Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа
Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64
Бөтен затты пайдалану нәтижесінде алынған өнімдер, және кірістер, өнімді берген заттан ажыратылған кезден бастап өз алдына дербес заттар болып саналады. Өнімдер өнімді алған тұлғаға тиесілі болды. Өнімдер деп өнім келтіретін заттардың шаруашылық маңызын жоғалтпай үнемі және тұрақты пайдалану нәтижесінде алынған заттың органикалық туындысы. Гай өнімге сүт, жүн де саналады, сондықтан қозы немесе лақ өнімді алған тұлғаға тиесілі болып табылады деп жазады. Күңнің баласы өнімге жатпайды, сондықтан меншік иесіне тиесілі. Яволен, кепілге салынатын затты ғана өнім деп санады.
Меншік құқығын қорғау кез-келген құқықбұзушыға қарсы әрекет еткен заттық талаптармен жүзеге асырылды. Меншік құқығын қорғауға байланысты 70-тен астам талап болды. Негізгі талаптар виндикациялық және негаторлық болды.
Өзінің заңды иеленуін қайтару үшін меншік иесі арнайы виндикациялық талап қоюға құқылы болды.
Виндикациялық талап меншік иесінің еркінен тыс шыққан затын қайтарып алу туралы талабы, яғни бөтен біреудің заңсыз иеленуінен затты қайтарып алу туралы талап. Талапкер болып меншік иесі танылады, ал жауапкер дау туған кездегі затты иеленуші кез-келген тұлға. Меншік құқығын дәлелдеу талапкерге жүктелді, егер дәлелдей алмаса жауапкер оны құқықтық салдар туындататын айыптау құқығына ие болатын. Дәлелдеген жағдайда затқа меншік құқығы арнайы соттың бұйрығынсыз, бірақ сот шешімін орындау тәртібімен бұрынғы меншік иесіне өтетін. Егер де жауапкер талапкерге затты қайтармаса сот шешім шығарған кездегі заттың құны бойынша жауапкершілікке жүктелетін. Осы талаптың көмегімен Пампониийдің айтуы бойынша, тек жекелеген заттар ғана емес, атарларды да виндикациялауға болатын. Бұл жерде табын, үйір т.б. топ-тобымен жүретін малдарға қатысты да айтуға болады, яғни жекелеген мал емес тобы біздікі болса, виндикациялауға болады. Сонымен қатар, егер кімде-кім бөтен біреудің тастарынан өз учаскесінде үй тұрғызса, ол үйді виндикациялай алады.
Талаптың басты мақсаты затты барлық өнімдерімен қалыпты жағдайда қайтару. Бірақ судья затты талапкерге қайтару кезінде жауапкер адал иеленуші болса, затты сақтауға кеткен шығындарды өтеу туралы міндетті жүктей алатын. Ал, адал емес иеленуші затты қайтара отырып, өнім мен кіріс құнын қайтаруға міндетті болды. Сонымен қатар адал емес иеленуші заттың жойылғаны үшін барлық жағдайда да жауап беретін.
Меншік иесі затты жоғалтпаған кезде де, меншік құқығын қорғауды қажет етті. Бұл меншік иесіне затқа меншік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың кедергі келтіру кезінде орын алады. Бұл жағдайда меншік құқығын қорғау үшін негаторлық талап қолданылды. Негаторлық талап меншік еркіндігін бұзушыларға қарсы бағытталған талап. Негаторлық талаптың виндикалық талаптан айырмашылығы бұл талапты қояр кезде меншік иесі затынан айырылмайды, бірақ меншік құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кедергілерді кездестіреді. Негаторлық талап бойынша жауапкер кез-келген тұлға болуы мүмкін. Талапкер өзінің меншік құқығын және оны жауапкердің бұзғандығын дәлелдеуі керек. Егер талап қанағаттандырылатын болса, талапкерге құқықты бұзумен байланысты барлық залалдар өтеледі.
Меншік құқығының тоқтатылуы. Затқа меншік құқығы тоқтатылды, егер меншік иесі өз еркімен заттан бас тартса, зат жойылса, зат иеліктен шығарылса, немесе меншік иесінен зат еріксіз алынса. Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы болуы мүмкін. Физикалық жойылу дегеніміз- заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса. Юридикалық жойылу дегеніміз затты азаматтық айналымнан алып тастау. Меншік құқығы тоқтатылады, егер зат иеліктен шығарылса, яғни жеке-құқықтық мәмілелер арқылы затты басқа біреудің меншігіне беру [10].
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қозғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып танылды.
Иелену құқығы – мүлікті іс жүзінде жүзеге асыруды заң қамтамасыз етеді. Иелену – мүліктің нақтылы иесінде балуы. Адам өз мүлкіне ие деп саналады. Басқалары мүлікті иесінен келісімі бойынша алып, пайдалану керек. Бұл сәтте оларда иеленуші болады, бәрақ негізгі иеленуші емес. Титулдық иеленуші мүлікті жалдау, сауда, аманат, тасмал тағы да басқа келісімдер арқылы иеленуі мүмкін. Егер мүлік меншік иесінен оның өз еркімен шықса, мүлікті одан алған адам заңды иеленуші болып табылды, ал егер аталған мүлік ұрлау, жоғалту арқылы көшсе онда оны иелену заңсыз болып табылды.
Пайдалану құқығы – мүліктен оның тек пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, содай–ақ пайда табуды заң жүзінде қамтамасыз етілуінен көрініс табады. Пайда – кіріс, өсім, жеміс, төл алу, өзгеде түрде болуы мүмкін.
Билік ету – мүліктің тағдырын шешу. Меншік құқығының мерзімі шексіз.
Ежелгі Рим заманында меншік құқығы құқытың нысандарына қарай келесідей түрлерге бөлінді: квириттік, бонитарлық, провинциалдық, латиндік, және перегриндік меншік.
Меншiк құқығына Рим заңгерлерiнің түсiнiктемесi көптеген буржуазиялық кодификацияларда қайталанып келдi. Олар меншiк құқығын затты абсолюттi түрде иелену және пайдалану деп түсiндi. Ал ол заттың пайдасын көру, басқару - иелiк iстеу, заттың тағдырын шешу деген сөз. Зат иесi заттың құқығы қаншама ауқымды болса да басқалармен де санасуға мiндеттi [16].
Сондықтан жеке меншiк иесiнің құқығы шектеулi сервитут деп аталады. Сервитут – азаматтардың басқа адамдардың жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскілерін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы.
Сервитуттың екi түрi бар: жеке сервитут және заттар сервитуты. Бұл басқа жер учаскесiнен су өткiзу, жол салу, құбыр салу, мал айдау.
Жеке сервитут – белгілі бір нақты тұлғаға беріледі. Меншік иесі өлген сітте тоқтаылады. Мұрагерлік бұндай жағдайда жүргізілмейді. Жер сервитуты жеке адамға берiлген, бiр адам баласын асырап бергенi үшiн туысқанына үйiнiн бiр бөлмесiнде тұруға рұқсат еткен. Үйдің иесi өзгерсе де, адам тура бередi, өйткенi, оның сервитуты- жеке сервитут.
Жеке сервитут түрлері:
Эмфитевзис – ауыл шаруашылығына берілген жер учаскісін өмірлік мұра ретінде иелену мен пайдалану.
Суперфиций – бөтен жер учаскісінде құрлыс салу құқығы.
Сервитуттар қала және ауыл сервитуты болып бөлiнедi.
Жеке меншiк құқығына ие болудың екi әдiсi бар: бастапқы әдiс және туынды әдiс.
Бастапқы әдiс. Бастапқы әдiс дегенiмiз - жеке меншiкке иелiк бұрыннғы иелiкке қарамай белгiленiп, иесi жоқ затты алу әдiсi окупация. Заттың бiрiншi иесi кiм болса, зат соның жеке меншiгi болады. Затқа кiм көп уакыттан берi ие болса, соның жеке меншiгi болып табылады.
Бұл шарттарға келесi жағдайлар қажет:
1. Затқа ие болу;
2. Адал, ақ ниетпен ие болу;
3. Заңды түрде ие болу;
4. Иелiк мерзiмi 10-20 жыл;
Иеленген затты осындай әдiспен алуға болатын.
Сатуға болмайтын жағдайлар да кездесетiн. Неше жыл иеленсеңiз де, ұрланған заттар жеке меншiкке көшпедi.
Ерекшелеу - бiр заттан басқа зат жасау немесе екi затты қосып жасау [17].
Туындысы:
1. Затты бiр адамнан екiншi адамға беру;
2. Заттың иесi екiншы адамға өзiнің затын беруге ерiкi бар;
3. Бiр адамнан екiншi адамға заттың көшуi занды;
4. Заттың иесi екiншi адам болады деген екi жақтың келiсiмi болуы керек;
5. Затгы бiр адамнан екiншi адамға беруге болады.
Жеке меншiк құқығын тоқтату:
1. Зат жойылғанда;
2. Заттың иесi жеке меншiк құқығынан бас тартса;
3. Заттың иесiн оның еркiне қарамай құқығынан айырса, жеке меншiк құқығы тоқтатылады.
Виндикция-талап меншiктің иесiнен затты басқа бiреу алып кетсе, оның өз затын iздеуге және қайтарып алуға құқығы бар. Бұл негiз екi жаққа да қатысты:
Затты адал ұстау жауапкершiлiгiне тек қана келiсiмге келген күннен бастап тартылады. Заттың иесi алушыға бүкiл iстеген жұмысы үшiн ақша төлейдi.
Виндикция iздеуi. Ие болу құқығы бұзылса, заттың иесi өзiнің затын бөтен адамның қолынан тауып алса, виндикция жолымен қайтарып алуға құқығы бар.
Негаторлық талап арыз - пайдалану, билеу құқығы бұзылса және шектелгенде қолданылады. Бұл жағдайда зат иесiнің қолында болады, бiрақ ол оны заң бойынша пайдалана алмайды, себебi бiреулердің әрекетiне кедергi болады.
Міндеттеме-бұл несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекетті, мінез құлықты талап ететін формальды мүмкіндігінен тұратын субъективтік юридикалық жағдай. Міндеттеме түсінігі Юстинианның Институцияларында көрсетілген [8]. Бұл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің құқығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құқықтық. Ал, Павел міндеттемеге мынадай анықтама береді міндеттеменің мәні қандай да болмасын затты біздікі ету емес, немесе сервитутты біздікі ету емес, бірақ басқа тұлғаны біздің алдымызда ол қандай да болмасын затты беру, жасау немесе ұсынуға байланысты байлап қою. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міндетті тұлғаның мүліктік сипаттағы нақты әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.
Кейіннен міндеттеме екі тұлғаның арасындағы заңи қатынас ретінде қарастырыла бастады. Бұл қатынасқа сәйкес бір тарап несие беруші және ол талап ету құқығына ие, ал, екінші тарап борышқор-бұл неисе берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасаушы. Міндеттеме әр кезде де уақытша және ол тоқтатылуға есептелінген.
Міндеттеме контрактіден, деликтіден, квази-контрактіден, квази-деликтіден пайда болады. Контракт дегеніміз- цивильдік құқықпен танылған және талаппен қорғалатын шарт. Деликті құқықбұзушылық, зиян келтіретін тиым салынған әрекет [12].
Кей жағдайда тұлғаның жасаған әрекеті міндетеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын, бірақ бұл белгілі бір шарттардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін. Осындай ақтаңдақты реттеу үшін міндеттемені пайда болғызатын шартқа ұқсас міндеттеменің пайда болу негізін қарастырды, яғни квази-контрактілерді. Егерде міндеттеме құқықбұзушылық салдарынан пайда болса және бұл құқықбұзушылық бізге белгілі бірде-бір деликтінің қатарына жатпаса, міндеттеме квази деликтіден пайда болды деп саналды.
Міндеттеме қоғамда абстрактілік нысанға ие және табиғи сипатты қарастырмайды.
Міндеттеменің мазмұны міндетті тұлғаның беру, жасау, ұсынуын міндеттейді және ол рим терминологиясында dare, facere, praestare терминдерімен анықталды [3].
«Беру» термині - мүлікті беру дегенді білдіреді. Бұл әрекет заттық құқықтарды бір тұлғадан екінші тұлғаға ауыстырумен тығыз байланысты.
«Жасау» - бір
тұлғаның екінші тұлғаның пайдасына
жасалатын нақты физикалық
Міндеттеменің тараптары кредитор мен дебитор. Кредитор талап ету құқығына ие, ал дебитор беру, жасау немесе ұсынуға міндетті. Кейбір жағдайда бірнеше кредитор мен бірнеше дебитор болуы мүмкін. Егер міндеттемеге бірнеше тарап қатысса жауапкершілік және міндеттеме үлестік немесе ортақтасқан болады. Үлестік жауапкершілік болуы мүмкін, егерде жауапкершілікті борышқорлар жалпы борыштың көлемінде пропорциональды жауап берсе. Ортақтасқан жауапкершілікте борышқорлардың біреуі міндеттеме сомасы көлемінде немесе арнайы бекітілген үлесте басқалар үшін толық жауап береді.
Міндеттеме пәні заттар, ақша, қызмет, жұмыс болуы мүмкін. Заттар топтық белгілерімен немесе жеке белгілерімен анықталған болуы мүмкін.
Міндеттеменің бірнеше түрі болды. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік және ортақтасқан болуы мүмкін.
Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның құндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі [20].
Факультативтік – бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.
Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орнын борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орындалмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды. Кейде мәміле күрделі болуы да мүмкін. Мысалы, Эфесте он төлеу, немесе Капуда құлды беру. Заңгерлер теңіз саудасы дамыған кезде міндеттеменің орындалу орнын анықтау экономикалық жағдайға, рынок жағдайында анықтау ерекше мәнге ие деп көрсетті:
Несиенің де бағасы әр жерде әртүрлі болды. Ал, соттың қарау орны тұлғаның қауымдастыққа қатысына байланысты немесе борышқордың тұрған жері бойынша анықталды. Міндеттеменің орындалу орны дау болған заттың құнын анықтау кезінде маңызды болды, себебі заттың құны ақшалай көрсетілетін болды және мұндай жағдайда маңыздысы қай жер бойынша бағалау жүргізу. Бұл сұрақ орны туралы сұрақпен қатар шешіледі, атап айтқанда келісім жасалған жермен, ал көрсетілмесе талап қойылған жермен анықталды [22].