Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.

Работа состоит из  1 файл

durysy.docx

— 113.36 Кб (Скачать документ)

 

Ті(4) кб 19)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады Тіл білімі математика ғылымымен,біріншіден,машиналық аударма мәселелері бойынша,екіншіден,тілді зерттеуде математикалық статистика методтарының қолданылуы жағынан байланысады.Кибернетика мына жайларды негізге алады-тірі организм  мен машинада байланыс пен меңгеру және бақылау процестерінің кейбір ортақ белгілері болады.Бұл белгілердің электронды машиналарға қатысы бар.Электронды есептеуіш мащинасы ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударуда қолданылып жүр.Электронды-есеп машиасының механизмінің құрылысы машина мен тірі организмнің атқаратын қызметінің ұқсастығына негізделеді.Машина да,тірі организмде сырттан болатын сигналдарды қабылдап,соған жауап беретін меңгеруші және меңгерілетін бөлшектер болады.Сигналдар адамның әрекеті мен машинаның  жұмысына әсер етіп,айқындай алатын информатциялар береді.

 

 

 

 

 

Ті(3)лб 20)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.Тіл білімі философиямен біріншіден,методологиялық қағидалар жағынан байланысса,екінші жағынан,зерттелінетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.Себеп пен салдарды,жалпы мен жалқыны,мүмкіндік пен шындықты және олардың ара қатынасымен материялистік тұрғыдан түсіну тілдік және құбылыстар-фонетикалық,лексикалық,грамматикалық құбылыстарды және олардың шығуы мен тарихи дамуының ғылыми тұрғыдан баяндауға көмектеседі.Тілдің мәні,ойдың таңбалық сипаты,тілдің шығуы мен дамуы,ойлау мен тілдің ара қатынасы туралы проблемаларды зертеп шешу      үшін,философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді,аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді.Логика-ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым.Ал ойлау,әдетте,тіл арқылы көрінеді,тіл арқылы жарыққа шығады.Анығырақ айтсақ,адамның ойлауы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып ,түсінікті бола алады.Логикада ойлаудың заңдары,ойлаудың формасы мен құрылысы зерттелінсе,тіл білімінде тілдің  заңдары мен құрылысы ,тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінеді.

 

Ті(3)мб 21)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын аладыСөйлеу,әдетте,тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу,қабылдау процестерінен тыс болуы мүмкін емес .Бұл процестерді артикуляция жағынан да,сөйленген сөзді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан да физиология зерттейді.Осыған орай ,физиология лингвистиканың тіл дыбыстыарын зерттейтін саласы-фонетикамен байланысқа түседі.Сөйлеу процесінде жоғары нерв жүйесі де,сезім мүшелері мен дыбыстау мүшелері де бірдей қатысады.Бұлардың сөйлеу процесіндегі және сөзді қабылдау кезіндегі әрқайсысының әрекеті бір-біріне байланыссыз,жеке дара күйінде болмайды,қайта олардың бірі екіншісімен өз ара іліктеседі де ,барлығы жиналып келіп,бірлесе қызмет атқарады .Сөйлеу  жоғары нерв  жүйесінің қызметімен байланысты болса ,адамдарда болатын афазия (тілдің күрмелуі) ауруы мидың зақымдалуымен байланысты .Осылай болғандықтан ,медицина ғылымының уәкілдері-психиаторлар,дефектологтар,логопедтер сөйлеуді жоғары нерв жүйесінің қызметі және мидың қызметімен байланысында қарастырады.

 

Та(4)т 22) Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады.Олар келісім бойынша жасалады және келісім бойынша өзгере алады.     

 Шартты таңбалар  бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келеді. Шартты таңбалар: жол бойындағы белгілер, әскери сигналдар, цифрлар, әріптер т.б.  Шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады. Шартты таңбалар ешқандай экспресивті, эмоциялық мағына білдіре алмайды.

       Табиғи таңбалар  табиғат құбылыстарына  сәйкес. Табиғи таңбалар: нағзағай, күн қызуы, жаңбыр т.б  Табиғи таңбалар шартты таңбалар сияқты  қолдан жасалмайды, келісім бойынша өзгертіле алмайды. Табиғат күшіне байланысты.

Осыған орай, тілдік таңьаның типі деп мыналар бөлінген:

а)дифференциалдаушы  қызмет басым тілдік таңбалар.Бұлар – фонемалар;

б)Әрі  дифференциялдаушы қызмет басым әрі жалпылаушы қызмет.

Бұлар сөздер ,сөз тіркесі,сөйлем табиғи белгілерінде әдетте оның еріктілігі айтылады.

Еріктілігі деген  таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы байланыстың әлсіздігі, еркіндігі. Бір зат н/е ол туралы ұғымның әр басқа дыбыстық комплекспен аталуы зат пен оның аталуының арасында етене байланыстың жағынан болады. 

       Образды таңбалар

 

 

 

 

     Ті(1)қ. 23) Тіл- қоғамдық құбылыс.Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушіердің  тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады. Адам баласы пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің дамуына әсер етпей тұра алмайды. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы- екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда қоғамда бірлесіп еңбек  етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы , оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы- тіл қажет. Тіл-адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет. Тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.Тіл- адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды.

 

     Ті(5) С 24) Тілдердің тоғысуы дегеніміз  екі тілдің қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде бір-біріне әбден сіңісуі. Екі тіл тоғысқанда біреуі жеңіп, біреуі жеңіледі. Тілді қоғамдық құбылстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі. Тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатынас құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Тіл қоғамдық құбылыс бола тұра басқа қоғамдық құбылыстардан түбірлі айырмашылықтары бар және өзіне тән ерекше белгілері бар құбылыс болып табылады. Субстрат.(лат.sub- астыңғы, stratum қабат, қатпар)-Тілдердің тоғысу процесінде субстрат деп аталатын құбылыс пайда болды. Жеңген тіл жеңілген  тілден сөздер мн жеке дыбыстарды, кейбір морфемеларды қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдердің элементтері субстрат деп аталады. Субстрат теориясы ХІХ ғасырдың басында пайда болған, оны Бредсдорф, кейін ХІХ ғ. 60-80 жылдарында Аскам, Шухардт, Брендаль және т.б. дамытқан Субстрат проблемасы- таза лингвистикалық қана  проблемасы емес. Субстрат құбылысы этникалық ассимилияция процесінде, этникалық топтардың топтардың топтасып бірігуі нәтижесінде пайда болады.  Субстрат мәселесі-тіл білімінде әлі толық шешімін таппаған өте күрделі мәселе. Мәселенің күрделілігі және қиындығы мынада: субстрат құбылысының элементтері тілдің замандар бойындағы даму ьарысында оның өн бойына «сүтпен еніп, сүйекке кіргендей» сіңісіп кетеді де, оны айқындау оңайға түспейді. Суперстрат(  лат.super жоғарыдан  + stratum қабат) ағыл. Superstrate- негізгі тұрғындар тіліндегі келгінші-жеңімпаздар тілінің іздері. Суперстрат атауын алғаш рет В.Ватбург (1932) қолданды. Суперстратқа(сақталған жергілікті тілге әсер еткен, келгіншілердің ығыстырылған тілі) мысал ретінде волга-кама бұлғарларының түркі жергіліті ерекшеліктерін атауға болады.

 

    Ті(6)а  25)  дегеніміз белгілі бір тарихи кезеңде екі тілдің қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне әсер етіп, кейіннен екі жаққа бөлініп, әр қайсысының өз даму жолына түсуі, өз бетімен өмір сүруі. Тілдердің тоғысуымен бірдей; Кодтардың араласуы, Тілдік қатынастың нәтижесі ретінде тілдердің будандасуы. Тілдердің араласуы жаңа дербес тілдік бірліктер мен жекелеген тілдер бастапқыда туыстас емес екі немесе одан да көп тілдердің өзара белсенді іс-әрекеті, сөздіктердің «будандасуы», бір тілдің грамматикасын екінші тілде қолдану нәтижесінде жасалады деген болжамға негізделген. Тілдердің араласуы тілдік конвергенцияның бір түрі ретінде қарастырылды, өйткені тілдердің шекарасы бұзылады, сөйтіп, тілдердің конвергентті дамуына алғышарттар жасалады. Адстрат. (лат. ad  Жанындағы, маңайдағы +қабат  stratum) ағыл. Adstrate-ұзақ мерзім бойында, жаппай және қарқынды өзара ықпал жағдайында бір тілдің екінші тілден әсерінен туындайтын белгілердің, қасиет пен сипаттардың жиынтығы. Адстрат субстратқа, суперстратқа қарама- қарсы түсінік. Адстрат жағдайында ықпал және бір тілдің басқа тілге сіңісіп кету үдерісі жүрмейді, мысалы, ІХ- ХІ ғасырлардағы скандинав тілдерінің ағылшын тіліне әсері шекаралық Ареалдарда белорусь-литва тілдерінің бір-біріне ықпалы. Терминді итальян линвисі М.Дж. Бартоли ұсынған.

 

      Жа(2)т 26) Тіл өзінің қатынас  құралы болу қызметін ауызша  түрде де, жазбаша түрде де  атқара алады. Дыбыстық тіл  жазу арқылы таңбаланады. Соның  нәтижесінде оның қатынас құралы  ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу- адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-жасауына мүмкіндік беретін құрал.  Адам білімді, негізінен, жазба тілі арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл.Көптеген замандар бойында  жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге жеткізетін де –осы жазба тіл. Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айрықша маңызды. Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді не буынды немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1)пиктографиялық жазу,2) идеографиялық жазу,3) буын жазуы,4) әріптік немесе дыбыстық жазу. 1) Пиктографиялық   жазу. Бұл-жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу- суретке негізделген жазу. Пиктогафиялық жазудың таңбалары пиктограмммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр турлі суреттердің жиынтығынан құралған. 2) Идеографиялық немесе логографиялық жазу.Пиктографилық жазудың біртіндеп дамуы барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. 3)Буын жазуы. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Буын жазуы тілді, әсіресе оның фонетикалық жазуын дәлме-дәл беруге икемді. Буын жазуы сөздің грамматикалық формаларын да бере алады. 4)Әріп(дыбыс) жазуы. Әріп жазуы буын жуйелі жазудан кейін пайда болды. Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы-ең қолайлы жазу. Әріп жазуы- сөздерді ғана емес, сонымен бірге, дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларында дәлме- дәл жазу үшін өте- мөте қолайлы жазу.

 

     Бу (0) ж 27) Жазудың даму барысында  буын жазуы пайда болды. Жазудың  буын жуйесінде таңба буынды  белгілейді. Жазудың буын жуйесі  шығу тегі мен таңбаларындың  фонетикалық мағынасы жағынан  бірнеше түрге бөлінеді.Бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары (клинописи), майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С

(дауыссыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгіленген.

Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.

Буын жазуының үшінші түріне үнді жазуының әр түрлі жүйелері енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар жеке-дара дауыстыларды және дауыссыздарды бен даусытының қосындысын белгілейді.

 Жазудың буын  жүйесі шығу тегі жағынан да  үш топқа бөлінеді: 1)Логографиялық  жазудың даму барысында жасалған  крит, майя, кипр бувн жазулары. 2) Эфиопия, индия буын жазулары. 3) Жапон буын жазуы мен лигатуралы  -дыбыстық  жазу жүйесі  Логографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту ісі үшін де, қолдану үшін де қолайлырақ. Жазудың буын жүйесіндегі таңбалардың саны да ықшамырақ. Буын жазуы, әсіресе оның фонетикалық жағын  дәлме дәл беруге икемді. Буын жазуы сөздің грамматикалық формаларын да бер алады.  Буын таңбалары ең алғашында бір буынды сөздерді белгілейтін идеографиялық логограммалардың негізінде пайда болған. Мұндай логограммалар о баста омонимдес сөздерді таңбалап, фонетикалық логограммаларға айналған да,  кейінде көп буынды сөздердің олармен ұқсас дыбысталатын бөлшегін белгілейтін болған. Осылайша жиі қолданыла келіп, ол таңьалар дербес сөздердің таңбасы емес, буының таңбасы ретінде ұғыныла бастаған.

 

       Әр (1) ж 28) Әріп жазуы буын жүйелі  жазудан кейін пайда болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы- ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады.Әріп жазуы- сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме- дәл белгілеу үшін өте- мөте қолайлы жазуЛогографиялық жазу мен буын жүйелі жазуға қарағанда, әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болады. Әріп жазуының қарапайымдылығы, әр түрлі тілдерге жанасымдылығы, халықтардың арасындағы сауда қатынасы мен мәдени қатынастың және т.б. қатынастардың дамуы – осының бәрі әріп жазуының дүние жүзіне кең таралуына мүмкіндік берген қолайлы жағдайлар болып саналады.Шығыстағы әріп жазуы жүйелерінің көпшілігінде белгілі дәрежеде финийкилік консонантты принцип сақталса, батыста грек жазуынан бастап, барлық жазулар вокалданған- дыбыстық жолмен дамыды.  Әріп жазуына, әсіресе гректер үлкен өзгерістер енгізіп, оның дамуына атсалысты. Олар дауыссыздарды ғана емес, сонымен  бірге дауысты дыбыстарды да таңбалау үшін арнаулы әріптерді енгізді.

        Ан(4)т  29)  Флективті тілдерді шартты түрде аналитикалық және синтетикалық тілдер деп бөледі. Ондағы басшылыққа алынатын негізгі принцип - қай тілде грамматикалық қандай тәсілдің басымдық ететіні, яғни, көптігі. Ал тілдегі грамматикалық тәсілдер үлкен екі топқа бөлінетіні белгілі: бірі - аналитикалық тәсілдер, екіншісі - синтетикалық тәсілдер.

Аналитикалық  тәсілдер - сөздің өз формалары емес, сөз сыртындағы амалдар. Ол амалдар - атауыш сөзбен тіркескен көмекші  сөздер; атауыш сөздердің сөйлемдегі орны тәртібі; сөйлем интонациясы. Аналитикалық тілдерде сөйлем ішіндегі синтаксистік қатынастар сөздің орын тәртібі, не сол  сөздердің көмекші сөздермен  тіркесуі, не бүтіндей сөйлемнің интонациясы  арқылы беріледі. Широков таза аналитикалық деген тілдердің өзін іштей үш типке: дараланушы аналитикалық, агллютинативті аналитикалық және инкорпоративті аналитикалық тілдер деп бөлінеді.Грамматикалық тәсілдердің синтетикалық түрлері - аффиксацияғ ішкі флексия, редубликацияғ сөздерді біріктіру, екпін және супплеветизм тәсілдері. Синтетикалық тәсілдер басымдық ететін тілдер синтетикалық тілдер қатарына жатады. Синтетикалық тілдерде синтаксистік қатынастар сөздің өз ішіндегі формалар арқылы беріледі. Лингвистикада синтетикалық және полисентетикалы тілдерді аффикс морфемалардың типіне қарай топтастырушылық бар. Мәселен, бір тілде - сөз тудырушы аффикс, енді бір тілде сөз түрлендіруші болып келеді. Нағыз синтетикалық типке жатқызылатындар - ертедегі грек, латын, гот, санскрит, ескі славаян, қазіргі неміс, литва, орыс және басқа бірсыпыра славян тілдері.

 

    Си(3)б 30) Тіл білімінде тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпы да (синхрония), тарих (уақыт) бойында өзгеруі мен дамуы да (диахрония) зерттеледі. Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын, жүйесін зерттеу мен оның (тілдің) тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттеу, әрине, бір емес.

Тіл білімінің  тілдерді шығу тегі, тарихи дамуы және оларды салыстыру тұрғысынан зерттеудің нәтижесінде ғылым ретінде туып қалыптасқаны мәлім. Мұнымен бірге, нақтылы тілдің.белгілі бір дәуірдегі қалпын зерттеп, оның өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпына сипаттама беру қажеттілігі туды. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы көрнекті ғалым-лингвистер - И. А. Бодуэн де Куртенэ, Ф. Ф. Фортунатов, Ф. де Соссюр және басқалар тілдің белгілі бір дәуіріндегі қалпына сипаттама берудің теориялық алғашқы негізін жасап, сипаттама грамматиканың принциптерін белгіледі.

Сонымен, тілді  шығу және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тарихи тіл білімі мен тілді оның белгілі бір дәуіріндегі калпына сипаттама беру тұрғысынан қарастыратын сипаттама (описательное) немесе статикалық (И. А. Бодуэн де Куртенэнің терминологиясы бойынша) тіл білімі пайда болды. Осыдан тіл білімін синхрониялық лингвистика және диахрониялық лингвистика деп іштей бөлу идеясы келіп туды.

Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері