Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:54, курс лекций
Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.
Лекция 5. Тақырыбы: «Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителийінің сипаттамасы » (1 сағ).
Лекцияның мақсаты: омыртқалы жаунарлардың шырышты эпителийіне сипаттама беру
Түйінді сөздер: асқазанның шырышты эпителийі, ішектің шырышты эпителийі, бүйрек эпителийі
Жоғарғы сатылы жануарлардың шырышты эпителийі бүкіл асқорту жүйесін, тыныс алу жүйесін, жыныс және зәр шығару жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет атқарады:
Шырышты эпителийдің құрылымы
оның атқаратын қызметіне байланысты
болады. Қорғаныштық қызметін іске
асыру үшін клетканың апикальді
бетінде талшықтар мен
Шырышты қабаттың эпителийінің шығу тегі жағынан бір-бірінен көптеген айырмашылығы бар. Мысалы: ауыз қуысының ішектің анальді бөлімі влагалища эктодермадан пайда болған. Жұтқыншақ, тыныс жолдары және өңеш эпителийлері бірінші желбезек ішектерінен пайда болады. Олар көп қабатты және көп қатарлы болып келеді. Ішек, асқазан, қуық эпителийі-энтодермадан пайда болады. Жатырдың эпителийі- целом эпителийінен пайда болады. Ауыспалы эпителийдің шығу тегі әлі белгісіз.
Ас қазанның шырышты эпителийі. Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің құрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді. Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі. Амфибийде және кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты. Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер бұлардың бәрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде және онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болды.
Лекция 6. Тақырыбы: «Өкпенің респираторлы эпителийі және зәр шығару мен осмореттеуші жүйенің эпителийі» (1 сағат).
Лекцияның мақсаты: респираторлы және зәр шығару эпителийіне сипаттама беру.
Негізгі сөздер: өкпе, бүйрек, альвеолоциттер (пневмоциттер), сурфактант, реабсорбция, секреция, экскреция, нефрон.
Соңғы жылдары, қазіргі кезде де өкпенің нәзік құрылысы электронды-микроскоп тәсілімен зерттелуде. Бұл тәсілмен зерттеу нәтижесінде ғалымдар көптеген бағалы мәліметтер алып, жетістіктерге жетті. Зерттеулер бойынша тыныс эпителийінің көпіршіктерінің ішкі бетін нәзік мембрана жауып тұрады. Тыныс эпителийінің құрамына екі түрлі клетка кіреді, альвеолоциттердің 1-ші түрі және альвеолоциттердің ІІ-түрі. Сонымен қатар тұрақсыз клетка элементтері макрофагтар және альвеолоциттердің ІІІ-түрі де кездеседі.
Альвеолоциттердің 1-ші түрінің тығыздығы жоғары, құрамындағы орталық денешік цитоплазманың шетіне қарай орналасқан. Клетка денешігі ядроны құраса, альвеолдардың эпителиалды төсенішін цитоплазма және оның өсінділері құрайды. Ядроның көлемі үлкен, сопақ немесе дөңгелек пішінді және беті қалыпсыз, тегіс емес. Хроматин кариоплазмада түйіршік түрінде, ал ядро құрамында біртегіс болып жатады. Ядроны бойлай орналасқан митохондриялар кездеседі. Митохондриялардың құрамындағы электронды- мөлдір кристалар саны көп емес. Сонымен қатар көп мөлшерде визикулярлы көпіршіктер болады.
Альвеолоциттердің 1-түрінің мембранасы қатпарлар немесе микротүтікшелер құрайды. Цитоплазмасында көптеген вакуольдер мен визикулярлы құрылымдар кездеседі. Цитоплазмалық өсінділері жұқа, жіңішке және капилляр эндотелиясымен жанасқан жері айқын көрінеді. Альвеолоциттердің 1-түрі бір-бірімен немесе альвеолоциттердің ІІ-түрімен байланысқа түседі.
Тыныс эпителийіндегі альвеолоциттердің
1-түрінің екі түрлі түрін
Альвеолоциттің ІІ-түрі көлемді
болып келеді. Үстінде көптеген қысқа
және жіңішке микротүтікшелер
Альвеолоциттің ІІ-түрінің
Альвеолоциттің ІІ-түрінің 1-түрінен
негізгі айырмашылығы цитоплазмасында
осмиофильді денешіктердің
Эпителиалды және эндотелиалды клеткалардың базальді мембраналары жұмсақ және тығыз қабаттардан тұрады. Альвеолоциттің І-түрі мен цитоплазмалық өсінділердің жанасқан жерінде шекаралы базальді мембрана түзіледі, яғни олардың арасында аэро-гематикалық тосқауыл түзіледі.
Лекция 7. Тақырыбы: «Бездердің жалпы сипаттамасы және олардың классификациясы» (1сағат).
Лекцияның мақсаты: бездер классификациясы және безді эпителийге сипаттама беру.
Негізгі сөздер: экзокринді, эндокринді және паракринді бездер, ацинус, рекреция, секреция.
Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен аз ажыратылған клетка аралық заттармен бөлінген өзара өте тығыз байланысқан клеткалардан тұрады. Барлық клеткалар тіршілікке қажетті өнімдерді бөліп шығарады, бірақ безді эпителийдің өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар, яғни клеткалар (грандулоциттер) әртүрлі секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, тер,әртүрлі иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты қабықшаға, ішкі мүшелер қуысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық сұйықтыққа (эндокринді секреция кезінде).
Эмбриогенезде безді
эпителий жабынды эпителийдің туындысы
болып табылады. Алғашында ол төменде
жатқан ұлпаға батып тұратын клеткалық
шоғыр түрінде болады. Содан соң
қабат өседі және әртүрлі бағытта
дифференцацияланады. Кейбір қабаттар
(сурет А) эпителийдің бастапқы затымен
байланысты болып қалады. Жабынды
эпителийдің инвагинациясы
Барлық безді
клеткаларға өздерінің
Әртүрлі гландулоциттерде сөл бөліну механизмі бірдей емес. Секрет бөлудің 3-5 негізгі түрлері бар.
Лекция 8. Тақырыбы: «Сүтқоректілердің эндокринді және экзокринді бездері». (1сағат)
Лекцияның мақсаты: сүтқоректілердің эндокринді және экзокринді бездеріне сипаттама беру.
Түйін сөздер: экзокриноцит, эндокриноцит, сілекей бездері, гипофиз, қалқанша безі.
Барлық эндокринді бездер маманданған заттарды синтездейтін секретті клеткалардан тұрады және оларды шығару ағыны арқылы не дененің беткейіне, не ішкі мүшелер беткейіне бөледі (ас қорыту, тыныс алу және басқа жүйелер). Экзокринді бездер бір клеткалы (бокал тәрізді клеткалар) және көп клеткалы болуы мүмкін. Барлық безді клеткалар анық полярлылықпен сипатталады. Олардың апикальды бөлімінде сөл болады, ал клеткалық органоидтар мен ядроның негізгі массасы базальды бөліміне ығыстырылған. Безді клеткалардың морфологиясы өздерінің өндіретін сөлінің табиғатына байланысты анықталады. Көп клеткалы бездер екі бөлімнен тұрады: секреторлы немесе аяққы бөлім және шығару ағындары. Секреторлы бөлім базальды мембранада жатқан грандулоциттерден құралған. Шығарушы ағындар эпителийдің әртүрлерімен жіберілген. Шығу тегі энтодермальды бездерде (қарын асты бездер) олар бір қабатты куб тәрізді немесе призма тәрізді эпителийден жіберілген, ал шығу тегі эктодермальды бездерде (терінің май бездері)- көп қабатты. Экзокринді бездер әртүрлі болып келеді және классификация кезінде сөлдің типі, сөлдің құрамы, морфологиясф және т.б. есепке алынып отырады.
Батыста экзокринді бездерді бес топқа бөледі:
Дара безді клеткалар
Безді клеткалардың шоғырлануы
Интраэпителиальды бездер
Түтікті бездер
Альвеолды бездер (ацинарлы)
Дара безді
клеткалар бездердің ішіндегі ең
жай формасы болып
Клетканың жұқа негізінің құрамында ядро және клеткалық органеллалардың қалдықтары болады. Кесінді беткейлік эпителий бойынша сәл қисық кеткен, соған байланысты апикальды беткей ішектің саңлауына жетпейді.
Информация о работе Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы