Рим құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа

Описание

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

Работа состоит из  1 файл

Д раб Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Қызметті жалдау шарты- бұл бір тарап жалға алушының пайдасына қандай да болмасын қызметті орындауға, ал жалға алушы қызмет үшін ақы төлеуге міндетті болатын консенсуальды контракт. Ал, мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдап алыпақысын төлеуге міндетті болды. Оның пәні жеке анықталған заттарды дайындау немесе өңдеу. Жұмыстың кездейсоқ жойлылу қауіпі оны тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін мердігерде, ал тапсырғаннан кейін тапсырыс берушіде болады.

Тапсырма шарты - дегеніміз сенім беруші сенім алушығақандай да болмасын әрекетті сенім берушінің пайдасына ақысыз орындауын қабылдауы туралы консенсуальды шарт. Шарттың пәні заңи және нақты сипаттағы әрекет. Сенім алушы сенім берушінің берген тапсырмасын толық және шартқа сәйкес орындауға міндетті. Сенім алушы тапсырма мазмұнынан ауытқамауы тиіс, ол сенім берушінің алдында жеңіл салақтық үшін де жауап береді және шарт аяқталған кезде есеп беруге міндетті. Тапсырманы орындауға байланысты шығындарды сенім білдіруші көтерді.

Серіктестік шарты  бойынша екі немесе одан да көп  тұлға өздерінің мүліктік салымдарын немесе құқыққа қайшы емес жеке қызметтерін  ортақ шаруашылық мақсатқа біріктіреді. Рим құқығы бойынша серіктестіктің төрт түрі белгілі болды: а) отбасы мүшелерінде пайда болатын барлық мүліктердің серіктестігі; б) оның мүшелерінің мүліктерінің кейбір бөлігін біріктірген, сонымен қатар серіктестіктің сәйкес қызметінен пайда болатын болашақ иелікке алынатын кірістерді біріктірген кіріс серіктестіктері,; в) серіктестік мақсатына қажетті, сонымен қатар оны жүзеге асырған кезде алынатын қандай да болмасын бір істің серіктестігі- бірлескен қызмет нысаны ; г) бір заттың немес бір істің серіктестігі. Серіктестік тоқтатылады ортақ мақсатқа жеткен кезде немесе қандай да болмасын бір серіктестің шартқа қатысуға бас тартуы негізінде. Серіктестік шартының тоқтатылу негізі сонымен қатар серіктестің біреуінің төлем қабілетсіздігі және қайтыс болуы. Қарыз шарты- қарыз беруші қарыз алушының меншігіне топтық белгілерімен анықталатын затты немес ақшаны беруі туралы, ал қарыз алушының мерзімі жеткен кезде сондай затты немес ақшаны қайтаруы туралы нақты шарт. Қарыз шартының мәні бір тараптың екінші тарапқа затты меншікке беруі [11].

(1) Mutuum damus recepturi поп eandem speciem quam dedimus (alloquin с ommodatum erit aut depositum), sed idem genus, velut ut pro tritico vinum recipiamus, non erit mutuum (D. 12. 1. 2. pr.),-(1) Біз қарызға береміз, сол species-ті қайта алу үшін, яғни қандай затты берсек сондай затты қайтарып алу. Егер басқа затты қайтаратын болса, ол қарыз емес. Мысалы астық орнына шарап қайтарса [21].

Қарыз біржақты, ақысыз міндеттеме деп саналды. Валютаны кездейсоқ жою қауіпі жалпы ереже бойынша борышқорға оның кінәсінің нысанына қарамастан жүктелді..

Рим құқығы пайыздың жоғарғы мөлшерін шектеді. Классикалық  құқықта пайыздың жоғарғы мөлшері  айына 1 пайыздан аспауы тиіс болды, ал  Юстиниан құқығында жылына- 6 пайыздан аспайтын.

Сауда шарты (commodatum) бойынша бір тарап (commodans, ссуда беруші) екінші тарапқа (ссуда алушыға, commodatarius) жеке анықталған затты уақытша ақысыз пайдалануға береді, ал екінші тарап пайдалану мерзімі аяқталған кезде сол затты сақталған күйінде және тұтастай қайтаруға міндеттенеді. Шарт субъектілері – коммодант және коммодотарий. Берілген затқа меншік құқығы коммандантта сақталады, ал екінші тарап тек ұстаушы, ол мүлікті ақысыз пайдаланады және оны меншік иесіне қайтарады. Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі меншік иесі болғандықтан ссуда берушіде болды. Мерзім мәнді талапқа жатпайды, сондықтан шарт нақты мерзімге жасалуы мүмкін немесе мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Мерзімсіз шартта ссуда беруші затты қайтару туралы талап ете алады кез келген уақытта. Ссуда шартында несие беруші заттың сапасы туралы ерекше қамқорлықты қабылдау міндеттемесін мойнына алмады, зат тек шаруашылық функциясын орындауы қажет болды, бұл бір жағына шарттың ақысыз болуына да байланысты болды.

Прекарий. Сауды шарты ерекше қатынас болып табылатын precarium (прекарий) деп аталатын шарттан айырмашылығы болды. Олардың, яғни екі нысан — commodatum и precarium айрмашылығы мынада: а) екі шартта мүліктік игіліктерді бір тұлғаның екінші тұлғаға пайдалануға беруі, б) commodatum кезінде және precarium кезіндеде зат ақысыз берілді.

Ал, айырмашылығы сату шарты пайдалану мерзімі көрсетілмеген кезде жарамсыз болмады. Ал, рrecarium мүлікті талап еткенге дейінгі мерзімді көздеді. Ульпиан бұл мәмілені былайша анықтайды: «Precarium est, quod precibus petenti utendum concedltur tamdiu, quamdiu is qui concessit patitur», яғни precarium  тұлғаның сұрауы пайдалануға берген тұлғаның шыдамы жеткенге дейін мүлікті пайдалану [13].

Кейіннен прекарий ерекше шарт болды және прекарист  абайсыз кінә болған кеде де жауап  берді.

Сақтау шарты  – бұл сақтаушы сақтауға беруші тұлға берген жеке белгілерімен анықталатын затты сақтауға қабылдап алатын және сақтау мерзімі жеткен кезде затты сақтаулы күйінде қайтаруға міндетті болатын нақты контракт. сақталуын шартта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қамтамасыз етугежәне мерзімінде қайтаруға міндетті болды. Сақтаушы қасақана және қатаң салақтық үшін ғана жауап берді. Егерде сақтаушы сақтауға берген тұлғаның келісімінсіз затты пайдаланса, кейінгі тұлға тікелей сақтау бойынша талап қоя алатын. Сақтауға беруші өз затының сақтаушыға зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге және заттың құрылымы туралы  ескертуге міндетті болды. Ерекше ереже сақтаудың үш түрі бойынша белгіленді. олар: қажетті сақтау, иррегулярлық сақтау, секвестор. Қажетті сақтау сақтауға беруші тез арады өз затын үшінші тұлғаға сақтауға беруі қажетті болған жағдайда пайда болды. регулярлық сақтау- бұл топтық белгілерімен анықталатын заттарды сақтауға беру.

Секвестор- сақтаудың  ерекше түрі. Бұл шарт бойынша дау  болған затты үшінші тұлғаның дау  аяқталғанға дейін сақтауы.

Заклад (кепілзат) шарты. Егерде кепіл затты берумен жүзеге асырылатын болса, онда тараптар арасында кепіл қатынастарынан басқашарт сипатындағы қатынас та бекітілді. Кепілзаттың ерте кездегі нысаны фидуция болды. Фидуция бойынша кепілге салынған мүлік несие берушінің меншігіне өтті және несие берушіде  борышқор міндеттемені орындаған кезде тек затты қайтарудың моральдық міндеті болды.

Пигнус нысанындағы  кепілде зат меншік құқығына берілмеді, зат тек кепілұстаушыға иеленуге ғана берілді. Борышқор затты қайтаруға  құқығы болды.

 Бір тарап екінші тарап пайдасына белгілі бір әрекет жасауға атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекет, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар.  Мiндеттеме- құқықтық бұғау. Мұның мәнi заң бойынша әрекет ету керек дегенге жатады. Мiндеттеме бойынша екi адам бiр-бiрiне жұпталады. ХII кесте заңын бойынша адамға кәдiмгi бұғау кигiзетiн едi. Уақыт өте келе бұл байланыстың түрi экономикалық байланысқа өттi [7].

Бұл байланыс екi жақтың сенiмiне негiзделдi. Сенiм көрсететiн адам - өсiмқор, ал мiндеттi жақ қарызды деп аталады. Мiндеттеменің негiзi шарт пен деликт. Шарттар вербалдық, литералдық» накты, консесуалдық деп бөлiндi. (Верба- сөз). Вербалдық шарт аузша жасалды. Литералдық шарттар - жазбаша түрi. Реалдық шарттар бойынша, зат бiр жақтан шарт бойынша ол мiндеттеме қабылданғаннан екiншi жакқа берiлгеннен кейiн ғана күшiне ендi [18]. Консесуалдық кейiн күшiне ендi. Бұл әдет бойынша заттың берiлгенi немесе берiлмегенi есепке алынбады.

Реалдық келiсiм шарттар.

      1. Қарыз. Бұл шарт бойынша бiр жақ екiншi жаққа ақша бередi. Екiншi жақ уақыт өткеннен кейiн сол ақшаны, затты қайтып беруге тиiс;

      2. Несие шарты. Бұл шарт бойынша бiр жақ екiншi жаққа ақына пайдалану үшiн белгiлi бiр жеке затты бередi де, екiншi жақ уақыты өткеннен кейiн сол затта қайтарып бередi. Ол затты сол күéiнде сақтауға тиiс;

      3. Затты сақтау шарты;

      4. Тасу, кепiл шарты.

Міндеттеменің элементтері  – тараптар, мазмұны және тақырыптары. Міндеттеменің тараптары – несие беруші және борышқор.

Міндеттеменің мазмұны – тараптардың бір–біріне деген құқықтары мен міндеттері.

Міндеттеменің тақырыбы – міндеттеменің пайда болуына себепкер зат жатады.

Міндеттеменің пайда болу негіздері:

  1. Тараптар арасында жасалатын келісім, яғни шарт;
  2. Құқық бұзушылық, яғни деликт;
  3. Шарттар тәріздес міндеттемелер (мысалы бөтендердің істерін тапсырмасыз жүргізу);
  4. Деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелер.

Біржақты және екі жақты мәмілелер. Контрактілер. Мәміле – азаматтардың құқықтарымен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелер бір жақты және көп жақты шартпен жасалады. Заңға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың еркін білдіруі қажет жергілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептеледі. (яғни бірінің тек құқытары болса, екіншісінде тек міндеттері болады, мысалы заем шарты т.с.с.) Ал екі жақты міміледе құқықтары мен міндеттері бірдей болып келеді, мысалы сатыпалу –сату шарттарын жатқызуға болады.

Контрактілер (шарттар) – екі немесе оданда көп адамның азаматтық құқықтары мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Рим құқығы бойынша верьбалды (ауызша), литералды (жазбаша), реалды (нағыз), консенсуалды болып келген.

Вербалдық шарттар мен литералдық шарттар, рим жеке құқық тарихындағы ең көне контрактілер қатарына жатады. Вербалдық шарт деп сөзбен келтірілген ауызша келісімдерді айтқан.

Вербалдық контрактілерге көбінесе – уәде, серт, ант ұғымдары жатқан.

Вербалдық контрактілердің  біріне – стипуляция кірген, оның мағынасы бір жақты уәде дегенді білдіреді, стипуляция негізінен базарларда қолданылған.

Стипуляциядан негізделген міндеттеме біржақты болып  келген: несие берушінің міндеттеменің  орындалуын талап етуге құқы болса, борышқор ол талапты орындауға міндетті болған.

Стипуляциядан туындаған міндеттеме абстрактілі  мінезді құраған, сондықтан ежелгі рим қоғамы үшін өте тиімді шарттық  қатынас нысанына жатқызылған. Стипуляция нысанында кез келген шартты жасауға  болған (сату-сатып алу шартынан – кепіл болушылыққа дейін). Стипуляцияны сондай-ақ жаңғырту (новация) мақсатында да қолданған.

Либералдық  шарттар (контрактілер) вербалдық шарттар  сияқты, рим жеке құқық тарихындағы  ең көне контрактілер қатарына жатады.

Либералды контрактілер – контрактіні куәландыратын жазбамен негізделген. Ежелгі Римде жазбаша шарттар кең тарай қоймаған, себебі жазуды тұрғандардың кел келгені біле бермеген.

Либералды шарттардың көне нысанының бірі болып есептелетін  жазбалар кіріс-шығыс кітабында баяндалған, онда алдын ала жасасқан келісідер негізделген. Мұндай шарттық нысан ескіріп литералдық контрактілердің басқа түрлеріне жол берген. Уақыт өтісімен римдіктер ежелгі грек тәжірибесінде қолданып жүрген қолхат жазуларына: синграфа мен хирографа өте бастаған. Мұндағы синграфа (гр.жазбаша құжат) – Ежелгі Римдегі 2 данада жасалатын қолхат атауы. Сапасына қарай вексель тәріздес төлем құжатына жатқан, синграфаға алдымен борышқор, содан соң мәміле куәлері қол қойған.

Реалды (нақты) шарттар азаматтық міндеттемелердің шығуымен бірге қалыптасқан. Оның ерекшелігінің бірі тараптар келісім жасасымен зат қолма-қол өтуінде жатқан. Классикалық рим жеке құқығының нақты шарттар түрлеріне: қарыз, несие және сақтау кірген.

Қарыз (заем) шарты  бойынша бір тарап (қарыз беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді, ал шартта көзделген жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы қарыз берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.

Заем – біржақты, ақылы (кейде ақысыз да болып келген) және реалды (нақты) контракт. Ақылы болған кезде процент көрсеткіштері әр кезеңдерде әр түрлі болған. Мысалы, классикалық кезеңде айына 1 процент, Юстиниан кезінде айына 6 процент (саудагерлер үшін 8 процент) болған.

Тараптарды – заем (қарыз) беруші және заемшы деп атаған.

Заем міндеттемесінің  тақырыбы болып – ақша сомасы немесе тектік белгілермен айқындалатын заттар кірген.

Заемшы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде заем нысанын қайтаруға міндетті болған.

Мүлікті тегін  пайдалану шарты (несие шарты) бойынша  бір тарап (несие беруші) екінші тарапқа (несие алушыға) мүлікті тегін  уақытша пайдалануға береді, ал соңғысы  мүліктің қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде қайтаруға міндеттенеді.

Несие шарты – реалды (нақты), біржақты, ақысыз контракт.

Тараптары – несие беруші және несие алушы.

Несие тақырып  болып – жеке айықндалған және тұтынбайтын зат кірген.

Сақтау шарты  бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенген.

Сақтау – реалды (нақты), біржақты, ақысыз контракт.

Тараптары – сақтаушы және жүк беруші.

Тақырыбы болып  жеке айқындалған зат кірген.

Консенсуалдық контрактілер.

Сатып алу-сату шарты.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап сатушы мүлікті екінші тараптың сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу-сату шарты – консенсуалды, екі жақты, ақылыконтрактіні құрайды.

Шарт тараптарын сатушы және сатып алушы деп атаған. Сатып алу-сату шартының пәні ретінде кез келген зат кірген.

Шарттың бағасы – ақша сомасымен белгіленетін. Баға – анық және тараптардың келісімімен қойылатын.

Информация о работе Рим құқығының пайда болуы