Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа
Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,
Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4
1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30
2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51
Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52
Бұл турдан соң сөз казылар алқасына беріліп, жеңімпаз анықталып, диплом тапсырылады.
Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары оқушылардың теориялык білімдерін практикамен ұштастырып, химияның күнделікті тұрмыстағы колданыс өрісінен хабардар етеді. Сайыска дайындалу барысында оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түседі.
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну
9 сыныптарда өтілген материалдарды қортындылап бекіту мақсатында «Алғырлар, тапқырлар, ойшылдар мектебі » қысқартылып «АТОМ »деп аталған кеш өткіздім. Бұл шараға 9 сыныптарда оқитын барлық оқушылар қатысты. Ғаламат таяқша, жанбайтын орамал, сөнбейтін от, жанатын су, жеңіл операция, т.б. тәжірибелер жасауға қажетті реактивтер химиялық пробиркалар даярланып қойылды. Реферат, альбомдар, музыкалық касеталар, т.б. көрнекіліктер пайдаланылды. Әйгілі химиктердің портреттері көрнекті жерге ілінді.
Оқушылардан тез де, үйлесімді және тапқыр жауап алу мақсаты көзделді.
Жеңген командалардың таңбасы – оң.
Жеңілген командалардың таңбасы – теріс.
А.Т.О.М – ның 1 заңы «Табысқа жетудің сақталу заңы ».
Толық табысқа жетудің қосындысы өзгермейді.
Тек бір командадан екінші командаға ауысып отырады.
Командалардың жеңуі, олардың құрамына қай сыныптан және қанша мөлшерде келгеніне байланысты емес, командадағы ойыншылардың бір – біріне өзара әсер етуі мен тапқырлығына байланысты.
Бәріміз де бүгінгі «Атом» кешіне ұйымшылдықпен қатынасайық
Химиктер, алға
Командаларды ортаға шақырамыз. (Музыка ырғағымен команда мүшелері ортаға шығарады).
Капитандар өз командаларын таныстырсын.
Олар өз командаларының аты, эмблемасымен таныстырып, бүгін кешке толық дайын екенін мәлімдейді.
1 – команда Алмаз:
Химияның дерегі.
Патша арағы дер еді
Патша да оны ішпейді.
2 – команда Уран:
Алтын менен күмісті кім білмейді, Химиктерге жақпайтын не сыры бар?
Қолда болса қуанып кім күлмейді Әрқашан жаман металл құрғыр дейді
1 – команда Алмаз:
Өзі жеңіл, өзі ақ
Самолеттің деталі.
2 – команда Уран:
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық.
Қандай метал құйма жасар, оны құйып.
Ал енді бір сәтке лабораторияға назар аударыңыздар. 2 – команданың да жанкүйелері химия ғажайыптарын көрсеткелі дайын тұр.
Осы жасаған тәжірибенің құпиясын кім айтып береді?
а)Ғаламат таяқша ә) Сөнбейтін от.
1 – команда Алмаз:
Өзі физик, геолог және зерттеген Қазанды алғаш қайнатып шыныны да
Географ та одан асып өтпеген. Қай химик туған елін өлең еткен.
2 – команда Уран:
Қандай химиктің фамилиясының мағынасы әр түрлі 4 бірдей атпен сәйкес келеді?
1 – команда Алмаз:
Шәйнек пен самауырдың ішіндегі қақ қайдан пайда болады және оны қалай кетіреді?
2 – команда Уран:
Әрі химик, әрі композитор, Менделеевтің жақын досы. Ол кім Әр командадан 2 сиқыршы – химик шақырамыз. 1 – теоретик, 1 – практик болсын. Ортадағы үстелде тәжірибенің жасалу желісі және кезекті приборлар дайын тұр. Сол бойынша жұмысқа кірісе беріңіздер.
Іске сәт
Құлақтан кіріп бойды алар, Көңілге түрлі ой салар
Жақсы ән мен әсем күй, Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай ақын айтпақшы, ән – жан азығы. Әнсіз кеш болмайды. Кезекті әнге берейік!
Сиқыршылар бізге қандай таңғажайыпты көрсетпекші екен.
1 – сиқыршы: Мен суды жақпақшымын. (көрсетеді)
2 – сиқыршы: Ал менің маам жанбайды. (көрсетеді)
Жанкүйерлер, команда мүшелері осы көрсетілген тәжірибелер туралы не айтар еді ?
Жан күйерлерге сұрақ: Химия пәнін жақсы көресіз бе ? Неге?
Химик болғыңыз келе ме?
Химия дегеніміз не? Қай ел қалай атаған?
Сиқыршылар тәжірибені болсаныздар, қазылар алқасына тапсырыңыздар.
Енді командалардың үй тапсырмасын тексерейік.
а)Әзіл-оспақ плакаттар. ә)Қызықты әңгімелер.
Кезекті тағы да әнге берейік.
Мына тақтада 2 плакат ілінген. Командадан 2 ойыншы шықсын. Сол ойыншылар, анорганикалық қосылыстардың кластарын ажыратып 3 –минут ішінде жазуы керек. Заттар классификациясына арналған.
1 – сиқыршы. Мен сіздерге қазір бір таңғажайып көрсеткелі тұрмын. «Үстел үстінде атқылайтын вулкан».
2 – сиқыршы.Қайсыңызға жеңіл операция жасайын. Әр сыныптан бір оқушыдан келсін.
Сіздерге тапсырма.
1 – оқушыға:3 әріптен тұратын 3 элемент.
2 – оқушыға :4 әріптен тұратын 4 элемент
3 – оқушыға : 5 әріптен тұратын 5 элемент
4 – оқушыға:6 әріптен тұратын 6 элемент
2 минут ішінде атаңыздар.
Әр команда мына конверттің ішінде жеке әріптер бар, сол әріптер бойынша химиялық терминдер құраңыздар.Өте жылдамдықты талап етеміз.
Капитан командаларына тапсырма:
1.Мен кіммін?
1.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзім химиялық элементпін. Ойланыздаршы, сонда мен кіммін (Азот).
2. Бірінші бөлігім «алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп есептелемін. Мен кіммін? (Озон)
Сіздерге екінші сұрақ:
Бірі жанып, бірі қолдап жануды
Екі элемент, бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге ұстаздар
Қосылысын алып, солай қарай ағылды. (Н2 О)
Сөйтіп капитандар конкурсы аяқталды. КВН қортындысы бойынша жеңіске жеткен командалардағы оқушылар марапатталады. Сыныптан тыс ойын КВН түрінде өткізілген шаралардың берері көп екендігін аңғардық.
2. ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ
Бұл жүргізілген эксперименттік жұмыстар Арқалық қаласындағы №1
Ш Уалиханов атындағы орта мектепте жүргізілді. Енді осы жұмыстарға тоқталсақ:
1.«Полимерлер химиясы» факультативтік сабағынын бағдарламасының үлгісін ұсындым бұл сабақ 10 сыныптарда сыныптан тыс жүргізілді. Бұл факультативік сабақ барысында полимер материалдарының қасиеттерін және техникада алыну әдістемелерімен танысты. Мысалы Пластмассалық бұйымдарды дәнекерлеу және желімдеуде. Мынадай теориялық сұрақтарды қарастырды: макромолекулалардың құрылымына және молекулалық массаларына желім және дәнекерлеу үрдісінің әсері қарастырды, ал сарамандық жұмыстарда: а)Органикалық әйнекті желімдеуді (цилиндр мен тығынды дәнекерлеу): б)Капронды , целлулойдты, поистиролды (әр түрлі ерітінділерді)пайдалануды. Осы факультативтік сабақтар оқушылардың шығармашылығын дамытуда көп үлесін қосты.
2.Химиялық апталықта мен химиялық танымдық ойындар , сөзжұмбақтар , викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызын аша білдім. Окушыларға тәрбие берудегі ойынның рөлі мен маңызын аса жоғары бағалайтындығын. Балалар үшін ойын дегеніміз өмір, еңбек және өзара бір-бірімен араласу құралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөліну қажет. Окушылардың бос уақытын мазмұндырақ етіп өткізудің мәні өте зор екенін айта отырып өзім өткізген әр түрлі қызықты ойын түрлерін ұсынып отырмын.
3.Окушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, экологияның денсаулыққа әсері жайлы түсінік қалыптастыру, қисынды ойлау қабілетін, шешіндік өнерін дамыту, ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу мақсатында өткізілген мектепішілік «Денсаулық және химия» такырыбындағы сыныптан тыс интеллектуалдық ойынның жоспарын ұсынып отырмын. Бұл ойын барысында оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, химияның күнделікті тұрмыстағы колданыс өрісінен хабардар болды. Сайыска дайындалуда оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түсті.
4.Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсындым. Бұл ойын 9 сыныптар арасында өткізілді.Ойынды тақырыптарды қортындылап бекіту мақсатында өткіздім. Ойын« Алғырлар, тапқырлар, ойшылдар мектебі » қысқартылып «АТОМ » деп аталды. Бұл ойын барысында оқушы жан – жақты ізденіп, талпынып, ой - өрісін дамытып кеңейтеді.
Міне, мен экспериментік жұмыстарды жүргізу барысында өзімнің мемлекеттік практикамды қызықты, тартымды өткізумен қоса іс – жүзінде осындай сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, шығармашылықтарын артыруға өте тиімді әдістер екенін дәлелдедім.
4. ҚОРЫТЫНДЫ
1.Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіу, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің тиімдігін артырып үлес қостым.
2.Бірнеше әдістер арқылы сыныптан тыс жұмыстардың мәнін аша білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын артырдым.
3.Окушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, экологияның денсаулыққа әсері жайлы түсінік қалыптастыру, қисынды ойлау қабілетін, шешіндік өнерін дамыту, ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу мақсатында «Денсаулық және химия» такырыбындағы сыныптан тыс интеллектуалдық ойынның жоспарын ұсынып отырмын.
4.Химиялық апталықтарда өткізілетін химиялық танымдық ойындар , сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызын аша білдім және окушыларға тәрбие беруде әр түрлі қызықты ойын түрлерін ұсынып отырмын .
5. «Полимерлер химиясы» факультативтік сабағынын бағдарламасының үлгісін ұсындым. Бұл сабақ 10 сыныптарда сыныптан тыс жүргізілді.
6.Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсындым. Бұл ойын 9 сыныптар арасында өтізілді.
5. Қолданылған әдебиеттер
1.Нұғманұлы.И «Химияны оқыту әдістемесі» - А.,1999ж
2.Кирюшкин .Д «Химияны оқыту методикасы» - А ., 1987ж
3.Учителю химии о внеклассной работе из опыта работы учетелей. – М.,1987
4.Мырзабаев.А «Химияның қызығы » - А.,1983ж
5. Мырзабаев. «Химиядан кластан тыс жұмыстар » - А ., 1994ж
6. Мырзабаев. «Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар»
-А.,1996
7.«Химия мектепте» журналы – А.,2004(2,5) ; 2005(3,5)
8. Давыдов Проблемы развивающего обучения. — М. Просвещение, 1986.
9. Жадрина М.Ж. Окушыларды химиядан алган білімін пайдалануга дагдыландыру. - Алматы, 1990.
10. Жанпейісова М.М. Модулді оқыту. —Алматы.
11. Мырзабайүлы А. Химияиы оқыту одістемесі. —Алматы, 1997.
12. Махмудов М. Сабақтыц дидактикалык, қурылымы. — Алматы, 1998.
13. Түргынбаева Б.А. Дшиыта оқыту технологияяары. — Алматы, 1990.
67
Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту