Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.

Работа состоит из  1 файл

durysy.docx

— 113.36 Кб (Скачать документ)

 

 

Мо(0)т 73) Монғол тілдерінің құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі ( жазуы бұрын монғол алфавитіне, ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген;Монғол халық Республикасында), бурят тілі (Бурят автономиялы республикасында, Иркут облысы мен Чита облысында, Монғолия мен Қытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген; Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахан, Ростов, Волгоград облыстары мен Сиаврополь өлкесінде, Қытайда).

 

Тұ(1)т 74) Тунгус-маньчжур тілдері екі топқа бөлінеді: 1)  Тунгус тобы және оған енетін тілдер: эвенк тілі (Краснояр өлкесінің Эвенк ұлттық округі, Бурят, Якут республикаларында, Иркут, Чита, Томск облыстарында, Хабаровск өлкесі мен Сахалин аралында), эвен тілі (Магадан, Камчат облыстарында, Чукот ұлттық округінде, Хабаровск өлкесінде, Якут автономиялы республикасының солтүстік-шығыс аудандарында); 2) Маньчжур тобы және оған енетін тілдер: нанай тілі (Хабаровск өлкесі мен Приморье өлкесінде), ульч тілі (Хабаровск өлкесінің Ульч ауданындағы этникалық топтың тілі), орок тілі ( саны 400 адам; Сахалин аралында), орочи тілі (Хабаровск өлкесінде), удэгей (немесе удэй) тілі (Хабаровск өлкесі мен Приморье өлкесінде)

 

Қы(1)т 75) Бұл тілдердің екі тобы бар. 1. Тай-қытай тобына қытай тілі (ҚХР-да,Тайланд,Малайзия,Индонезия,Сингапур,Бирма,Филиппин,Корея,Жапония,Вьетнам,Лаос,АҚШ,Канада,Мексика,КСРО,Ұлыбритания т.б),дүнген тілі(Қытайда,Қазақстан мен Қырғызстанда),тай тілі(Тайланд),лаос тілі(Лаос,Тайланд,Камбоджа,Бирма),чжуан тілі(Қытайда),вьетнам тілі(Вьетнам,Камбоджа) жатады. 2. Тибет-бирма тобына тибет тілі(Қытайда),бирма тілі(Бирмада).Туыстас тілдердің ешбір тобына енбейтін жеке дара тұратын тілдер жапон және корей тілі.Тілдердің жоғарыда аталған топтарынан басқа да бірнеше топтары (немесе семьялары) бар.Мысалы,малайя-полинезей,дравит тілдері,аустро-азиялық тілдер,аустралиялық тілдер,африка тілдері,палео-африкан тілдері,полео-азият тілдері,солт. Америка тілдері леп аталатын тілдер бар.

 

Ті(2)а 76) Тубірге (немесе негізге) аффикстер жалғау арқылы грамматикалық  мағынаның  берілу тәсілі аффиксация тәсілі леп аталады.Аффиксация тәсілі-грамматикалық тәсілдердің ішінде ең кең тарған тәсіл болып табылады.Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде өте-мөте жиі тараған.Аффиксация тәсілі түрлі тілдерде деривациялық мағынаны да реляциялық мағынаны да білдіреді.Демек,аффиксация тәсілі грамматикалыұ мағынаны білдіру үшін жұрнақтарды да жалғауларды да пайдаланады.Грамматикалық мағынаның бір түрі-деривациялық мағына жұрнақтар арқылы берілсе,екінші түрі реляциялық мағына жалғаулар арқылы беріледі. Аглюнативті тілдерде сөз аглютинация принципі бойынша құралады да түбірге аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді.Орыс тілінде аффикстер сөздің негізінде жалғанады да ол негіз аффикстерсіз қолданылмайды.Түбір мен аффикстердің жымдаса,кіріге қосылуы аффикстердің көп мағыналы бола алуы және олардың жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеру құбылысы фузия деп аталса,түбір мен аффикстердің жай жалғаса қосылуы олардың ара-жігінің аңғарылып тұруы аффикстердің жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгермеу құбылысы аглютинация деп аталады.Фузия үнді-европа тілдеріне тән де аглютинация түркі тілдері,моңғол тілдері және фин-угор тілдеріне тән.

 

Ті(4)т 77 )Грамматикалық  мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі-ішкі флекция тәсілі.Ішкі флекция  тәсілі дегеніміз-түбірдің дыбыстық құрамының  өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру.Бұл тәсіл барлық тілдерге емес  тілдердің  кейбір тобына тән тәсіл. Мысалы,түркі тілдері мен фин угор тілдерінде грамматикалық мағынаны білдірудің флекция тәсілі жоқ. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб,еврей және т.б тілдер)тән тәсіл болып табылады.Ішкі  флексия    герман  тілдерінде де   кездеседі . Неміс  тілінде   етістіктен  өткен  шақ  тудыру  үшін   ішкі  флекция   тәсілі   қолданылады. ОРыс  тілінде  флекция   көбінесе  бір видті   екінші   видтен  ажыратудың   тәсілі   ретінде   қолданылады. Тіл білімінде     кейбір   тілдерге   қатысты   флетивті  тілдер  деген терминің   қолданылуы    ол  тілдерге  флекция   тәсілінің тән болуына   негізделеді    бірақ ондай   тілдерде   тек   флексия    тәсілі    ғана   емес ,  онымен  бірге   аффиксация   тәсілі   және   басқа   тәсілдерде   қолданылады.

 

Ті(4)т 78)  Сөздердің  сөйлемдегі    орын   тәртібі    олардың    сөйлемнің   қай   мүшесі    екенін   айқындайды.Бұл    тәсіл    мұнымен   бірге    грамматикалық   мағыналарды   білдіруде    мәнерлеуші     тәсіл    ретінде  де қызмет   атқарады. Сөз   түрлендіруші    формалары     жоқ    немесе     өте  аз   тілдерде    сөздердің    орын    тәртібінің    мәні     айрықша.   Қытай    тілі   мен  ағылшын   тілінде    сөздердің   орын    тәртібі     граммматикалық    тәсілдердің    ішіндегі     басты    тәсілдердің   бірі    ретінде   қызмет   атқарады.  Түркі   тілдерінде   кейде   сөздердің   орын   тәртібі    жалғаусыз   байланысқан   анықтауыш    сөз   бен   анықталғыш   сөздің    жігін   ажыратуға    көмектеседі. Түркі   тілдерінде   жалғаусыз  байланысқан   сөздердің орны   тұрақты   болады да  бір   орыннан екінші  орынға  жылжи бермейді.Ал жалғаулар   арқылы   қиысы матаса   меңгере байланысқан сөздердің орны  тұрақсыз   жылжымалы болғанмен   олар  граммматикалық  мағынаға  әсер етпей   көбіне  стилдік   қызмет   атқарады.сөйлемдегі  сөздердің   қалыпты  орнын  ауыстырып   айтудан яғни   инверсия  жасаудан сөйлем   мүшелерінің табиғаты   өзгермейді.

 

Ті(4)и 79) Екпін  тиянақсыз,жылжымалы болғанымен ол да грамматикалық тәсіл ретінде  қызмет атқара алады.Ал орыс тілінде екпін жылжымалы,әрі буынға түсу арқылы сөздің мағынасы мен  шегін ажыратуда маңызды рөл атқарады.Осылайша екпіннің бір буыннан екініші буынға жылжуы сөздііңәр түрлі грамматикалық формаларын ажыратудың да құралы ретінде пайдаланылады.Түркі тілдерінде соның ішінде акцентуаци қазақ тілінде кейбір аффикстер екпінді өз бойына тартпайды,ал осы аффикстермен формасы бірдей аффикстер екпінді өз бойына таратады да акцентуациялық жақтан сол екпін арқылы ажыратылады. Алайда түркі тілдерінде екпін сөздің мағынасы мен грамматикалық формасын  ажыратарлықтай толық мәндегі грамматикалық тәсіл емес.Бұл-түркі тілдеріндегі  екпіннің тұрақтылығымен байланысты. Екпін сөзге қатысты болса, интонация фразаға соның нәтижесінде  грамматикалық тұрғыдан сөйлемге, сөйлемнің құрылысына , айтылу сазына қатысты болады. Интонация арқылы сұраулы сөйлемді байымдау мағынасындағы  сөйлемді күдіктену мағынасын білдіретін сөйлемнен таңдау білдіретін ажыратуға көмектеседі.Сөйлемде белгілі бір сөзге айырықша назар аударылып айтылумен қатар ол сөзге ой екпіні түседі.Мұндай екпін әр сөзге түсуіне қарай сөйлем де ір түрлі мағынаға ие болуы мүмкін.Интонацияның әсіресе грамматикалық қатынастар синтаксистік тәсіл арқылы берілетін тілдерде ,мысалы,қытай тілінде өте-мөте үлкен мәні бар.Сонымен грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі болады.Екі топқа бөлуге болады;біріншісі-синтетикалық, екіншісі-аналитикалық деп аталады. Бұл екеуі мынадан ажыратылады; синтетикалық тәсіл сөз ішінде  болады да,аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.Синтетикалық тәсіл аффиксация,ішкі флекция,екпін,қосарлану тәсілдерін қамтыса,аналитикалық тәсіл көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдерін қамтиды.Кейбір тілдерде аффиксация, ішкі флексия тәсілдері жиі қолданылса, қайсыбір тілде көмекші сөздер тәсілі мен сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілі жиі қолданылады.

 

Ті(1)гк 80) Тілдердің  генеологиялық классификациясы  салыстырмалы- тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүниежүзіндегі тілдері олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әртүрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп топтастырады. Туыстас тілдердің топтарына қатысты «семья» деген термин биологиялық ұғымды білдірмейді. Семья деген термин тілге қатысты қолданылғанда, шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Түркі тілдері өзара туыстас тілдер дегеннен, олардың жалпы түркілік бір негізден шыққандығын аңғарамыз. Роман тілдері (француз, испан, итальян, португал, румын тілдері т.б.) өзара туыстас тілдер, олар бір негізден – латын тілінен шыққан. Тіл биологиялық құбылыс емес, қоғамдық – тарихи құбылыс. Тілдердің туыстастығы туралы ұғымды тарихи және лингвистикалық ұғым деп түсіну ең дұрыс түсінік болмақ.

    Тілдердің  туыстығы, өзара жақындық  дәрежесі  әртүрлі болады. Туыстас тілдердің  кейбіреулері бір-бірімен өзара өте жақын да болуы мүмкін, қайсыбіреулері бір-бірмен алшағырақ туыстас қатынаста болуы да мүмкін. Мысалы, тілдердің индоевропа семьясына көптеген тілдер, соның ішінде орыс, белорусь, украин, поляк, чех болгар, неміс, француз, ағылшын, испан, фарсы, швед және де басқа тілдер енеді. Бұл тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындығы, олардың грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және фонетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі біркелкі емес. Индоевропа тілдері өз ішінде славян тілдері, роман тілдері, герман тілдері, индия тілдері, иран тілдері деп аталатын топтарға бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің өзара жақындық, ұқсастық жақтары әртүрлі топтарға енетін тілдердің ұқсастық, жақындық жақтарына қарағанда басым және мол болады. Мысалы, орыс тілі мен фарсы тілінің немесе орыс тілі мен француз тілінің жақындық, ұқсастық жақтарына қарағанда, орыс, украин, болерус тілдерінің    өзара жақындық, ұқсастық жақтары әлдеқайда мол.  Аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлінеді. Шығыс славян тобына орыс тілі мен батыс славян тілінің тобына енетін поляк тілінің өзара ортақ белгілеріне қарағанда, бір ғана кіші топ – батыс славян тобына енетін чех, словак, поляк тілдерінің жақыныдық жақтары мен өзара ортақ белгілері көп.  Сонымен, туыстас тілдердің бір-бірімен арақатысы бірдей болмайды. Туыстас тілдердің ішінде грамматикалық құрылысы мен негізгі қоры және фонетикалық жүйесі жағынан бір-біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де, керісінше, айырым жақтары  молырақ, демек ортақ белгілері  азырақ тілдер де болады.

  Генеологиялық  классификация бойынша дүние  жүзіндегі тілдер тіл білімінде былайша топтастырылады:

1.Үндіевропа тілдері. 2.Семит-хамит тілдері. 3.Кавказ тілдері.  4. Фин-угор тілдері. 5.Түркі тілдері. 6. Моңғол тілдері. 7. Тунгус-маньчжур  тілдері. 8.Қытай-тибет тілдері.  

.  

 

Ті(1)тк 81)Құрылымдық ұқсастық бір негізден  тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге әр басқа негізден тараған тілдердің, яғни генеологиялық жағынан әрбасқа тілдердің арасында да болуы да мүмкін. Мұның үстіне, туыстас тілдердің арасында да құрылымдық жағынан еелулі айырмашылықтардың болуы әбден ықтимал. Ал туыстас тілдердің арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды салыстырмалы-тарихи тіл білімі тұрғысынан түсіндіру әрқашан мүмкін бола бермейді.  Мұндай ұқсастық пен айырмашылықты айқындау, олардың себептерін зерттеу және тілдердің құрылымдық типтерін белгілеу барысында тіл білімінде оның бір саласы – лингвистикалық типология пайда болды. Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын олардың (тілдердің) туыстыңына байланыссыз зерттейді.

  Лингвистикалық  типология тілдердің типтерін  айқындауды мақсат етеді.    Тілдердің типологиялық жайындағы  шолуды жинақтап келгенде,тілдерді типологиялық тұрғыдан мынадай типтерге ажыратуға болады:

Даралаушы тип. Даралаушы  тілдердің қатарына вьетнам,қытай,тибет т.б.енеді. даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді,сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық айқын емес. Сөздік құрамында бір буынды омонимді сөздер өте мол,олар бір бірінен музыкальді екпін арқылы ажыратылады.

Полисинтетикалық  типке амеркандық индеецтердің тілдері,палеозит тілдері жатады. Бұл тілді кейде инкорпативті тілдер деп те атайды. Флективті мен аглют.тілдерде не түбір тілдерде сөйлеммен айтылғандар полисинтетикалық тілдерде бір сөзбен де беріле алады.

Аглютинативті типке  түркі тілдері,монгол фин угор тілдері жатады. Аглют тип грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі,тілдердің бұл түрінде аффикстердің әрқайсысы көбінесе бір ғана грам мағынаны білдіреді де,олар бірінің үстіне бірі жалғана береді.

Флективті типке  орыс,неміс,араб т.б. енеді,флексиямен бірге сыртқы флексия қолданылады,яғни флективтілдер грамматикалық мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да афиксация тәсілі арқылы да беріледі.

 

Да(0)т 82) Даралаушы  тілдердің қатарына вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя-полинезей тілдері  және Батыс Африканың тілдері  енеді. Даралаушы тілдерде сөздер түрлене  бермейді, сөз таптарының формалық жақтан ашық-айқын емес.  Сөздік құрамында бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тәсілдердің ішінде қабысу негізгі тәсіл ретінде қызмет атқарады, қиысу тәсілі ұшырамайды. Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орны тәртібі, көмекші сөздер және интонация арқылы беріледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде біріктіру тәсілі қолданылады.

 

По(0)т 83)  Полисинтетикалық тілдердің қатарына америкалық индеецтердің тілдері, полеозиат  тілдері (ительмен тілі, чукот тілі, коряк тулу, нивх тілі, юкагир тілі және т.б.) жатады. Полисинтетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады. Флективті тілдер мен агглютинативті тілдерде немесе түбір тілдерде сөйлеммен айтылатындар полисинтетикалық  тілдерде біз сөзбен де беріле алады. Мысалы, чукот тілінде ты- ата-каа-нмы-ркын деген сөз «мен семіз бұғыларды өлтіремін» дегенді білдіреді. Мұның құрамында ты – бірінші жақтың көрсеткіші, ркын – етістіктің жұрнағы, ал басқа сыңарлары есім түбірлер.

 

Аг/тип   84)  Агглютинативті   тілдерде,   мысалы,   түркі   тілдерінде   сөз агглютинация  (Агглютинация - латын  тілінің  аgglutinatio, «жапсырылу», «желімдеу» деген сөзінен жасалған термин; «жалғамалы» деген мағынаны білдіреді) принципі бойынша құралады да, түбірге аффикстер бірінің үстінен бірі жалғана береді. Түркі тілдерінде аффикстер түбірге (немесе негізге) жалғанғанда, өз бетінше емес, белгілі бір тәртіп, заңдылық бойынша жалғанады. Түркі тілдерінде сөздердің   құрамындағы    аффикстердің    орналасуының белгілі бір жүйесі бар екендігін есепке  алмасқа болмайды. Бір сөздің құрамында бірнеше аффикс   қабаттасып   келгенде, түбірге алдымен жұрнақтар, олардан кейін жалғаулар жалғанады. Сөз құрамында бірнеше жалғау қабаттасып келсе, алдымен көптік жалғауы, одан   соң тәуелдік жалғауы, мұнан соң сегітік жалғауы, оның үстіне жіктік жалғауы   жалғанады. Қазақ тілі - агглютинативті тіл. Мысалы,    ауылдарыңызданбыз    деген    сөздің     құрамындағы ауыл - түбір   де,  -дар - көптік    жалғауы,    -ыңыз - тәуелдік жалғауы, -дан-шығыс септік    жалғауы, -быз — жіктік    жалғауы. Түркі тілдерінде жалғаулардың осы тәртіппен (жүйемен) жалғануы, негізінен алғанда, сақталады. Аффикстердің белгілі бір тәртіп бойынша жалғануы грамматикадағы   жүйелі   қатынастарға негізделеді. Жүйелі қатынас, қалыптасқан заңдылық түбірге (немесе негізге)  аффикстердің   жалғануын да    белгілі жүйеге келтіреді. Демек, күллі тілдерде, оның ішінде түркі тілдерінде, аффикстердің түбірге (немесе негізге)    жалғануы өз бетінше болмай, белгілі бір заңдылықтарға, жүйелі   қатынастарға бағынады.

 

Фл(0) т 85)  Флетивті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі және т.б. тілдер енеді. Флективті тілдерде ішкі флекциямен бірге  сыртқы флекция да қолданылады. Екінші сөзбен айтқанда, флективті тілдерде грамматикалық мағыналар ішкі флекция тәсілі арқылы да аффиксация тәсілі арқылы да беріледі. Агглютинаивті тілдерді сөз құрамында аффикстердің әрқайсысы көбінеесе дара мағыналы болып, бір ғана қызмет атқарса, , флективті тілдерде бір аффикс бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп, әртүрлә қызмет атқарады.Мұнымен бірге  флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, осымен байланысты көптеген сөздер аффикссіз дербес қолданыла алмайды. Агглютинативті тілдерде аффикстер түбірге жалғанып, негізгі морфемадан кейінгі орынға ие болса,  флективті тілдерде аффикстер префикс, суффикс, инфикс болып бөлінуіне қарай және соған сай сөз құрамында әртүрлә орынға ие болады.

Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері