Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

 Айыпкердің өзінің міндетін, жасаған қылмысын тергеу кезінде, бұлжытпай орындаса оны қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмайды, ал қамауға алу ерекше қылмыстық істі тергеудегі шара болып есептеледі. Осыдан процессуалдық жазаның заңдық табиғаты түсіндіріледі. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін кінәсіздік презумпциясы үкімнің ақиқаттылығы презумпциясына ауысады. Айыпкерді алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу кезінде кінәсіздік презумпциясы әрекет етеді. Айыпкер тек қамаудан қылмыстық істі Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабы негіздері бойынша қысқартады және де айыпкер сотпен кінәсіз деп танылғанда босатылады. Сезіктілерге қатысты қамауға алу ерекше жағдайларда жалпы тәртіпке ерекше реттерде ғана қолданылады. Заң шығарушы жалпы тәртіпке ерекшелікті қолдануға рұқсат береді: объективті себептерге сәйкес айып тағу үшін барлық дәлелдемелерді жинауға мүмкіндік алу үшін 10 (он) тәулік мерзімге сезіктілерді ұамауға алады. Осыдан келіп, айыпкерді қамауға алу ерекше жағдайларда сезіктіге қатысты, алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу кінәсіздік презумпциясына қарама – қайшы болмайды. Тергеушінің міндеті, айыпкердің құқықтарын қамтамасыз етуде алдын ала тергеу процессіне қорғаушы тарабын қатыстыруға, тергеушімен шығарылатын шешімдердің (айып тағу кезінде, айыпкерді қамауға алу) негізді және барлық заң талабына сәйкес келуін қарастыру керек. Сонымен алдын ала тергеу кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасының сақталуын қамтамасыз етіледі. Тергеушінің шешімі, соттың шешімі сияқты заңды болуы керек (қылмыстық, қылмыстық процессуалдық заң нормаларына сәйкес келуі керек), негізділік (дәлелденген, дәлелді, ақиқатты) болуы керек. Тергеу кезінде өнегелік орын алады, бұл заңда көзделген гуманизм, халыққа деген құрметпен көрініс табады.

 

2.2 Қамауға алудың  құқықтық негізі және шарты

 

Алдын ала қамауға алу негізі туралы мәселе теория мен практикада өте күрделі мәселелердің бірі, негіз деген ұғымды түсінуде қылмыстылықпен күресу де, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету қарастырады. Қазірге дейін нақты түсінік жоқ, бұлтартпау шарасының бірін таңдауда нақты түсінікті Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген, берген анықтаманы қарайтын болсақ. Құқықтық негіз дегенді қалай түсінеміз, заңдық және бұлтартпау шарасын таңдағанда заңды және негізділігін қалай түсінеміз?

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139 бабында бұлтартпау шарасы негіз ретінде, айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не сотта объектиывті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай – ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізу орган өкілеттігі шегінде ол адамға осы кодекстің 140 бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осы аталған бапта заң шығарушы негіздің мазмұнын ашпайды, тек бұлтартпау шарасының бірін қолдануға деп тапқан жағдайда жеткілікті негіздерді қолдану деп түсіндіреді. Процессуалистер бұл ұғымды, түсінікті әртүрлі жағдайда түсіндіреді.

Олардың бірінің көзқарасы бойынша, негіз дегеніміз – тергеуді жүргізуші лауазымды тұлғаның сенімі дейді. Екінші біреулер, айыпкер ретінде тану үшін, үшінші біреулер, айыпкер әрекетінің сипаты дейді.

В.Г. Асташенков және М.Т. Корнуков негізге мынадай анықтама береді, айыпкер тергеу мен соттан жасырынуы, ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді, қылмысын жалғастырады дегенде жеткілікті мәліметтерді куәландыру ретінде қарастырады.1 Бұл тұжырымның да өзіндік дұрыс жақтары бар, айып тағу және жеткілікті айыптау дәлелдемелерінің болуы анықталған субъектіге бұлтартпау шарасын қолданудың шарты болады. Сонымен қатар В.Г. Асташенков пен М.Т. Коннуков берген анықтамасының өзі де толық емес, айтылған пікірді қарастыра келіп, бұлтартпау шарасын қолдануға жеткілікті негіздердің болуы, соның ішінде қамауға алу үшін деректік мәліметтер арқылы алынған мән – жайлар, айыпкердің (сезіктінің) жасалған қылмысы Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі екі жылдан астам жаза мөлшері көзделген жағдайда, бостандықта қала отырып тергеу мен соттан жасырынуы, іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіруі, қылмыстық әрекетін жалғастырады дегенге деректік мәліметтері бар мән жайлардың болуы. Қамауға алу бұлтартпау шарасы бұрын басқа бұлтартпау шарасын бұзған кезде қатаң шара ретінде қамауға алу қолданылады. Бұлтартпау шарасының бірін таңдап алуда негізді анықтау қажетті, жеткілікті мәліметтер қажет. Ондай мәліметтер Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі заңға сәйкес алынады. Айыпкер (сезіктінің) алдын ала тергеуден, соттан жасырыну мүмкін екендігі, іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіруі, қылмысын жалғастыруы, бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын қолдануға жеткілікті мән жайлар ретінде қарастырылады. Егер осы көрсетілген мән жайлардың біреуі дәлелденбеген жағдайда бұлтартпау шарасының қандай да бір түрін таңдауға тергеушінің құқығы болмайды. Іске қатысты ақиқатқа жету тек лауазымды тұлғаның қылмыстық өндіріс кезіндегі барлық әрекеттерді жасаған кезде ғана шегіне жетеді.В.М. Корнуковтың пікірінше, бұлтартпау шарасының бұл түрі айыпкердің жасырынған жағдайда немесе ақиқатқа жетуге кедергі келтіргенде, айыпкер тарапынан қандай да бір теріс әрекет жасалған жағдайда, бұл әрекетті жасауға қандай да бір күмән туған жағдайда, бұл ретте тергеуші бұлтартпау шарасын таңдаған да, толық түрде сенімді болады, Яғни, айыпталушының жасырыну мүмкіндігін, бірақ бұл тек болуы мүмкін жорамал болса да дейді. Бұндай пікірге қосылуға болмайды. Қандай да болмасын жорамалдың жоғары болуы, оның деректі абсолютті болмауы мүмкін. Әрбір жоғары дәрежеде айтылған жорамалда қателіктер кетуі болады. 

 Бұлтартпау шарасын таңдау шешімін қабылдаған кезде тергеу процессі кезінде айыпталушының жүріс тұрыс әрекетінің теріс болуын куәландыратын барлық мән жайларды тексеріп, зерттеп алу керек. Егер шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасын қолдану туралы, айыпкер әрекетін барлығын зерттеп білсе, тек ғана тергеушінің субъективті пікіріне ғана жүгінбей, барлық мән жайларды толық, жан – жақты қарастырған кезде шешім дұрыс шығарылған болады.

Бұлтартпау шарасының  түрі қамауға алу туралы шешім  мәселесі өте күрделі: тергеуші жасалған қылмыс туралы толық мәліметтер алу  керек, жасалған қылмыс туралы мәліметтер, айыпкердің болашақта жасайтын әрекеті  туралы сұрақ, тергеуші үшін қиын мәселе, бірақ айыпкердің жасырынуға талпынуы, жаңа қылмыс жасауға дайындығы туралы мәліметтер жедел іздестіру қызметі  арқылы алуға болады. Бұл аталған  тұжырым айыпкердің (сезіктіні) қамауға  алу үшін, айыпкердің жасаған әрекеті, қылмыстық өндірістің тергеудің  жүргізуіне қарсылық көрсеткен кезде  жүзеге асырылады. Бұдан біздің пікірімізше, жолын кесудің нақты әрекеттер  арқылы көрініс табатындығы. В.И. Лениннің: «Тұлғаны тек жасаған әрекеті  арқылы тануға болады» деген.

Э.Ф.Куцова тұжырымы бойынша, бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болуы үшін, айыпкердің анықтау, алдын ала тергеуден, соттан жасырынуы, қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді.1 Қылмысын жалғастырады, үкімнің орындалуынан жасырынады деген жорамал болған кезде қолданылады дейді. Бірақ қай бір жорамалды бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болады деп айта алмаймыз. Соның ішінде қамауға алуға байланысты бұлтартпау шарасы қарастырғанда жеке тұлғаның жеке басы құқығының кепілдігіне нұқсан келтірер едік. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек қылмыстық кодексі екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына айыпталушыға қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты, егер:

1. Оның Қазақстан Республикасы  аумағында тұрақты тұратын жері  болмаса;

2. Оның жеке басы анықталмаса:

3. Ол бұрын таңдалған  бұлтартпау шарасын бұзса;

4. Ол қылмыстық қудалау  органдарынан немесе соттан жасырынуға  тырысса немесе қолданылуы мүмкін.

Түсіндірме:

Бұлтартпау шарасын қолдануға негіз ретінде тергеуші, анықтаушының бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау қажеттігі туралы қаулы шығарылады. Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған себептер иен негіздер баяндалуы тиіс. Қаулымен бірге аталған бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігін растайтын материалдар қоса беріледі.

Сонымен, барлық негіздерді екі топқа бөлуге болады:

1. Бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздің болуы (айыпкердің әрекеті, қылмыс жасағаннан кейінгі - құлқы);

2. бұлтартпау шарасын қолданудың негізі (бұлтартпау шарасын қолдану үшін мән – жайлар көрсетілген процессуалдық лауазымды тұлғаның шешімі - қаулысы).

Енді, жоғарыда көрсетіліп кеткен бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздің болуы: айыпкер (сезіктінің) алдын ала тергеу мен соттан жасырынуға тырысуы туралы дерегі (факті) қамауға алу үшін негіз болады. Тәжірибеде алып қарасақ, осы негіз, себеп ретінде көрініс табады. Біршама қаулыларды қарасақ, төмендегідей жазылады: «Азамат, айыпталушы (сезікті) бостандықта жүріп, анықтау, алдын ала тергеу, соттан жасырынуғы тырысады». Ал, нақтысында қылмыстық іс материалдарында заңда сол адамның жасырыну мүмкіндігі бар мәліметтерді куәландыратын дерек жоқ. Тағы да бір рет тәжірибеге жүгінетін болсақ, Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық ІІБ 2002 –2003 жылдары қылмыстық іс тізімін қарасақ, күнтізбелік бір жыл ішінде 65 қылмыстық іс қозғалса, оның 63 бұлтартпау шарасы таңдалған. Соны есептей келе анықтау, тергеу органымен 53% бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды таңдаған.1 Қазіргі кездегі жалпыға мәлім формулировка қамауға алу үшін негіз: «Айыпкер бостандықта жүре отырып, тергеу мен сот ісін жүргізуге кедергі келтіреді немесе жасырынады». Қаншама қылмыстық істі зерттей келе, алдын ала тергеуді жүргізіле анықтаушы, тергеушілер көп ретте өздерінің презумпциясы, яғни, жорамалын басшылыққа алады.

Анықтаушы, тергеуші айыпталушы, сезікті тұлғаның жеке басын зерттей келе қоғамда оны бостандықта қалдыру айыпкердің жасырынуына алып келеді дейді. Бұндай тұжырым субъективті айтылған, бір адамның ғана пікірі. Бір жағдайда айыпкер (сезікті) шынында да жасырынуға тырысады, ал екінші бір жағдайда оның жасырынуға ешқандай себебі жоқ. Сондықтан, сонда бір ғана жорамалмен сондай пікірді қалыптастыруға бола ма? Әрине жоқ. Қамауға алу бұлтартпау шарасы тәжірибеде жиі қолданылады. Оған негіз ретінде тергеушінің толық, жан – жақты айыпкердің (сезіктінің) жасырынуы туралы куәландырушы мағлұматтарының болуы. Дәлелдеме ретінде, жанама түрі, тұлғаның нақты әрекетін куәландыратын деректік мәлімет заттарын сатуы, жұмыстан арыз беріп шығуы, көлік түріне билет алуы туралы мағлұмат, құжаттар. Мысалы: айыпкерді белгілі бір көлік түрімен заттарымен кетіп бара жатқан жеріне ұсталуы. Сонымен қатар, бұндай куәландырушы мәлімет өзге де мән жайлармен салыстыра отырып қарастырылады. Уақытша ұстау изоляторларында ақпан мен наурыз айы арасында Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық ІІБ қамауға алынғандардан сұрақ алынғанда:

- Сіз тергеу мен соттан жасырынуға тырыстыңыз ба? деген сұраққа: «иә» және «жоқ» дегенге 25 қамаудағы адамдар 10 «иә» деп, 15 «жоқ» деп жауап берген.

Бұған есеп беретін болсақ, бұл сұрақ салуды абсолютті шындыққа жанасады деп толық айта алмаймыз, бірақ айыпталушыны қамауға алған  кезде шешім шығару кезінде есте болатын жайт.

Айыпкердің (сезіктінің) іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіруі – бұл бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу туралы қаулы шығарған кездегі жеке негіздің бірі. Бұндай негіз анықтаушы, тергеушіге тек айыпкер, сезікті бостандықта жүрген кезде сатып алу, қорқыту, куә, жәбірленушіге, сарапшыға өзге де қылмыстық іске жетуге тікелей не жанама әсерін тигізуі мүмкін деген мәліметтер болған кезде қолданылады. Тәжірибеде көптеген жағдайларда куә, жәбірленушімен қысым жасау арқылы ымыраласу, қысым көрсету, қорқыту көптен көп кездеседі. Любшевтің пікірі бойынша, тергеушілер айыпкердің заңсыз әрекетін дұрыс сараламайды. Көп реттерде осы негіз арқылы тұлғаны айып тағылмай тұрып қамауға алу туралы шешім қабылдайды.  

Айып тағылғаннан кейін, барлық дәлелдемелер жиналғаннан кейін айыпталушыға қылмыстық істің жүруі күрделі болады, алдын ала тергеудің өзіне жағымды жаққа ауыстыруы қиынға соғады. Осыдан – алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде – ерекше жағдайларда ғана қолдану керектігі ескеру керек. Ол қылмыстық істі сотпен ақтау үкімі шығарылған кездегі істі тоқтату және де қамауға алудың заңсыз, негізсіз болуы. Тергеуші, айыпкерді бостандықта жүргенде қылмыстық ісін жалғастырады дегені анықталса қамауға алуға құқығы бар болады. Бұндай негіз бойынша қамауға алу үшін айыпкердің (сезіктінің) қылмыстық ортамен байланысы бар екендігі туралы деректік мағұлмат болуы керек. Қазіргі кезде қаулы адамды қамауға алуды бұрын ол тұлға соттылығы болған деп және жаңа қылмыс жасауы мүмкін немесе қылмыстық әрекетін жалғастырады деген негіз бойынша қамауға алуға болмайды. Аяғында, қамауға алу үшін деректік негіз ретінде айыпкер (сезіктінің) бұрын соттылығының болғандығы еске алынады. Айыпталушы (сезіктіні) қамауға алу кезінде бұлтартпау шарасын қолданудың жалпы негіздерімен қатар жеке қамауға алу үшін негіз бар ма? Соны қарастыру керек. Заң шығарушы үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін деген негізді көрсеткен. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету соттың әрекеті шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. (Бұл уақытымен және бұлтартпау шарасы туралы мәселенің дұрыс шешілуін) қарастыру керек, бірақ та алдын ала тергеу мен прокуратура бұл мәселені қарастытырмайды деген сөз емес. Айыпкер (сезіктіні) қамауға ала отырып тергеуші алдын ала тергеу өндірісінің дұрыс жүргізілуін ғана емес, үкімнің орындалуын қамтамасыз етеді. Егер бұндай қажеттілік туындамаған жағдайда, сот өзінің отырысында шығарған үкімінде істің нақты мән – жайларын ескере отырып, бұл бұлтартпау шарасын алып тастауға құзырлы болады. Көптеген авторлардың ұстанған пікірі, сезіктіге айып тағу бұлтартпау шарасын қолдану үшін жалпы негіздің бірі дейді, ал Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139 бабында көзделген негіздер арнайы негіздер болып табылады. Тергеушілердің пікірінше, бұл тұжырымға келісуге болады. Бұл тұжырымға сәйкес, біздің пікірімізді қоссақ, алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу айыпкер деп тану кезінде барлық жағдайда бұлтартпау шарасын таңдап, қолданылады. Бұндай негіз бірінші шығарылған шешім, екінші шешімге бастау ретінде болады,яғни, тұлғаға айып тағып барып, біз оған бұлтартпау шарасын қолданамыз. Бұл процессуалдық шешімнің қателігіне әкеп соғады, егер бұлтартпау шарасын тек айып тағуға қолда бар дәлелдемелер арқылы ғана шешім шығарсақ, бұлтартпау шарасын қолданғанымыз да қателік ақаулық болады. Тұлғаға негізсіз айып тағу бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалмауына әкеліп соғады. Айып тағудың дұрыс дәлелді болуы, бұлтартпау шарасының дұрыс қолдануын көрсетеді. Сонымен қатар көңіл бөлінетін жайт, заң шығарушы тікелей қамауға алу айыптың ауырлығына қарай дегенді айтады. Бұл көрсетілген жағдайда бұндай мән – жайлар бұлтартпау шарасын таңдап алуда басты орын алады. Аталған ереже қылмыстық іс жүргізу заңдылығында бекітіліп көрсетілгенмен; тәжірибеде қолданылғанда өзінің теріс жағынан көрсетеді. Бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды қылмыстың «қауіптілігіне», «ауырлығына» тағылған айыптың ауырлығы, бұл қылмыстың жасаған адамның, оның кінәлігін дәлелдеп, соған байланысты тергеуші оның бостандығын айырады, бұл алдын ала тергеу сатысында жасалған қылмысы үшін жазасы ретінде сияқты көрінеді. Бұндай жағдайда қамауға алу шексіз, абсолютті түрде күдік келтірген адамның айып тағу арқылы бостандығын шектесе, бірақ бұндай айып сотқа барғанда өзгеруі, кейбір ретте тіпті алынып тасталуы мүмкін. Сезіктіні, айыпталушыны тергеу изоляторына айып тағылды деген негізбен ұстауға болатын болса? Ол үшін терегу тәжірибесіне көз жүгіртсек:

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы