Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

1. Кіріспе 

2. сипаттаушы – дәлелдеу

3. резолютивті – қортынды.

Ол қаулыда: қайда, қашан, кім қаулыны шығарды, қамауға  алынғанның туралы мәліметтер, органның толық атауы, қылмыстық іс нөмірі.

Сипаттама бөлімі: жасалған қылмыс мазмұны, қашан және қандай негіз  бойынша қамауға алу жүргізілді. Не үшін, қамауға алуды алып тастау негізі туындады.

Резолютивті бөлімінде: 1) бұлтартпау шарасын жою туралы шешім және қамауда ұсталған айыпталушыға хабарлау. 2) аталған қаулыны тергеу изоляторының басшысына жіберу және айыпкерге  хабарлап, кезек күттірмей қамаудан босату. 3) қаулының көшірмесін қылмыстық  істі қадағалаушы прокурорға жіберу.

Қамауға алынғандарды босатуды алдын ала қамауда ұстауды  жүргізетін бөлім бастығы тергеушінің  қаулысымен жүзеге асырады.

Қамаудағыны қамаудан босатпас бұрын: бастығы қамауда ұстау  изоляторының белгілі бір құжаттарды – қамауға алу қаулысын, бұл  бұлтартпау шарасын жоятын қаулысы  тексереді. Қаулы арқылы нақты, сол адам екенін тексергеннен кейін тергеу изоляторының бастығы немесе уақытша ұстау изоляторының бастығы немесе гауптвахта қамауда ұсталушыны босатады. Заңмен көзделген ұстау мерзімі аяқталған кезде, егер бұл мерзім заңмен тәртіпте ұзартылмаса, қамаудағыны прокурор қаулысымен босатады. Қамаудағыны мерзімі өткеннен кейін босату мәселесі заң тергеу изоляторының бастығын ұстау мерзіміне жеті тәулік қалған кезде тергеушіге жазбаша хабарлама жібереді. Сонымен қатар прокурорға – қамауда ұстау изоляторының заңдылығын қадағалайтын прокурорға жібереді. Ол хабарламада айыпкердің ұстау мерзімі осындай уақытта аяқталуын көрсетеді.

Тергеуші хабарлама жібергеннен  кейінгі уақытта қадағалауды  жіберуші прокурорға қамауда ұсталушының  мерзімін ұзарту туралы немесе бұлтартпау шарасының бұл түрін өзгертіп немесе жою туралы қаулы шығарады. Егер тергеуші уақытылы мерзімінің аяқталуы туралы хабарламаны алып, қандай да бір шара қолданбаған жағдайда, қамауда ұстау мекемесінің бастығы қамауда ұсталушыны босатады.

Тергеу изоляторының бастығының бұндай өкілеттілігі, біріншіден, тергеушінің  қамауға байланысты мерзімге жауапкершілікте  болатындығын көрсетеді, екіншіден, жеке басына қол сұқпаушылық кепілдемесін қамтамасыз етеді.

Бұлтартпау шарасының  жеңіл түріне ауыстыру қамауға ұсталған айыпталушыны қамаудан босатуға әкеледі. Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы тергеушінің қаулысы негіздеуі керек, бұл айыпкерді қамаудан босату үшін қажеттіліктің болмауы. Қылмыстық процессте шешімнің заңдылығын қамтамасыз ету құралы ретінде заңдық жауапкершілікті лауазымды тұлғаларға уақытында немес уақыт өткізіп барыпа қабылдаған шешімдер ү.шін жауапты болатындығын көрсетеді.

Азаматтарды заңсыз қамауға  алу ең басты – оған психикалық, моральдық, мүліктік залал тудырады.

Заңсыз қамауға алудың азаматтарға келтірілген зардаптың  орнын толтыру мемлекетпен толық  көлемде кімнің кінәсі анықтама органы, алдын ала тергеу, прокуратура, сотқа  қарамастан қайтарылады. Келтірілген залал, сотпен ақтау үкімі шығарылған кезде: қылмыс оқиғасының болмауынан қылмыстық істі қысқартқан кезде, қылмыстың құрамының болмауы, жасалған қылмысқа азаматтың қатысқандығы дәлелденбеген жағдайда келтірілген зиянның толық түрде орны толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ. Қамауға  алуды прокурордың қадағалауы

 

3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың  қадағалауы.

 

Прокурордың қызметінің басты  бір бағыты ретінде алдын –  ала тергеуді жүргізудегі, соның  ішінде бұлтартпау шарасын қолдану  кезіндегі заңдылықты қадағалау  болып табылады. Азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық, құқығының кепілдемесінің бірі ретінде қылмыстық іс жүргізуде қамауға алудағы прокурорлық қадағалау айтылады. Прокурор ерекше бұлтартпау шарасының түрі қамауға алуды қолданған кезде азаматтардың құқықтары мен мүдделері басым түрде қарастырылады. Бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуға қажет болған жағдай қылмыстық істі шешуде басқа бұлтартпау шараларының қылмысты тез және жан – жақты ашуға кедергі келтіреді және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 150 бабында көзделген негіздер болған кезде қамауға алу жүзеге асырылады.

Айыпталушыны (сезіктіні) қамауға  алу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың негізінде - Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптары: азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық құқығын  қамтамасыз етеді. Алдын – ала тергеу сатысында прокурор бұлтартпау шарасын қолданудағы тергеушінің қамауға алу кезіндегі заңның дұрыс орындалуын және айыпкердің қамауға алуына санкция береді.

Прокурордың айыпкерді қамауға  алуда санкция беруі: Заңға сәйкес бұлтартпау шарасының бір түрі –  қамауға алуға рұқсат келісімін  беру прокурордың құзырында. Заң бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға тергеуші құқылы. Айыпкер тарапына қатысты бұлтар пау шарасының түрі - қамауға алу туралы тергеуші дәлелді қаулы шығарып, іспен қоса прокурорға санкция беруге жібереді. Қамауға алуға санкция беру құқығы аудандық, облыстық прокуротураның прокурорларының құзырында болады. Аудандық және облыстық прокуротураның прокурорларының көмекшілері заңда көзделген шешімдерді жеке прокурордың құзырындағы істер бойынша, соның ішінде қамауға алуда санкция беруге және қамау мерзімін ұзарту туралы мәселені шешуге құқығы жоқ. Тек прокуродың жоқ кезінде аудандық, қалалық прокуротураның орынбасарлары міндетін атқара отырып, қамауға алуға санкция бере алады. Айыпкердің қамауға алу мәселесін қарастыруда, прокурор бұлтартпау шарасының түрін қамауға алуды қолдануда заң талаптарының сақталуын қадағалайды. Басты нәрсе қамауға алудың айыпкер тарапына қатысты негізділігін, заңдылығын тексереді.1 Ерекше жағдайларда сезіктіге қатысты санкция беруде, бұлдыртпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы материалдары прокуротураға түскен кезден бастап, алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады.

Қамауға алуға санкция  беру құқығы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына, Бас әскери прокурорына, олардың орынбасарларына, облыстардың  прокурорларына, олардың орынбасарларына, аудандық және қалалық прокурорларға, сондай – ақ облыстардың, аудандық немесе қалалық прокурорлардың құқығында, әрекет ететін әскери, көліктік және басқа  да прокурорларға және прокуролардың  орынбасарларына беріледі.

Прокурор заңмен көзделген  негіздер болған кезде қылмыстық  іс жүргізу кодексі 139 бабында көзделген  негіздер зардаптарды болдырмау  мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа  неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын  таңдау жолымен айыпталушыны ( сезіктіні ) қамауға алуға санкция береді. Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негіз бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан (сезіктеніден ) жеке жауап алуға міндетті. Жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының ( сезіктінің ) заңды өкілдері қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзінің пікірін айта алады. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздер бар материалдарды қарап және айыпталушыдан ( сезіктіден ) жауап алып, прокурор айыпталушыға (сезіктіге ) бұлтартпау шарасын түріндегі қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға ( сезіктіге ) жолданады және жедел атқаруға жатады.

Прокурор сезіктіге қатысты  қамауға алуға санкция беруі  қылмыс жасағанға нақты сол адамның  қатыстылығы қанша соны тексереді  және де сезіктіге қатысты қамауға  алу тек ерекше жағдайларда ғана жүргізілуі керек, егер сезіктіні ол адамды бостандықта жүргізуге болмайды дегенде, оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелер табылмаған кезде жүргізіледі. Қамауға алуды санкциялаған кезде тәжірибеде көптеген жағдайлар кездеседі. Қамауға алудың заңсыз негіздері, прокурорлардың іске қатысты дәлелдемелерді дұрыс баға бере алмауы, тергеу материалдарындағы айыпталушы ( сезіктілердің ) қылмысқа қатыстылығы толық дәлелденбеуі жатады. Прокурор санкция берумен қатар, іске қатысты тұлғаны әкімшілік құқық бұзушылыққа жауапкершілікке тартуға, қылмыстық істі тоқтатуға негіздер жоқ па? Сондай мәселелерді де қарастыру керек. Егер айыпталушы ( сезікті ) тұлғаға қатысты қамауға алу қарастырған кезде, негіздер мен заңдылықтар, қылмыстық іс қысқартуға, тоқтатуға жата ма? Ондай мән – жайлар болмаған кезде прокурор қамауға алуға келісімін беруді қарастырады.

Қандай да болмасын бұлтартпау шарасын қолдану үшін соның ішінде қамауға алу үшін де қажетті мәліметтер қажет, ол қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139 бабында көзделген негіздер: Яғни, айыпталушының анықтаудан, алдын  – ала тергеуден немесе соттан жасырынады, объективті зерттеуге, талдауға бөгет жасайды. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде осы аталған шарттың біреуінің болуы қандай да болмасын бұлтартпау шарасының бір түрін қолдануға тергеушіге құқық береді, ал қамауға алу үшін заңда көзделген қосымша негіздер болу керек. Қамауға алуға қосымша негіздер, заңда көзделген бас бостандығынан екі жыл айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған айыпталушыға ( сезіктіге ) қатысты қолданылады. Сонымен қатар жоғарыда аталған негіздермен қоса айыпталушыға жасалған қылмысының қауіптілікке байланысты, ерекше жағдайда мемлекеттік қылмыстар, қасақана адам өлтіру, қарақшылық, зорлау қылмыстарына, қамауға алуға негіздер болған кезде прокурор іс материалдарын қарап отырып жүзеге асырудағы мақсаттылық мәселесін қарайды. Яғни, тағылған айыптың ауырлығы, айыпталушының жеке басын, жасын, шұғылдану түрін, отбасылық жағдайын, денсаулық жағдайын қарайды. Әрине, қауіпті қылмыс жасаған айыпталушыға бұлдыртпау шарасының түрі қамауға алу таңдалады. Қазіргі кезде онша ауыр емес қылмыс жасағандарға қамауға алудың қажеті жоқ. Ерекше реттерде әйел адамға қатысты қамауға алу мәселесін жан – жақты қарастыру керек. Прокурорлар толық негіздер болмаған кезде жас балалары бар әйелдерді, аяғы ауыр әйелдерді онша ауыр емес қылмыс жасағанға қамауға алмауды ұсынады. Әрине қоғамға қауіпті рецидивист әйелдерді бостандықта қалдырмау керек. Прокурорлардың ерекше міндеттеріне кәмелетке толмағандарды қамауға алу кезіндегі айыптың ( күдіктің ) заңдылығын тексеру. Кәмелеттке толмағандарды тәрбиелеу жұмысы, құқық бұзушылықты алдын – алуда Бас прокурор прокурорларға тұрақты қадағалау жасауға міндеттеді: нақты кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысына қамауға алу кезінде, барлық іс материалдарын толық зерттеп, жеке өзі жауап алуы керек. Кәмелетке толмағанның қамауға алу заңдылығын қадағалау кезінде прокурор, кәмелетке толмағанға қатысты ерекше жағдайларда ғана тергеушінің қамауға аоу бұлдыртпау шарасын қолдануды, мән жайларды қарастыру: кәмелетке толмағанның жасын (толық айы, күні), өмір сүру жағдайын, тәрбиесін, қылмыс жасау себептерін, өзге де мән – жайларды көруі керек.

Прокурор айыпталушыға қатысты  қамауға алудың заңдылығы мен  негізділігін қалай тексереді? Алдымен прокурор қамауға алу туралы қаулының мазмұнын, оның заңдылығы мен негізділігін зерттейді. Ол қаулы дәлелді болуы керек, жасалған қылмыстың мәнін, қылмысты саралау, айыпталушының жеке басын, қамауға алу қандай негіз бар қысқаша жазылуы керек1. Егер қаулы толық, заң талаптарына сай жасалмаса, прокурор тергеушіге қайта өндіруге қайтарады. Прокурор одан кейін тергеушіден қылмыстың мәні туралы жасаған айыпкер туралы, қамауға алудың мақсаттылығымен негізі туралы, тергеушінің есебін тыңдайды. Сонымен қатар прокурор іске материалдарында көрініс таппаған кейбір мәселелер туралы мәліметтерді сұрай алады ( Мысалы: айыпкердің беттестіру кезіндегі мінез – құлқы туралы ). Бірақ тергеушінің есебін толық бағалай салуға болмайды. Кейбір жағдайда прокурорлар тергеушінің есебі бойынша қамауға санкция бере салады. Бұл жерде қылмыстық істі зерттемей және қажет кезде айыпталушыдан жауап алмай жатып, бұл прокурор тарапынан дұрыс емес.

  Тек іс материалдарын зерттеп барып ғана прокурор, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу мәселесін дұрыс шеше алады. Барлық іс материалдарымен толық түрде таныса отырып, қамауға алудың негізінің бар екендігін көре отырып, прокурор ерекше көңіл аударатын мәселесі айыпкер ретінде тану туралы қаулыны, айыпкерден жауап алу хаттамасын, беттестіру хаттамасын, жәбірленушіден, қорытындысымен танысады. Егер қамауға негіз ретінде айыпкердің тергеу мен соттан жасырынады дегенге күдік туындаса, ондай жағдайда істе дәлелдеме болуы керек, бұндай күдіктің туындауының дәлелі қылмыстың іске тіркелуі керек. ( Мысалы үшін жанұя мүшелерінің көрсетіндісі, жақын туыстарының, көрші – қолаңның көрсетінділері болуы мүмкін). Санкция берудің алдында прокурор міндетті түрде қажет кезде айыпкер не сезіктіден жауап алуға, кәмелетке толмаған айыпкер немесе сезіктіден барлық жағдайда жауап алады. Прокурор іс материалдарымен танысқаннан кейін жеке өзі қамауға алынушылардан жауап алады. Айыпкерден жауап алу қамауға алуға қатысты қандай да бір күдік туындаған кезде жүргізеді. Тәжірибеде прокурорлар кейбіреуден жауап алып, екіншілерден жауап алмайды. Бұл жерде ерікті еріксіз түрде азаматтардың заң алдында теңдік қағидасы бұзылады. 

 Қамауға алу – ең  ерекше маңызды акция болғандықтан, азаматтардың құқықтары мен заңды  мүдделерін шектеумен қатысты,  сондықтан прокурорларға санкция  беру алдында қандай да болмасын  қылмыстық істе айыпталушы ( сезіктіден ) жауап алу мәселесін шешу  екрек. Әрекет етуші заңға сәйкес қамауға алуға санкция беру құқығына ие прокурор, айыпкерден жауап алуға өзінің орынбасары мен көмекшісіне құзіретін беруге құқығы жоқ. Тәжірибеде тергеуші жауап алады, ал прокурор тек жауап алудың аяғында келіп, айыпталушыға бір - екі сұрақ қойып, өзінің қолын хаттамаға қояды. Жауап алу хаттамасында прокурор «жауап алуда қатысты» деп көрсетпейді. Прокурор жауап алуда қатыспайды, сол жауап алуды жүргізеді. Прокурордың жауап алуы кезінде қылмыстық іс өндірісінде бар тергеуші қатыса алады, бірақ бұл тұрақты түрде қатыса бермейді. Егер тергеушінің әрекетіне прокурорға шағым түссе, тергеушіні қатыстырмай, жеке өзі жауап алады. Көптеген жағдайда прокурорлар қамауға алуға жататын барлық адамдардан жауап алады. Бұндай тәжірибе өте орынды дұрыс болар еді, негізсіз қамауға алуды болдыртпаудың бірден – бір кепілі. Қамауға алуды қолдану туралы қаулыны зерттеп шығып, іс материалдарын қарап, тергеушінің есебін тыңдап және айыпталушының жауабын алып, прокурор көптеген жағдайда айыпкерге қатысты қамауға алуды санкция береді. Бұндай шешімді айыпкерді қамауға алуға қажетті негіздер болған кезде қабылдайды. Егер қандай да бір күдік болса, ондай жағдайда айыпкерді қамауға алуға болмайды. Қазіргі кезде тәжірибеде, мынадай көрініс жиі болып отыр: прокурорлар айыпкерді қамауға алуға санкция береді, содан кейін ғана тергеуші айыпкердің кінәсі бар екендігі туралы дәлелдемелер іздестіреді, әрине, жасауға болмайды. Егер де айыпкер өз кінәсін толықтай мойындап отырса да, айыпкерді қамауға алуға санкция беруін прокурор өзінің қолымен растайды. Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының қамауға алған күні жазылған жерге қол қойып, мөрін басады. Қаулы айыпкерге жарияланады. Айыпкерді қамауға алу туралы журналға тіркеледі, ол прокурорда сақталынады. Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алудың негізі болмаған кезде прокурор санкция беруден бас тартып, бұлтартпау шарасының түрі қамауға алуды өзінің резолюциясы арқылы санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Прокурордың жазбаша түрде  берілген қамауға алуға бас тартуы қылмыстық істе тіркеледі және тергеушіге прокурордың қандай мақсатта бас  тартқандығы жөнінде нақты көрсетіп, жоғары тұрған прокурорға шағым бере алады. Жазбаша берген бас тартуы, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа оның негізділігін қарауға жіберіледі. Егер көрсетілген іс материалдары, тергеушінің есебі, айыпкердің жауабы қосымша тергеу әрекетін жасамай айыпкерді қамауға алудың негізділігі мен мақсаттылығы туралы тұжырымға келуге болмайды. Ол жағдайда прокурор тергеушіге нақты процессуалдық әрекет ( куәлардан жауап алу, беттестіру, тергеу эксперименті, сараптама ) жүргізу туралы нұсқау береді.Осындай әрекеттер жүргізілгеннен кейін ғана айыпкерге қатысты қамауға алуға санкция беруде қарастырады. Егер қамауға алу сезіктіге қатысты болса, сезіктіні ұстағаннан кейін 72 сағаттың ішінде қарастыруға береді.Бұл мерзім ішінде сезіктіге қатысты толық дәлелдемелер жинай алмаған жағдайда прокурорға 10 тәулікке дейін толық айыбын тағуға дәлелдемелер жинауға өтініш білдіреді. Бұл ретте айыптау сезіктіге бұлдыртпау шарасы қолданылған кезден бастап, он тәуліктен кешіктірмей, ал егер сезікті адам ұсталып, содан кейін қамауға алынса, ұсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс. Егер бұл мерзімде айып тағылмаса, бұлдыртпау шарасы дереу тоқтатылады. ( ҚІЖК 142 бап).

«Айыпкердің ( сезіктіні ) қамауға  байланысты заң талаптарын атқарылуын прокурорлық қадағалау» Прокурор сезіктіге, айыпталушыға қамауға алуға санкция  бергеннен кейін айыпкердің қамауға  байланысты заң талаптарын атқарылуын қадағалайды. Сонымен, сезіктіге қатысты қамауға алған кезде прокурордың басты міндеті – қамауға алынған сезіктіге он тәулік мерзім ішінде айып тағылмаған болса, бұл бұлтартпау шарасы жойылады. Сезіктіге қатысты ұстау мерзімі қанша сонда? Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 17 тарауында 132 бабында сезіктіні ұстау жетпіс екі сағат ішінде тиісті, не ол босатылуға жатады. Осы мерзім ішінде тергеуші айып тағып, қамауға алуға прокурордан санкция сұрайды, не болмаса дәлелдемелердің толық жиналмағанына сілтеме жасап, он күнге кешіктірмей толық айып тағуға дәлел жинау үшін прокурордан келісімін алады.1 Бұл мерзім он тәулік, бұндай жағдайда он тәуліктен асып кетпеуі керек.

Біріншіден: Заңға сәйкес үкімде алдын – ала тергеу кезіндегі  қамауға алу және ұстау мерзімі  саналады.

Екіншіден: егер сезікті  ұсталмай оған бұлтартпау шарасының  түрі қамауға алу қолданылса, ондай  жағдайда айып тағылғанға дейін он тәуліктен аспайтын мерзімде ұсталады. Егер мерзімді санаған кезде сезіктіге айып тағу мерзімін барлығын қосып санағанда, қамауға ұстау мерзімі он үш тәулік болады. Мерзімді есептеу, алдын – ала тергеу кезіндегі сатысындаға мерзім, сезіктіні ұсталған сәттен бастап есептеледі. (Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі 132 бабы «сезіктіні»). Сонымен, бұндай мерзім ешбір жағдайда ұзартылмайды. Сезіктіні қамауға алумен байланысты қылмыстық істі тергеуде прокурор өзінің ерекше бақылауына қояды. Айып тағудағы мерзімді белгілеу прокурордың ерекше бақылауында, қамауға алынғандарды тіркеу кітабында қарастырып отырады. Прокурор тергеушінің қамауға алынған айыпталушының жақын туыстарына, жұмыс орнына хабарлауын тексереді. Қамауға алынғандардың жақын туыстары хабарламаны алғаннан кейін айыпкердің мүддесін қорғау, оның мүлкін қорғауға қолға алады. Тергеу органдары әскерге шақырылғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалса, аудандық әскери бөлімге хабарлайды. Қылмыстық жауапкершілікке таррылған әскерге шақыртылушылар жөнінде аудан әскери бөліміне хабарлама жіберіп, қандай айып тағылғандығы және қандай бұлтартпау шарасы тағылғанын көрсетеді. Айыпкерге қамауға алу туралы хабарламаның көшірмесін қылмыстық іске тіркеуі керек. Прокурор тергеушінің кәмелетке толмағандарды қамқорлыққа алынды ма? Қарусыз қалған мүлікті және айыпталушының тұрған жайына қараушы қалдыртты ма? Соны тексереді. Прокурордың қадағалауы айыпталушылардың қамауда отырғандағы құқықтары мен заңды мүдделерін құқығының кепілдемесі болады. Прокурордың қадағалауы заңмен көрсетілген айыпкерге қатысты қамауға алу мерзімінің сақталуы. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезіндегі қамауға алудың мерзімі қылмыстық іс жүргізу кодексі көзделген ерекше жағдайларды, қоспағанда екі айдан аспайды. ( 153 бап қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзарту тәртібі Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі ).

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы