Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.

Работа состоит из  1 файл

durysy.docx

— 113.36 Кб (Скачать документ)

 

Жа(4)к  12)     Жазу өрте ерте заманда жасалып,мыңдаған жылдар бойы өзгеріп,дамып келді.Жазудың мыңдаған жыл ойында дамып жетілуімен бірге,оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазудың жүйесі таңбалардың  жиынтығынан құралады.Ол таңбалар бүтіндей сөзді,не буынды,не дыбысты белгілейді.Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы,белгілі бір мағынысы болады.Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды,не жеке сөзді,не буынды,не дыбысты белгілеуіне қарай,жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1)пиктографиялық жазу,2)идеографиялық жазу,3)буын жазуы,4)әріптік немесе дыбыстық жазу.1.Пиктогрфиялық жазу.Бұл-жазудың ең алғашқы түрі. Пиктогрфиялық жазу-суретке негізделген жазу.Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған.Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады.Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес,оның мазмұнын бейнелейді.Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның,қайықтың,малдың,тоғайдың т.б суреттері қолданылған.Адамдар баска біреулерге нені қабылдап білдіргісі келсе,соның суретін салған.Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырып тоғайдың және аңның суреті салынған.2.Идеографиялықнемесе логографиялық жазу.Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында  идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады.Пиктографиядан  идеографиялық жазуға көшу өте баяу боды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап,ақырында олар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып,шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографиялық таңба не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді.3.Буын жазуы.Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды.Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді.4.Әріп жазуы.Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды.Таза күйінде константты-дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса,вокалданған дыбыстық жазу біздің заманымыздың 1 мың жылдығының басында пайда болған.

Пи(0) ж 13) Пиктографиялық жазу (Пиктография - латынның  (рісtus -«суретті» («живописный») және «жазамын» деген   сөзінен   жасалған   термин). Бұл -жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу -суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма.) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т. б. суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырылып тоғайдың және аңның суреті салынған.

Пиктографиялық  жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т. б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

 

 

Ид(2)ж 14)  Идеографиялық  немесе логографиялық жазу (Идеография  - грек   тілінің   іdеа-«идея»   grарһо-«жазамын»     деген сөздерінен алынған. Логография - грек тілінің Іоgоs -«сөз және grарһо -«жазамын» деген сөздерінен алынған). Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді; олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, «5» деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі. Осы ерекшелік - идеограммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі  идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық және т. б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы: О - «кислород», √ - «түбір»т.б.

Пиктографиялық  жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық  жазу сөйлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері - сөздерді, сөздердің  синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Қазіргі ғылыми таңбаларды логографияның айрықша бір түрі ретінде қарауға болады. Бұл таңбалар әдеттегі сөздерді емес, терминдерді белгілейді, солардың «орынбасарлары» ретінде қолданылады. Терминдер сөздердің айрықша бір түрі болып саналатыны сияқты, ғылыми таңбалар да логограммалардың бір түрі болып саналады.

Египет, шумер, қытай  жазулары логографикалық жазу болды. Логографиялық  жазу жүйелерінің барлығында да нақтылы  мағынасы бар сөздер заттар мен құбылыстардың  бейнесімен немесе схем атүрінде беріледі. Мысалы, егиепт жазуында үкі, көгершін, арыстан, қоян, аяқ деген сөздер осылардың бейнесімен берілсе, қала, су дегендер бейнелі-схема түрінде берілген.

Логографиялық жазудың  бірсыпыра кемшіліктері бар. Олар мыналар: логограммалардың көптігі, логографиялық  жазудың өте-мөте күрделілігі және логограммалар арқылы грамматикалық формаларды білдірудің қиындығы.

 

 

 

Ті(8) б 15)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.

Ғылымдардың интеграциясы өте-мөте күрделі процестерді,заттарды,шындық болмыстың құбылыстарын бір сыпыра ғылымдардың бірлесе комплекті зерттеу түрінде де,әр түрлі ғылымдардың басқа ғылымдарға кірігуі, әр баска ғылымдардың предметтері мен методтарының өз ара жақындасуы түрінде де жүріп жатады.Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де баска көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп,солармен қанаттаса дамып келеді.Тіл білімінің этнолингвистика атты бір саласы  археологиямен,этнографиямен байланысты.Тіл ойлаумен тығыз байланысты.Яғни,ойлау котегорияларымен ойлаудың заңдары туралы ғылым-логикамен,ойлау процестері мен олардың тілде көрінуі туралы ғылым-психологиямен байланысты.

Дыбыстардың артикуляциясы  жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді.Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары психаторлар,дефектологтар,логопедтер зерттейді.Электронды машинамен аударма жасаудың ,информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен матеметика ғылымдырының байланысын тудырып отыр.     Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты.Ақын-жазушының творчествосын зерттеу,оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды,өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі».Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды,өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады.Тіл білімінің стилистика деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты болады

Психология психикалық құбылыстарды,атап айтқанда,түйсік пен қабылдау,елес пен ой,сезім  мен тілек,бейімділік пен қабілет,ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді.Сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау,пікір алысу,біреудің сөзін қабылдау,оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.Бұлай болатындығы мынадай - тілдік жүйе адамның санасында сақталынады,адам бұл жүйенің элементтерін де өз ара байланысты элементтер ретінде ұғынады.Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысы-психикалық байланыс.Заттардың өзіне тән белгілері бойынша аталуы және ол белгілердің таңдалынып алынуы-психологиялық факт. Тіл тарихы-сол тілді жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы.Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы,қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса,халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жаткан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажет.Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы,тұрмыс салты жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары  тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып,олар жайында мағлұмат береді.Тіл-солардың бәрін ұзақ замандардың бойында  ұрпақтан ұрпақққа жеткізген және сақтап қалған құрал.Өлі тілдерді зерттеу және ол тілдерді иеленушілерді айқындау,олардың таралу шегін белгілеу лингвистиканы археологиямен жақындастырады.Археология археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы халықтардың  материялдық мәдениетінің тарихын зертейді.Көне тарихқа қатысты мәселелерді қарастыруда архиологиялық зерттеулер мен лингвистикалық зерттеулер және олардың деректері бірін-бірі толықтырып дәлдей түседі.     Тіл білімі математика ғылымымен,біріншіден,машиналық аударма мәселелері бойынша,екіншіден,тілді зерттеуде математикалық статистика методтарының қолданылуы жағынан байланысады.Кибернетика мына жайларды негізге алады-тірі организм  мен машинада байланыс пен меңгеру және бақылау процестерінің кейбір ортақ белгілері болады.Бұл белгілердің электронды машиналарға қатысы бар.Электронды есептеуіш мащинасы ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударуда қолданылып жүр.Электронды-есеп машиасының механизмінің құрылысы машина мен тірі организмнің атқаратын қызметінің ұқсастығына негізделеді.Машина да,тірі организмде сырттан болатын сигналдарды қабылдап,соған жауап беретін меңгеруші және меңгерілетін бөлшектер болады.Сигналдар адамның әрекеті мен машинаның  жұмысына әсер етіп,айқындай алатын информатциялар береді.    Тіл білімі философиямен біріншіден,методологиялық қағидалар жағынан байланысса,екінші жағынан,зерттелінетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.Себеп пен салдарды,жалпы мен жалқыны,мүмкіндік пен шындықты және олардың ара қатынасымен материялистік тұрғыдан түсіну тілдік және құбылыстар-фонетикалық,лексикалық,грамматикалық құбылыстарды және олардың шығуы мен тарихи дамуының ғылыми тұрғыдан баяндауға көмектеседі.Тілдің мәні,ойдың таңбалық сипаты,тілдің шығуы мен дамуы,ойлау мен тілдің ара қатынасы туралы проблемаларды зертеп шешу үшін,философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді,аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді.Логика-ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым.Ал ойлау,әдетте,тіл арқылы көрінеді,тіл арқылы жарыққа шығады.Анығырақ айтсақ,адамның ойлауы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып ,түсінікті бола алады.Логикада ойлаудың заңдары,ойлаудың формасы мен құрылысы зерттелінсе,тіл білімінде тілдің  заңдары мен құрылысы ,тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінед

 

Ті(3)б 16) Ғылым  екі топқа бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл білімі мен  әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.Білімнің бұл екі  саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты.Ақын-жазушының творчествосын зерттеу,оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды,өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі»Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды,өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады.Тіл білімінің стилистика деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты болады.

 

Ті(2)б 17)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл білімі психологиямен байланысты. Психология психикалық құбылыстарды,атап айтқанда,түйсік пен қабылдау,елес пен ой,сезім  мен тілек,бейімділік пен қабілет,ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді.Сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау,пікір алысу,біреудің сөзін қабылдау,оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.Бұлай болатындығы мынадай - тілдік жүйе адамның санасында сақталынады,адам бұл жүйенің элементтерін де өз ара байланысты элементтер ретінде ұғынады.Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысы-психикалық байланыс.Заттардың өзіне тән белгілері бойынша аталуы және ол белгілердің таңдалынып алынуы-психологиялық факт.психология адамның психикасын, адамның ойлау заңдарын тексереді. Психология адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану сияқты жайлардың мәнін, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін т. б. түсінуді жеңілдетеді. Соңғы. кездерде адамның сөйлеу қызметін арнайы зерттейтін ілім - психолингвистика дамып келеді.

 

 

Ті(4)аб 18)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл тарихы-сол  тілді жасаушы және сол тілді  қолданушы халықтың тарихының бір  саласы.Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы,қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса,халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жаткан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажет.Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы,тұрмыс салты жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары  тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып,олар жайында мағлұмат береді.Тіл-солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан ұрпақққа жеткізген және сақтап қалған құрал.Өлі тілдерді зерттеу және ол тілдерді иеленушілерді айқындау,олардың таралу шегін белгілеу лингвистиканы археологиямен жақындастырады.Археология археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы халықтардың  материялдық мәдениетінің тарихын зертейді.Көне тарихқа қатысты мәселелерді қарастыруда архиологиялық зерттеулер мен лингвистикалық зерттеулер және олардың деректері бірін-бірі толықтырып дәлдей түседі.

Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері