып, жазып алуы оңай болады. Бұл орайда түрлі әдіс- тәсілдер қолданылады. Мысалы, орамадағы әріп, суреттер, оқулықта қолданылған шартты белгілер, т.б. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық:

Е   ериді;        ЕМ      ерімейді;    АЕ   аз ериді.      Ме - металл;       Бей Ме - бейметалл;       Қ - қышқыл:      Н - негіз;        Қ қасиет - қышқылдық қасиет;

Н қасиет - негіздік қасиет; Т    И    Д  - түссіз, иіссіз,дөмсіз;

артады - >;    кемиді - <.

Электр тогын өткізеді;

Электр тогын өткізбейді;           

Q - жылу өткізеді;

Q - жылу өткізбейді;

Металдық жылтыры бар;

Металдық жылтыры жоқ;

Созылғыш немесе тапталғыш;

Созылғыш емес.

Осындай шартты белгілерді пайдалана отырып, негізгі ұғымдарды есте сақтауды жеңілдетуге, өрі химия тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Мысалы, бейорганикалық қышқылға тән жалпы химиялық қасиеттерді мынадай тірек-сызбанүсқа түрінде беруге болады. ТС-1. Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Қ    +   Ме           Тұз + Н2

Қ    +    МеО         Тұз  +  Н2О

Қ   +    Н              Тұз  +  Н2О

Қ    +    Тұз            Тұз  +  Қ

ТС-1. Түсініктеме. Қышқылдарға тән жалпы химиялық қасиеттер:

1. Қышқылдар металдармен өрекеттесіп, түз және сутек газын түзеді.

2. Қышқылдар металл оксидтерімен (негіздік оксидтер) өрекеттесіп түз және су түзеді.

3. Қышқылдар негіздермен әрекеттесіп түз және су түзеді.

4. Қышқылдар кейбір түздармен әрекеттесіп жаңа түз жөне жаңа қышқыл түзеді, егер олардың біреуі суда ерімейтін болса, немесе қышқыл түрақсыз қосылыс болса.

ТС-2. Түсініктеме. Заттар электролиттер және бейэлектролиттер болып екі топқа бөлінеді. Электролиттер ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізетін заттар. Себебі, ерітіндіде немесе балқымада олар иондарға ыдырайды. Бейэлектролиттер ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізбейтін заттар. Себебі, олар ион түзбейді. Су - аз еритін заттарға жатады. Аз мөлшерде болса да Н+, ОН- иондарын түзе ыдырайды. Судың полюсті молекулалары заттардың суда еруінде маңызды рөл атқарады. Ол төменгі суреттерден көрінеді. (Мүқабаның 2-бетінде) Түздар, сілтілер ионды қосылыстарға жатады. Су молекуласы өзінің оң немесе теріс полюсімен иондарға жақындап, оларды тартады, сөйтіп түздардың иондарға ыдырауына негіз болады. Бүл қүбылыс теңдеу түрінде былай жазылады: NаСІ    Nа+ + С1-

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту