Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:54, курс лекций
Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.
Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.
Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, қуыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және организмнің секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта организмнен сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада тұрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол организмді химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл организмдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сақтайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқан безі (щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы организмдегі алмасу процесін реттейді.
Шығу тегі және атқаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және атқаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады.
1. Эпителий ішек аралық ұлпа сондықтан организмді сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұрады және ол орталармен қарым-қатынаста болады. Организмнің ішкі бетін жабынды эпителий қоршап жатады. Ішектің қуысы, асқазанның, бүйректің, жыныс органдардың және т.б. Ішкі органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және перикордиаль, превраль және құрсақ бөлімдерін бөліп тұрады.
Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шек аралық қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы клетка элементтері әртүрлі болады.
2. Эпителий клеткалары бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Эпителий ұлпасы көбінесе қорғаныш қызметін атқаратын құрылымдар болады: кутикула, раковина, хитин, панцер. Осы құрлымның барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы клеткалардың қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы әсіресе жабынды эпителийде апикальді және базальді беттері жақсы ажыратылады. Мысалы: ішек эпителийінде апикальді бетінде микроварсинкалар болады. Тыныс органдарының апикальді бетінде талшықтар болады. Эпителий әр уақытта жақсы жетілген базальді мембранаға орналасады.
Эпителий ұлпасын классификациялау
Эпителийді классификацияға
Екінші классификация бойынша атқаратын қызметіне байланысты негізінде құрылысына қарайды.
Эпителий бір
қабатты және көп қабатты
Бір қабатты эпителий |
Көп қабатты эпителий | |
бір қатарлы |
Көп қатарлы |
Мүйізді қыртысы бар эпителий |
Тегіс куб тәрізді, цилиндр тәрізді |
Цилиндр тәрізді |
Мүйізделмеген тегіс немесе қыртысы жоқ
Ауыспалы эпителий |
Эпителий бір қабатты көп қатарлы клетка пішініне қарай бөледі? Пішіні пирамида, куб тәрізді, жалпақ, цилиндр тәрізді.Онтофилогенетикалық классификация эпителийдің қай ұрық жапырақшасының қай өсімімен шығуына байланысты. Эктодерма, эндодерма, мезодерманы шығарған Хлопин.
Эпидермальді эктодермадан-
Қызметіне қарай классификациялау.
Осылардың ішіндегі жақсы зерттелген тері эпителиясы. Бұл омыртқалы және омыртқасыз жануарларда әртүрлі.
Омыртқасыз жануарларда жабынды эпителий бірнеше қызмет атқарады:
Қорғаныштық- бұл қаңқа қызметімен байланысты. Осы жабынды эпителий омыртқасыз жануарларда қимыл қызметін атқарады. Өйткені тері арқылы қимылдайды.
Омыртқасыз жануарларда талшықтар, өсінділер көп болады. Олардың тері эпителиясы экскреторлы (бездер өзінің құрамындағы) қызмет атқарады. Олардың құрамындағы секретті сыртқа шығарады. Ішек қуыстарында стрекательді клетка болады. Бұлар әртүрлі улы зат жіберу арқылы өзінің қорегін тауып алады.
Омыртқасыз жануарлардың тері эпителиясы бірнеше қызмет атқарады.
Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий қабаттары
Жоғарғы сатылы жануарлардың
шырышты эпителийі бүкіл
Шырышты эпителийдің құрылымы
оның атқаратын қызметіне байланысты
болады. Қорғаныштық қызметін іске
асыру үшін клетканың апикальді
бетінде талшықтар мен
Шырышты қабаттың эпителийінің шығу тегі жағынан бір-бірінен көптеген айырмашылығы бар. Мысалы: ауыз қуысының ішектің анальді бөлімі влагалища эктодермадан пайда болған. Жұтқыншақ, тыныс жолдары және өңеш эпителийлері бірінші желбезек ішектерінен пайда болады. Олар көп қабатты және көп қатарлы болып келеді. Ішек, асқазан, қуық эпителийі-энтодермадан пайда болады. Жатырдың эпителийі- целом эпителийінен пайда болады. Ауыспалы эпителийдің шығу тегі әлі белгісіз.
Ас қазанның шырышты эпителийі.
Омыртқалы жануарлардың ас
қорту жүйесінің алдыңғы
Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді.
Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі.
Амфибийде және кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты.
Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер бұлардың бәрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде және онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болды.
Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты эпителийінің апикальді бетінде ворсинкалар (бүртіктер) кездеседі. Ворсинкалар мен крипталар тереңірек орналасқан. Ворсинкалар мен крипталар бір қабатты энтероциттер орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің арқасында жоғары варсинка жағына шығады.
Эпителий қабатында
Суда жүзетін құстарда ерекше осмос реттейтін құрылым болады, «солевые железы» тұзды бездер және ректальді бездер мысалы акулада кездеседі.
Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.
Бүйректің іші біртекті құрлыстан келген нефрондардан тұрады. Олардың саны 2млн-ға дейін барады. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығады.
Нефронның құрлысына келсек,
ол капилляр шумағын орап жатқан капсуладан
басталады. Капсула мен капилляр
шумағын бүйрек денешігі деп атайды.
Капсула қос қабырғалы
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады.
Без эпителийі метаболизм прцессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Лекция 2. Тақырыбы: «Омыртқалы жануарлардың көп қабатты жабынды эпителийі (эпидермис).
Лекцияның мақсаты: студенттерге көп қабатты жабынды эпителий туралы түсінік беру.
Ключевые слова: эпидермис, кератиноцит, тонофиламенттер, прототонофибриллдер, десмосома, гемидесмосома, Меркель клеткалары, Лангерганс клеткалары, меланоцит.
Көп қабатты эпителий.
Көп қабатты эпителий омыртқалы жануарлардың ағзасында кеңінен таралған. Олар терінің беткейін,көздің мүйізді қабатын жабады, ауыз қуысын, өңеш, бүйрек лоханкасын, зәр шығару көпіршігін және зәр шығару жолдарын астарлайды.
Клетканың бірнеше қабаттарынан тұратындықтан эпителийдің бұл түрі қалың болып келеді және ағза ұлпалары мен сыртқы орта арасында кедергілік қызмет атқара алады. Дәл осы кедергілік- қорғаныштық қызмет көп қабатты эпителий үшін маңызды болып келеді.
Барлық көп қабатты эпителийлерге келесі морфологиялық ерекшеліктер тән:
а) базальды мембранамен клеткалардың ең соңғы қабаты ғана байланысты, әдетте олар призма тәрізді пішінде болады;
б) эпителийдің беткі қабаты жалпақ клеткалардан тұрады және солардың пішініне қарай көп қабатты эпителийді жалпақ эпителий деп атайды.
в) эпителий қабатының жаңаруы митоз арқылы базальды және ортаңғы қабат клеткалары арқылы жүзеге асады. Сол себепті камбиальды және жас клеткалар базальды немесе өсуші қабатта орналасады, ал өмірлік циклін аяқтаған ескірген клеткалар жоғарғы қабатта жатады,онда олар үнемі жаңарып отырады;
Көп қабатты эпителий бөлінеді:
Көп қабатты эпителийдің бұл түрі теріде кездеседі, мұнда ол ең жоғарғы эпидермалды қабат түзеді, сонымен қатар ол ауыз қуысын,өңешті және тік ішекті астарлайды. Соңғысында эпителий мүйізделмеген.
Терінің мүйіздеоген эпителийі негізгі 4-5 ке жинақтайтындай ондаған клеткалық қабаттардан тұрады.Қалыңдау эпидермистің (алақанда және табанда) аймағында келесі қабаттарды ажыратады: базальды қабат, кірпікшелі клеткалар қабаты, дәнді, жылтыр, мүйізделген қабат (7-сурет). Дененің басқа аймақтарында эпидермис жұқа болып келеді, әрі мұнда жылтыр қабат болмайды.
Информация о работе Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы