Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат
Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.
Синхрония тілдегі құбылыстарды белгілі бір дәуірдегі қалпы, яғни Ф. де Соссюрдің терминологиясы бойынша, «бір мезгілдің білігіне» («ось одновременности») қатысы тұрғысынан карастыру дегенді білдірсе, диахрония әр түрлі дәуірде бірінен кейін бірі келетін бір ізділік, яғни тілдегі құбылыстарды әр түрлі кездегі «бір ізділіктің білігі» («ось последовательности») ретінде қарастыру дегенді білдіреді. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады да, диахрония бойынша уақыт бойындағы өзгерістер қарастырылады.
Қорыта айтқанда, тілдегі құбылыстардың шығу тегін, өзгеруі мен тарихи дамуын білу оның қазіргі қалпын, қыр-сырын жете танып білуге көмектеседі.
Жа(2)ф
31) Фонетика ғылым ретінде
жалпы фонетика және жеке
Фо(1)ф 32) Фонетика. Тіліміз әр түрлі дыбыстың үзіктерден құралады. Сөйлеудің дыбыстың үзіктерінің ең қысқасы - дыбыстық единица, яғни дыбыс. Дыбыстардан буын құралады. Буындарды, дыбыстарды айтудың тактысы, яғни сөйлеу тактысы болады. Сөз ішіндегі дыбыстар (фонемалар) - тілдің материалдық бөлшегі. Дыбыстардың сөз ішінде тіркесуінде белгілі бір заңдылықтар, сәйкестіктер болады. Фонетика тіл дыбыстарына қатысты осындай ерекшеліктерді тексереді. Дәлірек айтсақ, фонетика - тіл дыбыстары, яғни фонемалар туралы, тіл-тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар туралы ілім.
Тіл дыбыстары - күрделі құбылыс. Өйткені әр дыбысқа тән басты үш ерекшелік (қасиет) болады: бірі - дыбыстың акустикалық (физикалық) ерекшелігі, екіншісі - дыбыстың физиологиялық (анатомиялық) ерекшелігі, үшіншісі - дыбыстың қоғамдық (яғни әлеуметтік) ерекшелігі. Бұл үш ерекшелік әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей, әр дыбысты айтқанда, қолданғанда, бір мезетте болатын (бірі ерте, бірі кеш пайда болмайтын) қасиеттер. Сондықтан тіл дыбыстарын сипаттағанда, оған әрі физик, әрі физиолог, әрі лингвист тұрғысынан қарауға тура келеді.
Осыған орай. фонетиканы - тіл дыбыстарын зерттейтін ілімді үш салаға бөледі: функционалды фонетика, артикуляторлы фонетика, акустикалық фонетика. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Мұның ішінде лингвистиканың басты объектісі - тілдің қоғамдық, яғни әлеуметтік жағы. Бұл - функионалды фонетиканың объектісі. Функционалды фонетика тіл дыбыстарының адамдардың қатынас жасау процесіндегі әлеуметтік жақтарын, қалпын зерттеп, тексереді. Дыбыстың әлеуметтік (қоғамдық) мәні айрықша. Дыбыстардың өзіне тән белгілері сол тілде сөйлеушілердің тарихи-қоғамдық тәжірибесіне, ұзақ замандар бойы қалыптастырған дәстүрлеріне байланысты болып келеді. Өйткені бір тілде сөйлеушілердің қоғамдық дағдылары сол тілдегі дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін және акустикалық жақтарын айқындайды. Артикуляторлы фонетика тіл дыбыстарының жасалу жолдарын - физиологиясын тексереді; акустикалық фонетика дыбыстардың физикалық сипаты мен ерекшелігін қарастырады. Бұл екеуін, яғни, дыбыстардың акустикалық және физиологиялық жағын қарастыру лингвистика үшін аса маңызды. Өйткені бұлар тіл дыбыстарының қоғамдық, әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Дыбыстардың акустикалық белгілері - сол дыбысты тыңдаушы, қабылдаушы, айқындаушы үшін танылатын белгілер; дыбыстардың анатомия-физиология белгілері - сол дыбыстарды айтушы тұрғысынан танылатын белгілер.
Тілдегі сөздер бір-бірінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және т. б. формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп, бір-бірінен сөздерді ғана емес, сонымен бірге, сөздің формаларын және морфемаларды ажырататындығын көреміз.
Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.
Фонема дегеніміз де - тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да - тілдід материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пән емес, тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі түрлі жағы (аспектісі). Сонымен, фонема деген ұғым сөз мағынасын, сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғыммен байланыстырылады.
Фонема дегеннің
ұғымы мен тіл дыбыстары
Фонология - тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы. Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:
Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.
Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.
Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.
Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.
Ди(1)д 33) Дифтонгтар-дауыстылардың айрықша бір түрі. Дифтонг деген термин екі дауысты деген мағынаны білдіреді. Оның артикуляциясы да күрделі болып келеді. Әр бір дифтонг дауысты дыбыстың элементімен аяқталады да, екі дауыстының тіркесінен құралады. Сөйлеу процесінде екі дауыстының түйіскен жерінде дифтонгты тіркес жасалады. Дифтонгтардың фонологиялығы туралы мәселе күрделі мәселе болып табылады.Кейбір дауыстылардың түгелдей болмаса да, белгілі дәрежеде дифтонгты сипаты болады.Ол сипат мынадан көрінеді:дауыстының алдында немесе соңында артикуляциясы жағынан өзіне ұқсас басқа да бір элементі болады. М.И. Матусевич орыс тіліндегі дифтонгоиттар жайында былай деп жазған: «Белгілі дәрежеде дифтонгты сипаты бар дыбыстар дауыстылардың айрықша категориясын жасайды. Олардың мәнісі мынада: дауысты өзінің алдында (немесе соңында) басқа дауыстының, артикуляциялық жағынан әдетте өзіне ұқсас дауыстының дыбысталуына әр текті сипат береді, бірақ ол әлі де болса дифтонгтық ұғым тудыра алмайды.
Ди(0) 34) Диссимиляция бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр басқа дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі диссимиляция деп аталады. Нәтижесіне қарағанда, диссимилядия-ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ассимиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара өте жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өз ара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, февраръ (латынша fеbгuагіus) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы - осы аталған диссимиляция құбылысының нәтижесі.
Түркі тілдеріндегі диссимиляция құбылысын аффикстердегі л, н дыбыстарының өзгеруінен көруге болады. Мысалы, қазақ, қырғыз тілдерінде л дыбысына аяқталған сөзге аффикстер де л дыбысынан басталып жалғануға тиісті болғанымен, ол өзгеріп, д дыбысына айналады. Мысалы: қазақша ауыл-лар-ауылдар, қырғызша айыллар-айылдар. Қырғызша айыл, қазақша ауыл деген үнді дыбысқа аяқталған сөзге табыс септігі үнді н дыбысынан басталып жалғануға (-ны) тиісті бола тұрса да, ол өзгеріп, ұяң -д дыбысынан басталады қырғызша айыл-ны-айылды, қазақша ауыл-ны-ауылды. Шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция құбылысының нәтижесі.
Қандай бір тілде болсын, диссимиляция құбылысы, ассимиляция құбылысына қарағанда, анағұрлым сирек ұшырасады.
Тұ(0)е
35) Сөз құрамындағы буындардың
айтылуы біркелкі бола
Ом (1)о 36) Омонимия құбылысын
кең мағынада қарастырғанда
а) біркелкі айтылып, бірақ түрліше жазылатын сөздер омофондар деп аталады. мысалы:
асшы - ас даярлаайтын адам
ащы-қарсымағынасы тұщы. Екеуінің де айтылуы ашшы
ә) біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылаын сөздер омографтар деп аталады. Мысалы, бөлме - үйдің бөлегі - бөлме "бөл" деген етістіктің болымыз түрі; тартпа ("столдың қағаз салатын жәшігі") - тартпа ("тарт" деген етістіктің болымсыз түрі). Жұп-жұбымен келген осы тәріздес омографтардың сыңарлары айтылуда екпін арқылы ажыратылады. Екпін бұлардың зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі.
Омофондар да, омографтар да таза омонимдер емес, өйткені олардың біреуі айтылуда бір бірінен ажыратылып шектелсе, екіншісі жазылу жағынан бір-бірінен сараланып шектеледі. Таза омонимдердің қатарына жазылу жағынан да , айтылу жағынан да біркелкі болып мағынасы жағынан ажыратылатын сөздер енеді.
Ал(1)o 37) Әдетте сөз құрамында
Ле(4)с
38) Лексикология сөзді және
Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері