Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.
КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44
Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың екінші бөлігінің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады.
Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі.
Айыпталушыға бір мегілде екі және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезікті болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшін негіздің көрсетілуін қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшірмесін соған қатысты шығарылған адамға тапсырады және онымен бір мезгілде оған КІЖК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымданудың тәртібін түсіндіреді.
Сезікті, айыпталушы оны
болдырмау үшін осы кодекстің 144,
145, 146, 147, 148, 149 баптарында көзделген
шаралар қолданылған
Бұлтартпау шараларының жүйесі: қылмыстық іс жүргізу кодексі бұлтартпау шарасының әрбір түрлерін, иерархия, яғни ауылрық сатысына қарай бөлген.
Бүлтартпау шарасын тандап
алуда сараптама жасауға
Ең ауыр бүлтартпау шарасы
әрине бізге белгілі қамауда
үстау, өйткені бұл- адамның бас
бостандығын айрумен
Енді сол бұлтартпау шараларының жүйесіне келейік.
«Ешқайда кетпеу және өзін
дұрыс ұстау туралы қолхат, бұл
КІЖК 144 бабында көзделген ретте.
Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау
туралы қолхат беру қылмыстық процессті
жүргізуші органның сезіктіден, айыпталушыдан
анықтаушының, тергеушінің немесе соттың
рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша
тұратын жерінен кетпеуге, сотта
істі тергеуге және қарауға кедергі
келтірмеуге, белгіленген мерзімде
қылмыстық процессті жүргізуші
органның шақыруы бойынша жазбаша
міндеттемесін алуынан тұрады. Бұл
нақты түрде сезікті, айыпталушының
аты, жөні, тұрақты тұратын жері көрсетіліп,
қандай бап бойынша жауапқа
Бұлтартпау шарасының екінші бір түрі ретінде жеке кепілдік 145 бап.
1. Сенімге ие болған
адамдардың олар сезіктінің
2. Бұлтарпау шарасы ретіндегі
жеке кепілдікті таңдауға тек
кепілдік берушілердің жазбаша
өтініші мен оған қатысты
3. Кепілдік беруші оған
қатысты өзі кепілдік беретін
адамның айыбының мәні, кепілдік
берушінің оған сезікті,
4. Кепілдік беруші қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез – келген сәтінде кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
5. Сезікті, айыпталушы
оны болдырмау үшін жеке
Жеке кепілдік төменде қол қоюшылар деп өздерінің фамилиясы, аты – жөні, тұрақты тұратын орнын толық түрде, кім болып қызмет ететіндігін, жеке басын күмәндандыратын құжат нөмірін толық түрде жазады. Қай баб бойынша айыпталушыға айып мөлшерін және кімге жеке кепілдік беретіндігін, айыпкердің қайда тұратындығын, егер тұратын орнын ауыстыратын болса, ол туралы тез арада хабарлайтындығына жеке кепілдік береді және ҚІЖК бойынша жауапкершілікте болатындығына кепілдік береді .
Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерді байқауы 146 бап.
1. Әскери бөлімдер
2. Әскери бөлімінің
3. Сезікті, айыпталушы
оны болдырмау үшін аталған
бұлтартпау шарасы таңдалған
әрекетті жасаған жағдайда
4. Өздеріне жүктелген
байқау жөніндегі міндетті
Кәмілетке толмағанды қарауына беру. 147 бап.
1. Кәмілетке толмағанды ата-анасының, қамқоршысының, қорған-шысының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ, ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмілетке толмаған тиісті мінез-құлықы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтың жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады.
2. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады.
3. Қарауына қабылдау туралы қолқат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыға, қорғаншыларға, арнаулы балалар мекемелер әкімшілігі өкілдеріне кәмілетке толмаған сезік келтірмеген немесе ол айыпталған қылмыстық сипаты туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылдаған міндеттерін бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі.
4. Қарауына кәмілетке толмаған берілген адамдарға олар қабылдаған міндеттемелерін орындамаған жағдайда осы 145 бабының бесінші бөлігіндегі және 160 бапта көзделмеген жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Бұл аталған «әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерін байқауы» мен «кәмелетке толмағанды қарауына беру» арнайы бұлтартпау шаралары ретінде қарастырады. Жеке кепілдік кәмілетке толмағанды қарауға беру айыпкердің жалпы құқықтың мәртебесін шектемейді. Жеке ретте жеке басына қол сұқпаушылық құқығына тиіспейді. Бұндай бұлтартпау шарасының түрін таңдағанда ешқандай құқықтық шектеу, жеке кепілдік берген адамдар бақылау мен қарауды жүзеге асырғанда айыпкер тарапына белгілі бір, қандай да бір тәртіп, шартын бекітпейді. Осыған байланысты әртүрлі авторлардың көзқарастары бар. З.Д. Еникеев көзқарасы бойынша кәмілетке толмаған айыпкерге өз қарауында көшеде кешкі, түнгі уақытта жүрмеуге, спирттік ішімдікті пайдаланбауға, танымайтын адамдармен кездеспеуге, үйден шығуына байланысты шектеулер бұл талаптар құқықтық түрде емес өнегелікпен мінезделеді. Айыпкердің бұндай талапты орындамауы, өзге бір бұлтартпау шарасының қатаң түріне ауыстыруға себеп болмайды дейді – Н.А.Акинчаның пікірі бойынша, кепілдік берген, немесе үйден шықпауын, спирттік ішімдік пайдаланбауын қадағалау керек. Жеке ата – ана емес, тергеушінің өзі кәмелетке толмаған айыпкерды түнгі уақытта кепілдік беруші айыпталушыға қандай да болмасын теріс әрекет жасамауын сұрайды, бұл құқықтық міндеттеме емес. Бірақ, жеке кепілдік берушінің айтқанын, сұрауын орындамауы, жеке кепілдік беруші адамның тергеушіден бұндай бұлттартпау шарасын жоюды және басқа түрін таңдау үшін өтініш жасай алады.
Кепіл. 148 бап
Кепіл сезіктінің, айыптаушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозиетіне сезікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады.1 Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.
Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды. Бұл жердегі аса ауыр қылмыс дегеніміз ҚРҚ Кодексінің 10 бабындағы қылмыс санаттары.
1. Жасағаны үшін ҚК он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
2. Кепіл прокурорының санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады.
3. Кепілдің мөлшері: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағанда айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен: орта ауырлықтағы, абайсызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде – айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен: орташа аурлықтағы қасақана қылмыс жасағанына айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен: ауыр қылмыс жасағандығына айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепілдің қабылданғандығы туралы сезіктіге, айыпталушыға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттері түсірілмегендігі, ал кепіл берушіге сезікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтаруы жағдайында кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгіндігін атап өтілген хаттама жасалады. Хаттамаға бұл бұлтартпау шарасы таңдап алынған лауазымды адам, сезікті, сондай – ақ басқа адам болса кепіл беруші қол қояды. Соттың депозитына кепіл енгізгендігі туралы хаттама мен құжат істің материалдарына қосылады, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады.
5. Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгертіледі.
6. Осы баптың 5- ші бөлігінде көрсетілген жағдайда прокурор сотқа кепілді мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ұсыныс жасайды. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын тиісті шешім қабылдайды.
7. Қалған жағдайда сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді.
8. Қылмыстық істі алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепіл анықтау немесе алдын ала тергеу органдардың қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады.
Үйде қамауда ұстау 149 бап. ҚІЖК.
1. Үйде қамауда ұстау сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән жайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚІЖК 150 бабында көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.
2.Бұлтартпау шарасы аталған түрін таңдау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгіленген шектеулердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетіледі. Қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым – қатынас жасауға, хат – хабар алуға және жөнелтуге, кез – келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салуға, сондай – ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгіленуі мүмкін, қамап ұсталатын адамның тұрғылықты жері күзетілуі мүмкін. Қажет болған кезде мінез -құлқы қадағалануы белгіленеді.
3.Үйде қамауда ұстаудың мерзімі, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртібі ҚІЖК 110, 153 баптарында белгіленген ережелермен айқындалады.
Қамауға алу. 150 б.
1. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты: егер,
1) оның ҚР аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса;
3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;
4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолдануы мүмкін.
Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бүлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарылады. Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған сенбептермен негіздер баяндалуы тиіс.
1 Қаулымен бірге аталған бүлтартпау шарасын таңдаудың негіздігін растайтын материалдар қоса беріледі. Егер бүлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау арқылы қаулы сезіктіге, ұсталған адамға қатысты осы КІЖК 132, 134 баптарына орай шығарылса, ол ұстау мерзімі аяқталғанға дейінгі алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуы тиіс.
Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы