Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:54, курс лекций

Описание

Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.

Работа состоит из  1 файл

гистология.docx

— 88.08 Кб (Скачать документ)

Безді жиек әдетте барлық клеткалары шырышты өндіруге қабілетті жабынды цилиндрлі  эпителийдің әртүрлілігімен таныс. Мұндай эпителий,мысалы, өңештің құрамы мен құрсақта кездеседі. Суретте  құрамындағы ұзын клеткалары бар, апикальды  бөлігі муцинге толған асқазанның эпителийі  көрсетілген. Оның құрамы бокал тәрізді  клеткалар бөлетін муциннің құрамынан  ерекшеленеді.

Интераэпителиальды  бездер тыныс алу жолындағы көп  қабатты эпителийдің құрамында  кездеседі. Бірнеше кірпікшелі клеткалармен клетка кешеніндегі біраз бокал  тәрізді клеткаларды эпителий табақшасында кішігірім инвагиациялар (шұңқыр) астарлайды (сурет).

Жоғарыда қарастырылған  бездердің үш типі де шырышты сөлі бар клеткалардан пайда болған және қабықшаның шырышты бездерінен эпителийге шоғырланған. Экзокринді бездердің  қалған типтері астыңғы эпителийге батырылған және сөлмен толған қуысты қалыптастыратын эпителиальды қабаттан дамиды. Бұл түтікті және альвеолды  деп аталатын бездер.

Түтікті бездің соңғы бөлімдері түтік пішінді  болады. Сызбанұсқада түтікті бездердің  әртүрлі типтері көрсетілген. Жай  түтікті бездер (А), бұтақтанған түтікті  бездер (В), күрделі түтікті бездер (С) және шоғырланған түтікті бездер (Д) деп ажыратады.

Жай түтік ті бездер шырышты қабықшаның эпителийінің инвагинациясы болып табылады,мысалы, ішектің люберкинді бездері (ішек бүрлері). Олар түзу, бір-біріне тығыз жатқан тұйық түтікті каналдар түрінде  болып келеді. Олардың құрамында  үш бөлікті ажыратуға болады: мойыны, денесі және бездің соңғы бөлімі.Мойын  безді шырышты қабықшаның қоршаған эпителиальды табақшасымен байланыстырып  тұрады. Соңғы бөлім, немесе түтікті  қап түріндегі негіз бездің шырышты  эпителиінен алшақталған. Дене мойынды  бездің негізімен байланыстырады. Безді  қабырға бокал тәрізді және сорушы клеткалардың қосындысынан пайда болады. Безді каналдың саңылауы өте тар.

Түтікті люберкинді бездер көлденең кесінді де орталық  тесікке енгізілген дөңгелек розетка  түрінде болады (сурет). Бездердің  құрамына кіретін клеткалар цилиндр  тәрізді пішінде болады. Берілген микросуретте, кесінді бездің негізі арқылы өткен, құрамында  түйіршік түрінде  белокты сөлі, не көпіршік түрінде  шырышты сөлі бар грандулоциттер көрінген. Стрелкамен белгіленген клетка митоз кезеңінде тұр.

Жалғыз шығарушы өзекке бірнеше соңғы бөлімдер ашылатындықтан, түтікті бездерді бұтақталған деп  атайды.Мұндай бездерге мысал ретінде  асқазанның он екі елі ішекке ауысатын аймағында орналасқан асқазанның пилорикалық  бездерін айтуға болады. Адамдарда  олар 3 млн асады. Бұл бездер қысқа  және диілген.Олардың саңылауы ішек бүрлерімен салыстырғанда кеңдеу және дұрыс емес пішінді болып келеді. Пилорикалық бездердің барлық клеткалары сөл бөледі. Көптеген аймақтарда осы  бездердің асқазанның безді поляларымен  байланысын байқауға болады.

Күрделі түтікті- албвеолды без жоғарыда сипатталған  бездердің бір варианты болып  келеді. Берілген безге мысал ретінде  он екі елі ішектің бұтақталған  түтікті- альвеолды бездерін айтуға болады (Брукнер бездері). Олар жай  түтікті Люберкюн бездерінің арасында орналасқан түтіктің соңында бұтақталған  түрде болып келеді. Олардың кеңейген, бұтақталған негіздері өзара  кішігірім безді шоғыр түзеді.Бездің әртүрлі бөлімдеріндегі барлық клеткалар  кеңейген дұрыс емес пішінді саңылауы арқылы  сөл бөліп шығарады.          

Тер бездері  түтікті безге мысал бола алады. Ол өзіндік дермаға батырылған ұзын түтікті және эпидермистің беткейіне ашылатын түрде болады. Оның базальды иілген соңы бездің сөл бөлуші компоненті гламерула деп аталатын түйінге түйілген. Кесінді түйін арқылы соңғы бөлімнің әртүрлі бөліктерін қия өтеді, мұнда біз геометриялық әртүрлі проектілерді көреміз. Бірақ түтік дөңгелек тәрізді түрде көрінетін көлденең кесінділерде  ғана бездің саңлауының шын мәніндегі мөлшері мен пішінін көруге болады. Безді клеткалардың цитоплазмасы ашық түсті болады. Бездің жоғарғы бөлігі сөл өндірмейді. Ол сөл бөлетін бөлімнен тарлау және оның кішкентай саңлауы екі қабатты куб тәрізді эпителиймен жіберілген.

Альвеолды бездер ереже бойынша түтіктіге қарағанда  құрылысы күрделі болып келеді. Олар үлкен болмауы да мүмкін, кейде  үлкеюі де мүмкін, мысалы, сілекей және қарын асты безі.

Кез келген альвеолярлы  без  ісінген шар пішінді соңымен (альвеолдар) байланысты шығарушы өзектерден тұрады.  Сөлдің шығарылуы ғана жүзеге асады. Ағын қысқа  және үлкен бездерде ұзын бұтақталған болуы мүмкін. Ең қарапайым альвеолды бездер өте  қысқа шығарушы ағынмен байланысқан  бір секреторлы альвеолдан тұруы  мүмкін. Әдетте олар күрделі құрылысты  болып келеді. Терінің май бездері  өте қысқа шығарушы ағынмен альвеолярлы  безге мысал бола алады. Бірақ  қабақтың май бездері (мейболиев  бездері) ұзына бойына секретті альвеол  ашылатын ұзын түзу шығарушы ағынның  болуымен ерекшеленеді. Күрделі альвеолды  бездер мойыннан алшақталған дистальды  жағында біртіндеп жұқара отырып бұтақтанатын негізгі шығарушы ағынды қосады. Шығарушы ағынның ең жұқа бұтақтануы бір немесе бірнеше безді альвеолдармен  аяқталады. Стрелкамен басқа да көптеген альвеолдардың ішінде біреусінің шегі көрсетілген.

Бездердің секреттері өзара химиялық құрамы арқылы ажыратылады, осыған байланысты экзокринді бездер белокты (серозды), шырышты, аралыс (белокты-шырышты), жас, тер, май, мукусты және т.б.

Батыс гистологтарының  көпшілігі голокринді бездерге тірі сперматозойдтарды секрет ретінде  санап аталық жыныс безін қарастырады.

Экзокринді секрецияның  процестері вегетативті нерв жүйесімен  немесе гармондармен бақыланып отырады. Көптеген бездерде секреттің шығуы  көп эпителийлі клеткалардың қатысумен  болады. Пішіні ұзарған бұл клеткалар  альвеолдың және шығарушы ағынның айналасында  тор түзеді және олардың жиырылуы бездердің эвакуациясын жеңілдетеді. 

 

Лекция 10-11. Тақырыбы «Ішкі орта ұлпаларының жалпы сипаттамасы мен классификациясы. Қан. Лимфа.» (1 сағ).

Лекцияның мақсаты: студенттерге ішкі орта ұлпалары туралы түсінік беру.

Түйін сөздер: қан, лимфа, қан плазмасы, эритроцит, лейкоцит, гранулоцит, нейтрофил, эозинофил, базофил, агранулоцит, моноцит, лимфоцит, тромбоцит.

Ішкі орта ұлпалары.

Ішкі орта ұлпалары эволюция процесі кезінде эпителиймен  бір уақытта пайда болған және жалпы сипаттамада ежелгі ұлпа болып  саналады. Ішкі орта ұлпалары морфологиясы және қызметі жағынан әртүрлі  ұлпаларды қосады, қан, лимфа, борпылдақ  дәнекер ұлпасы, май, шеміршек, сүйек  және ұлпалардың басқа да түрлері.Сырт көзге бір-бірінен өте алыс бұл  ұлпаларды не біріктіреді?

  1. Нәтижесінде клеткалар бір-бірімен ешқандай байланыса алмайтын клетка аралық заттардың күшті дамуы. Сонымен қатар клетка аралық зат өзінің құрамы мен құрылысына тәуелсіз өте үлкен функциональды роль атқарады.
  2. Ішкі орта ұлпалары клеткаларының полярлылығы жоғалған, яғни олар болашақта барлық жағынан клетка аралық заттар қоршайтындықтан шамамен бірдей әсерде болады.
  3. Ішкі ортаның барлық ұлпалары ағзада «ішкі» жағдай қалпында болады.

Осыдан бұл  ұлпа топтарының анықтамасы: «ішкі  орта ұлпалары- бұл ағзаның ішкі ортасын түзетін және оның тұрақтылығын қамтамассыз ететін ұлпалар кешені. Ішкі орта ұлпалары ең алдымен жануарлар  ағзасының қоректенуін және механикалық  құрылымдық біртұтастығын қамтамассыз  етеді. Сәйкесінше, ішкі ортаның ұлпалары өзінің  ішінде қоректік топтарға (қан, лимфа, борпылдақ дәнекер ұлпасы ) және тіректік-механикалық топтарға жіктеледі (сүйек, шеміршек, сіңір, фассции  және т.б.). 

Ішкі орта ұлпаларының  үшінші негізгі қызметі қорғаныштық  болып табылады, әдетте бұл қоректік топтардағы маманданған қозғалмалы клеткалар арқылы жүзеге асады.

Қан- бұл клетка аралық заттары сұйық және ондағы өлшенген формалық элементтері эритроцит, лейкоцит және тромбоциттері бар  ішкі орта ұлпаларының бір түрі. Қан қан тамырларында үнемі қозғалыста болып тұрады. Қан тамырларынан тыс олар тез ұйып қалады (коакулирует).

Плазма қанның шамамен 55-60% құрайды. Оның 90-93% су  және 7-10% органикалық және бейорганикалық заттар құрайды. Олардың ішінде 6,6-8,5 % белок және 1,5-3,5% басқа да органикалық және бейорганикалық заттар бар.Қанның плазмасындағы негізгі белоктарға альбуминдер, глобулиндер және фибриноген жатады. Оларға қоса қанда қоректік заттар (глюкоза, амин қышқылдары, май қышқылдары), зат алмасудың соңғы өнімдері (мочевина,зәр қышқылы, билирубин және т.б.), ионның минералды заттары және микроэлементтер және гармондар болады. 

Қанның пішінді  элементтерін эритроциттер, лейкоциттер  және қан пластинкалары деп ажыратады. Барлық осы клеткаларды Май-Гронвальд-Гимза  әдісімен боялған қанның жағындысынан көруге болады.Олардың ішінде көп  кездесетіні қызыл қан түйіршіктері немесе эритроциттер. Барлық сүтқоректілерде, адамдарда да олар ядросыз, ал басқа  омыртқалыларда ядролы (сурет) және олардың  цитоплазмасы органоидтарға өте  кедей болып келеді. Эритроциттер газ алмасуға маманданған, осыған байланысты олардың құрғақ қалдығының 95%-і тыныс  алу пигменті гемоглобин құрайды. Соған  қоса олар өздерінің беткейінде адсорбцияланатын амин қышқылдарының, антидененің, токсиндердің, дәрілердің тасмалдануына қатнасады. Эритроциттің мөлшері әйелдерде  қанның  1мм3-да 4,5-5,0 млн және еркектерде 5,0-5,5 млн болады. Эритроциттердің концентрациясы бірлік көлемде жаттығатын адамдарда жоғары болады, әсіресе жүгіретіндерде, жоғары таулы аймақ тұрғындарында (ауадағы оттегінің құрамының төмен болуына байланысты). Тіршілік етуі белсенді жануарлардың түрлерінде, айталық джейран, қоян немесе таулы аймақта тіршілік ететін лама, тау ешкісі қанның құрамында  эритроциттің мөлшері жоғары болуымен ерекшеленеді (1мм3-та 12-16,5 млн).

Пішін және құрылым.

Эритроциттердің популяциясы пішіні мен мөлшері  бойынша біртекті емес. Қалыпты жағдайда адамда негізгі массаны екі жақты  иілген пішінді (дискоциттер) эритроциттер құрайды (шамамен 90%). Сүтқоректілердің басылыңқы түрлерінде эритроциттер шар пішінді болып келеді. Қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда эритроциттер шығыңқы,сопақша  пішінмен сипатталады Екі жақты иілген пішін зат алмасудың көрсеткішінің жоғарлауына әсер етеді. Дискоцитпен бірдей көлемдегі шар пішінді эритроцит зат алмасудың аймағын 30 % төмендетеді.

Эритроциттер  қыл тамырлар арқылы өтіп күшті деформацияланады. Олар ең ұсақ қыл тамырлар арқылы бұлшық ет ұлпасының препаратында көрсетілгендей қысылып өте алады (сурет). Бұл  серпімділік екі жақты иілген пішіндегі тәрізді мықты плазмолеммамен және онымен байланысқан эластинді  цитоскилетпен қамтамассыз етіледі.

Қалыпты қандағы  эритроциттердің мөлшері сол  сияқты өзгеріп тұрады.Адамның эритроциттерінің көпшілігінің (75% жоғары) диаметрі 7,5 мкм-дей  болады және олар нормоциттер деп аталады. Қалған эритроциттер микроциттерге жатады (7,5 мкм төмен). Бірқатар қан аурулары кезінде әртүрлі мөлшерлі эритроциттердің пайда болуымен сипатталады, яғни, анизоцитоз.

Адамдарда эритроциттердің  орташа өмір сүру ұзақтығы 100-120 күнді  құрайды. Тауық пен  үйректің қанындағы  қызыл денешіктер 22-27 күн, ал түйелерде 200 күннен жоғары өмір сүреді. Эритроциттер қартая келе дөңгелене бастайды, олардың  плазмалеммасы өзгереді,газ алмасу қызметі бұзылады. Тозу алдында эритроциттер көк бауыр лейкоциттері мен макрофагтары арқылы жұтылады.

Ретикулоциттер.

Қан жағындысында пішінді элементтердің жалпы  санның шамамен 1% сүйек кемігінен  аз уақыт бұрын шыққан жетілмеген қанның қызыл түйіршіктері.Оларда кейбір органоидтар сақталған, айталық  крезолды көкпен боялғанда ретикулумның торлы құрылымы түрінде көрінетін  рибосома. Осыдан ол клеткаларды-ретикулоциттер деп атайды

Элетронды микросуретте жетілген эритроциттердің ішінде бірнеше  ретикулоциттер көрінеді. Олар цитоплазмада шашыраңқы рибосома мен клетка орталығында  концентрленген митохондрияның болуымен ерекшеленеді.

Қан пластинкалары немесе тромбоциттер (190сурет) эритроциттер сияқты қанның тұрақты компоненттері болып табылады. Адам қанында олар ұсақ дөңгелек, сопақша немесе оралған пішінді, мөлшері 2-4 мкм-дей ядролы денешіктер түрінде болады. Қан пластинкалары өзара бір-бірімен кішкентай немесе үлкен агрегацияларға бірігуі мүмкін. Адамның қанының 1мм3 олардың саны 200-ден 400-ге дейін ауысып отырады.Қан пластинкалары мегакардиоциттерден-сүйек кемігінің алып клеткаларынан бөлінген цитоплазманың ядросыз фрагменттері түрінде болады.

Төменгі сатыдағы жануарлар тромбоциттері- бұл жиі  сопақша пішінде болатын нағыз  ядролы клеткалар.Қан пластинкалары  қанның ұюында және тұрақтылықты ұстап  тұруда маңызды роль атқарады. Белсенді жағдайға көшу барысында қан пластинкалары  әртүрлі пішінді көптеген жалған аяқтарын тастайды.

Тромбоциттерде  цитоплазманың жарық шеткі бөлігінде  сақина тәрізді құрылым-гиаломер түзетін  белсенді микрофиламенттер мен микротүтіктердің шоғырынан тұратын цитоскилет жақсы  дамыған.

Қан пластинкаларының цитоплазмасында сонымен қатар  түйіршіктер (т), гликоген, митохондрия, түтіктердің ашық жүйесі (таж) және тығыз турбелярлы жүйе (ттж) болады. Түтікшелер мен түтіктердегі екі  жүйеде гиалоплазмада жатады және олар электронды микроскопия да жақсы  көрсетілген.

Информация о работе Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы