Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.

Работа состоит из  1 файл

durysy.docx

— 113.36 Кб (Скачать документ)

 

Ды(2)м 53) Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пйда болады да, құлаққа естіледі. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады. Дыбыс ырғағы, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.1) Дыбыс ырғағы. Дыбыс ырғағы уақыт мөлшернің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді.2)Дыбыс күші. Дыбыс күшінің дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады.3) Дыбыстың созылыңқылығы.  Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің саны мен қоса дыбыстың созыл уақытына байланысты.4) Дыбыс әуені. Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізігі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дірілдің өзі түрліше болады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері бар. Егер дірілдің саны уақыт единицасының бойында өзгермей, тұрақты болып қалса, ондай діріл ритмикалық діріл деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалық емес діріл деп аталады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон жасалып, пайда болады. Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады. Сонымен қорыта келгенде, Сөйлеу дыбыстарына қатысты мына жағдайларды ескеру қажет: а) сөйлеу дыбыстарының күші өкпеден шыққан ауа күшінің дамуы шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады. ә) сөйлеу дыбыстарының ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.б) дауыстылардың созылу қалпы дауыссыздардан басымырақ болады. в) дыбыс әуені сөйлеу кезіндегі ауыз қуысы мен мұрын қуысының көлемі және қалпына қарай айқындалады.

 

Ті(2)к 54) Тіл дыбыстарын және оладың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен  олардың әрқайсысының қвызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауы шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс,ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады. Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектіің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да үн шығады. Ауыз қуысындағы мүшелерінің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше – тіл.  Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, юірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады,тілдің  артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл артқы дыбыстары (қ,ғ,к,г) жасалады. Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о,ө,у,ұ,ү) жасалуынан да, дауыссыз дыбыстардың (м.п,б..) жасалуына да қатысы бар. Ерінінің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о,у,ө..) жасалса, екі еріннің өзара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м,б,п..) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль-денталь дыбыстар(ф,в) жасалады. Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі –бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке- дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өзара тығыз байланысты болады.  

 

Сө(1)б 55) Дыбысталу  жағынан алып қарағанда, сөйлеу жік-жігімен  айтылған дыбыс шумақтарының  тізбегінен құралады . Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап , кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудін фонетикалық единицалары ретінде қаралады. Олар мыналар: I)Фраза-ең ірі фонетикалық единица.Бір фраза екінші фразадан пауза арқылы ажыратылады.Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін 1-фразадан кейін  пауза жасайды. Пауза жасалғанда , дем ішке тартылады да, 2- фразаны айтқанда ,сыртқа шығады. Интонация – өте күрделі құбылыс. Оны құрайтындар мыналар: 1) Мелодика- дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсендеуі н/е бәсендеп барып қайта көтерілуі. 2) Сөйлеудін темпі. Темп сөйлеудің шапшан н/е баяу болуы дегенді білдіреді.3) Сөйлеудін үдемелілігі. Сөйлеудін үдемелілігі айтылудың күштілігі н/е әлсіздігі дегенді білдіреді.4) Сөйлеудін әуені. Сөйлеудін әуені айтылудың мақсатына қарай, «көңілді» н/е «ойнақы», «қапалы»н/е «қорқынышты» болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да дауыс әуені бар.    II. Такт. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Такт- фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі . Тіл –тілдегі атауыш сөздердің әрқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болып бөліне алады. Ал көмекші сөзддер бөлек екпінге ие бола алмайды. III Буын. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын 1 дыбыстан н/е бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буын құрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын құрайтын – дауысты дыбыстар. Дауыстылар жеке  тұрып та, дауыссызбен тіркесіп те буын құрайды.   Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазудағы буын саны сәйкес келуі шарт. Дыбыс құрылысы жағынан буын 3 түрге бөлінеді: ашық , тұйық ,бітеу буын.   Ашық буын- 1 ғана дауыстыдан болған н/е дауыссыздан басталып,дауыстыға біткен буын Тұйық буын-дауыстыдан басталып дауыссызға аяқталатын буын.Бітеу буын- ортасы дауысты болып , екі жағы да дауыссыз дыбыспен  тұйықталған буынДыбыс.  Буын дыбысқа бөлінеді . Дыбыс – ең кішкене фонетикалық единица .

 

Ле (3)е 56)Сөз құрамындағы  буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі, басқаларына  қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған орай, екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.

  • буынның біреуі басқа бындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыраылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

Динамикалық екпін  фонациялық ауаның қарқыны, буынның  күшімен байланысты болады да, басқа  буындардың ішінде бір буынның айрықшы көтеріңкі айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген тілдерге қарастырылған. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: славян тілдері, түкі тілдері, герман тілдері. Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса, жаңа грек тілінің екпіні – динамикалық екпін.

 

 

Ды(2)ү 57)Тіл дыбыстары ,әдетте жеке -дара  күйінде айтылмай , сөз ішінде н/е сөз аралығында бір-бірімен тіркесіп , өз ара тізбектелген түрде қолданылады.  Сөздердін құрамындағы дауысты дыбыстардын бір-бірімен өз ара  үндесіп айтылатыны сияқты , дауыссыз дыбыстарда  бір-біріне әсер етіп өз ара  үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда  бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.Түркі тілінде дауыстылардың үндесуі өз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін  жуан дауыстының келуі жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін  соған орай жіңішке дауысты дыбыстың келуі түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы   қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да  катаң дауыссыздан басталуы н/е ұяң дауыссызданкейін қосымшаның да   ұяң дауыссыздан басталуы дауыссыздардың    бір-біріне ықпал етіп үндесуі болып саналады .Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингармонизм деп аталады да,   дауыссыздардың  бір-біріне әсер етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.  Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп , өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде сингармонизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қараудың ешбір оғаштығы жоқ.Тіл-тілде сингармонизм мен ассимиляциядан басқа диссимиляция деп аталатын дыбыс өзгерістері бар.

 

Си(0) 58) Дауыстылардың  бір-бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Түркі тілінде  сингармонизм 2 түрде ұшырасады : 1) дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағына қарай ;2) еріннің қатысы жағынан бір- бірімен өз ара үндесіп айтылады. 1)Лингвальдық сингарманизм(енді синг/м). Тілдің қатысы жағынан сөз шінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар , не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.  Дауыстылардың бұлай үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады .  Түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп , өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады.  Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып , жуан түрде жалғанады лингвальдық сингармонизм Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса,  қосымшалардағы дауыстылар соған икемденіп , жіңішке түрде жалғанады Түркі тілінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы  2-3 буыннан құралғанда , ол буындардағы дыбыстар да өңкей жуан не бір жіңішке түрде келеді. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі дауыстының ыңғайына қарай жалғанады да, бірен –саран аффикстер үндесуден шет қалып , бір вариантта ғана ұшырасады.2) Ерін үндестігі н/е лабиальдық  синг/м .  Бастапқы буындағы ерін дауыстының  ыңғайына қарай  , соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрі ) ерін үндестігі н/е лабиальдық  синг/м деп аталады.  Ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілінде алдыңғы буынның ерін дауыстысының соңғы буынның н/е буындардың дауыстысына  еріндік болуы  жағынан  әсер етуі түрліше  болады.Түркі тілдерінің кейбіреулерінде  еріндіктің өзінен  кейінгі езулік  дауыстыларға әсері тек ашық дауыстылар  тарапынан болса,  кейде тек қысаң  еріндік дауыстылардың  тарапынан болады;Еріндік дауыстының әсері  буын санының  мөлшеріне қарайда ажыратылады.  Ерін үндестігі түркі тілдерінің ішінде қырғыз тілінде  өте күшті. Бұл тілде бас буында ерін дауыстысы келсе , соның ыңғайына қарай ,  соңғы буынға да еріндік дауысты келеді

 

Ас(0) 59) Сөз құрамында  немесе соз аралығында  көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өз ара үндесуі ассимиляция  деп аталады. Ассимиляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да , жартылай бағындыруы да мүмкін. Осыдан келіп ассимиляция толық ассимиляция ж/е  жартылай  ассимиляция деп екі түрге бөлінеді. Егер тетелес келген 2 дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп толық бағындырса бұл толық ассимиляция  деп аталады Толық ассимиляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты барлық жағынан –артикуляциялық орны ,артикуляциялық жолы , дауыс қатысы жағынан да  түгелдей икемдеп , онымен дәл өзіндей етіп үндеседі .Егер тетелес келген 2 дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей , бір жақты жартылай  ғана икемдесе, онда  ассимиляцияның мұндай түрі жартылай  ассимиляция деп аталады Көрші дыбыстардың бірінің екіншісіне ықпал ету бағытына қарай , ассимиляция2 түрге бөлінеді:  прогрессивтіассимиляция және регрессивті ассимиляция. Алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы прогрессивтіассимиляция деп аталады. Кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа ықпал етіп , оны өзіне бағындыруы регрессивті ассимиляция деп аталады

 

Аг(1)ф,60)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Сөз түбірі немесе сөз негізіне флекциялардың жалғану ерекшеліктеріне және олардың атқаратын қызметіне қарай, тіл-тілде екі түрлі құбылыс байқалады: оның бірі-агглютинация, екіншісі-фузия. Агглютинация-латын сөзі.Мағынасы-жалғану, қосылу, жапсырылу. Агглютинация дегеніміз-сөз түбіріне бір аффикстен соң екінші бір немесе бірнеше біркелкі тектес, бір ғана мағыналы аффикстің бірінен соң бірі жалғануы. Қазақ тілі- агглютинативті тіл.. Агглютинацияның бір ерекшелігі-бір аффикстен соң екінші аффикстердің бірінен соң бірі тізбектесіп жалғана беруі. Агглютинацияда ір категорияға тән аффикстер де ірінен соң бірі жалғана береді.Фузия- агглютинацияға қарама-қарсы құбылыс. Фузия-латынның fusio сөзінен алынған термин. Мағынасы-құю, еріп кету, бірігіп кету. Фузия дегеніміз- морфемалардың жымдасы бірігіп, құсылып кетуі. Соның нәтижесінде морфемалардың дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгеріске түседі; морфемалардың ара-жігі ажыратылмастай дәрежеге жетеді; фузия морфемалар жігін мүлдем көмескілендіріп жібереді. Фузиялы тілде бір жұрнақтың бір өзі екі бірдей қызмет атқарып, тұратын да болады.Біркелкі екі буын қатарласып келгенде , біреуінің түсіп қалуы да фузия құбылысына жатады.Агглютинация мен Фузия құбылыстарының басты айырмашылықтары мыналар:Флективті тілдерде аффикс сөз түбірі мен негізіне кірігіп, жымдасып алады. Согың нәтижесінде сөз негізі өзіне қосылған аффикс әсерімен айтарлықтай, өзгеріске түсуі мүмкін. Ал агглютинативті тілдерде сөз тңбірі мен аффикстердің ара-жігі ап-айқын болады; сөзге қосымша жалғанғанда, сөздің түбірі өзгеріске түспейді; үнемі бастапқы қалпын сақтап қалады.Флективті тілдерде флеция көп мағыналы болып келеді; бір флекция грамматикалық бірнеше мағынаның көрсеткіші бола алады. Ал агглютинативті формалардың әрқайсысы тек қана бір-ақ мағына білдіреді. Агглютинативті тілдерде флекция бір мағыналы болып келетіндіктен, бір мағына үстіне екінші бір жаңа бір мағына үстемелеу керек болса, сол мағынаның өз формасын қосу керек. Ал флективті тілдерде флексиялар полисемиялы болып келеді; бір аффикс өзінен бұрынғы бір аффиксті өзгертіп, өзінің де, өзі өзгерткен алғашқы аффикстің де мағыналары мен қызметтерін қосып алады. Агглютинативті тілдерде флексиялар біркелкі, стандартты болады.Айырмашылық сингармонизм заңына ғана байланысты болып келеді. флективті тілдерде сингармонизм құбылысы жоқ.Содықтан оларда бір ғана категорияның мәселен, бір ғана септіктің бірнеше формасы, варианты болады. Агглютинативті қазақ тілінде бірінен соң бірі қабаттаса қолданылған аффикстердің орналасу тәртібінің қатаң заңдылығы бар: бір сөз құрамында бірнеше аффикс қабаттасып келсе, алдымен көптік жалғауы, одан соң тәуелдік жалғауы, мұнан соң септік жалғауы, оның үстіне жіктік жалғауы жалғанады.

 

Гр(2)с 61) Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапа мен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды.Сөйлемдер, әдетте сөздердің түрленіп тіркесуінен жасалады.Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.Сонымен, грамматика дегеніміз- жеке тілдің морфологиялық формалар мен категорияларының, синтаксистік категориялар мен құрылымдарының, сөз тудыру тәсілдерінің жүйесі.Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала-морфология және синтаксистен құралады. Морфология- сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары және сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім. Ал синтаксис-сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.Ең кіші құрылымдық единицаны зерттейтін грамматиканың бір саласы. Тілдің грамматикалық құрылысын әр тұрғыдан-замандар бойында тарихи дамуы, қалыптасуы тұрғысынан немесе тілдің өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпы тұрғысынан-қарастыруға болады. Осыған орай грамматиканың бірнеше түрі болады. Тілдің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формалардың пайда болуы мен біртіндеп қалыптасып дамуын тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайтын грамматика тарихи грамматика деп аталады. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын қарастырып баяндайтын грамматика сипаттама грамматика немесе синхрониялық грамматика деп аталады. Туыстас тілдердің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен амал-тәсілдерді өз ара салыстыру тұрғысынан қарастыратын грамматика салыстырмалы грамматика деп аталады.

 

Сө(5)м 62) Сөздің морфологиялық  құрылымы туралы мәселе грамматиканың  маңызды мәселелерінің бірі. Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс  талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі  морфологиялық ұғымдарды алдын  ала айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема және аффикстік морфема деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да екі морфемадан да бірнеше морфемадан да құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады.Мағыналық тұрғыдан қарғанда, морфема сөздің ары қарай бқлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесінен құралады. Дыбыс-тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс-тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немесе көмекші морфема екендігін дәлелдей түседі. Сонымен, морфема дегеніміз-тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Морфемалар мағынасы жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар.Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталады да, грамматикалық мағыналарды білдіретін морфема аффикстік морфема деп аталады.Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің  морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі болып келеді.

Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері