Рим құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа

Описание

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

Работа состоит из  1 файл

Д раб Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Шаруалар iрi жер иелерiнің бәсекесiне төтеп бере алмады. Iрi жер иелерi оларға қарағанда нанды арзан сататын.

 

 

3. Рим империясы

 

Рим мемлекетiнің iшкi қайшылықтарынан басқа сыртқы да кайшылықтары болды. Басып алған аймақтармен үнемi жауласу процесi байқалды. Ол құбылыс б.д.д. I - ғасырда жиiлендi де, Рим мемлекетiнің аумағы үлкен дүниелiк империяға айналды [1].

Рим мемлекетiнің нарықтық және саяси өмiрiндегi өзгерiстер жаңаша басқару нысанын қажет еттi. Таптар күресiнің шиеленiсуi, тоналған халықтардың бостандыққа ұмтылуы үстем таптың демократиялық институттарды ауыздықтануына алып келдi. құл иеленушiлердің бiр тобы республиканы сақтап қалуға тырысты. Оптиматтар мен популярдың арасында күрес басталды, оптиматтар нобильдердiң, популярлар еркiн халықтың мүдделерiн қорғайтын.

Рим мемлекетi республика түрiндегi өскен қала қауым түрiндегi үлкен аумағында үстемдiгiн сақтап қала алмады [16].

Римде монархия орнағанға дейiн бiрнеше адамның диктатурасы үстемдiк етгi. Сенат Сулланы шексiз уақытқа диктатор етiп жариялады. Өкiмет басына келген соң, Сулла өзiнiн дұшандарын аяусыз жазалай бастады. Диктаторлық өкiлеттiгiн пайдалана отырып, ол оптиматтардың толық үстемдiгiн қамтамасыз етуге ұмтылды. Римнiң мемлекеттiк құрылысының түгелдей қайта ұйымдастырылғаны осы кез. Оның жарлығы бойынша мемлекетке басшылық ететiн орган құрамында 600 мүшесi бар Сенат болды [8]. Сенат негiзiнен Сулла армиясының әскери бастықтары қатарынан  толықтырылды.  Сенаттын  сот  функцияларын ұлғайту үшiн, одан түрлi сот комиссиялары бөлiнiп шығарылды. Магистратуратуралардың, әсiресе, квесторлардың саны шұғыл артты (8-ден 30-ға дейiн).

 Магистратуралық қызметтi 30 жасқа келген адамдар ғана иелене алатын. Халық жиналысының құқығы мейлiнше шектелдi, халық жиналысы тек сенат бекiткен зандарды ғана қабылдай алды. Халық трибундарының құқықтары   жекелеген азаматтары қорғаудан аса алмайтын диктатордың тiрегi - оның жауынгерлерi, олар халық жиналыстарында Сулла мен оның жақтастарының ұсыныстарын қолдады. Рим республикасында өте терең саяси дағдарыс басталды.

Б.д.д. I ғасырда Римде принципат (б.д.д I ғ. - б.д. III ғ) белгiлендi.                          I ғасырдан III ғасырға дейiн республика органдары сақталса да, олардың дербестiгi жойылды. [1]

«Принцепс-ценатус» - бiрiншi сенатор дегендi бiлдiредi. Цезарь сенаторлардың санын 600-ге дейiн азайтып, олардың цензiн 1 млн. сестерцияға дейiн көтердi. Сенаттың құқығы кеңейдi. Олар заң шығара алатын болды, магистрлардың орынын белгiлеп, сот функциясын орындады, принцепстi сайлады. Магистрлар принцепстің көмекшiлерi болатын.

Магистратуралардың бәрiн "принцепс" деген жаңа лауазым адам басқарды. Принцепстi бұрын сенат сайлайтын, соңынан бұл қызметтi әскери адамдар сайлайтын болды, ақырында бұл қызмет орын әкесiнен баласына мұра ретiнде берiлетiн болды [17].

Принцепстің белгiлi заңды титулы жоқ едi, оны августу, император және принцепс деп атайтын.

Принцепс - жоғарғы республикалық магистр қызметiн өмiр бойы атқаратын, төтенше әкiмдiк билiгi бар адам. Принципат тұсында Рим империясының провинцияларын басқаруда қайта құрулар жүрдi. Олар императорлық және сенаттық деп бөлiндi. Бастапқысын принцепс тағайындаған легаттар басқарды, олар әскери және азаматтық билiктi өзiнің кеңесi және канцелериясы арқылы жүзеге асырды. Екiншiлерiн басқарушыларды сенат тағайындады және олар екiжақты бағыныштылықта (сенат және принцепске) болды. Осындай бөлудің маңызды нәтижесi болды. Сенат провинцияларынан түскен кiрiстер мемлекеттiк қазынаға құйылды. Императорлық провинциялардан түскен кiрiстер принцепс қазынасы «фиксқа» құйылды. Нәтижесiнде сенат қазынасына түскен кiрiстер көлемi азайып, принцепстен несие алуға мәжбүр болған кездер болды. Бiртiндеп  принцепс билiгi сенат провинцияларына көше бастады. III ғасыр шамасында бүкiл жерлер императорлық билiкке көштi.

Доминат (б.д. III - II ғасырлары) жалпы құл иеленушiлiк құрылысты нығайтуға бағыталды. Ол бүкiл империяның бiрлiгiн, Императордың билiктi күшейтiп, бюрократиялық әкiмшiлiк аппаратты гүлдендiруге тырысты.

Римде монархияның пайда болуы, доминатқа өту Диоклетиан деген  императордың атымен байланыстырылады (284-305). Диоклетиан табиғатынан ақылды, мемлекетiк қызметке қабiлеттi болды. Жалғыз өзi Рим тәрiздi аса зор империяны басқара алмайтынын түсiне отырып, ол өзiне қосалқы әмiршiнi тағайындады. Диоклетиан көрнектi iрi мемлекет қайраткерi катарынан орын алады. Ол әкiмшiлiк әскери және қаржы реформаларын жүргiздi [1].

Әкiмшiлiк реформалары. Империяның тұтастығын нығайту үшiн Диоклетиан жаңа әкiмшiлiк бөлiнiсiн жүргiздi. Италия өзiнің ерекше жағдайынан айырылды, империяның бүкiл аумағы 12 диоцезге, ад диоцездер 104 провинцияға бөлiндi. Италия батыс және шығыс Рим империяларына бөлiндi. Әрбiрiнің басында император тұрды, олардың көмекшiлерiн цезарь деп атады. Рим империясыныц екi бөлiгiнде де ортақ құкықтық тәртiп сақталды.

Әскери реформа Рим әскерiн қүшейттi. Бүкiл әскерлер үш санатқа бөлiнетiн едi: шекара, мобилдiк әскерi және императорды қорғайтын грегориан гвардиясы. Әскер саны көбейдi және тұңғыш рекрут жиынтығы бiрiншi рет енгiзiлдi [18].

Императордың жанында мемлекеттiк кеңес құрылды. Императордың сарайында көп шенеунiктер жиналысып, оларға орталық басқару функциялары берiдi. Қалалар мен провинцияларды басқару солардың қолында болды. Императордың сүйенетiн жалғыз органы оның әскерлерi едi. Әскер   басшыларының   бәрi   императорға   бағынды, императорлардың өздерi әскерде сайланатын. Октовиан тұсында  әскер саны 300 000 жеттi.

Жер иеленушi  шонжар доминат кезiнде  өзiнің позициясын нығайтып, еркiн және тәуелдi село халқының түрлi санаттарының қанауды қүшейте түстi. Iрi иелiктерде құлдардың қосалқы да маңызы болды. Олар көбiне үй iшiндегi басқа да әсемдiк заттар сияқты байлықтың көрсеткiшi ғана едi. Қанаудың басты объектiсi осы колондар едi [5]. Замандастары колондарды тақыр кедей, сорлы адамдар деп атап, оларды өлшеусiз қанағандығын мойындады.

IV ғасырда колондар еркiн адамның азаматтық және саяси құқығынан айырылып, колонның барлық мүлкi мырзаның меншiгi деп саналды. Колонның сотта мырзаға қарсы шығуға, еркiн кiсiлермен некелесуге құқығы болмады.

Жазалану жүйесi жағынан колондар құлдарға ұқсас едi. IV ғасырдың екiншi жартысында жер иеленушiлер олардан мемлекеттiк салық ала бастады. Бұл акт колондардың тәуелдiлiгiн бұрынғыдан да гөрi күшейтiп, оларды қанаудың мүмкiндiтерiн ұлғайтты.

Сонымен колондар жерге отырғызылған құлдармен теңесiп шыға келдi. Село халқы тәуелдiлiгiнің қүшеюi нәтижесiнде iрi поместьелерде еркiн адамдар мен егiншiлер өзара жақындаса бастады.

Еркiн шаруаларды тәуелдi ету тәсiлдерiнің бiрi прикарий едi, жер иелерi борышкерлерге жер учаскесiн иеленудi белгiлi бiр мiндет атқару шартымен қалдырды.

Император кеңесiнде пара алу, қазынаны ұрлау, билiк тұтасын терiс пайдалану етек алды.

Мемлекеттiк iшкi қайшылықтың көбеюi оның сыртқы жағдайларында  терiс  ықпал  ететiнi  белгiлi.  Шығыс провинцияларды парсылар тонаса, Рейн жағынан франктер мен аламендар шабуылдады. Дунайдын арғы жағалауын сарматтар басып алды да, солтүстiк Африкада мавр тайпалары қаптап кеттi.

IV ғасырдың аяғында бүкiл варвар дүниесi қозғалысқа келдi. Империяның ең қауiптi жаулары готтар болды. Рим мемлекетi кейiн келген готтарға салық төлетiп, оларды жердемшi әскерге пайдаланды. Римдiктер уәделескен азық- түлiктi бермей, готтардың арасында аштық басталды.

IV ғасырдың соңында варварлар мен римдiктердің арасында жиi қақтығистар болып тұрды. Бiрақ Рим императорлары олардың провинцияға тереңдей кiргенiне қарсылық көрсете алған жоқ. Олар варварлармен шарт құрды. Бұл шарт негiзiнде үкiметi олардың Рим жерiне келiп тұруына рұқсат бердi [19].

Варварлардың Рим аумағына кiруi жағдайды жеңiлдетiп - олар Рим халқымен одақ құра бастаған едi. Рим провинциялары аумағында көптеген мөлшерде варварлык елдер мекендедi.

Рим әскерi IV ғасырдың аяғынан бастап көбiне Рим шекараларына қоныстанған варварларды және жалақы үшiн қызметке жалданған варвар отрядтарынан тұратын. Олар федерат деп аталды. Варвар королдерi мен әскери басшылары бастаған федераттар әскерi бiрте-бiрте Рим мемлекетiнің басты әскери кiшiне айналды. Рим армиясының командалық құрамы мен император сарайы жоғары шенеунiктерiнің арасыннда варварлардан шыққан көптеген қызметкерлер пайда болды.

Iрi поместьелер жеке қолөнер және сауда байланыстары бар оқшауланған шаруашылық кешендерiне айналды.

Мемлекеттiк өкiметтің араласуынан босаған шонжар иелiгiнің иммунитет белгiлерi кете бастады. Салықтарды жер иеленушiлердің өздерi жинайтын. Варварлар арасынан шыққан жалдамалы қарулы отрядтардын көмегiмен  тәуелдi халықты жаншу бiртiндеп жүзеге асырылып жатты.

IV ғасырдың 40- жылдарынан бастап тап күресi қайтадан шиеленiсе түстi. Рим империясында саяси дағдарыс күшейiп, императордың тағы үшiн күрес  басталды. Бюрократтық басқару жүйесiнің кемшiлiктерi ашылды. Рим жерiнде еркiн варварлардың пайда болуы варвар әлеуметтiк құрылысылың ерекшелiгiмен санасуға мәжбүр етедi. Жер қатынасына негiзделген қауымдардың негiзгi көпшiлiгiнің қанауы формальды түрде жұмсара түстi. Рим империясының варварлары өздерiнің қоғамдық құрлысына керi ықпал еттi.

Егiншiлiкпен шұғылдану және жергiлiктi халықпен некелесу егiншiлiк қауымдарының пайда болуына әкелiп соқты. Варвар шонжары баи бастады, мiнез - құлқы римдiк ережелерiн, римдiк өмiр - салтын игердi, әрi бұл варварлардың өз ортасындағы әлеуметтiк жағдайын күшейттi, таптарды құрылып, мемлекеттің дамуына жол ашты.

Рим империясының мемлекеттiк құрылымына варварлардың енуi оның iшкi және сыртқы қаупiнен күресте дәрменсiздiгiнің нәтижесi едi. Өзiнің өмiр сүру жолындағы күресте күштердi нығайту үшiн мемлекет варварларды осы күреске тартуға мәжбүр болатын.

Рим империясының варварлануы првинциялардағы сеператистiк қозғалысты бұрынғыдан да гөрi күшейте түскенi анық. Бұл үстемдiк етушi   топтардын арасында қайшылықтарды тереңдетiп және едәуiр дәрежеде империяның ыдырауын әзiрлеп бердi.

V ғасырдын басында вестготтардың көсемi Анарих Италияға үш рет жорық жасады. Вестготтардың батысқа жылжығаны  варварлардың арасында  жаңа қозғалыс көтердi, 406 жылы вандал мен алан бай елдi иесiз қалдырды, бүкiл Галлияны өрт құшағында қалдырды. 406 жылы олар Испанияға, 429 жылы Африкаға келдi. Италия мен Римдi басып алғаннан кейiн, Батыс Рим империясы өзiнің өмiр сүруiн тоқтатқан едi. Провинциялар Рим императорына бағынбайтын болды. V ғасырдың екiншi жартысында Рим Африканы, Британияны, Пеннополеяны жоғалтты. Шығыстан ғұндар Римге келдi. Император сарайында қастандық жасау тоқтатылған жоқ [20]. 455 жылы вандалдар Римдi құлдыратып тонап кеттi. Вандалдардың бұл шапқыншылығы халық жанында ұзақ сақталып қалды. Вандализм адамзат жасаған мәдени және материалдық игiлiктердi мән-мағынасыз қиратудың синонимiне айналды.

V ғасырдың екiншi жартысын замандастары "варварлардың қатал билеп-төстеу" заманы деп атады. 200 жылдан кейiн Батыс Рим Империясының императорлары тiптi империяда қызметте жүрген варварларға да қарсы тұра алмады. Соғыс қимылдары варвар әскери басшыларының қалауымен жүргiзiлдi. Импероторларды сайлау мейлiнше күштi де, әскери жетекшiлердің ықпалында болды. Олардың өкiметiн басып алуы дәстүрге айналды. 50-70 жылдары варвар көсемдерi, Рим аристократиясы және  Шығыс императоры   арасында Батис Рим императорларының тағы үшiн күрес күшейе түседi. Батыс Рим империясының жалаң аты ғана қалды да, Италияны варварлар таптап кеттi. V ғасырда варварлар отрядтарынан әскерлерге жалақы алмай, қоныстануға жер берудi талап еттi. 476 жылы өзiнің жетекшiсi Одоакрдi император ретiнде жариялады. Одоакр iрi жер иелерiнің жерiн тарты алып, өзiнің әскерлерiне және кедейленген иелерге таратты.

Батыс Рим Империясының құлауымен бiрге құл иеленуге негiзделген коғамдық қатынастар жүйесi - құл иеленушi қоғамдық формация да өмiр сүруiн тоқтатты [21].

Бұрынғы Рим Империясының аумақтарында қалыптасқан мемлекеттер жаңа феодалдық типтегi таптық қоғамдар болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

 

2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi белгiлерi, қайнар көздерi.

 

«Рим құқығы» термині  құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық  Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуына тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихтарынан көрініс табады.

Римдік азаматтық құқығының пәні – мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).

Рим құқығының  негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен  міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.

Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуына тұтастай алып қарағанда екі дәуірге бөлуге болады:

Бірінші дәуір – Рим  құқығының құрылуы мен дамуы  Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен  байланысты б.э.д. VII-Vғғ. Антикалық мәдениетін кіргізуге болады. 

Екінші дәуір – тарихи дәстүрлерге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісімен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).

Мұндағы рим құқығының  пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңмен байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп атайды [22].

«Рим құқығының» термині  антикалық Рим құқығында көрініс  тапқан. Рим құқығы мемлекеттердің құлиеленушілік кезеңдерінде пайда  болды. Рим құқығы адамзаттың құқықтық дамуында ерекше орын алады. Ол атикалық қоғамдағы және ежелгi дүниедегi  құқық дамуының жоғарғы шыңы [23].

Ф.Энгельс көз қарасы бойынша  «рим құқығы ол өмірдегі жағдайлармен қоғам арасындағы қақтығыстардың классикалық заңдық көрінісі» [7].

Римдiктер әлемдi үш рет жаулап алды бiрiншi рет легиондармен, екiншi рет христиан дiнiмен, ал үшiншi рет құқығымен. "Жазылып қойған саны" деп аталатын Римдiк құқықтың классикалық түрiн Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын [22]. Ол көп мемлекеттердің құқықтық жүйесiнің негiзiн қалады. Бұл құқық жүйесi континенталды және романдық - германдық құқық жүйесi деп аталады.

Информация о работе Рим құқығының пайда болуы