Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат
Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.
Ды(7)р 39) Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Интонация мен мелодика деп аталатын құбылыс ырғаққа, атап айтқанда, сөйлеу процесінде ырғақтың өзгеруіне байланысты. Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы, яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады. Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына, ұзақ не қысқа болуына байланысты. Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалынады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күші жағынан негізгі тонмен арақатынасына байланысты болады. Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады.
Эк(0)д 40) Артикуляциялық жолына
қарай салдыр дауыссыздар (
Фр(0)д 41) Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив (фрикатив - латын тілінің fricatia – “үйкелу” деген сөзінен жасалған термин) дауыссыздар деп те аталады. Олар мвналар: в,ф,ғ,с,ш,х,з,ж,һ. Ызың дауыссыздардың айтылу ерекшелігін х дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты айтқанда, тіл мен таңдай нық жабыспай, тек бр біріне жуысады да, ауа сүзіліп ызыңмен шығады.
Ла(0)д 42) Қандай бір тіл болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі.Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөледі Ерін немесе лабиаль (лабиаль – латын тілінің labia – “ерін” деген мағынадағы сөзі бойынша жасалған термин) дауыссыздар астыңғы еріннің үстінгі ерінге немесе тіске тиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік немесе билабиаль (билабиаль - латын тілінің bi – “екі” және labia – “ерін” деген мағынадағы сөздердің бірігуінен жасалған термин) дауыссыздар жасалады. ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан еріндік-тіс немесе лабиоденталь (лабиоденталь - латын тілінен labia – “ерін” және dens(dentis) - “тіс” деген мағынадағы сөздердің бірігуінен жасалған термин) дауыссыздар жасалады. Мысалы: в,ф.
Аф(0) д
43 )Тіл тілде ызың дауыссыздар
мен шұғыл дауыссыздардың
Ла (0)д 44) Ерін немесе лабиаль (лабиаль – латын тілінің labia – “ерін” деген мағынадағы сөзі бойынша жасаоған термин) дауыссыздар астыңғы еріннің үстінгі ерінге немесе тіске тиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік немесе билабиаль (билабиаль - латын тілінің bi – “екі” және labia – “ерін” деген мағынадағы сөздердің бірігуінен жасалған термин) дауыссыздар жасалады. Мысалы: б,п,м. ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан еріндік-тіс немесе лабиоденталь (лабиоденталь - латын тілінен labia – “ерін” және dens(dentis) - “тіс” деген мағынадағы сөздердің бірігуінен жасалған термин) дауыссыздар жасалады. Мысалы: в,ф.
Би (0) д 45) Қандай бір тіл болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мінездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтар да, артикулияциялық жақтан да көптеген жайларды есепке алуды қажет етеді.Дауыссыздар артикуляциялық орнынақарай мынадай топтарға бөледі; Ерін немесе лабиаль (лабиаль – латын тілінің labia – “ерін” деген мағынадағы сөзі бойынша жасаоған термин) дауыссыздар астыңғы еріннің үстінгі ерінге немесе тіске тиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік немесе билабиаль(билабиаль - латын тілінің bi – “екі” және labia – “ерін” деген мағынадағы сөздердің бірігуінен жасалған термин) дауыссыздар жасалады.
.
Жы(0)е 46) Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі, басқаларына қараанда, айқынырақ ажыратылып,көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетке, екпін түскен буын ие болады. Осыған орай, екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Кейбір тілдерде, мысалы, орыс тілінде, екпін сөздердің әр буынына-алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да- түсе береді. Екпін арнауы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, онда екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін - жылжымалы екпін. Бірде екпін сөздің семантикалыө жігін ажыратса, бірде грамматикалыө жігір ажыратып тұрады.
Ан(1)қ) 47 Сөз басында кездесетін фонетикалық құбылыстардың бірі анлаутқа байланысты процестер деп аталады. Анлаут – неміс сөзі. Мағынасы – сөз басындағы дыбыстық өзгерістер. Анлаутқа байланысты құбылыстар қатарына жататындар , негізінен, протеза, эпитеза, аферезис т.б. Протеза – сөз ішіндегі дыбыстар құрамына жаңадан бір дыбыстың сһз басына белгілі бірдауысты дыбыстың қосылып айтылуы. Қазақ тілінде протеза көбінесе кірмесөздер мен ауыз екі сөйлеу тілінде көбірек ұшырасады.Сөз басында кездесетін протезаға жақын екінші бір құбылыс – эпитеза. Эпитеза – грек сөзі. қазақша – «қосып айту». Протеза сияқты, эпентеза – сөз ішіндегі буын құрамына байланысты фонетикалық, яғни дыбыстық өзгерістердің бірі. Эпентеза – қосу, кіріктіру деген сөз. Эпентеза – белгілі бір морфонологиялық немесе фонетикалық шарттарға сәйкес, сөздің бастапқы формасында жоқ бірер дыбыстің қосылып, кіріктірілуі.Анлауттағы кездесетін фонетикалық құбылыстардың енді бірі – аферезис. Бұл – өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс ісерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы. Қазақ тілінде аферезис не есімдігіне қатыстытіркестерде кездеседі.
Ау(1)қ 48) Ауслаут
сөз соңындағы дыбыстық элементтердің,
яғни сөз құрамындағы соңғы
Ин(1)қ 49) Сөз
ортасында кездесетін фонетикалық
құбылыс инлауттық позиция
Ал(4)е 50) Әдетте, сөз
құрамында айтылатын тіл
Сө(3)б 51) Сөз- өте күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі-сөздің дыбысталу жағы, екіншісі-сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу сөздің материалдық жағын құрастырса, мағына сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица. Сөз тіл білімінің барлық саласында негізгі зерттеу нысаны болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласын сөзді әр қырынан зерттейді. Фонетиканың ең кіші элементі болып саналады. Фонема болсын, грамматиканың ең кіші бірлігі болып саналады. Морфология болсын сөз бойынан табылады. Алайда сөз болу үшін дыбыстың грамматикалық формалары болуы жеткіліксіз. Осы аталған белгілермен қатар сөз мағынаға ие болуы қажет. 1) Сөз белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігінен тұрады. Сөздің дыбыстық құрылымының бірлігі тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жасалады. 2) Сөздің дыбысталудан басқа жағы да бар: ол-мағына. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Мағынаны білдіру жағынан сөз фонемадан ажыратылады. Фонема мағына білдіре алмайды. 3) Белгілі бір тілдегі сөздер, сол тілдің грамматикалық тұлғаларына бағынады. 4) Сөз біртұтас, оған ешқашан басқа бір дыбыстарды енгізе алмаймыз. 5) Барлық сөздер белгілі-бір сөз табына тиесілі. 6) Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған тұтас единица ретінде жұмсалады. Ол даяр күйінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамында қолданылады. Сонымен, сөз тілдегі басқа единицалардан осы белгілері бойынша ажыратылады.
Ті(3)ә 52) Тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің барысында XIX ғасырдың басында салыстырмалы-тарихи тіл білімі пайда болды. Лингвистер XIX ғасырға дейін де әр түрлі тілдердің белгілі-бір ұқсастығына, бірлігіне назар аударды, бірақ олар сәйкестілік пен айырмашылықтарды айқындаудың жолдарын салыстыра зерттеудің тәсілдері мен мақсатын көрсете алмады. Осыдан тілдердің бір тектестігін айқындаудың, оларды салыстыра жіәне тарихи тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі келіп туды. Орайынша, тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи методы да осылай пайда болды. Бұл метод туыстас тілдердегі материалдарды өзара бір-бірімен салыстыра зерттеуге негізделгендіктен салыстырмалы деп аталады да, тілдегі құбылыстарды оладың өзгеруі, тарихи даму тұрғысынан қарастыратындықтан тарихи деп аталады. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс тілдердің деректерін салыстыра келіп, ол тілдердегі ортақ, біртектес элементтерді, ондай бірліктің шығу негізін және ортақ формалар мен грамматикалық категорияладың ары қарай дамуы мен өзгеру ерекшеліктерін айқындауды көздейді. Сонымен, тілдердің генеалогиялық бірлігі, генеалогиялық байланысы салыстырмалы-тарихи методтың қарастыратын негізгі объектісі болып саналады. 1) Ең алдымен салыстырмалы-тарихи метод тілдердің адам баласы тілінің шығу процесінен бастап түрлі-түрлі болу фактісіне, яғни сол кездің өзінде әр түрлі тілдердің өзіне сай әр түрлі сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді. Демек, салыстырмалы-тарихи метод ең алғаш жасалынған көптеген тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі лексикалық атаулармен аталғанын, біркелкі грамматикалық тәсілдермен берілгенін негіз етіп, соған сүйенеді. 2) Тілдердің туыстас тілдер саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикасында мағыналар жағынан біркелкі немесе өз ара ұқсас, дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөздерлің болуы шарт. 3) Тілдердің өзара туыстас тілдер деп танылуы үшін ол тілдердің лексикалық жағынан біртектес, өз ара ұқсас болуы, әрине, қажетті және басты шарттардың бірі. Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз. Әр түрлі тілдердің бір-бірімен туыстас тілдер деп саналуы үшін, олардың лексикасындағы төл сөздер жағынан ғана емес, мұнымен бірге грамматикалық құрылысы жағынан да жақын біртектес болып келуі шарт. 4) Тілдердің туыстастығын айқындауда және олардың тарихи даму жолдарын танып білуде туыстас тілдердегі дыбыстардың сәйкестілігін есепке алудың үлкен мәні бар. Саластырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің арасындағы дыбыс сәйкестілігін есепке алады. Сонымен, тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеу өзінің алдына, негізінен алғанда, мынадай міндеттерді қояды. 1) Негізгі тілден бастап, туыстас тілдердегі ортақ категорияладың даму заңдылықтарын ашып айқындау; 2) бұл дамудың ортақ, жалпы бағытын таба білу; 3) негіз тілдің түпкі құрылымының туыстас тілдердің ары қарай дамуына тигізетін әсерінің сипатын белгілеу;4) тілдің белгілі бір элементтерін тұрақты, басқа бір элементтерінің өзгеріске бейімділігінің себептері мен жайларын айқындау; 5) әр түрлі туыстас тілдердегі өзгерістердің біркелкі болмауының себептерін белгілеп айқындау.
Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері