Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

Іздестіріліп жүрген адамды тапқан кезде, ол адамға қатысты –  қамауға алу жүргізілген кезде  алдын ала тергеу жеріне сол уақытта  жіберу керек. Қаулыны жеткізгенге, дейін айыпталушы тергеу изоляторына жібереді, телеграфпен немесе тез қамауға алу және этаппен жіберу қаулысымен қоса, жасырынған айыпталушы туралы жеке басы туралы анықтама жібереді. Анықтаманың бір көшірмесі қаулымен бірге айыпталушыны ұстаған қылмыстық іздестіру бөлімшесіне жібереді.

Егер Қазақстан Республикасы территориясынан тыс жерде ұсталса, қылмыстық іске байланысты құқықтық көмек шарты бойынша екі жақтың келісімін негізделіп, хабар береді. Айыпкерді (сезіктіні) қамауға алу  туралы, оның туған – туысқандарына, хабарлама жібереді. Қамауға алынғандар мен туыстарының кездесуі туралы Қазақстан Республикасы қылмыстық  іс жүргізу кодексі ештеңе көрсетілмеген  айыпталушыны қамауға алған кезде, кәмелетке толмаған баласы қалған кезде  бақылаусыз қалмау үшін туыстарының  қамқорлығына береді. Тергеуші заң  нормаларына сәйкес қамауға алынғанның мүлкі мен тұрғын жайын қорғауға шара қолдануға міндетті. Мүлкі жақын  туыстарына немесе өзге де тұлғаларға сақтауға қолхат жазып алып береді. Қараусыз қалған тұрғын жай баспаға  шығарылып, кілті сақтау үшін қолхат алынып туыстарына, таныстарына беріледі. Бұл туралы тергеуші белгілі қаулы  шығарады. Ол басқа қаулыларға қарағанда  өзгерек, резолютивті бөлімінде  мысалға, мүлік кімге беріледі сақтауға сол жазылады. Қамауға алынған адамның өзінде медаль, награда, құжаттары болса, анықталған хаттамада толық аты, нөмірі көрсетіліп жазылады. Хаттамада награда құжатсыз алыну себебі жазылады. Алынған құжаттар наградалар сол құқық қорғау органына сақтауға беріледі. Награда, құжаттарды сақтауға алыығаннан кейін квитанция қылмыстық іске материалдарына тіркеледі. Тергеуші айыпкер (сезіктінің) қандай наградамен марапатталғаны жөнінде сұрап алуға міндетті наградалар туралы мәліметтер резолютивті бөлімінде айыптау қорытындысында, айыпталушының жеке басы туралы мәліметтермен бірге жазылады. Айыптау қорытындысында тіркелетін анықтамада айыпкердің құжаттары, наградалары туралы мәлімет болуы керек.

 

2.4 Қамауға алудың  мерзімдері

 

Қылмыстық прцессуалдық кепілдіктердің бірі тұлғаның жеке басын, бостандығын, Конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған кепілдеме  – айыпталушы (сезіктіні) қамауға  ұстаудың белгілі бір мерзімі  және оны создыртудың ерекше тәртібі  Қазақстан Республикасы қылмыстық  іс жүргізу кодексі нің 153 бабына сәйкес «Қамауға алудың мерзімдері мен  оларды ұзарту тәртібі».

Іс бойынша сотқа дейінгі  іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі осы кодекстің көзделген  ерекше жағдайларды қоспағанда екі  айдан аспайды.

Екі ай мерзімді дұрыс есептеу  үшін, айыпкер қанша мерзімі қамауда  болатындығын есептеуде мерзімнің  басталуы мен аяқталуын есептеп  алу қажет. Тәжірибеде қамауға алу мерзімі қамауға алынғандарды ұстауды жүзеге асыратын жерге әкелген уақыттан бастап есептеледі. Бұндай анықтама мерзімнің басталуын былай есептеу дұрыс деп ойлаймыз. Осы уақыттан бастап (сағат, минут) тұлға бостандығынан айрылады, оны ұстаудың арнайы режимін бекітеді. Мерзімді есептеу тергеушінің қамауға алу туралы қаулысының шығарған күннен және прокурормен санкцияланғаннан бастап есептеу дұрыс емес болар еді. Егер айыпкер (сезікті) тергеуші қаулы шығарғанға дейін жасырынып, қашып кетсе, бұл жағдайда жасырынған, іздестіруде жүрген уақытылы қамауға алу мерзіміне кірмейді. Қамауға алу туралы қаулы шықпағанға дейін сезікті Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132 бабымен ұсталса, оны ұсталғаннан бастап қамауға алу мерзімі есептеледі.

Қылмыс жасаған тұлғаны  ұстау мерзімі анықтама немесе тергеу органына жеткізілген уақыттан бастап есептеледі. Егер ұстау, «ұстау туралы» қаулы негізінде алынып келінсе, оны фактілі ұстау мерзімінен қысқа мерзімді сезіктіні ұстау уақытынан бастап есептеледі. Сезіктіні ұстау хаттамасында нақты уақытысы (ай, күн, сағат, минут) есептеледі. Мынандай жағдайда, заңдық ұстау мен ұстау жеріне әкелу арасы айырмашылық аз ғана болғанымен, бұл заңды болмайды. Сонымен, сезіктіні Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің132 бабы бойынша ұстау, қамауға алу бұлтартпау шарасын мерзімін есептеген кезде тұлғаны бостандығын айырған кезден бастап есептейді. Айып тағы жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей тағылу керек, бұл мерзім өткеннен кейін сезіктіден – айыпталушыға өтеді және бұлтартпау шарасының бір түріне ауысады.

Қамауға алу іс тергеуде екі айдан астам артық мерзімнен  аспау керек. Осы мерзім ішіне 72 сағат сезікті Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132 бабында, сонымен қатар, іс материалдарына айыптау қорытындысымен прокурорға жіберген мерзіммен қоса есптеледі. Бірақ та тәжірибеде бұл мерзім сақталуы әрқалай. Мысалға, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысының АІІБ ТБ сезіктіні ұстау мерзімі 72 сағаттан асып кету жағдайлары көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153 бабының 2 тармағында тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда істің күрделігіне қарай мерзім ұзартылады. Осыған сәйкес сұрақ туындайды: ерекше күрделі қылмыстарға нені жатқызамыз? Не заңда, не заңдық әдебиеттерінде ерекше күрделі істерді анықтап көрсетпеген. А.М.Ларин тұжырымы бойынша: Әрбір қылмыстық іс өзінше күрделі. Сондықтан болар, адам тағдырын шешу, Қылмыскерді қайта тәрбиелеу, бұл өте күрделі мәселе. Сонымен әр іс өзімен күрделі деп атаған қылмыстық істің күрделілігі, жасалған қылмыстың нақты мән жайлары, дәлелдемелердің толық жиналмауы, жұмыс көлемі, айыпкердің саны, жасалған қылмыс территориясы қарастырылады.1

Бірақ та бір уақытта субъективті  факторларды істі тергеуде күрделі  әсерін тигізеді. Мысалға, қылмыстар жиынтығы бойынша, айыпкер қатысушылардың бірнеше болуы. Ерекше, аса күрделі қылмыстық істерге бірнеше айыпталушылармен әртүрлі ауданда, қалаларда. Қазақстан Республикасы территориясынан тыс жасалған қылмыстарды жатқызуға болады.

Қиын, күрделі істер уақыттың ұзақтығын тілейді. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің істің күрделілігіне қарай ұзартылады. Ерекше аса күрделі істерге кәмелетке  толмағандар жасаған қылмысты айтуға болады. Жоғары күрделілік бұл категориялы  тұлғалардыны мынада: жасөспірімнің  жеке басы, қылмыс жасау ниеті, шарты, қоршаған ортаның жасөспіріміне  әсер ету, отбасы жағдайлары әсер етеді.

Тергеуді екі айға дейінгі  мерзімге аяқтауға мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту  немесе тоқтату негіз болмаған кезде  бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурор және олармен теңестірілген әскери және өзге де прокурорлар тергеушінің  дәлелді өтініші бойынша - үш айға дейін, ал облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар мен  олардың орынбасарлары тергеушінің  аудандық, қалалық прокурорлар мен  олармен теңестірілген әскери және өзге де прокурорлар қолдаған дәлелді  өтініші бойынша – алты айға дейін  ұзартуы мүмкін.

Қамауға алу мерзімін алты айдан астам мерзімге ұзартуды тек  істің ерекше күрделігіне орай тергеу бөлімі бастығының облыс прокуроры  және олармен теңестірілген прокурорлар  қолдаған дәлелді өтініші бойынша  Бас прокурордың орынбасары, Бас  әскери прокурор – тоғыз айға дейін  жүзеге асыра алады.

Қамауға алу мерзімін тоғыз  айдан астам уақытқа ұзартуға облыс прокурорының және онымен теңестірілген  прокурордың дәлелді өтініші  бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар  жасағандығына айыпталған адамдарға  қатысты ерекше жағдайларда Қазақстан  Республикасы Бас Прокуроры –  он екі айға дейін рұқсат етеді. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады. Қамауға алу мерзімін одан әрі заңға сәйкес қамауға алынған ақыл есі кем адамды психиатриялық емдеу мекемесінде ұстау мерзімі қамауға ұстау мерзімінен қосылып есептеледі. Бұндай ереже біріншіден: айыпкер не сезіктіні мәжбүрлі түрде емдеу – психиатриялық мекемесіне жатқызумен; екіншіден: ұстаудың арнайы режимін қалыптастырады. Сондықтан заң айыпкер (сезіктіні) емдеу – психиатриялық мекемеге тергеушінің қаулысымен жатқызылады. Ұстауға келсек, сезіктіні 72 (жетпіс екі) сағаттан артық ұстауға болмайды. Кейбір жағдайларда бірінші және екінші сатыдағы сотта айыпкердің ісі қарастырылған жағдайда айыпкердің ұстауы жалпы тәртіппен қамауға алу мерзіміне қосылады. Егер іс сотпен қосымша тергеуге жіберілсе, қамауға ұстау мерзімі заңға сәйкес ұзартылады. Прокурор қадағалауды жүзеге асырушы ретінде арнайы мерзімді белгілейді, бұл мерзім қосымша тергеу аяқталған уақытты қамтиды. Қылмыстық істі қосымша тергеуге жібергеннен кейін, қамауда ұстау мерзімі қайтадан есепиеліп, қарастырылады. Қылмыстық процессуалдық заң анықтама және тергеу кезеңінде қамауда ұстау есептеледі. Бұл мерзімге істің сотта қаралуы мерзімі енгізілмейді, бұл мерзім егер бірінші немесе аппеляциялық инстанция істі қосымша тергеуге жібергенді қоспағанда прокурор істі тергеушіге қосымша тергеу өндірісін жүргізу үшін жіберуі айыпталушыны қамауға алудың жаңа мерзімін есептеуді қарастырмайды. Сонымен, прокурор істі қосымша тергеуге жібергенде қажетті болған кезде сол прокурормен қосымша тергеу мен процессуалдық әрекетті жүргізу үшін мерзімді ұзартады.

 

2.5 Қамауға адудың  құқықтық реттелуі және қамаудан босату.

 

Сезікті, айыпталушыларды  қамауда ұстау – алдын ала  қамауда ұстау жерлерінде Қазақстан  Республикасы қылмыстық іс жүргізу  кодексі 152 бабында тергеу изоляторларында  ұсталады. Ерекше реттерде,изоляторларда  арнайы ұйымдастырылған гауптвахталарда  жатқызылады.

  Сезіктілерді ұстау (яғни, қамауда ұстау) үш тәуліктен немесе 72 сағаттан аспауы керек.

Қамауда ұсталғандарды жердің шалғайлығына байланысты уақытша тергеу изоляторында Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес 30 (отыз) тәулік ұстауға рұқсат береді, бұл арнайы ережемен бекітілген. Егер тұлға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген кезде қылмыс жасаса, оған қатысты қамауға алу – бұлтартпау шарасы ретінде тергеушінің қаулысымен еңбекпен түзеу колониясындағы изоляторында немесе тәртіптік еңбек колониясындағы тәртіптік изоляторында ұсталады.

Қамауға алынғандарды ұстау  режимін анықтап көрсеткен. Режимнің негізгі (басты) талабы: қамауға алынғанды  қоғамнан изоляциялау (бөлектеу), тұрақты  түрде қадағалауда, бақылауда болуы, бөлек орналастыру қамауға алынғандар тінту, дактилоскопия, фотаға түсіру, өзімен бірге заттарын, посылка қарауға  жатады. Оларға өзімен бірге ақша, құнды  заттар алдын ала қамауға алынған  кезде тыйым салынған заттар сақтауға рұқсат етілмейді. Қамауға алынғандардан  алынған заттар өздерінің есеп шотына, ал құнды заттары сақтауға қойылады.

Қамауға алынғандарды изоляциялау  бұлтартпау шарасын қолданудың мақсатына  жетудің басты шарты болып  табылады. Қамауға алынғандар жалпы камераларда ұсталады. Сонымен қатар тергеушінің дәлелді қаулысымен, прокурордың санкциясы арқылы жалғыз адамдық камераларға орналастырылады. Арнайы қаулы шығару қажеттілігі, қамаудағыны жалғыз адамдық камереда ұстау қамаудағыны қатал және толық түрде изоляциялау. Қоғаммен қандай да бір қарым – қатынас жасатпауымен ерекшеленеді. Басқа жалпы жағдайда ер адамдар әйел адамдардан бөлек, кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек, аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушылар мен сезіктілер бөлек. Бір іске қатысты сезіктілер мен айыпталушылар тергеушінің нұсқауымен бөлек орналастырылады. Қамауда ұсталғандар өздерінің туған туыстарымен кездесуге құқылы. Кездесу мерзімі, уақыты екі сағаттан артық емес, айына біреуден кем емес уақыт береді. Тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін тергеуші қамауда ұстау жерін алдын ала тергеу жүргізілетін жерге алып келеді. Қамауға алынғандар тергеушіге Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауымен конвоймен әкелінеді.

Қамауға алынғандар мерзімі  аяқталғаннан кейін қамаудағы айыпталушыны жіберу керек. Босату қамаудан бұл бұлтартпау шарасының түрін өзгертудің негізі болады. «Бұлтартпау шарасын жою  – оған енді ешқандай қажеттіліктің  болмағанын көрсетеді».

Қамауда ұстаудың қажеттілігінің болмау жағдайларын атап көрсетсек:

1. Заңға сәйкес қылмыстық  істің қандай да болмасын негіздің  болмауынан тоқтату, қысқарту;

2. Заңға сәйкес бас  бостандығынан айырмайтын қылмысы  үшін айып тағылғанда, бұрын қамауда  ауыр қылмыс жасаған деген  сезікпен отырған айыпталушыға;

3. Қамау - өзінің мақсатына  жетсе. Мысалы, сезікті немесе  айыпталушы қамауға бостандықта  жүргенде тергеу мен қылмысты  ашуға кедергі жасайды деп  ұсталса. Бұдан кейін барлық  дәлелдемелер жиналғаннан кейін,  ақиқатқа жетуге кедергі келтірмейді  дегенде қамауда ұстаудың қажеттілігі  туындамайды. Тергеуші қажет деп  тапқанда бұлтартпау шарасының  бас бостандығын айырмайтын басқа  түрін таңдайды. Тергеу органдарында  тәжірибеде заңсыз қамауға алуды  заңды қамаудан босатумен шатастырмау  керек. Бұлар арасында өзара  байланыс жоқ. Егер заңсыз қамауға  алу бұл – сезікті не айыпталушыны  қандай да болмасын негізсіз  қамауда ұстау, ал қамаудан  босату, бұл келешекте қамауда ұстауға қажеттілік жоқ деген кезде, бұл заңды және тергеушінің дұрыс әрекеті болып табылады. Тергеуші қамауға алынған тұлға қажеттілік болмаған кезде уақытында босату керек.

4. Қамаудағы ауыр науқастанған  кезде медицина мекемесінің өкілімен  куәландырылған кезде қамауда  ұстаудан босатып, медицина мекемесіне  жатқызылуы немесе бұлтартпаудың  басқа түрін таңдап, қолдану керек. 

Қамаудағы айыпталушы (сезіктіні) қамаудан босату туралы тергеуші дәлелді  қаулы шығарады. Алдымен тергеушінің  бұл бұлтартпау шарасының түрін  өзгертуге құқығы туралы айтсақ, кейбір процессуалистердің пікірі бойынша, қамаудағыны  босату үшін прокурордың санкциясы  қажет дейді. Шынында да алдын  ала қамауға алу, прокурордың санкциясынсыз заңды емес. Қамаудан босату туралы, қамауға алу туралы мәселе емес. Азаматтарды сотқа дейін бас бостандығынан айыру, олардың конституциялық жеке басына қол сұқпаушылық құқығы, оның жеке бас юостандығының кепілімен көрініс табады.

Бұл кепілдіктің бірі ретінде, прокурордың санкциясын айтуға болады. Алдын ала тергеудің заңдылығын қадағалауда прокурор, сезікті не айыпталушыны қамауға алуға санкция бермес бұрын, қылмыстық іс материалдарын толық зерттейді, қамауға алынғаннан жауап алады, дәлелдемелерді бағалағаннан кейін ғана, қамауға алуға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Бұлтартпау шарасын алып тастау, жою туралы тергеушінің қаулысы, өзге де қаулылар сияқты үш бөлімнен тұрады:

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы