Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

 

2.3 Бұлтартпау  шарасының түрі қамауға алу  кезінде тергеушінің

өкілеттілігі, қамауға  алудың процессуалдық тәртібі

 

ҚРҚІЖК сәйкес алдын ала  қамауға алу бұлтартпау шарасын  таңдап алуға құқылы-анықтаушы, тергеуші , прокурор және сот.

Бұндай бұлтартпау шарасын  тергеуші, немесе анықтаушы тек прокурордың  санкциясымен ғана жүзеге асыра алады.

Аталған лауазымды тұлғаларды қамуға алу өкілеттігін бере отыра  заң жеткілікті дәрежеде оның мазмұны  мен шегін әр түрлі моменттерді  ашып көрсетпейді. Айыпкерді (серіктіні) қамауға алу туралы шешімді тергеуші ішкі сенім арқылы шешеді, одан кейін бұл шешім прокурормен бекітіледі. Бұндай тергеушінің тәуелсіздігі бір бұлтартпау шарасын қолданған кезде ғана тәуелді болады.

Прокурор қамауды санкциялау арқылы қамауға алуды жүзеге асырады. Егер прокурор санкция беруден бас  тартса, тергеуші басқа бұлтартпау шарасын таңдап қолдануға, яғни айыпталушының  бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шарасын қолданады.

Егер прокурордың нұсқауына  келіспеген жағдайда тергеуші прокурордың  нұсқауын жоғары тұрған прокурорға шағымдана  алады.1 Тергеуші бұлтартпау шарасы мәселесін, заң бойынша айып таққаннан кейін, өзінің ішкі сенімін жинақтап, содан  кейін ғана тұлғаны айыптаушы  ретінде қаулы шығарғаннан кейін  бұлтартпау шарасының түрін таңдайды. Тек өзінің барлық дәлелдемелерді толық жиналғаннан кейін ғана, тергеуші өзінің қаулысы арқылы айыпкер ретінде қарастырады. Айыпкерді қамауға алу мәселесін шешуде алдын ала тергеу өндірісінде тергеу актісімен тергеушінің барлық жинақталған дәлелдемелерімен, тергеушінің ішкі сенімімен шешіледі.

Аталған ой тергеушінің айыпталушыны қамауға алуда үлкен процессуалдық  тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл бөлімде толық көлемде ҚР ҚІЖК талаптарын басшылыққа алады. Тергеушінің процессуалдық жеке дара ойлауы жеке басымен қаулының негізді және заңдылығы байланысты жауапкершілікте болады.Тергеуші шешім шығарарда ол шешімнің дұрыстығына көзі жетуі керек. Процессуалдық шешімі өзінің ішкі сеніміне қарсы болса барлық жағдайда процессуалдық заң нормасының бұзылуына, өзінің қызметтік борышын дұрыс орындамауда болады. Ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде тергеушілер қылмысты тергеу бөлімінің басшыларының жетекшілігімен шешеді. Бұл жағдай, тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің процессуалдық тәуелсіздігіне қалай ықпал етеді екені қарастырылар. Еңді тергеу бөлімінің бастығының өкілеттігіне тұсіндірме беретін болсақ. Бұл бапқа анализ жасасақ тергеушінің тәуелсіздігіне тергеу бөлімінің бастығы ешбір шектеу қоймайды. Бұл аталған бапта тікелей тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге бұлтаратпау шарасының қай түрін таңдап алу туралы нұсқау бермейді. Бұл баптан мұндай құқық қарастырылмаған. Айыпталушы (сезікті) қамауға алуда соңғы сұрақты шешуге тек прокурордың өзінің санкциясы беру арқылы шешеді. Сонымен қатар, тергеу бөлімінің бастығы тергеушімен шығарған шешімін жоққа шығара алмады. Бұндай құқық тек прокурорға ғана берілген. Тергеушінің шешімінің заңдылығы мен негізделгеніне бақылау жасауда тергеу бөлімінің бастапқы тәжірибесі аз тергеушілерге іскерлік кеңесін ғана бере алады. Бұл тергеушінің процессуалды тәуелсіздігін шектеу емес.

Тәжірбиеде ведмоствалық бақылау көптеген жағдайларда тергеу бөлімінің бастығы өзінің қарамағындағылардан  бұлтараптау шарасын қай түрін  таңдап алуда сонымен қатар қамауға  алу туралы қаулы шығаруда қатысады. Анықталғанындай бұндай бақылау тергеу бөлімінің басшысының өкілеттілігінен шегіне асып кету ретінде қарастырылады. Барлық негізсіз шешім немесе тергеушінің процессуалдық тәуелсіздігін шектеу ал адамның жауаптылықтың жоқтығына, өзінің жеке күшіне сенбеуіне әкеп соғады. Мынандай жағдай, тергеуші берген кеңесті ондай көмекке бас тартуы, өте көп тәжірибелерде кездеседі. Бұндай тергеу бөлімінің бастығы іс материалдарымен жеткіліксіз танысқанда, барлық мән жайларды дұрыс бағаламауда тергеушінің сеніміне өзінің ойын қарама-қайшы қоюы егер тергеуші сенімі дұрыс емес мән-жайларға сүйенсе, оның арты дұрыс емес шешім шығаруға соқса, тергеу бөлімінің бастығы тергеушіні қайта қарастырып барып сенімді қалыптастыруға міндетті.1 Тергеушінің бұлтараптау шарасын таңдаған кезде бақылауды жүзеге асыруы тергеу бөлімінің бастығы прокурорға қарағанда, ең бастысы өзінің қарамағындағы тергеушілерді жоғарғы қызмет сапасының болуына, оларды негізсіз және заңсыз шешім қабылдауын болдыртпауға оларға кеңес көмегін беруге бірақ процессуалдық тәуелсіздігіне қол сұқпауға міндетті. Барлық жағдайда процессуалдық бақылау тергеушілердің жұмыс қызмет сапасын көтеруге, ведмостваның жауапкершілігін көрсетеді. Ол тергеуші қызметінің жоғары болуын, уақытында заңсыз әрекеттер мен заңсыз шешім шығаруды ескертеді, ал олай болған кезде – оның күшін жояды.

Қамауға алудың процессуалдық  тәртібі

Процессуалдық тәртіп дегеніміз-лауазымды  тұлға мен органдардың белгілі  бір нақты мәселені шешуге бағытталған  қандай да бір сатылы әрекеті. Айыпкерді алдын ала тергеудегі қамауға алу бұндай әрекет бұлтартпау шарасын таңдап алуға және жүзеге асырады.ҚРҚІЖК 150б.сәйкес тергеуші айыпталушыны қамауға алу туралы дәлелді қаулы шығарып,кейін прокурормен санкцияланып,заңды дерек ретінде белгілі бір процессуалдық құқықтық қатынас туындатады.Тек прокурормен тергеушінің қаулысы санкцияланған жағдайда,айыпкер не сезікті қылмыс жасады дегенде сол адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрі-қамауға алынады. Заңмен белгіленген қамауға алу-азаматттардың жеке басына және бостандығының кепілі болады. ҚР заңнамасы талап қояды,қаулы бұлтартпау шарасы негізді және дәлелді болуы керек деп.Сондықтан болар тергеу тәжірибесінде біріңғай заңмен нақты дәлелді және негізді деген түсінік анықталмаған.ҚРҚІЖК сай,қаулы-бұл алдын ала тергеу өндірісі кезінде тергеушімен қабылданатын шешім. Тергеушімен қабылданатын дәлелді,негізді шешім мен қаулы бұл-процессуалдық нысанда жасалған.Бұндай нысанда жасалмаса заңдық күші болмайтын тергеушімен қабылданатын шешім.Тергеу актілерінің процессуалдық нысандарын бағаламауды сынға алып,С.В.Бородин дұрыс анықтама берген:«Процессуалдық нысан іс мәнін толық ашуда негізгі орын алады.Заңмен белгіленген процессуалдық құжатсыз қылмыстық процесс,қылмыстық іс жоқ.»1 Бұл аталған ой тергеушінің бұлтартпау шарасын қолданған кезде ескріледі.

Шешім-деректік мағлұматтарға  негізделген ой-ерік қызметінің актісі.Айыпкерді  қамауға алу туралы тергеуші шешімі заң талаптарының сәйкес рәсімделген,бұлтартпау шарасы қолдану қаулысы деп аталып жүзеге асырылады.Заңға сәйкес бұлтартпау шарасы туралы шешімі дәлелді болуы керек. Заң шығарушы дәлелді деген түсінікті ашып көрсетпейді. Бұл мәселе процессуалдық әдебиеттерде,тергеу тәжірибесінде талқыланбаған. Көптеген жағдайларда дәлелді деген негізді деген ұғыммен теңестіріледі.Бізге белгілі дәлел-ниет –тұлғаның қандайда бір әрекетті жасауға ішкі түрткі болатын ойды қалыптастыру.

Сендіру-саналық,эмоциялық және ерік компонентерінің сыртқа шығу көрінісі, бұл тергеушінің сыртқы қажеттілігімен көрінеді.

Шешімді дәлелді ету – белгілі бір жағдайда қандайда біреуді сол шешімді қабылдатуға сендіру, дәлелдеу. Сезіктіні қамауға алуда тергеуші өз қаулысымен айып тағылмай тұрып не үшін қамауға алынғандығын түсіндіру.

Тергеушінің дәлелі – қаулы арқылы көрініс табады, бұл деректік мағлұматтар арқылы айыпкер немесе сезіктінің жасырыну мүмкіндігін куаландыратын акті. Тергеушінің қаулысы негізді болуы керек. Негіз деген ұғы м алдыңғы параграфтарда қарастырылып кетті. Аталғанға қоссақ, қаулы қандай да болмасын негіз тек жеткілікті деректік мағлұматтар болған кезде және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда көрініс табуы керек.

Мысалы, былай көрсетілу керек:’’Айыпталушы И. Бостандықта жүріп жәбірленуші Д. Мен куә З. К. өзінің жағына көрсетінді беру үшін қорқытқан”. Көптеген ретте шығарылған қаулыларға анализ жасайтын болсақ қамауға алуды негіздейтін деректік мәліметтердің жоқтығын көрсетеді. Қамауға алу қаулысында жасалған қылмыс көрсетілуі керек, бұл сезікті немесе айыпталушының не үшін қамауға алынғандығын, өйткені қамауға алу тек ҚРКК көзделген қылмыстарының санкциясы екі жылдан астам жасалған қылмысқа ғана қолданылады.

Аталған мән-жай айыпкерге (сезіктіге) таңдалған бұлтартпау шарасын  прокурорға шағымдануға болатындығын байқаймыз. Прокурор өзіне тән қадағау арқылы қаулының мазмұның іс материалдарындағы дерекке сәйкес келетіндігін, қылмыс мән жайы қаулыда нақты, дұрыс түсінікті болатындай болуы керек. Тергеушімен шығарылған бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу туралы қаулы 3 бөлімінен тұрады: кіріспе, сипаттаушы - дәлелдеме, резолютивті – қорытынды, бөлімдерінен тұрады. Сонымен қоса жоғары оң жақ бұрышында қашан және кімнің санкция бергені көрсетіледі. Қамауға алынған айыпталушы (сезіктінің аты, әкесінің аты, фамилиясы тегі) толық жазылады. Санкция гербтік мөрмен расталады, рәсімделеді.

Кіріспе бөлімінде қаулының шығарылған күні, айы, жылы, кіммен шығарылғаны, қай жерде шығарылғаны көрсетіледі. Бұл мағұлыматтардың көрініс табуы өте қажет. Ол біріншіден мерзімнің қай күні қабылданғандығы, екіншіден сотпен шығарылған үкімде жаза есептелген кезде қосылып есептеледі, қай жерде қабылданғанды белгілі бір территорияның юрисдикциясы мәселесін шешеді. Кіріспе бөлімінде бұл шешімді қабылдаған тұлға туралы хабарлама, ҚРҚК айыпталушы не сезікті қамауға алу қолданатын бап жазылады.

Сілтеме жасау дәлелдеуші бөлімде тергеушімен шығарылған шешімнің заңдылығын білдіреді. Сондықтан, 139, 140 баптарда сілтеме жасау бұлтартпау шарасын қай түрін таңдап алуға  көмек көрсетеді. 139 бабында мән  жайлар қандай да болмасын бұлтартпау шарасын таңдап алуда нақты көрсетіледі. Бұл бар бұлтартпау шарасын қолдану  тәртібін білдіреді. 150 бап мән жай  қамауға алу шартының болуын куәландырады және жасалған қылмыc Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі  екі жылдан астам жаза қолданылатын қылмыстар үшін жеткілікті негіз  болады.

Резолютивті бөлімде тергеушінің  бұлтартпау шарасының түрі – қамауға  алуды таңдап алу тура шешімі шығарылады. Қамауға алынатын адам туралы толық хабар береді. Тергеуші қабылданған шешім туралы айыпталушыға хабарлайды және қаулыда таныстырғандығы жөнінде жазады. Қаулыға тергеуші қолын қояды. Айыпталушыны қаулымен таныстырғанымен қоса айыпкерге қаулы көшірмесін береді. Айыпкер (сезікті) көшірмесін алып, өзінің келіспейтіндігін айтып, бұл бұлтартпау шарасына шағым бере алады.

Айыпталушы (сезікті) қамауға  алғандығы туралы тергеуші белгілі  бір мүдделі тұлғаларға хабарлайды. Егер кәмелетке толмағандыны қамауға алса, ата – анасы оның орнындағы адамдарды қылмыстық іс өндірісін жүргізетін орган және кәмелетке толмағанның жіберілген орны туралы хабарлайды. Уақтылы мүдделі тұлғаларға хабарлау тергеуші әрекетін шағым жасауға мүмкіндік береді. Тергеуші тергеу изоляторына арнайы хабарлама, яғни, жеке тұлға туралы мәліметтержіберуге міндетті. Бұл аталған хабарлама ешқандай процессуалдық мәні жоқ, бірақ, тұлғаны зерттеп білу үшін, сол тұлғамен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін қажет. Процессуалдық әдебиеттерді және тәжірибедегі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу туралы жаңадан қаулы шығару керек пе? деген мәселе көтерілуде. Исмаилов Р.А. : жаңа қамауға алу туралы қаулы айыпкерге қатысты айып тағылғаннан кейін прокурормен қайтадан санкцияланып заңдастырылуы керек.  

Тергеу тәжірибесіне қарасақ, жаңа айыпталушыны қамауға алу туралы қаулы жаңадан қабылданбайды. Бірақ та мынадай жағдай болады. Тергеуші бұрын сезікті болған адамға айып таққаннан кейін, жаңадан бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарылып прокурормен санкцияланады. Жаңадан қаулы шығару, егер айып тағылғаннан бұлтартпау шарасының жеңіл түрі немесе керісінше ауыр түрі және бұл қаулыны прокурор санкциялауға міндетті болған жағдайда, егер сезіктіге қатысты прокурордың нұсқауы бойынша қамауға алуды жүзеге асырса, егер айып тағылған кезде қамауға алудың қажеттігі жоқ деп танылғанға, жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарылады. Егер де айып тағылған кезде сол бұлтартпау шарасы қалдырылса, ол жағдайда жаңадан қаулы шығару қажеттігі және жаңадан қамауға алуды санкциялаудың қажеттігі жоқ, сезөіктіге қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы айып тағылғаннан екйін де әрекет етеді. Басты шарт, айыпты уақытында тағу.

Шетел азаматтарын қамауға  алған кезде сыртқы істер министрлігіне  хабарлама жіберу керек. Тергеу тәжірибесінде мынандай жағдай қылмыс жасаған турға тергеу мен соттан жасырып жүрген кезде, оны іздестіру шарасы тек тергеушімен айыпкер ретінде танығаннан кейін іздестіру шарасы жүргізіледі. Іздестіру шарасы жүргізілгенге дейін, тергеуші қылмыстың оқиғасы, жасаған тұлға туралы мәліметтер жинап алуы керек. Заң бойынша, бұндай жағдайда бұлтартпау шарасының – қамауға алу жүзеге асырылады. Қамауға алудың негізі болып, айыпекрдің алдын ала тергеуден жасырынуы, іздестіруші адамның жасаған қылмысы бап санкциясы екі жылдан астам болған кезде және айыпталушы бұрын қолданылған жеңілірек бұлтартпау шарасын бұзған кезде қамауға алу таңдалынады.

Іздестіруде қамауға алу  қолданылуы айыпкердің ұсталған жағдайда алдын ала тергеу өндірісі жүргізілетін жерге әкелінеді. Алып келуге негіз болып, тергеушінің қаулысы табылады, қамауға алынушыны этаппен жіберу туралы прокурормен санкцияланған шешім қабылданады. Сонымен тергеуші бір уақытта үш шешім қабылдайды: айыпкердің жасырынуына іздестіру жүргізу, Қамауға алу, іздестірушіні алдын ала тергеудің жүргізілетін жеріне этаппен жіберу. Бұндай шешімді бір қаулыда дәлелді қылып жазады, бірақ, олар әртүрлі құқықтық (заңдық) табиғаты болғанымен. Тергеуші заңға сәйкес айыпталуға жасырынған кезде іздестіру шарасын ұйымдастыруға тиіс. Іздестіруді жүргізу үшін тергеуші анықтама органына, прокурордың санкциясымен ұсталған жағдайда қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға жеке тапсырма береді. Егер айыпталушы іздестіруге берсе, оны ұсталған кезде қамауға алу туралы санкция беру құқығы іздестіру, сол аудан, облыста болса санкцияны аудан, қала прокуроры береді. Егер іздестіру Республика территориясынан тыс жүзеге асырылса, облыс, республика прокурорымен ұйымдастырылады. Іздестіру шешімі бір қаулыда көрініс табады және ол прокурордың санкциясын қажет етпейді. Санкциялынатын тек қамауға алу және этаппен жөнелту. Айыпкерді іздестіруге беру қаулысы және оған бұлтартпау шарасын қолдану мен этаппен жөнелту өзінің мазмұны жағынан қамауға алу бұлтартпау шарасынан өзгерек. Айырмашылығы: прокурор қамауға алуды санкциялаумен қоса этаппен жөнелтуді де санкциялайды. Бұл жерде этаппен жөнелту қамауға алу сияқты процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі болады. Айыпкер алдын ала тергеудің жүргізілетін жеріне күзетпен жөнелтіледі. Қамауға алу қаулысынсыз этаппен жіберуге болмайды.

Тәжірибеде айыпталу іздестіру  кезінде ұсталса, ұсталғандар камерасында  ұсталады. Тек қамауға алу және этаппен жөнелту туралы қаулы  келіп түскеннен кейін ғана, тергеу жүргізілетін жерге жібереді.

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы