Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

2. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қауы материалдары прокурорға түскен кезден бастап, алты сағаттың ішінде прокурордың кідірісіз қарауына жатады.

3. Қамауға алуға санкция беру құқығы ҚР бас прокурорына, олардың орынбасарларына, облыстардың прокурорларына, олардың орынбасарлары-на, аудандық және қалалық прокурорға, сондай- ақ облыстардың, аудандық немесе қалалық прокурордың құқығына әрекет әскери, көліктік және басқа да прокурорларға және облыстар прокурорына әрекет ететін прокурордың орынбасарларна беріледі.

4. Прокурор заңмен берілген негіздер болған кезде және осы КІЖК 139 бабында көзделген зардаптарды болдырмау мүкіндігі болмаған жағдайда басқа неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын тандау жолымен айып-талушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді. Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негізі бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан жеке жауап алуға міндетті. Жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмілетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзіннің пікір айта алады.

5. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздері бар материалдарды қарап және айыпталушыдан жауап алып, прокурор айыпталушыға (сезіктіге) бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) қолданады және жедел атқаруға жатады.

6. Прокурорың қамауға алуға санкция беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуі мүмкін. Прокурор осы бұлтартпау шарасын қолдануға санция беруден бас тартқаннан кейін, сондай- ақ КІЖК 110 бабында көзделген тәртіппен судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейін нақ сол адамды, нақ сол іс бойынша қамауға алу жөніндегі санкция беруді сұрап, прокурорға қайталап өтініш жасау сол адамды қамауға алу қажеттігін көздейтін жаңа мән-жайлар пайда болған кезде ғана мүмкін болады.

7. Егер сезіктігі, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселе сотта туындаса ол туралы шешімді тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот қабылдап, ол туралы қаулы шығарылады.

8. Еегер сезіктіге, айыпталушыға қамауға ұстау түріндей бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандыруға жеткілікті негіздер болмаса, прокурор мен сот неғұрлым жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы. Прокурор мен сот айыпталушыға (сезіктіге) қолданылған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын немесе үйде қамап ұстауды кепілге алмастыруға құқылы. Бұл жағдайда айыпталушы (сезіктіге) келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттық қаулысы атқарылуға береді.

9. Анықтаушы, терегеуші, прокурор немесе сот КІЖК 138 бабында белгіленген тәртіппен бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылатындығы туралы сезіктінің, айыпталушының туыстарына хабарлауға міндетті тергеудің алғашқы кезіндегі құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында істің ерекше сипаты мәжбүр ететін айрықша мән жайларда хабарлау прокурордың санкциясымен, аталған бұлтартпау шарасы кәмілетке толмағанға қолданылатын жағдайды қоспағанда, іс жүзінде ұсталған кезден бастап 10 тәуліктен аспайтын мерзімге кешіктірілмеуі мүмкін.

Жоғарыда бұлтартпау шарасының жүйесін ашып, тізіп көрсеттім, енді осы шараларды былай екі жүйеге енгізуге болады.1

1. Жалпы шаралар: қамауға алу, үйде қамауда ұстау, кепіл, жеке кепілдік, ешқайда кетпеу туралы қолхат.

2. Арнайы шаралар: кәмілетке толмағанды қарауа беру, әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызыметшісінің байқауы. Бұлтартпау шаралары өзіміздің тәжірибемізде жүргендей, нақты тергеушілермен қолданылатын екі бұлтартпау шарасы бар олар: ешқайда кетпеу туралы қолхат және қамауға алу. Көп жағдайларда іс жүзінде қолхат пен қамауға алу дәрежесі жоғары деп айтуға болады.

Кәзіргі кездегі қылмыстық  саясаттағы адамгершілік нормалары  көп реттерде қамауда ұстауды төмендетіп жатыр. Бұған дәлел ретінде кәзіргі әрекет ететін КІЖК қамауға алу тек КК көзделген баптың екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру ал бұл норма бұрынғы КІЖК бір жылдан алатын жаза тағайындалатын бапқа көзделген: бірнеше авторлардың пікірінше, «барлық бұлтартпау шаралары азаматтардың бостандығын шектейді». Бұл жерде ерік бостандығы айыпкердің еркін білдіреді. Егер бостандықты біз

құқықтық категория ретінде  алсақ, бұлтартпау шарасын бостандықты  шектеу ретінде табылмауы керек. Кәмілетке толмағандар, ата- анасының қадағалануына беру жеке кепілдік бұлтартпау шарасын таңдау кезінде құқықтық мәлімде бостандықта болады, олардын  азаматтық құқығы мен бостандығы шектелмейді.

Сонымен қатар тағы бір пікірлер «бұлтартпау шарасының өзі айыпкердің құқықтарын бірінші орында шектеумен байланысты.

Сонымен бұтартпау шаралары мәжбүрлеуді (психикалық күштеу) жүзеге асырады, бұлар барлық ретте құқық шектеу шарасы ретінде жүзеге асырады.

Бұлтартпау шарасы тұлғалардың  құқықтық мәртебесін шектеу, сондықтан  бұлар мәжбүрлеу шаралары.

Көптеген бұлтартпау шаралары күштеу шаралары болып табылады. Бірақ  бұлтартпау шарасы тұлғаны белгілі  бір тәртіпке итермелейді. Жеке кепілдікке байланысты, ешқайда кетпеу туралы қолхат айыпкердің психикасын белгілі  бір жасаудан тиым салады.

Бұлтартпау шарасы айыпкердің өзінің бұлтартпау шарасын, міндетемесін орындамған кезде бұлтартпау шарасының қатал түрін яғни қамауға ұстауға таңдап алуға әкеледі. Бұл барлық міндеттеме айыпкерге белгілі бір теріс әрекеттер жасаудан қорғайды. Айыпкерді психикалық күштеуі тергеушінің айыпкерге қатысты қатал түрін таңдап аламын деп айтуы-міндеттеуі.

Күштеу – тек өзіне  берілген, тағайындалған міндетемені  орындмаған ретте қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ –  ҚАМАУҒА АЛУ 

 

2.1 Қамауға алудың  түсінігі, қамауға алу кезіндегі  кепілдіктер

 

Бұлтартпау шарасының бұл түрі - әр кезеңде әртүрлі аталған «қамауда ұстау», «тұтқында ұстау», «тұтқындау», «алдын ала қамауға алу», бірақ, бұл терминдердің мағынасы бір, яғни, «қамауға алу». Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 150 бапта заңның берген ұғымы бар. Ол – қамауға алу деп көрсеткен.

Қамауға алу – бұлтартпау шараларының ішінде ерекше қатал шара және айыпталушының (сезіктінің) бас бостандығын уақытша айырумен байланысты, белгілі бір құқықтық шектеумен байланысты және қоғамнан оқшаулау арқылы тергеу изоляторының қатаң талаптарына бағыну қажеттілігімен байланысты бұлтартпау шарасы. Бұл бұлтартпау шарасының түрі – алдымен айыпталушыны (сезіктіні) жүріп тұру бостандығын шектеумен, бас бостандығын шектеумен көрініс табады.

Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасағандығына айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты, егер:

1. Оның Қазақстан Республикасы  аумағында тұрақты тұратын жері  болмаса;

2. Оның жеке басы анықталмаса; 

3. Ол бұрын таңдалған  бұлтартпау шарасын бұзса;

4. Ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 16 бабының 2 тармағында «Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады. Қамауға алынған адам сотқа шағымдануға құқығы беріледі. Бұл құқық нормасына анализ жасайтын болсақ, жеке тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық мемлекеттік – құқықтық кепілдік болып табылады:

Біріншіден: жалпы тәртіп бойынша азаматтардың қамауға алуын  болдыртпайды;

Екіншіден: қамауға алудың ерекше тәртібін анықтайды;

Үшіншіден: қамауға алудың ерекше заңдық процедурасын бекітеді;

Төртіншіден:сот және прокуратура  органдары тарапынан арнайы қадағалауды  бекітеді.

Жеке тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығы мемлекеттік – құқықтық кепілдікпен қоса, қылмыстық іс жүргізу кепілдіктері бар.1

Бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде, арнайы заңдарда көрініс тапқан. Қамауға ұсталғандарға кепілдік ретінде мына төмендегілерді көрсетуге болады:

1. Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету;

2. Жеке тұлғаланың жеке басына қол сұқпаушылықты шектеген кездегі міндетті түрде заңда көзделген мерзімді белгілеу; (2 ай).

3. Азаматтарды қамауға алған кезде процессуалдық тәртіпте қамтамасыз ету;

4. Айыпталушы (сезіктіге) қатысты кінәсіздік презумпциясын қарастыру және дәлелдеуде шектен шықпау.

Өз кезегінде жеке тұлғаның жеке басына қолсұқпаушылық құқығы мынадай кепілдіктерді береді:

- Қамауға алудың заңдылығы  және негізділігі:

- Қамауға алынған адамның  түсіндірмесін, жауабын, көрсетіндісін  тыңдамай жатып, қамауға алуды  жүргізбеу; 

- Қамауға алынғандардың  құқықтарын қамтамасыз ету;

- Қамауға алынғандарға  қатысты дене және рухани адами  ар – намысын кемсітпеу, төмендетпеу;

- Қамауға алынғандарды  бұлтартпау шарасының мерзімі  аяқталған кезде, жойған не  өзгерткен кезде мерзімін анықтау;

- Қамауға алуды прокурорлық  қадағалау, соттық бақылауды жүргізу  .

Жеке тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының басты кепілдемесі – лауазымды тұлғалардың, азаматтарды заңсыз және негізсіз қамауға алуды болдыртпауға жауапкершілікте болуы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 бабындағы 2 тармағында жеке басқа қол сұқпаушылық құқығының кепілдігінің мағынасы, мәні мынада:

Азамат – заңда көзделген негіз болған кезде ғана күштеу (мәжбүрлеу) шараларына тартылады.Жеке басқа қол сұқпаушылық туралы айтқан кезде, алдымен біз күштеу шаралары: жеке тұлғаның жеке қауіпсіздігі, өмірі, денсаулығы, денеге қол сұқпау, жүріп тұру бостандығы және өзінің субъективті құқығын пайдалана алуын айтамыз.

Қоғамда құқық бұзушылықтың болуы, мемлекеттік – мәжбүрлеу шараларын қолдануға қажеттілік, қылмыс жасаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы, бұл тек құқықтық тәртіп үшін қажеттілік емес, заңдылықты қамтамасыз ету үшін, ең аяғы жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін қажет. Сондықтан тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығын шектеу тұлғалардың мүддесін қорғаумен байланысты.

Сонымен, тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының мәні мынада: азамат тарапына қандай да бір мәжбүрлеу шарасын қолдануға тыйым салынады, бірақ бұндай шара ерекше жағдайда, заңда қатаң түрде көзделген ретте мемлекеттік органдар, лауазымды адамдармен жүзеге асырылады. Мемлекеттегі қандай да болмасын күштеу шарасы – заңда көзделген рұқсат етілген еріксіз – тұлғаға жеке басына қол сұқпаушылық қағидасына ауытқу.

Күштеу – бұл еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара. Бұл құқықпен реттелген. Тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылығы қылмыстық процесс кезінде мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында болатын қатынас:

- Анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдарының айыпталушының жеке басын шектеумен байланысты қатынасы. Сезіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды қолдану. Бұлар арнайы процедураны, нысанды қамтиды.

Қамауға алу – қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылады.

Қамауға ал- егер сырт көзден қарайтын болсақ, кінәсіздік презумпциясына қарама – қайшы болып тұр және де кінәсіздік презумпциясы бойынша қандай да болмасын адам сот үкіміне дейін кінәсіз болып табылады, егер кінәсі дәлелденгенге дейін айыпкердің кінәсі дәлелденген жоқ, бірақ ол қамауда. Сонда біз сұрақ қоямыз? Айыпкер, сонда қалай кінәсіз болады?

Жауапқа біз: Мемлекетпен, яғни, қылмыстық жазалау құқығының  субъектісі ретінде. Мемлекет үкім шыққанға дейін айыпкерге әлеуметтік –  экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдени, жеке құқықтар және қамауға алынғандармен  кінәсі әлі дәлелденбеген ретінде  қарауы керек деген талап қояды. Айыпкерді қамауға ала отырып, тенргеуші мемлекет атынан әрекет етеді. Тергеушінің айыпкер тарапына қатысты  күмәні ғана болады. Сондықтан, мемлекет айыпкер тарапына қатысты кінәлігін  дәлелдеу ретін сот процедурасын құрастырған және тергеушінің күмәніне ғана сүйенбей, тергеуде жүргізілген  процедураны сот төрелігінде  ашық жарыссөз жүргізу арқылы қорғау тарапын қатыстырады. Тергеушінің  ішкі сенімі айыпкердің кінәлілігі туралы тергеушіге процессуалдық және моралдық құқық береді, заңда көрсетілген  қажет ретте процессуалдық мәжбүрлеу  шарасын жүргізуге құқық береді. Тергеушінің айыпкерді қамауға  алу байланысты шешімі фактілі мәліметтер болған кезде ғана, яғни, айыпкер  нақты қылмыс жасағанда және жаза мөлшері екі жылдан асатын болса, іс бойынша тергеу мен соттан жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі болады дегенде  және де жаңа қылмыс жасайды деген негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19 бабы «кінәсіздік презумпциясы» қағидасына әрекет етуіне тергеушінің өзінің ішкі сенімі бойынша айып тағу, содан кейін бұлтартпау шарасының бірін таңдайды. Бірақ қылмыстық жауапкершілік пен айыпталушы ретінде тануды теңестіруге болмайды. Бұл жерде айыпталушы және кінәлі деген екі ұғым. Егер қылмыстық жауапкершілік кін лі субъектіге белгілі бір материалдық құқықтық міндетін жүктесе, заңдық жауапкершілік қылмыстық процессуалдық мәні, егер тұлға заңмен көрсетілген процессуалдық құқығын дұрыс қолданбаса, өзіне жүктелген процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылады. Үкім заңды күшіне енгенше жауапкершілік тек қылмыстық процессуалдық түрінде ғана жүргізіледі.

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы