Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

мерзімді процесті тездетіп көрсетуге болады.

Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің,

өсімдіктердің түстерінің өзгеру барысын немесе қас-қағымда тез орындалатын жұмыс барысын баяу көрсетуге болады.

Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне,

қиялдауына шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластикалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, "Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік" тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грампластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. "Табиғат көрінісін бейнелейік" деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек-жапырақтардың шуылы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестетуіне көмектесуге болады.

    Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образдық қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады.

 

 

3.      Практикалық әдіс

     Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру,меңгеру үшін

қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар,эскиздер және сабақ тақыры бойынша суреттер орындау,көркем жобалау (дизайн)жұмыстары болып табылады.

   Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені

онда көру, сезініп қабылдаудан басқа  барлық дерлік сабақта машықтық іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

  Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу ( құрғақ

қағазды бояу, сулы қағазды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

    Нобайлар, эскиздер орындау заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында

орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспиктивалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

    Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны

және оған байланысты іскерлік дағдаларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.

   Машықтық әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ

материалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы, қажет болған жағдайда нұсқау беруші ретінде болады. Ал келесі жағдайда бейнелеу іс-әректінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп, бейнелетіп мұғалім оқушыларды машықтық жұмыс барысында жетелеп отырады. Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі,саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

 

 

 

4.      Репродуктивтік әдіс

      Репродуктивтік әдіс – ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-ірекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

    Репродуктивті әдіс өткен білімді іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

     Мысалы, 1-сыныптағы "Ұлттық киімдерді әшекейлейік" тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіру сол ою-өрнектерді безеніру әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады.

       Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттермен білімдердің өзара тығыз байланысты екіндігін тануға мүмкіндік жасайды.

     Бұл әдісті әр оқу тоқсанының немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады. 

 

    

      5. Проблемалық әдіс.

       Проблемалық әдіс - оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекеттік проблемалық жағдайдар туғызу. Ол сабақ мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар,тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми,шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.

      Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық , топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған прблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әрекет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа сапалы ынтасын арттырып, өз ой пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.

     Мысалы, 2- сыныпта «көктем келді» тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушылар мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтарының жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдір түске айнала береді?

      Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді?

     4- сыныптағы «затқа қарап сурет салу» тақырыбындағы сабақта көк құмыраға түскен сары алманың сәулесі қандай түс беред немесе К. Мулашев «Жер және уақыт» шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға болады. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.

 

 

     6. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс.

      Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдын ала зерттеу зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған прблеманы шешу жолдарын өздерінмен бірігіп жоспарлайды.

     Мысалы, жоғарыда айтылған  К. Муллашевтың «Жер және уақыт» шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін мұғалім оқушыларға бірінші проблеманы жалпы көру керектігін,  екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден он тексеру жолдарын құрастыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге  әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.

 

 

     7. Зерттеу әдісі.

      Зерттеу әдісі  оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.

     Зерттеу обьетісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практиалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік  немесе сыныптан тыс ұзақ мерзімде орындауға берілуі мүмкін.

     Мысалы, Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реализм және сюрреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет деген немесе Канапия Телжановтың  Көкпар шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі.

    Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жинақтаған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талдап зерттеу болжам пікір айту нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.

      Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс тәсілдерін басқа педагогика ғылымында тағы да оқу танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері оқытудағы бақылау әдістері де зерттеліп көрсетілген.

     Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану да маңызды, олар ойын сайыс көрме т.б. соның ішінде:

-тірілген туынды-туынды оқиғасын кеңістікте ойнап көрсету;

-мазмұн мен көңіл күйді көшіру-ол музыканы жазықтық бетіне көшіру;

-ұстап тану-жұмулы көзбен белгілі бір бұйымды ұстап тану және мүсіндеу;

-ауада сурет салу-белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;

-ауызша сурет салу-музыканы, поэтикалық шығарманы ауызша суреттеу.

       Сабақ жүйесіне енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып өзіндік образ өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды.

      Қоршағанортадан үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай оны өз бетімен іздеу дағдысын ұйымдастырады. Осыған орай академик Б.М. Неменский өз еңбектеріндек «мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық бірлікті, оқытушы мен оқушының арасында іскерлік бірлікті қалыптастырады» деген.

 

 

 

 

 

Дәріс: 14, 15

 

Тақырыбы: Бейнелеу өнері бойынша сабақтан тыс және мектептен

                       тыс іс- шараларды ұйымдастыру

Жоспар:

     1. Сабақтан тыс жұмыстарлың мақсаттары мен міндеттері

     2. Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру

      3. Үйірме жұмысы

      4. Кинофильмдер

 

     1. Сыныптан тыс жұмыс жүргізу барысында әңгімелесу, репродукциялар, диапозитив және .диафильмдер арқалы дәріс беру, сурет және кескіндеме, бейнелеу өнері үйірмесін ұйымдастыру, мұражайға, сурет шеберханасына және көрме залдарына экскурсия жасау, әр түрлі көрмелер, плэнерлік қысқа уақыттық суреттер, мерекелер байланысты сынып бөлмелерін безендіру, факультативтік сабақтар өткізу сияқты шараларды қарастыруға болады.

     Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерінде бейнелеу өнері   ережелері мен заңдылықтарын сақтай отырып, оқушылардың қызығушылығын, белсендігін, шығармашылық талпыныстарын арттыру мақсат етіп қойылды.

     Сыныптан тыс жұмыстарда да педагогтің жетекшілік және ұйымдастырушылық міндеті сақталды. Мұғалім оқушының жұмыс бағытының дұрыс жүруін және жеке басының дамуын қадағалайды. Бейнелеу өнерінің заңдылықтарын меңгертумен қатар көркемдік білім және эстетикалық тәрбие береді. Аталған жұмыстар барысында оқушылар сабақта алған біліктілік, іскерлік дағдыларын одан әрі шыңдай түседі.

    Бейнелеу өнерінің сыныпта оқыту бағдарламасынан көрініс таппаған қосымша материалдармен танысып, оларды өңдеу, безендіру технологияларымен танысады. Көркемдік пен тәрбиелік мәні шексіз ұлттық өнеріміздің қыр – сырымен одан әрі танысып, этномәдени танымдарын молайтады.

     Қашанда баланың сабақтан бос уақытағы іс - әрекеті, әлеуметтік ортасы, жеке басының мәселелері тек ата – ананы ойландырып қана қоймай, сонымен қатар бұл мәселе мектептің оқу – тәрбие ісінде де назарда болатындығы белгілі. Жасөспірім мектеп қабырғасында болсын немесе одан тыс уакытта болсын өзіе қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар, іс - әрекеттерді талғамсыз қабылдауы мүмкін. Өйткені өмірде, педагогикада дәлелгендей жеке тұлға тәрбиесіне әлеуметтік ортаның әсері зор.

      Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың сабақтан бос уақытын үнемді, пайдалы ұйымдастыруна жағдай жасауға болады.

      Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ата – ана, сынып жетекшісімен пікірлесіп, сондай – ақ оқушылардың қандай бейнелеу өнері мәселелері, тақырыптары, түрлері жөнінде білгілері келетіндігін ескеріп жоспарлағаны жөн. Яғни сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда оқуышылардың еріктілігі, қызғушылығыы, бейімдлігі ескерілуі тиіс.

     Сыныптан тыс жұмыстарға жетекшілік ету үшіналдын ала іш – шаралардың жоспарын, тақырыптарын белгңлеп құрып алу қажет.

     Әңгіме.                           

Сыныптан тыс әңгіме барысы, сабақ кезінде қызығушылық танытқан сұрақ бойынша терең

түсінік беру немесе тақырыпты оқу сағатында толық қамти алмаған жағдайда жүргізіледі. әңгіменің бірінші түрі оқушылардың сұранысы бойынша жүргізілсе, екіншісі педагог тарапынан болады. Мысалы, мұғалім «Қайта өрлеудәуірінің кейбір шығармаларымен танысу» тақырыбы бойынша сабақ жүргізеді.(бір сағат). Бағдарламаның тәртібі бойынша мұғалім ұлы суретшілер шығармасын төрт репродукция көрсетіп, Микеланджело тек мүсінші ғана емес, сонымен қатар кескіндемеші және сәулетші екенін жете түсіндіруі қажет. Егер мұғалім жақсы дайындық үстінде болып, әңгімеге байланысты көрнекі құралдары толық болса, сол күні сабақтан кейін (алдын ала сынып жетекшісімен келісіп) оқушыларға әңгіме өткізуге болады.              

  Ал егер мұғалімнің әзірлігі талапқа сай болмай, көрнекі құралдары жеткіліксіз болса, оқушылардың келісімі бойынша әңгімені басқа күнге белгілеуіне болады.

  Екінші бір мысал: Мұғалім «Қазақ бейнелеу өнерінің кейбір шығармаларымен таныстыру» тақырыбы бойынша жоспарланған мәліметтердің ішінде оқушылар қызығушылық танытқан Е.Төлепбаев шығармашылығына ерекше тоқталуына байланысты кейбір белгілі суретшілер шығармашылығы туралы материалды толық игере алмай қалады. Сабақ аяғында мұғалім оқушыларға басқа да суретшілер шығармашылығын өтуге уақыттың жетпегенін айтып, сабақтан кейін басқа сабаққа кедергі келтірмейтін уақытта әңгімені жалғастыратынын хабарлап, сынып жетекшісінің келісімімен уақытын белгілейді.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері