Рим құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа

Описание

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64

Работа состоит из  1 файл

Д раб Ежелгi Римде мемлекеттiң пайда болуы.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Жай және күрделі мүліктер. Тұрақты философияға қарай отырып, Помпоний мүлкінің 3 түрін ажыратты: 1) жай мүлік – corpus quod uno spiritu continetur -  физикалық байланысты нәрсені құратын және біртекті, құрамды бөліктерге бөлінбейді. 2) күрделі мүліктер, әртүрлі мүліктерінің жалған қосылуынан тұрады, арасында материалды байланыс болады және бірдей атайға ие [20]. Мысалы, құрылыс, кеме, шкаф. Күрделі мүліктерінің бөліктерге жалпы жоғалған жоқ, олардың қатысуына дейін бөлек мүлік болады және әр түрлі тұлғаларға жатуы мүмкін болады. Бұл тұлғалардың  құқығы біріккен мүліктердің арасындағы қатынас және байланысқа тәуелді анықталады. Кейбірде басқа тұлғалардың құқығы тоқталған жоқ, олардың мүлкі басқа күрделі мүліктің бөлігі болып қалса да. Басқа жағынан біріккен бөліктер жалпыға бірдей құқыққа бағынды. 3) үшінші топты бөлек мүліктің жиынтығы құрады universitater rerum disantium, материалды байланыспаған, тек жалпы бірдей атпен байланысқан, мысалы, тобыр, легиан. Бұл уақытша шаруашылық немесе мүліктердің немесе адамдардың ұйымдасып бірігуі. Бұл жағдайда құқықтық қатынастың заты болып, жалпыға кіретін бөлек мүліктер бола алады. Алайда, айналымның талаптарына жол бере отырып, римдіктер бұл мүліктерінің құқық саласына сонымен қатар целостный көріністік әсерінде жіберіп отырды, мысалы, жеке меншік иесі бөлек жануарлардың көп бөлігіне өзінің жеке меншігін дәлелдей отырып, бүкіл тобырға истребовать етуі мүмкін.

Айналмалы және айналымға келмейтін  мүліктер. Римдік заңгерлер мүліктерді айналмалы және айналымда жоқ мүліктер деп бөлді. Бірінші категорияға бүкіл мүліктер жатқызылды, жеке меншік объектісін құрайтын және бөлек адамдардың арасындағы айналымды құрайтын мүліктер. Айналымға келмейтін мүліктер мыналар: өзінің табиғи  немесе өзіндік ерекше тағайындалудың күшінен жеке құқықтық қатынастың нәрсесі бола алмау. Класскалық заңгерлер omnium communes мүлік тобын мойындады, ал юстиниана институттарында табиғи құқығына сәйкес барлығына жататын мүліктерді қайтарды. Бұған: а) ауа, б) ағымдағы су, в) теңіз онда кіретін барлық нәрселер жатты.

Айналымға кірмейтін мүліктің басқа  тобын көпшілік мүліктер құрады. Көпшілік мүліктің басты және негізгі қожасы римдік халық санады. Мүлік қала қоғамдастығы практикада res publicae деп те аталады [14]. Осылайша res publicae, біріншіден мүліктің еркіне қызмет етті немесе қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін. Екіншіден, res publicae мемлекеттік кірістердің қайнар көзіне қызмет етті және фискальды қажеттіліктерді жапты. Мұнда қоғамның мекемелер және бекіністер кірді, басқаруға және қорғанысқа мақсатында қызмет ететін. Көпшілік мүліктің келесі категориясына мемлекеттің бүкіл азаматтың барлығы қолдануға болатын немесе қоғамдастықтардың және қоғамдық қажеттіліктермен мақсаттарды қанағатандыру үшін қызмет ететін мүліктер құрады. Бұған алдымен көпшілік жолдар және өзендер кірді. Өзендер римдіктермен glumiha рutlica және pripata деп бөлінді. Көпшіліке сарқылмайтын өзендер кірді. Көпшілік өзен және жолдардан басқа римдіктер жалпы қолданылатын мүліктер тобына театрларды, стадиондарды, моншаларды және тағы басқа жатқызды. Бұл мүліктерді қолдану бүкіл адамға тиісілі. Айналымға келмейтін мүліктер құдайлық құқықтық болып, ол қандайда бір азаматтың құқықтық мүлкі бола алмайды. Мұнда құдайға арналған мүлік храмдар, құдайға қызмет ететін нәрселер отбасы мүшесімен, бөлек адамдарды және құлдарды жерлейтін жерлер кірді. Көпшілік құқық қалалық бекіністер және әрбір қоғамдастықтың варота саналды. Оларға қалалық иелігінде болды. Бірақ айналымға кіру киін түсе алатын болды. Юстиниан құқығында қасиетті мүліктерді отчуждение жол берілді. Res sacral құлдарды сатып алу үшін немесе қарыздарды төлеу үшін.

Өнім табиғи болып  оның ең алдымен мүліктерінің органикалық  өнімі саналды. Сулы және құрлықтық кеңестікте аң аулау участкасын құрады, егер олар арнайы аң аулау үшін болса: жер недр қатысты классиктердің ойлары әр түрлі болды, бірақ көпшілігі жер недр өнімі плод жатқызды. Өнім бөлінеді:                    а) fructur pendenter – олар өндіріп жатқан мүлікпен байланысты өнім; б) fructus separate – олар өндіріп жатқан мүлікпен бөлек өнім; в) fructu percepti – тек бөлек емес, соған қатысты өзі үшін немесе басқа біреу үшін жаулап алынған плод. Олар өз кезегінде бөлінеді fructus exspantes – табиғи қолма қол плод және fructus consum pri қолданылған немесе қайта өңделген өнім. Өнім заңды мағынасының ұғымы және олардың бөлінуі олардың құқықтық жеке меншіктің құқықтық тағдырларының айырмашылығында болды. Жеке меншік иесінің мүлікті қайтарып алу талабы қолма қол плоды әрқашан мүлікпен бірге жеке меншік иесіне қайтарымға жатты. Қолданылған под қайтарып алушы жауапкершілікті алған жоқ. Жеке меншік иесінің мүлікке құқықтық шектеу римдік Л.П. Петражицикалық негізінде түсіндірілді, өзі қолданылған [7].

Өнім байланысты талаптардан  иесін шектей отырып, римдік құқық шаруашылық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етуге тырысты. Кірістер -өнімнің заңды ұғымы римдік заңгерлермен кеңейтілді және әрбір жиі кірісті қамтыды, мүлікті табиғи жолмен әкелуші ретінде және өнім әкелетін мүлікке байланысты ерекше құқықтық қатынас негізінде алынатын, мысалы пайыздар капиталдан алынатын.

Бірте бірті римдіктер барлық мүліктік комплектің біріккен шаруашылығана  келіп тірелді. Азаматтың мүлкінің ең ерте мағынасы кестедегі заңды  терминмен берілген, famia pesuniagne құлдардың және малдың бастапқы жиынтығы. Кейінірек famia pesuniagne бүкіл мүліктің жиынтығын құрады. Цивильді құқықта мүліктің құқығы бекітілді. Преторлық құқықта кейбірде «әкелік және аталық жақсылық» деген термин қолданылды. Әрине мүліктің ұғымы сол адамға барлық жататын мүлікті қамтиды, ол мүлікті өзі табылдыма, әлде мұрагерлікпен қалдыма. Жеке меншік иесінің тірі кезінде оның қарыздарының төлеуде кредиторларға кепілдік береді. Осыдан Павел қорытынды шығарды, әрбір адамның мүлкі болып кредиторлық қанағаттануынан, берешектерді бергеннен кейінгі мүлік саналды.

Басты және побочный мүліктер. Побочный мүліктер деп нақты бір үлгімен басты мүліктерін тәуелді және соңғысының заңды жағдайына бағынған мүліктер. Побочный мүліктерінің басты түрлері: мүліктің бөлігі, принадлежность және өнімі саналды. Мүліктің бөліктері өзіндік заңды өмір сүруі болған жоқ. Мүлік жалпы заңды келісімдерінің объектісі болып табылғанда, онда ол келісімдерінің соңы мүліктерінің бөлігі жалпыдан бөліну жағдайында болуы мүмкін. Римдіктер келесі айырмашылықтарын өткізді:                     а) егер байланыс қатысатын мүліктерінің негізі өзгеруімен өтсе, онда қосылған мүлікке жеке меншік иесі үшін құқығы мүлдем тоқтатылады, мысалы, ертілген шарап, б) егер қосылған, басты мүліктер өзінің негізін өзгертпесе, ал жиынтық мүлік, бөлінбеген болса, онда негізіне қосылғанға мүліктердің бөлінуі кезінде, қосылған мүліктерінің бұрынғы заңды жағдайы қайта қалпына келтіреді. Принадлежность мүлкі деп, басқа мүлікпен физикалық емес, экономикалық байланысатын мүлікті айтамыз. Негізгі мүлік бітпеген мүлік болып саналмайды, егер одан бөлінбесе сонымен қатар негізгі мүлікпен бөлек болуы да мүмкін, алайда осы және басқа мүлікті бірігіп қолдануда ғана шаруашылық қорытындыға қол жеткізіледі. (Мысалы, кілт). Өзіндік физикалық өмір сүрудің түріне, оған өзіндік құқықтың тиесілі нәрсесі бола алады. Алайда қызығушы тұлғаның арнайы ескертпе жоқ болуынан бүкіл құқықтық қатынастар, негізгі мүлікке қойылатын, таралған болып саналады және оған тиесілі. Мүлікке құқық бәрінен бұрын иелену қалыптасты, оның артында жеке меншік құқығы тұрды. Осымен және басқада класскалық заңгерлермен мүліктің үстінен иелік ету деп түсінді. Мүлік қызығушылық білдіріп тұрған адамға жатпағандықтан, бірақ ол мүлікті қолдануға ынта білдіріп тұрғандықтан, басқа адамға жататын кейінгі заңгерлермен басқа біреулердің мүлкіне құқық деп аталған құқық пайда болды [23]. Осымен осыдан кейінгі орналасуы анықталды. Келесі бөлімдерді: а)  иелік ету; б) жеке меншік; в) басқа мүлікке құқық қарастырылды. 

Меншік құқығы барлық құқық жүйеіндегі орталық институттардың бірі. Меншік құқығы институты жеке құқықтың сипатын анықтайтын институт. Рим құқығы меншік құқығын затқа толық үстемдік деп анықтады. Заттық құқықтан туындайтын тұлғаның затқа үстемдігі әртүрлі деңгеймен және мазмұнмен сипатталады. Бұл үстемдік меншік құқығында толық көрсетіледі. Классикалық рим меншігі тұлғаның жерге және құлға үстемдігін көрсетті. Дей тұрғанмен, меншік құқығының түсінігін өңдеу жай жүргізілді.

Рим мемлекетінің құрылуымен мемлекетке тиесілі барлық жерлермен қатар республиканың ішкі тарихы да өзгерді [5]. Мемлекет барлық азаматтарға жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығын берді. Үздіксіз жаулап алу салдарынан және рим аумағының үлкеюімен қатар мемлекеттік жер қоры мемлекетке өз азаматтарына көптеген кеңістіктерді беру мүмкіндігіне ие болды.

Ерте құқықта  меншік түсінігін беретін арнайы термин болған жоқ. Ерте кездегі dominium термині  “билік ету” дегенді білдірді және бұл термин зат кімнің билігінде  болса соған қатысты қолданыла  берді. Меншік құқығының мазмұны меншік иесінде бір мезгілде  :

  • ius utendi-затты пайдалану
  • ius abutendi-затқа билік ету
  • ius fruendi- затты пайдалану нәтижесінде кіріс алу және затқа билік ету құқықтарының болуымен түсіндірілді.

Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.

Билік ету құқығы үшінші тұлғалардың талабымен емес, өзінің қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін білдірді, яғни заттың юридикалық тағдырын шешу құқығы. Иелену затты нақты іс жүзінде иелену арқылы түсіндіріледі. Осы үш құқығы болған кезде ғана меншік құқығы туралы айтуға болатын, қорыта айтқанда осы үш термин меншік құқығының мазмұнын білдіреді [24].

Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік құқығына шектеулер қойды.

Заңды шектеулер 12 кесте заңдарымен бекітілген болатын. Олар:  

  • Меншік иесі өзінің учаскесіне бір күн сайын  көршісінің учаскесінде өсіп тұрған ағаштан түскен өнімін жинау үшін көршісін жіберіп тұру;
  • 15 футтан асатын бұтақ өскен жағдайда, егер меншік иесі оны кеспейтін болса, бұтақты кесіп, тіпті ағаштың өзін кесу, егер оны меншік иесі өзі жасамайтын болса;
  • Өзінің учаскесінің үстінен жарты футтан асатын құрылыс салуға

         -  Меншік иесі белгілі бір сыйақыға өз учаскесінен өткізіп тұруға міндетті болды. 

Меншіктің үш түрі белгілі болды.  Олар:

  • Квириттік меншік
  • Преторлық меншік
  • Перегриндік меншік

Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі болып саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері: квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын; квириттік меншіктің объектісі тек манципациялық заттар; квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын. Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажет болды. Біртіндеп меншіктің жаңа түрі пайда болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды. Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлық меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жолмен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып виндикациялық талап берілетін және бұл азаматтық айналымның тұрақтылығына кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтандырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықтан претор мұндай жағдайда жауапкердің құқықтарын қорғайтын, және мәміле орындалған болса, претор судъяға талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.

Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және еркше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндар ерекше мәртебе ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықтары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер екі немесе одан да көп тұғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие болды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затты пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын [17].

Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп екіге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік құқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.

Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім  және шарт негізінде меншік құқығының ауысуы жатады.

Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес заттарға -   иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;

-   бас тартқан заттар, сынған заттар, бүлінген заттар;

  • бұрын рим азаматына тиесілі болмаған жаулап алу және соғыс кезінде алынған заттар жатады.

Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа және қойма деп. Бұл туралы толығырақ  төменде мәлімет беріледі. Ешкімге  тиесілі емес заттар –res nullius терминологиясымен, меншік иесі бас тартқан заттар-res de re lictae; жаудың заттары-res hostiles теминологиясымен анықталды.

Иелену көнелілігі бойынша затты иелену. Иелену көнелілігі – бұл затты адал ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде меншік құқығының пайда болуы. Иелену көнелілігі ерте цивильдік құқықтың өзінде танымал болған. Ол рим азаматтарына қатысты қолданылды және меншік құқығы қозғалатын заттарға бір жылдан кейін, қозғалмайтын заттарға екі жылдан кейін пайда болды. Юстинианның Кодификациясында бұл мерзімдер қозғалатын мүлік үшін үш жыл, қозғалмайтын мүлік үшін бір жыл болды. Иелену көнелілігі бойынша меншік құқығы пайда болу үшін мына алғышарттар орындалуы керек болды:  а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі. Иелену бір адаммен үздіксіз жүргілуі қажет болды.

Қойма дегеніміз қандай да болмасын жерде бұрыннан жасырын  жатқан, ашқаннан кейін иесін табу мүмкін болмайтын құндылық. Бөтен  біреудің жерінен соқыста тауып алған қойма тауып алған адам мен жердің қожайынының ортақ меншігі болып саналды. Мақсатты іздеу нәтижесінде жердің қожайынының рұқсатынсыз және оны ескертпей тауып алынған қойма олжаға теңестірілді және оны беру құқықбұзушылық болып саналды. Қасиетті жерлерден тауып алынған қоймаға меншік құқығы пайда болмайтын.

Спецификация- бір немесе бірнеше заттардан  жаңа зат дайындау. Ие болу құқығы материалдың  меншік иесіне тиесілі болатын немесе өз еңбегімен затты өңдеген адамға тиесілі болатын. Юстинианның құқығы бойынша  спецификатор жаңа затың  иесі меншік иесі болып саналды, егер ол бөтен затқа өз затынның бір бөлігін қосу арқылы жаңа зат өңдеп шығарса. Мұндай жағдайда ол материалдың құнын беруге тиісті болды.

Дәстүр- затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Дәстүр негізі шарт болды. Бастапқыда традиция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манципациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Дәстүр көмегімен меншік құқығының ауысуы - негіз арқылы ауысатын. Бұл негіз тараптардың еркі болып табылды. Юстиниан Кодификациясында дәстүр меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірден- бір тәсілі болып саналды. Дәстүр бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.

Заттарды біріктіру. Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар ұнтақталатын заттар және ұнтақталмайтын заттарды араластыру нәтижесінде бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байланысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды [20].

Информация о работе Рим құқығының пайда болуы