Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

3.Өлең түрінде берілетін викториналар. Ондай викториналарды оқушылардың өздері де құрастыра алады, ол үшін аздап болса да өлең құрастыратындай қабілетімді ұштастырып:

1)Алғаш болды белгілі,

Күнде қандай элемент.

Одан кейін біз оны,

Жерден зерттеп тауыпек.          (Гелий)

2)Табылса бұрын там-тұмнан,

Қәзір көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде               (Алюминий)

4.Жұмбақ түрінде қисынға берілетін викториналар-оларды өлең түрінде де,әңгіме түрінде де беруге  болады

1)А-деген элемент қараңғыда су астында нұр жайнап тұрды да, оны жарық дүниеге алып шыққанда ызаға шыдай алмай лап беріп жанды, көп кешікпей жалп етіп сөнді, бұл қай элемент

жауабы: (ақ фосфор, ол су астында сақталады, ауада өздігінен тұтанып жанады).

2.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді  Б деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлегені болмаса, өзі еш уакытта жанып көрген емес, бұл қай элемент жауабы: (Оттегі)

V. Сурет түрінде берілетін викториналарда әр түрлі, көпшілік жағдайда ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін білуге негіздей жүргізілді. Бірнеше ғалымдардың суреті беріледі де олар ашқан жаңалықтар қасына қоса жазылады. Оқушы суреттер бойынша ғалымның әкесінің аты мен өз атын айтып, оның ашқан еңбектерін тауып айтуы керек.

VI.Сурет-схема түрінде берілетін викториналар. Ондай викториналар да әр түрлі болады. Бірнеше құралдың суреті салынады да, оларда жүргізуге болатын реакциялардың теңдеулері жазылады. Оқушы қай құралда қандай реакцияны жүргізуге болатынын айтып береді. Немесе құралды құрастыруда жіберілген кемшіліктерді түзетеді. Кейде суретке қарап тұрып реакцияның жүру ретін, тәртібін түсіндіреді.т.б

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамыту үшін әр түрлі тақырыптардан өткізілетін кештер, үйірмелер, топсеруендер жарыстар, т.б.жұмыстар кең түрде жүргізіліп келеді. Оқушылармен өткізілетін химиялық кештердің бір бөлімі қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетуге арналады. Көпшілік жағдайда өтілетін кештің мақсатына сәйкес, қызықты тәжірибелерге түрліше түсініктеме беруді көздейді. Қызықты химиялық тәжірибелерден өз алдына танымдық кеш ұйымдастыруға болады. Егер кеш баяндамасыз өткізілсе, жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін қызықтытәжірибелерді бірден көрнекі көрсетуге кірісу керек. Онда әрбір тәжірибеге бір оқушыдан немесе бір тәжірибеге екі оқушыдан бөлінеді, әрбір оқушы өзі жасайтын тәжірибені бірнеше рет жасап дағдыланады. Тәжірибені әр түрлі қызықты әңгімелермен байланыстыра көрсету өте тиімді. Қызықты тәжірибелердің кілтін немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өздерін ойландырып айтқызған дұрыс. Тәжірибе жасайтын оқушыларды таңдап алудың да өзіндік ерекшелігі бар. Тәжірибе жасайтын оқушы өзінің сөзімен, іс-қимылымен оқушыларды шын мәнінде сиқыршы тәрізді тартатындай болуға тиіс.

 

 

Сондай тәжірибелердің кейбіреуін мен ,Ш. Уалиханов атындағы№ 1 орта мектепте педагогикалық практикадан өткен кезде химия апталығында көрсеттім

Ауыртпай жасалған операция

 

Үстінде ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе үстелінің жанына келіп , балаларға қарап: Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалауы да, жазылуы да тез. Бір батылдауың, осында келуіңді сұраймын деп, шақырды. Жанына келген оқушының білегіне спирт жағады да, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары-бері кескен болады (оны пышақтың сыртымен жасайды)қолдан қан шығарады. Артынан қолдың қанын тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, каны тазарады. Бұл қызықты операция отырғандарды таңқалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған операцияның жасырын сырын айтады.

FeCl3+3KCNS=Fe(CNS)3+3KCl

Отсыз түтін

Тәжірибе жүргізуші:халық отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ-дейді.Міне,осы мақалды химия жоққа шығарады. Қараңдар, мен қазір отсыз түтін шығарамын –деп, екітаяқшаны біріне-бірін жақындатады. Сонда будақтаған қою ақ түтін пайда болады. Содан кейін түтін шығу себебін сұрайды?  айтушылар  болмаса өзі түсіндіреді.

NH 4OH+HCl = NH 4Cl+H 2O

 

Үстел үстінде атқылаған вулкан

Кешті жүргізуші:

Балалар, сендерге вулканның атқылауы жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға бізде мүмкіндік бар. Қарсылық болмаса, біз  шамды сөндіреміз, өйкені вулканның атқылауы қараңғыда жақсы көрінеді, ешқандай шу болмасын !-дейді. Кешті жүргізуші штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сіріңке тигізеді. Сонда онда жан-жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлде неше өсіріп, жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.

(NH 4) 2Cr 2O 7→C 2rО 3+N 2+4H 2 О

Сиқырлы сия

Химиялық стақанға құйылған 30-50 мл суға бірнеше тамшы калий иодиді мен иодтың ерітіндісі, оның үсіне бірнеше тамшы тұз қышқылының ерітіндісі тамызылады да, оған шамалы крахмал ерітіндісі құйылады. Лезде ерітінді көк сия  түсстенеді. Егер стақандағы ерітіндіні қыздырса, түсі жойылады, салқындатса қайтадан көк түске боялады. Осылай сан рет қайталауға болады. Ерітіндінің қыздырудан түсінің жойылуы крахмалдың иодпен қосылысының күрделі құрылысына байланысты, қыздырудан жойылып, салқыдаудан қайта қалпына келуіне негізделген.

 

 

2.3 «XXI  ҒАСЫР   БІЛГІРІ» ОЙЫНЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҰСЫНУ

 

Окушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, экологияның денсаулыққа әсері жайлы түсінік қалыптастыру, қисынды ойлау қабілетін, шешіндік өнерін дамыту, ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу мақсатында өткізілген мектепішілік «Денсаулық және химия»  такырыбындағы сыныптан тыс интеллектуалдық ойынның жоспары ұсынылып отыр.

Жүргізуші. 

- XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты болып өссек, егеменді елімізді әлемге танытарымыз анық. Халық денсаулығы – ел байлығы, Қазакстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға арналған шаралар бүгінде мемлекеттік деңгейде қарастырылып отыр. Адам-табиғаттың тендесі жоқ ең қадірлісі, ал табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы- денсаулық.

Бірінші байлық-денсаулық, Денсаулық-зор байлық, Тазалық- денсаулық кепілі мақалдарының бәрі қазақ халқының ежелгі заманнан-ақ денсаулықтың баға жетпес байлық екеніне көз жеткізгендігінің дәлелі.

Денсаулықтың валеология ғылымы ұсынған 6 аспектісі бар екені көпшілік оқушыға мәлім. Ал бүгін біз денсаулықтың жетінші аспектісін қарастырамыз: ол-денсаулық және химия!

Химияның адам өмірін сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқанын Қосжан Мүсірепов ағамыз былай жырлайды:

Аһ,ұрумен іздеп өтті қанша адам      Аптекада алуан-алуан дәрі бар

Ауруларға арман болған қашаннан    Химияның құдіретімен жасалған  

Бүгінгі интеллектуалдық ойын барысында химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адам ағзасы және тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенімен қатар, химия өнеркәсібінің қазіргі таңда адам денсаулығына кері әсер жайлы да әңгіме өрбітеміз. Ойыншылардан химия, биология, валеология, т.б.пәндерден терең де жан-жақты біліммен қатар тапқырлық пен шешендік өнер талап етіледі. 

Сонымен ғасыр білгірлерін-құрметті ойыншыларымызды ортаға шақырып, қарсы алайық!

Ғасыр лидерінің әні хормен орындалады , 8-10 оқушы сахнаға шығады.

Жүргізуші.

Бірінші кезекте- сараптау ойыны.

Назарларыңызды бүгінгі ойын эмблемасына аударыңыздар.Мұнда адам ағзасының құрамына кіретін кейбір химиялық элементтер жасырылған.Осы элементтерді 1 минут ішінде неғұрлым  толық жауап берген 4 ойыншы ары қарай сайысқа қатысады.(Эмблеманың жиегіндегі бір түрлі геомметриялық фигуралардағы әріптер жиынтығы бір элементтің атын береді.)

Жауабы:оттек,кальций,сутек,темір,фтор.

Екінші кезекте-оқушылармен танысу рәсімі.

Ойыншы өзінің аты-жөні,  сыныбы туралы қысқаша мәлімет және өзінің атының бас әріпінен басталатын бір немесе бірнеше қасиетін айтады. Мысалы, Азамат-ақкөңілділік, Болат-биязылық, Индира –инабаттылық, Саягүл-сабырлылық.

Қазылар алқасы сайланып , білім додасы басталады.

1-тур-«Бәйге»

Берілген сұрақтарға кім бірінші жауап берсе , ол ойыншы 10 ұпай алады.

1)Бұл заттарды медицинада, атап айтсақ пластикалық  хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданады. Бұл қандай заттар?  (Титан,тантал)

2)Теңіз орамжапырағы - ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент ?(Иод)

3)Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? (Фтор)

4)Бұл заттың 0,9-дық ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады.Бұл заттың химиялық атауы қандай?(Натрий хлориді)

5)Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қандай дәрі ?(Активтелген көмір)

2-тур-«Полиглот»

Полиглот-көп тілді меңгерген ғалым ұғымын береді. Бұл турда ойыншылар плакатта көрсетілген химиялық элементтердің қазақша, орысша, латынша айтып шығуы тиіс. Әр тілде айтылған атауларға 10 ұпайдан беріледі. Мысалы, темір, железо, феррум.

3-тур –«Жеті ғажайып».

Бұл турда ойыншылар ойын тақтасында берілген ұпай санын таңдап, оған сәйкес сұраққа жауап береді. (Ойын тақтасы айналмалы тоғыз шаршыдан тұрады: оның бір бетіне ұпай саны, екінші бетіне пәннің аты жазылады)

Сол жақтағы-20. (Ата-аналар ұйымының немесе мектеппішілік қордан 1 сый)

Оң жақтағы 20 – физика. Медицинада сүйек сынығын анықтау үшін диагностикалық мақсатта қолданылатын сәулелер.(Рентген сәулелері)

Ортадағы 20 – география. Бұл зат мөлшеріне ғаламшардың климаты тәуелді деуге де болады. Ол жылуды сіңіріп және бөліп, климат ауысуларын реттеп отырады. Оның газ түріндегі молекулалары жерді ғарыштык суықтан сактайды. Бұл қандай зат (Су)

Сол жақтағы 30 – биология. Қан құрамында гемоглобин азайса, адам ауруға ұшырайтыны белгілі. Бұл дерт, әсіресе, біздің Қарқаралы өңірінде кең таралған.Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді Темір.

Оң жақтағы 30 – тарих. Қазакстан жерінде өте ертеде тіршілік еткен чудь тайпасы Имантау кен орнында өндірген металл. Қорғасын

Сол жақтағы 40 – казак тілі. Лидерсөзінің синонимін білесіз бе Мына сөздердің қайсысы жақынырақ келеді: 1. Көшбасшы.2. Жетекші.3. Білгір?.

Оң  жақтағы 40 – химия. Спирттің сумен қосылысы тақырыбына докторлык диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.(Д.И.Менделеев)

Бұл турдан кейін 4 ойыншының ұпайы төмен екеуі ойыннан шығады да екеуі қалады.

4- тур –« Шешендер сайысы»

Ақын Құнанбай Көпішев:

Химия ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Кұдіретті біздің ой

Аялап күтіп тұр алда

Балашағымыз – нұр сәулет.

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой. -деп жырлайды.

Бұл сайыста әрбір ойыншы берілген тақырып бойынша дәйекті әңгіме құрып, өз пікірін дәлелдеуі қажет.

1.Химия өнеркәсібінің денсаулық сақтауға оң ықпалы.

2.Химия өнеркәсібінің  адам денсаулығына кері әсері.

5-тур - «Жорға»

Әрбір ойыншы 1 минут ішінде неғұрлым көбірек жауап берсе , соғұрлым ұпай санын көбейте түседі.

Лездеме сұрақтар.

1.Дәрігерлер беретін анттың авторы.(Гиппократ)

2.Барлық организмдердің тіршілігіне қажетті өте маңызды биогенді элемент.(Фосфор)

3.Қарағанды фитохимия институтында алынған қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі.(Арглабин)

4.Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым.(Экология)

5.Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна.(Радон)

6.Қарқаралы өңірінде балшықпен емдеу-сауықтыру санаторийі.(Жосалы)

7.Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі.(Аспирин)

8.Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент.(Калий)

9.Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент.(Бром)

10.Қан қысымын  өлшейтін аспап.(Тонометр)

11.Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді (Температура)

12.Адамның денсаулығын сақтау туралы ғылым.(Валеология)

13. Адам организмінің жобамен 60-65%-ын құрайтын сұйық зат.(Су)

14.Сүйекті қаптайтын элемент.(Кальций)

15. Натрий гидрокарбонатының тұрмыстык атауы.(Ас содасы)

16.Карын сөлінің құрамындағы қышқыл.(Тұз қышқылы)

17. Темекі құрамына кіретін улы зат.(Никотин)

18.Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат.(Күкірт)

19.5%-тік спирттік ерітіндісі қан тоқтауға колданалады.(Иод)

20. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент.(Мырыш)

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту