Рим құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа

Описание

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

Работа состоит из  1 файл

Д раб Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешілді: міндеттеме орындалу керек тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде. Мерзім күнтізбемен анықталады. Кейде мерзім нақты болмауы да мүмкін, яғни оның пайда болу мерзімі белгісіз болатын уақыт.

Міндеттеме бас кезден – ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеме тұрақты болуы мүмкін емес.

Міндеттеменің тоқтатылуы міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың міндеттері мен құқықтарының тоқтатылуы.

Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу  тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз- міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау - борышқордың несие берушінің пайдасына  одан күтілген әрекеттерді орындауы. Орындау (solutio) түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Solutio, solvere түсінігі рим құқығында эволюция жасады. Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуына қатысты рим юриспруденциясы ортақ термин өңдеген жоқ.

Міндеттеме тоқтатылды мындай негіздер бойынша: а) тараптардың қайтыс болуымен. Егер міндеттеме жеке тұлғалық сипатта болса тоқтатылды. Ал, егер мүліктік сипатта болса міндеттеме тоқтатылады, егер тараптардың міндеттері мұрагерлікпен өтпесе. б) несие беруші мен борышқордың болашақта екіжақты құқықтар мен міндеттердің болмайтындығы туралы ерікті келісімі бойынша. Бұл жағдай орын алады, егерде келісім шартты жасаған тұлғалардың арасында ғана болатын болса, егерде ол цессия тәртібімен бекітілмеген болса. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын міндеттемелерді тоқтату туралы келісуге болмайды; в) несие беруші тарапынан кешіру, яғни мүмкін болатын талаптардан бас тарту арқылы; г) орындалуын талап ету мерзімін өткізіп алу, жалпы талап мерзімінен ұзақ мерзімнен аспайтындай. Новация, бір міндеттемені екінші міндеттемемен ауыстыру. Мысалы, аренда шарты аяқталғанға дейін арендатор жалға алынған мүлікті иелігіне алатындығы туралы тараптар келісімге келеді, яғни аренда шарты сатып алу-сату шартымен ауыстырылады. Жаңаланатын міндеттеме бастапқыдан айырмашылығы болуы керек. Новация екінші стипуляцияда қандай болмасын жаңа болған кезде орын алады. Бұл жаңалау міндеттеменің сипаты ауысқан кезде не несие берушінің тұлғасы ауысқан кезде немесе борышқордың тұлғасы ауысқан кезде болуы мүмкін. Новация стипуляция нысанында жүзеге асырылады. Жаңа элементтерге қатысты новацияның екі түрі болады. Біріншісінде шарттардың тараптары сақталады, бірақ новация арқылы бұрын жоқ  элементтер өзгереді. Екінші түрі несие берушінің немесе борышқордың өзгеруімен түсіндіріледі. Борышқорды ауыстыру несие беруші мен жаңа борышқордың арасындағы келісім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бұрынғы борышқордың келісімі қажет емес, себебі ол міндеттеме ауыртпалығынан босатылады. Несие берушінің ауысуы жаңа несие беруші мен борышқордың арасындағы келісім арқылы жүргізіледі, нәтижесінде соңғы екеуі шарттың тараптары болады, ал шарт мазмұны өзгермейді. Жаңаланған шарт барлық жарамдылық талаптарына сәйкес келуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз. Зачет- есепке жатқызу. Зачет (есепке жатқызу)- бұл бір сипаттағы қарама-қарсы талаптардың өтелуі. Есепке жатқызуды қолдану үшін мына талаптар орындалу керек: - талаптар қарама-қарсы болуы керек, яғни несие берушіге борышқор қарама-қарсы талап беруі тиіс;-талаптар бір топтағы талап болуы;-екі талап та орындалу мерзімі жеткен немесе талап ету мерзімі жеткен талаптар болуы тиіс. Қарызды кешіру. Бұл несие берушінің борышқорды борыштан босататындығы туралы жариялаған біржақты әрекеті болды. Римде міндеттемеден босатудың тараптардың келісіміне негізделген, міндеттемені тоқтатуды мақсат ететін  формальды тәсілдері болды. Несие берушінің міндеттемені орындалғандығын қабылдағаны туралы ауызша формальды өтінімі акцептиляция деп аталды. Акцептиляция  формальды сұрақ және жауап жолымен жасалды [18].

Несие беруші мен борышқордың  бір тұлғаға сәйкестендірілуі. Міндеттеме тоқтатылады, егерде несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілсе.  Бұл жағдай confusio- тоғысу, сәйкес келу дегенді білдіреді. Мысалы, мұрагерлік немесе бала асырап алу кезінде.

Орындау мүмкін еместігі. Мұндай мүмкін еместік заңи және нақты болуы мүмкін. Нақты мүмкінсіздік-бұл, мысалы, жеке белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде болады. Заңи мүмкінсіздік-бұл, мысалы, қандай да болмасын міндеттемні орындауға тиым салу туралы заңның шығуы. Мысалы, егер мен бөтен құлды сатсам, ал ол қожайынымен бостандыққа жіберілген болса, онда мен міндеттемеден босатыламын [14].

Шарт - бұл екі немесе одан да көп тараптардың қандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт (contractus) болды. Соntrahere өзінің тура мағынасы бойынша  контракт термині орыстың шарт терминінің синонимі.

Сonventio — келісім. Бұл мынадай түрлерге бөлінді:  a) contractus —талаппен қорғалатын шарт, б) pactum, — келісім, ex nudo pacto actio поп nascitur (Сентенции Павла, 2. 14. 1) ережесіне сәйкес  талап берілмеді.

Кез-келген шартта екі тараптың еркі білдіріледі, сондықтан  шарт-бұл екі жақты мәміле. Міндеттердің бір тарапқа бекітілуі немесе екі тарапқа да бекітілуіне байланысты мәміле бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу-сату шарты екі жақты шарт, себебебі тараптардың екеуінде де міндет те, құқық та бар. Сатушының құқығы сатылған тауарына ақша сомасын алу, сатып алушының сатып алынған тауарды алу. Міндеттері: ақша төлеу, екіншісінікі тауарды беру. Ал, қарыз шарты біржақты. Шарт жарамды деп есептелінеді, егерде шарттың міндетті талаптары сақталса. Бұл талаптарға: шарттың бекітілген нысанын сақтау; ерік пен ерік білдірудің сәйкес келуі; шартта мәнді талаптардың болуы; шарт негізінің болуы. Ерік - тұлғаның шарт жасауға ниеті. Ерік білдіру- еріктің сыртқа шыққан көрінісі. Ерік білдіру ерікке сәйкес келмейді деп есептелінеді, егерде шарт қорқыту, алдау, адастыру негізінде жасалған болса. Бірақ барлық адасудың құқықтық маңызы болған жоқ. Құқықтық адасу мәміле сипатындағы қате, мәміле пәніндегі, міндеттеме мақсатындағы қате. Келісімде тараптардың   еркі еркін көрсетілуі тиіс. Кез-келген мәміледе ерік мүлде болмайды, егер мәмілені бала жасаса, ақыл-есі жоқтар жасаса. Сонымен қатар шарт деп танылмайды қалжың салдарынан жасалған мәміле, бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле. Бүркемелеу арқылы жасалған мәміле дегеніміз- бір мәміле екінші мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын болса. Заңды түрде танылған ерік шартта мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген түсінік болды. Бұл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оны тараптар оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы қажет. Шарт анықталған болуы керек мазмұны бойынша, соның ішінде әрекет және затқа қатысты, сонымен қатар несие берушінің мүддесін көрсетуі тиіс. Шарт құқыққабілетті және азаматтық мәртебесі бар тараптармен жасалған кезде заңды деп саналады.  Шарттың пәні заттар, ақша, жұмыс, қызмет болуы мүмкін. Шарттың пәні топтық белгілермен немесе жеке белгілермен анықталған зат болуы мүмкін. Жеке белгілерімен анықталған зат жойылған кезде міндеттемені табиғи түрде орындау мүмкін емес болды немесе жойылған затты ауыстыру мүмкін болмайтын. Борышқордың кінәсінсіз топтық белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде  міндеттеме тоқтатылмайды, себебі жойылған затты ауыстыру мүмкіндігі сақталды [6].

Шарттың мәнді  талабы мерзім болуы да мүмкін. Мерзім - шарттың әрекет ету немесе тоқтату кезеңін білдіретін уақыт аралығы. Мерзім күнтізбелік, анықталмаған немесе шартты болуы мүмкін.

Шартты мерзім кезінде міндеттеменің пайда  болуы немесе тоқтатылуы белгілі  бір жағдайларға байланысты. Шартты мерзім пайда болуы кейінге қалдырылатын немесе тоқтатылуы кейінге қалдырылатын мерзім болуы мүмкін.

Шарттың тараптары. Шартты жасаушы тұлғалар шарттың тараптары немесе субъектілері деп аталды. Рим құқығы тараптардан шартты тікелей өздерінің жасауын міндеттеді.

Тек кейіннен ғана кейбір шарттар бойынша өкіл арқылы шарт жасау қарастырылды. Шарт тек әрекетқабілетті тұлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді. Әрекетқабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың заңды өкілдері жасады 7 жастан асқан әркетқабілетсіздер тек өзіне тиесілі мүлік көлемін көбейтуге қатысты ғана мәмілелерді жасай алатын.

Кейбір жағдайда шартқа бірнеше несие берушілер  мен борышқорлар қатысатын. Егерде міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, одан туындайтын міндеттемені әр қатысушы өзінің үлесіне қатысты орындайтын. Бұл үлестік міндеттеме. Ортақтасқан жауапкершілікте бірнеше субъектінің әрқайсысы міндеттемені тұтас орындайтын болды немесе тұтас талап етуге құқылы болды [13].

Рим құқығы шарттардың төрт түрін таныды: вербальды контракт, литтеральды контракт, реальды контракт және консенсуальды контрактілер. Сонымен қатар аталған топтастырудың біреуіне де жатпайтын шарттар болды. Соған байланысты римдіктер оларды атаусыз контрактілер деп атады. Римде аталған шарттардың ішінде вербальды шарттар ерте кезде пайда болған шарт болып табылады. Вербальды контракт – бұл ауызша контракт және оның жарамдылығы үшін бекітілген тәртіптегі сөздерді айту жеткілікті болды. Вербальды шарттың негізгі түрі стипуляция. Нақты шарттар - тараптардың келімге келген кезінен емес, затты берген кезден күшіне енетін шарттар. Нақты шарттар: қарыз шарты, ссуда шарты, сақтау шарты, кепілзат шарты. Консенсуальды шарттар- тараптардың келісімге келген кезінен жасалды деп есептелінетін шарттар. Консенсуальды шарттар: сатып алу-сату, жалдау, тапсырма, серіктестік шарты. Литтеральды шарт дегеніміз жазбаша шарт, оған кіріс-шығыс кітаптары т.б. жатады.

Вербальды контракт міндеттемені сөз арқылы бекітетін, яғни белгілі фразалар мен формулаларды жеткізу арқылы жасалатын шарттар. Жоғарыда айтқандай ауызша шарттардың негізгісі стипуляция шарты. Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты, яғни бір тараптың тек құқығы, ал екінші тараптың міндеті болды. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алатын және пайыз не шығынды талап ете алмайтын. Рим жеке құқығының қайнар көздерінде стипуляция кей жағдайда  stips- монета, от stipulum- таяқ,  stipulus –мықты деген сөздерді білдіретін.  Стипуляция –абстрактілі шарт, яғни негізі анық емес. Стипуляция негізге байланысты емес, керісінше бекітілген форманы сақтағанына байланысты [13].

« Другое дело, - говорит Ульпиан, - если  должник  sine verbis adnuisset”, т.е. кивнет утвердительно головой, не произнеся ни  слова; в этом случае стипуляции нет: вербальный контракт не может быть заключен без verba. Басқаша айтқанда, егер борышқор sine verbis adnuisset басын изесе, ешқандай сөз айтпаса, мұндай жағдайда стипуляция болмайды. Вербальды контракт verba арқылы ғана жасалады [10].

Стипуляция  несие берушіге немесе борышқорға басқа  да тұлғалардың өз алдына несие беруші немесе борышқор немесе қосымша борышқор не несие беруші қосылуына жол берді. Егер екі немесе одан да көп несие беруші борышқорға бірдей сұрақ қойса ол ортақ жауап қайтарады.

Классикалық кезеңде стипуляциядан пайда  болатын міндеттеме тоқтатылды тек сұрақ және жауап нысанындағы символикалық орындау арқылы. Мысалы: мен саған уәде еткенді алдың ба?- Алдым.

Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша  құжат болады, яғни оны құрастыру (жазу) міндеттеменің пайда болуы  үшін мәнді. Стипуляцияға қажетті талап болып шартты жасау кезінде тараптардың қатысуы болып қала берді.

Стипуляциядан басқа вербальды контрактінің жекелеген  түрлеріне: қалыңдықтан, оның туысқандарынан немесе  борышқорларынан некеге тұратын ер адамға жасау беру туралы уәде, сонымен қатар еркіне жіберілген тұлғаның өз патронына адал қызмет көрсетуі, өзіне берілген міндеттерді адал орындауы  туралы анты. Еркіне жіберілген тұлға тарапынан патронға жасалатын қызмет көрсету туралы заңи сипатқа ие болды, егер ол арнайы міндеттемені ант ретінде қабылдаса.

Консенсуальды шарттың бір түрі болып табылатын  сатып алу-сату шарты бойынша  сатушы тауарды сатып алушының меншігіне  беруге міндеттенеді, ал сатып алушы  тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты- сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы.

Сатып алу-сату нәтижесінде шаруашылық пайданы  екі тарап та алады, сондықтан  бұл екі жақты шарт және екі  тараптың да қарама-қарсы талаптары  болады.

 Сатып алу-сату  шартының мәнді талабы шарттың  пәні мен бағасы. Шарттың пәні  азаматтық айналымнан алынып  тасталмаған денелік және денелік  емес заттар. Сатып алу-сату шартының  пәні жекеленген зат ретінде  болуы қажет. Топтық белгілерімен  анықталатын заттар сатып алу-сату шарты бойынша иеліктен шығарылмайды. Ульпианның айтуы бойынша бөтен біреудің затын да сату мүмкіндігіне күмән болмауы тиіс [11]. 

Айырбас шаруашылығының дамуына байланысты болашақтағы  заттарды да сату-сатып алу қажеттілігі  кездесіп отырды. Шарттың пәні сонымен қатар денелік емес заттар болуы мүмкін. Мысалы, талап ету құқығы.

Сатып алу-сату шартының бағасы тек ақшалай түрде  көрсетілуі керек. Егер зат түрінде  көрсетілсе айырбас шарты болады. Баға туралы келісім мәміленің жасалғандығының  құқықтық  аяқталуы болып саналды.  Бағаны үшінші тұлғалардың белгілеуі заңды деп саналды. Тараптар сонымен қатар кепілпұл туралы келісімге келе алатын. Мұндай жағдайда сатып алу-сату шарты кепілпұлды төлеген кезден бастап шарт жасалды деп саналды. Егер шартта ақысын төлеу мерзімі көрсетілмесе, қарама-қарсы орындау болжанды: ақшаны төлеу және тауарды беру.

Сатып алу-сату өзінің юридикалық құрылымы бойынша  екі сатыға бөлінеді: шарт туралы келісім  және шартты орындау. Шарт сатылары уақыты бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ маңызды аралық мерзіммен бөлінуі мүмкін. Сондықтан шарт орындалғанға дейін оны екі жақтың келісімімен бұзуға болады [19].

Сатушы сатып  алушыны эвикциядан сақтандыруы  қажет, яғни сатып алушыға тауарды  үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос  түрде беруі тиіс; сапалы тауарды беруге немес тауардың кемшілігі туралы ескертіп беруге міндетті. Эвикция- нақты меншік иесінің немесе ұстаушының мүлікті қайтару туралы талап етуі. Нәтижесінде сатып алушы сатып алынған затына меншік құқығын жоғалтады. Эвикция кезінде сатушы сатып алушы жағында іске қатысуы тиіс және оны эвикциядан қорғауға міндетті. Егерде сатып алушының кінәсінен затқа меншік құқығы жоғалтылса, эвикция негізінде талап қойылмайтын.

Сатып алушының заттың сапасына байланысты міндеттерін  орындамауы, сатып алушыға шартты бұзу және ақшасын қайтарып алу құқығы, яғни реституция берілді. Бұл талапты мәміле жасалған кезден бастап алты айдың ішінде қоюға болатын. Сатып алушы сонымен қатар сатып алынған бағаның тауардың нақты бағасына сай келмейтін бағамен сатып алған жағдайда бір жылдың ішінде бағасын төмендету туралы талап қоя алатын.

Ал сатып  алушы тауарды мерзімінде қабылдап алып және тауар құнын төлеуге  міндетті. Сатып алушы тауар құнын  төлеуге міндетті, егер тауар сатып  алушыға берілгенге дейін кездейсоқ жойылған күннің өзінде. Бұл рим құқығы бойынша сатылған мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қауіпі сатып алушыда болады деген ережемен реттелді.

Консенсуальды шарттарға сонымен қатар жалдау, тапсырма, серіктестік шарты жатады. Жалдаудың үш түрі белгілі болды: заттарды жалдау, қызметті жалдау, жұмысты жалдау немесе мердігерлік. Жалдау шарты бойынша жалға беруші қандай болмасын затты жалға алушыға уақытша пайдалануға беруге міндеттенеді, ал жалға алушы затты қабылдап ақысын төлеуге және мерзімі аяқталған кезде затты қайтаруға міндеттенеді. Жалдау пәні қозғалатын және қозғалмайтын заттар болуы мүмкін. Заттарды жалдау шарты консенсуальды. Жалдау шартының пәні тек тұтынылмайтын заттар ғана болады. Жалға беруші заттты уақытында беруге міндетті болды және шартқа сәйкес беру. Ол затты пайдалануға жарамды түрде беруге міндетті және қажет жағдайда жөндеуге міндетті. Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі жалға берушіде болды. Жалға алушы затты қосымша жалға беруге құқылы болды [12].

Информация о работе Рим құқығының пайда болуы