Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық ІІБ айыпкер (сезікті) қатысты алдын ала тергеуде бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу, олардың жасалған қылмысының «қауіптілігі, ауырлығы» деген негізбен ұсталғандар.1 Тергеушілермен осындай негіз бойынша бірталай айыпталушылар тергеу изоляторында отырған. Қамауға алу бұлтартпау шарасының түрінің жеке түрі – негіз ретінде бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзған жағдайда (ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы міндеттемені). Бұл негізді қарастыра отырып, екі жағдайда көңіл бөлу керек:

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі егер айыпталушы (сезікті) ешқайда кетпеу туралы міндеттемені бұзса, қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылады деп тікелей атап көрсетпеген. Бірақ та ешқайда кетпеу туралы міндеттемені бұзса, бұлтартпау шарасының қатаң бір түрі қолданылады деп ескертіледі, ал біздің Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі қатал қатаңырақ бұлтартпау шарасы – қамауға алу болып табылады. Қамауға алу туралы қаулыда бірнеше негіздерді көрсетеді. Соның кең тараған жазбалары: «айыпталушы, сезікті бостандықта жүре отырып, тергеу мен соттан жасырынуға, іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіруі, қылмыстық әрекетін жалғастырады» деген бірнеше негіздерді типографиялық әдіспен бланкіде жазылады. Бұндай формилировка бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу үшін бір негізді анықтап көрсетуі керек. Қаулыда көрсету барлық мән жайды анықтау, осының негізінде қамауға алынуы керек делінген негіздер болған кезде ғана прокурор келісім аснкциясын береді. Жоғарыда көрсетілген негіз бойынша айыпкерді қамауға алуда айыпкер үшін не үшін қамауға алынғандығын білуі керек. ӨЗінің не үшін бостандығының шектелгендігін білу, оның құқықтық мүддесі болып табылады. Айыпталушы (сезіктіні) қамауға алу үшін бірнеше негіз болса, ол жағдайда барлық негіздер қаулыда көрсетіліп деректік (фактілі) мәлімет (құжаттарда) іс материалдаына тіркелуі керек.

Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алуды таңдаған және қолданған кезде негізінің болуын қажет деп атады. Сонымен қатар белгілі бір шарттың сақталуы, ол қылмыстық процессуалдық заңдар нормасында көрсетілуі немесе сол заң нормасынан шығады. Бұлтатпау шарасының түрі қамауға алуды қолдану үшін белгілі бір шартың болуы қажет. Енді сол шарт деген ұғымға келетін болсақ, қылмыстық процессте қамауға байланысты шарттың болуы айыпталушыны қамауға алу үшін нақты негізбен қатар шарты жүреді. Бұл бұлтартпау шарасының бұл түрін қолданудың дұрыстығын және мақсаттылығын қамтамасыз етеді. Алдын ала тергеуде бұлтартпау шарасының түрі ретінде қамауға алу мынадай жағдайларда мүмкін болады:

1. Тұлғаға айып тағылғанда;

2. Тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған айыпталушыға;

3. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі 150 бап негіздері;

а) оның Қазақстан Республикасыаумағында тұрақты тұратын жері болмаса;

б) оның жеке басы анықталмаса;

в) ол бұрын таңдалған  бұлтартпау шарасын бұзса;

г) ол қылмыстық қудалау  органынан немесе соттан жасырынуға тырысса;

4. айыпкерді (сезіктіні) қамауға алу туралы тергеушінің шешімін прокурор санкция берсе;

5. Бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу қаулысы Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі заң талаптарына сәйкес келсе.

Тұлғаға айып тағуды бұлтартпау шарасын қолдану үшін шарты ретінде қарастырсақ, тергеушінің сезікті тұлғаға айып тағу кезінде анықтау органымен барлық қажетті дәлелдемелер жиналуы керек. Ол уақытқа дейін қылмыс құрамының барлық элементтері анықталып білінуі, жасалған қылмыстың дұрыс саралануы қажет, осыдан барып бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі объективті түрде шешіледі. Бұндай шарттың сақталмауы бұлтартпау шарасын қолдану, соның ішінде қамауға алуды қолдану мәселесін шешу өте қиын болады. Сонымен қатар, қамауға алынған кезде барлық жағдайда іске қатысты барлық дәлелдемелердің жиналуы толықтылығы қарастырылмайды, айыпкердің түсінігін тексермейді. Оның тұжырымы есептелмейді, куәлардың және сарапшы қорытындысының қарама – қайшылықтары тексеріліп, зерттелмейді, тұжырымдарға баға берілмейді.

Айып тағу мәселесі тек жеткілікті дәлелдемелер болған кезде ғана шешілледі.1 Бірақта тәжірбиедегі көптеген лауазымды тұлғалар бұл норманы басшылыққа алмай, көптеген жағдайларда қамауға айыптаушыны емес, сезіктіні алып жатады. Бұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Тәжірбиедегі зерттелген жайыт сезіктіге қатысты қамауға алу бұндай шарттың бұзылуына кең тараған себептерге мыналарды айтуға болады:

а) Тергеу бөлімшесінің бастығының бақылауының жеткілікті болмауы.

б) Прокуротура органының бұлтартпау шарасын қолданған кездегі қадағалауының жүрдім бардым қарауы.

в) Сезіктіні қамауға алу үшін негіздің мәліметтердің толық болмауы.

Айып таққанға дейінгі сезіктіні қамауға алуға байланысты кезде төменгі мән-жайларды қарастыру қажет: ҚРҚІЖК 68 бабына сәйкес, сезікті дегеніміз – тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтіргендігі хабарланып, соған байланысты ҚРҚІЖК белгніленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жузеге асырылған, не айып тағылғанға дейігі жолын кесу шарасы қолданылған адам сензікті болып табылады.

Айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алу мүмкіндігі тек егер сол тұлғамен қылмыс жасалғаны анықталған жағдайда және оның жасаған қылмысының жаза мөлшері екі жылдан асқан жағдайда.

Бұндай шарт бұлтартпау шарасының қаталыңқырақ түрі қамауға алуға негізді шарт болады.1 Бұл шарттың мазмұны мемлекет пен жеке индивид арасындағы қақтығысты жою үшін, айыпкерді қоғамнан бөлектемеудің тулғаның жеке басына қолсұғылмаушылықтың кепілі болады. Бұнымен заң шығарушы бұлтартпау шарасы жаза көлемінен артық болмауын көрсетеді. Бұл аталған шарт күрделі болғандықтан оны жан-жақты зерттеу керек. Жасалған қылмыстын мән жайын анықтап қана қоймай, нақты жасалған әрекетті саралау үшін, немесе жасалған әрекетті дұрыс сараламау заңсыз қамауға алуды туындататын еді. Мысал келтіретін болсақ, тергеуші ҚРҚК 104 бабы бойынша И. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғап, айып тағылған. Барлық дәлелдемелерді жинап, оларды бағалап, И. тұлғаға айып тағып, жәбірленуші Ш. азаматқа қасақана орташа ауырлықта зиян келтірген, және айып таққаннан кейін ҚРҚІЖК бабына сәйкес қамауға алынған. Сот талқылауы кезінде И. кінәсы ауыр дене жарақатын абайсызда салып, оның жасаған әрекетті қайта сараланып, ҚР ҚК 111б 2т бойынша сараланған. Осыған байланысты бас бостандығынан айырмайтын жаза берілген. Мұндай мысалы, өте күрделі қателікті туындатып-заңсыз қамауға алуды туындатқан. Мұндай мысалдар тәжірибеде жиі кездеседі. Аталған жағдайлар, біршама алдын-ала тергеу органдарының қызметкерлері күрделі жағдайларды қылмыстық процессуалдық баға берілген жеткілікті бағалаудың болмауының салдарынан сотта өзгеріс болу болжамымен болған фактіні қосымша негізбен саралайды. Сот істі қосымша тергеуге жіберген кезде қосымша тергеу қате кеткенін орнына келтіріп, қателікті жояды. ҚРҚІЖК 150б ерекше жағдайда бұлтартпау шарасы заңмен 2 жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға қатысты қамауға алуды қолданады. Егер оның:

1. ҚР аумағында тұрақты тұратын жері болмаса.

2. Оның жеке басы анықталмаса.

3. Ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса.

4. Ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса қолданылуы мүмкін.

Бұл кезде ерекше жағдайлар сезіктінің мінез- құлқын сипаттайды, іс материалдары бойынша тұлға бостандықта қалған кезде алдын-ала тергеудің жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін деген жағдайда. Аталған мән- жайлар жиынтығы біздің ойымызша анықтаушы критерийлер болады. Айыпкерді немесе сезіктіні қамуға алу мәселесін шешу кезінде анықтама органы, тергеуші, прокурор немесе сот айыпкердің жеке басын мінездейтін мән- жайларды алға алу керек, жұмыс жағдайын, жасын, денсаулығын, отбасы және өзге де мән- жайларды қарастыру керек. Сонымен қатар тергеуші айыпкер жұмыс орнынан мәліметтер алуы керек. Оның немен шұғылданатынын, лауазымын, мамандығын, квалификациясын, жұмыс жасаған жылдарын, жұмысқа деген қатынас көзқарасын қарастыру керек.

Бұлтартпау шарасының түрі - қамауға алуды қолданған кезде ерекше көзқарасты айыпкердің тұрғын жерін, отбасы жағдайын, жанұядағы мүшелермен қарым - қатынасын қарау керек. Тағы бір ерекше рет айыпталушының денсаулық жағдайы, тәжірибеде болып тұратын мысал, прокурорлар жеткілікті негізсіз әйелдерге қатысты жас балалары бар әйелдерді қамауға алуға санкциясын беріп жатады. Осыған байланысты тергеушілер айыпкердің қамауға алу кезінде толық жан-жақты мағлұматтар жинап барып, бұл мәселені шешу керек. Сондықтан айыпкер (сезіктінің) денсаулық жағдайы бұлтартпау шарасын таңдау кезінде мәселелер айыпкердің ешқандай науқасы жоқ па? организмде бұзылушылық жоқ па? денсаулығында морфологиялық, физиологиялық, психикалық ауытқу шылық жоқ па сол мән-жайларға ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар айыпкер (сезіктінің физикалық және психикалық жетіспеушілігіне (саңырау, соқыр, ақылының –жетіспеушілігі)) жатады. Айыпкердің ауыр науқастылығы дәрігермен куәландырылса, ол адамды қамауға алудың қажеттілігі жоқ. Жеке тұлғаның барлық жеке басын дәлелдәйтін мән-жайлар жиынтығын қарастыра отырып, тұлғаға қатысты сандық-сапалық нақты іс-әрекет мінез-құлқын жинақтап бұлтартпау шарасын дұрыс анықтап алуға көмегін тигізеді. Мысалға, ауыр қылмыс жасаған тұлға агрессивті жағдайда болған кезде бұлтартпау шарасының бас бостандығынан айырмайтын түрін таңдау, бостандықта жүрген кезде ауыр қылмыс жасауға әкеліп соқтырады. Басқаша жағдайда, егер тұлға ауыр қылмысты аффектілі жағдайда жасаған кезде, өзге де мән-жайларды есептей келе, тұлғаның мінез-құлқын қылмыс жасағанға дейінгі жағдайын салыстыра келіп, бас бостандығынан айыратын бұлтартпау шарасын қолданудың қажеттілігі жоқ. Бұлтартпау шарасын қолданған кезде айыпкер (сезіктінің) жасын ескеру керек. Қамауға алу кәмелетке толмағанға қатысты ерекше жағдайларда ғана қолданылады.  

Қысқа мерзімді тергеу изоляторында жасөспірімді ұстау оның психикасына  теріс әсерін тигізеді. Кәмелетке толмаған жасөспірімді қамауға алу мән-жайлардың жиынтығы (өмір сүру шарты, тәртібі, өмір сүретін ортасы, жеке басы) қарастыра келіп ерекше қажетті шара болғанда ғана қолдану керек. Тергеушінің ерекше көзқарасы қауіпті қылмыс жасағанда жасының қарттығы, мұндай тұлға қылмыстық әрекетін жалғастыруға мүмкіншілігі бар ма? алдын-ала тергеу мен соттан жасырына ала ма? соның қарастырылуы қажет. Мысалы, ересек адамның алпыстан асқан адамның қылмыс жасағандағы қамауға алудың қажеттілігі қандай? Ерекше бір мәні бар мән-жай айыпталушының отбасы (жанұя) жағдайы. Процессуалистер мен криминалистер айыпталушының жеке басын зерттеу кезінде, айыпталушының жанұядағы орны, ролі жанұя мүшелерімен қарым-қатынасын қамауға алу кезінде біліп, тексеріп алу керек. Керісінше, жанұядағы мүшелерге деген теріс сыйламаушылығы, өзге де мән- жайларды ескере отыра, айыпталушыны қамауға алудың бірден- бір шарты болады. Осы аталған мән- жайлармен қоса, өзге де бұлтартпау шарасының түрін- қамауға алу таңдаған кезде ескерілетін.Біздің пікірімізше, өзге де мән- жайларға мыналарды жатқызуға болады.

А. айыпкердің (сезіктінің) келтірілген зардапты орнын толтыруы, ерікті түрде келтірілген залалды төлеуі.

Ә) жасаған қылмысы ауыр жеке және отбасы жағдайларының әсерінен, яғни, (отбасындағы материалдың жетіспеушілігінен).

Б) жасаған қылмысы қорқытушылық, басқа біреулердің материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі мәжбүрлеуінен.

В) жасаған қылмысы өте күшті жоғары жан күйзелісі әсерінен, жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетінен шықса.

Г) қажетті қорғаныс шегінен асып барып жасалса. Д) айыпкердің шын өкінуі, өз кінасын мойындап келсе және қылмыстың ашылуына өз көмегін көрсетсе. Бұл аталған мән-жайлар ҚР ҚК жауапкершілікті жеңілдететін мән- жайлар қатарына мына төмендегілерді атап көрсетуге болады:

1. айыпкердің бұрын сотталғандығының болуы. Тәжірибеде көптеген жағдайда бұрын сотталғандығы бар болған адамның жаңадан қылмыс жасағанда сотқа дейін бостандықта болуы. Қылмыстың қайталануы барлық жағдайда қоғамға қауіпті болады.

2. Азаматтық. Бұл ретте Вена Конвенциясын дипломатиялық қатынас, дипломатиялық рангі бар адамның иммунитетінің болуы. Барлық өзге адамдар азаматтығына қарамастан жалпы тәртіп бойынша қамауға алынады  

3. Айыпкерді тез арада  қамауға алу оның отбасына ерекше ауыр зардабын әкеледі. Қарастырылған мән- жайлар міндетті түрде анықтау айыпкердің (сезіктінің) жеке басын анықтауда бұлтартпау шарасы қамауға алуды қылмыстық процесстің міндеті мен мақсатын дұрыс шешуде кепілдік болады.

4.Басты шарт ретінде-тергеуші  айыпталушыны қамауға алуды жүзеге  асыру үшін прокурордың санкциясы  қажет. Мұндай шарт Қазақстан Республикасының Іс Жүргізу Кодексі анықтап,бекітіп көрсеткен. Осы нормаға сәйкес айыпкер, сезікті қамауға алуда,соттың шешімі не прокурордың санкциясы негізінде жүзеге асырылады.Прокурордың санкциясын процессуалдық құжат арқылы белгілі бір әрекетті куәландырады. Прокурор айыпталушыны қамауға алуға санкция беруде өзінің тергеушімен бұлтартпау шарасын қолдануға келісімін берумен қатар тергеушінің шешімінің негізділігін, заңдылығы мен дұрыстығына кепіл болады. Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы заңында прокурорға іс бойынша барлық материалдарымен танысуға қажет жағдайда сезікті немесе айыпталушыдан жауап алуға, ал кәмелетке толмаған сезікті мен айыпталушыдан барлық жағдайда жауап алуға міндеттейді. Бұл аталған заң талабын қамауға алудың негізсіз болмауына кепіл ретінде қарастырады.

5.Айыпталушы (сезіктіні)қамауға  алу үшін ең басты шарт- тергеушінің  шешімі процессуалдық құжатта  яғни, қамауға алу туралы қаулыда  көрініс табады. Заң қаулының заңды және негізді болуын талап етеді.

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы