Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Әңгіме тек жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің сыныптан тыс жұмыс жоспарына байланысты да өткізіледі. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын бейнелеу өнеріне байланысты әңгіме әдістемесі оқушылардың әңгімеге белсенділік танытып қатысуына негізделеді. Ол - әңгімедегі проблемалар бойынша сұрақтар, оқушылар пікірлері, болжамдары, дәлелдері.

  Сыныптан тыс өткізілетін әңгіме мына талаптарға сай болуы тиіс:

-   оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі;

-   білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мазмұндылығы;

-   Оқу бағдарламасына, жекелеген пәндерге  байланыстылығы;

-   Дүниетанымдылық мазмұндылығы.

       Топсаяхат. Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір мазмұнды түрі – топсаяхат. Топпен саяхат білімді тереңдетіп, ой – сана өрісін кеңейтіп, сурет салуда өзіндік жұмысқа белсенділікті арттырады. Топсаяхат оқу бағдарламасынан бөлек суретшілер шығармаларына айқын анықтама бере отырып, өзіндік ерекшеліктерін, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын кең көлемде түсінуге жол ашады.

       Мектеп жағдайында бейнелеу өнері бағдарламасы бөлімдерінің кейбір қамти алмаған мәліметтерін мұғалім мұражайға, көрме залына, суретші шеберханасына, мүсінші шеберханасына ( керамика әлде әйнек ) , зауыттарға, ( зергерлік әлде жиһаздық ) фабрикаларға топсаяхат ұйымдастыру арқылы толықтыруға болады.

       Сонымен қатар топсаяхат табиғат аясында / пленэр / сурет салумен де ұштастырылады. Ол оқушылардың туған өлке табиғатының сұлулығын сезініп, сүйіспеншілік көзқарастарының дамуына ықпал жасайды.

      Мысалы, сәндік сурет салу сабағында мұғалім оқушыларды қолданбалы өнердің әр түрі бойынша бұйым дайындаудағы ерекшеліктерімен таныстырады. Әрине мектептегі иллюстративтік көрнекіліктер бұл тақырып бойынша толық мәлімет бермеуі мүмкін, сондықтан да мұғалім сыныптан тыс уақытта тігін ательесі, кілем фабрикасы, қолөнер шеберханасы сияқты мектеп орналасқан аудан аймағындағы кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыруына болады. Топсаяхатта мұғалім сәндік қолданбалы өнер туралы айтып қана қоймай, бұйымдардың көркем өңдеу барысын қызықтап тамашалауға да мүмкіндік туғызады.

     Топсаяхатты оқушыларға эстетикалық әсер қалдырып және ой – сана өрісін кеңейтетіндей етіп ұйымдастыру мұғалімнен алдын ала терең ізденісті қажет етеді. Топсаяхат кезінде оқушүыларға көрсетілетін объекті немесе әңгіме болатын мәселе оларға түсінікті, анық және оқу бағдарламасына байланысты болу керек. Топсаяхатқа шықпас бұрын мұғалім кәсіпорын, мұражай, көрме басшыларымен келісіп, ондағы қауіпсіздік, тазалық, эстетикалық жағдайларын анықтайды.

     Саяхаттан кейін оқушылардың қабылдау қабілеттерін байқау мақсатында қорытынды әңгіме ұйымдастырады. Егер оқушылардың дұрыс түсінбеген жерлері болса, мұғалім анықтап түсініктеме береді.

  

    

 

      Оқушылардың өздік жұмысы.

      Сыныптан тыс жұмыстың тағы да бір түрі-оқушынлардың үйде өздік сурет салу жұмысы. Бұл жұмысқа оқушы өз қалауымен ерікті түрде қатысады, онда оқушы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінен жоспар бойынша тапсырма алып, ол тапсырманы белгіленген уақыт ішінде өз бетімен үйде орындайды.

     Ол тапсырмалар бейнелеу өнерінің кез-келген түрлері мен жанрларына байланысты болуы мүмкін.

     Мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мұндай түріне қатысатын оқушылар санын анықтап жұмысты жоспарлайды. Әрине бұл жоспар оқу-тәрбие барысындағы дидкатикалық принциптерге сай болуы тиіс.

    Оқушылардың үйде орындаған өзіндік жұмыстары тексеріліп, жетістіктері мен

кемшіліктері есепке алынып нұсқаулар беріледі. Бұл жұмыстар оқушының шығармашылы алға қойылады. Сонымен қатар бұл жұмыста сәндік қолөнер-кестелеу, ою-өрнек құрастыру, әр түрлі ойыншықтар жасау, сәндік құрастыру жұмыстарын да жоспарлауға болады

 

 

2. Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру

       Оқушылар жұмыстарының көрмесі. 

      Көрме оқу-тәрбие жоспары бойынша әр тоқсанның немесе жартыжылдықтың аяғында ұйымдастырылады. Көрмеге оқушылардың таңдамалы жұмыстары ұқыпты безендіріліп қойылады. Ол сынып бөлмесіне немесе мектеп ішіне көпке көрінетін жерге ілінеді. Көрме ілінген қабырға өте жақын орналапауын ескерген жөн.

    Көрме оқушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын аттырып, жауапкершілігін , ынтасын күшейтеді.

 

      3.Үйірме жұмысы.

      Сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмыстары. Олар бейнелеу өнерінің түрлеріне қатысты: сурет және кескіндеме, саз балшықтан сомдау, сәндік қолданбалы өнер, безендіру жұмысы, линогравюра, керамика, мозаика т.б.

      Мұғалімдердің міндеті үйірме жұмыстарына көп оқушыларды тарту және жұмысты ұйымдастыра білу болып табылады. Үйірме мүшелері білім және іскерлік дағдыларын қабырға газеттерін безендіруде, мектептегі театрлық қойылымдарды және сынып бөлмелерін безендіруде, т.б. пәндерден көрнекі құралдар жасауда қолданады.

     Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда оқушфлардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлері ескерілуі тиіс.

     Әдетте үйірме 10 – 15 оқушыдан топтастырылады, әр топ жас ерекшеліктеріне байланысты 1 – 2 немесе 3 – 4 сынып оқушыларынан жинақталады. Үйірме жұмыстарының тағы бір ерекшелігі, ол сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына қарағанда үйірме сабақтарына көп уақыт бөлінеді. Мысалы, аптасына 1 – 2 сынып оқушыларынан тұратын топқа 2 сағат, ал 2 – 3 сыныптар оқушыларынан тұратын топтарға 3 сағат. Сабақ аптасына 1 сағаттан 2 рет, кей жағдайда олар біріктіріліп бір күнде өткізілуіне де болады.

     Үйірме сабақтарында бір тақырыптық оқытылу міндетіне / 3 – 6 сағат / мейлінше ұзақ уақыт бөлінуімен де ерекше. Сонымен қатар үйірме сабақтарында бейнелеу өнерінің акварель, гуашь, темпера, тушь, пастель, сангина, соус, көмір, сазбалшық сияқты материалдары кеңінен қолданылады. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы осы ерекшеліктер сыныптан тыс жұмыстардың оқу – тәрбие міндеттерін нәтижелі орындауға мүмкіндік жасайды.

      Үйірмедегі сабақтардың басты түрінің бірі ол өнер туралы әңгіме сабағы. Бұл сабақтарда мұғалім оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен, жекелеген суретшілер шығармашылығымен, қазіргі бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдармен кеңінен таныстырып, көрсетуіне болады.

      Әр үйірмеде ой – пікірлері біріккен шағын ұжым көрінісін табады. Ол ұжымда жекелеген ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін үйірме басшысы сайланады. Үйірме мүшелерінің мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы көзделеді.

     Үйірме жұмысының жетістігі көбінесе оны дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға байланысты.

     Үйірме мүшелерінің қатысуымен II және IV тоқсан соңында мектеп ішілік немесе жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады. Көрме ұйымдастыру үйірме мүшелерінің жауапкершіліктерін, одан әрі оқуға ынталарын артттырады, сонымен қатар басқа да оқушылардың бейнелеу өнеріне, үйірме жұмысына тартылуына ықпал жасап, бейнелеу өнерінің мектептегі эстетикалық тәрбие беру аясын кеңейтеді.

Бейнелеу өнері үйірмесінің сабақ жоспары жазбасы.

   Мектеп -----------

   Бейнелеу өнерінің үйірмесі жетекшісі ----------------------

   1. Сабақ тақырыбы: Үш нәрседен құралған натюрморт бейнелеу.

   2. Сабақ мақсаты:

        • білімділігі: Қазақ бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанры туралы білім беру.Ұзақ

           мерзімді натюрморт орындау ережесін үйрету.

        •   тәрбиелігі: Өнер танушылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

        •   дамытушылығы: Эстетикалық талғамдарын, іскерлік дағдыларын дамыту.

     Көрнекілігі: Суретшілер шығармаларының репродукциялары. Натюрморт орындау кезеңдері көрсетілген кесте. Қойылымға арналған құмыра, кесе, алма, / акварель / эпипроектор.

   Тақырыпқа бөлінген уақыт: 3 сағат. / 1 сағаттан 3 сабақ /

   3. Сабақ барысы:

    a) Сабақты ұйымдастыру / 8 – 10 мин /:

   Натюрморт қойылымын оқушылармен пікірлесе отырып тұғырға құрастырып орналастыру. Жұмыс орнын әзірлеу.

   ә) Жаңа сабақты түсіндіру / 20 – 25 мин /

     Қазақ бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының даму кезеңдері жөнінде әңгімелеп, белгілі суретшілер А. Ғалымбаева, Г. Исмайлова, Л. Леонтьев, М. Нұрлыбаев т.б. натюрмортттық шығармаларының репродукциялары көрсетіледі. Ол шығармалардың композициялық құрылымы оқушылардың қатысуымен талданып, ой – пікірлері тыңдалады. Жаңа білім сұрақ – жауап арқылы бекітіледі.

      Содан соң жаңа қойылымдағы натюрмортты орындау ереже заңдылықтары, көрнекіліктер тақтаға мұғалімнің иллюстрациялауы арқылы түсіндіріледі.

   б) Машықтық кезең / 2 сағат шамасында /

   1. Бейнені қағаз бетіне қарындашпен бейнелеу / 25 – 30 мин / .

      Натюрмортты бейнелеу заңдылықтарын сақтай отырып / композиция, пропорция, перспектива / қағаз бетіне түсіріп, оған түскен жарық, көлеңке ізін белгілейді.

      2.  Натюрмортты акварель бояуымен орындау / 1 сағ. 40 мин. / . Түстік реңін, түстік үйлесімділігін, заттардың көлемін көрсетіп жұмысты аяқтау. Сабақ барысында мұғалім оқушылар жұмысын қадағалап, қажет болған жағдайда нұсқау беріп, түзетулер жасап оқушыларға көмектеседі.

     в)  Қорытынды / 20 мин. /

     Үйірме мүшелерінің аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, жұмыс нәтижесін оқушылардың өздері жетекші көмегімен талдайды. Жұмыс жөнінде пікір айтуға барынша үйірме мүшелерінің тегіс қатысуын ұйымдастырған жөн.

     Үйірме жұмыстарындағы сабақтар осындай өзіндік әдістемелік ерекшеліктерімен көркемсурет мектептерінің оқыту әдістемелеріне жақындайды.

 

4. Кинофильмдер.

      Кеңес кезінде кинофильмдер кеңінен танылып, мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда алдыңғы орында болды. Қазіргі заманымызда кинофильмдердің қатарына бейнемагнитофон, компьютер сияқты техниканың жетістіктерін қосып, сонымен қатар қазіргі кездегі білім беру жүйесіне қарқындап еніп келе жатқан лазер табақшаларына жазылған оқу кинофильмдерін, алыстан оқыту бағдарламалары бойынша берілген бейнелеу өнері сабақтарын бейнетаспаға түсіріп қарауды да айтуға ьолады. Мектеп бағдарламасында кино, үйірмелер жалғасын тауып келеді. Шараны ұйымдастыру алдында мұғалім бейнелеу өнеріне байланысты кинофильмдердің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтап жоспарлағаны жөн. Алдыңғы қатарлы өнер қайраткерлеріне арналған кинофильмдерді ұжым болып қарауда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру қажет, өйткені мағынасы күрделі өнер түрлеріне байланысты кинофильмдер оқушылардың түсінуіне қиындық туғызуы мүмкін.

  Арнайы әңгіме кинофильмді қарамастан бұрын немесе кинофильмді қарап болғаннан кейін талданып, әңгіме барсында суретші өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктері, тарихи дәуірі, өнер әлеміндегі орны туралы мәлімет беріп жалғасын табады.

  Кинофильмді көріп тамашалаған оқушылардың ой-санасында қандай да болмасын сол суретші туралы түсінік, білім қалыптасып өз ойларын ортаға салады.

  Кинофильмдер тек суретшілер туралы ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнерінің кескіндеме, мүсін, сурет, графика техникаларын ашып көрсететін түрлеріне де арналады.

     Кинофильмде ғана бейнелеу өнерінің техникалық қолдану мүмкіндігін, суретшілердің шығармашалық туындыларының дүниеге келу жолдарын түгелдей қамтып көре аламыз.

                                              

 

Сұрақтар мен тапсырмалар.

 

1. Сыныптан тыс жұмыстар қандай мақсат-міндеттерді көздейді?

2. Үйірме ұйымдастыруда қандай мәселелер ескерілуі керек?

3. Үйірме қанша оқушыдан құралады?

4. Үйірме сабағынның сыныптағы оқу сабағынан қандай айырмашылығы бар?

5. Сыныптан тыс әңгіме қандай айырмашылығы бар?

6. Әңгіме қандай дидактикалық талаптарға сай болуы тиіс?

7. Оқушылардың өздік жұмысы қалай ұйымдастырылады?

8. Топсаяхат ұйымдастырудағы мұғалімнің іс-әрекеті.

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнелеу өнері терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі.

             

Абдыра- киім-кешек салатын үлкен сандық.             

Абажа - ас, тағам салуға анналған сандық.

Абстракционизм - тақырыпсыз өнер; шынайы бейнелігі жоқ өнер

Авангардизм - ХХ ғасыр көркемсурет өнеріндегі құбылыстың шарттыатауы                                                           

Автогравюра- гравюра, ағаш, линолеум, немесе металдың бетіне автордың өзі орындаған

                        әдісі

Автопротрет- адамның өз келбетін зөі бейнелеуі

Адалбақан - киім т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз

Акрополь - биік жерге бекініспен күшейтіліп салынған Ежелгі Грекия қалаларының орталық

                бөлігі

Акварель- суғажақсы еритін бояу

Акцент - көрерменнің назарын әдейі аудару үшін бейнелеуде қолданылатын тәсіл

Алаша - түрлі-түсті жіптерден жолақ салып тоқылған өрнекті төсеніш

Аллаприма - акварель бояуымен дымқыл қазазда жылдам орындалған шығарма

Амфора - Ежелгі Грекияда көп тараған екі тұтқалы құмыра

Анатомия - тәнтану; адамның дене құрылысын зерттейтін ғылым

Анималистік жанр - хайуанаттар дүниесі бейнеленген көркем шығарма

Апплиакция - жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма

Архитектура - сәулет өнері

Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған жиһаз

Багет - картинаны безендіруге арналған жиектеме

Бақан - киіз үйдің шаңырағын көтеретін аша бас сырық ағаш

Барельеф - оймабедер; тегістік бетіндегі мүсіндік бейнелеудің түрі.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері