Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 23:40, дипломная работа
Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы – бұл классикалық құқыққа жатады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................6
1. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Римнiң әлеуметтік құрылысы...............................................................................8
1.2 Рим аристократиялық республикасы.................................................................10
1.3 Рим империясы....................................................................................................16
2. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi қайнар көздерi..........................21
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi......................................................................30
2.3 Римнiң зат құқығы...............................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................64
Юстиниан кодификациясы. Жалпы кодификация деген сөз ол сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материялды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.
Юстиниан кодификациясы – император Юстиниан кезінде VIғ. жүргізілді. Негізгі мақсат рим құқығына жаңа мемлекеттке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқығы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып өзгертіліп толықтырылған.
Юстиниан жинағының негізі болып бөлінген бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534жж). Алғашқыда Юстиниан жарлығы үш бөліктен тұрды:
Тұлға терминімен құқықтың
субъектісі анықталады. Тұлға болып
рим қоғамында жекелеген
Ерте Римде толық құқыққабілеттілік үш элементтен тұрған:
- Еріктілік жағдайы - status libertatis, яғни ерікті болу, құл болмау.
Жеке құқықтық қатынастарда құқыққабілеттілік екі элементтен тұрады: 1) jus conibiі – рим некесіне тұру құқығы;
2) jus commercii – мүліктік қатынастардың субъектісі болу құқығы.
Еріктілік жағдайы тұлғаларды еріктілер және құлдар деп бөлді. Ал, азаматтық жағдайы рим азаматтары және басқа ерікті азаматтар деп бөлді. Отбасылық жағдайы бойынша отбасы басшысы және оған бағыныштылар деп бөлінді.
Тұлға үшін тек құқыққабілеттілік мәнді болды, бірақ ол өзінің мәнін жоғалтар еді, егер де сыртқа шықпаса. Бұл сыртқа шығару әрекетқабілеттілік арқылы түсіндіріледі.
Әрекетқабілеттілік- бұл тұлғаның өз әрекеттерімен өзіне құқықтар мен міндеттерді туғызу қабілеттілігі.
Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқыққабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқыққабілетті деп танымайтын [26]. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.
Рим азаматтығын алудың негізгі тәсілі - баланың дүниеге келуі болды. Рим некесінде дүниеге келген бала әкесінің жағдайын қабылдады. Ал, некеде тұрмаған әйелден дүниеге келген бала шешесінің жағдайын қабылдады.
Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын. Құқыққабілеттілік жария құқық аясында мыналарды қамтыды: тұрақты әскерде қызмет ету құқығы, халық жиналыстарына қатысу және сайлау құқығы; магистрде лауазым алу. Өзінің құқықтық жағдайына байланысты рим азаматтары ерікті туылғандар және рим азаматымен құлдықтан босатылғандар деп бөлінді.
Тұлғаның құқықтық жағдайының шектелуінің ерекше жағдайы арынан айырылу болды. Арынан айырылу жағдайы қылмыс үшін сотталған жағдайда; некеге қатысты құқықтық нормаларды бұзған жағдайда; ұят істермен айналысқан жағдайда орын алды. Рим азаматтығы еркіндігін жоғалтумен байланысты жойылып отырды.
Латиндар деп Лациум тұрғындарын және олардың ұрпақтарын атады. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады. Латиндар jus conibiі және jus commercii құқығына ие болды. Латындардың құқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік өкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латиндардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды. Латындар рим азаматтығын арнайы актілер арқылы ала алатын [27].
Гаидың институцияларында, егер латын бұрынырақ өлсе, жастағы баласының рим азаматы екенін анасы да қорғай алатын деп көрсеткен. Кейіннен Троян латындарға, егер ол Римде диірменді үш жыл бойы ұстаса және күн сайын 100 мер нан шығарса, квириттік құқықты беру керек деп қаулы қабылдады.
Перегриндар – рим колонияларының тұрғындары, сонымен қатар Ерте Римнің аумағындағы шет мемлекеттердің тұлғалары. Бастапқы кезде перегриндардың мүлде құқықтары болған жоқ, бірақ сауда айналымының дамуына байланысты преторлық құқықпен қорғалды. 212 жылы б.э. император Каракалла оларға рим азаматтығын сыйға береді. Осы жылдан бастап рим азаматтары мен перегиндардың құқыққабілеттіліктері бірдей болды [6].
Құлдардың құқықтық жағдайы құқықтың объектісі ретінде танылды. Құлдық күң-анадан туу, қамауда болу, құлдыққа сату немесе өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жұмысқа жіберуге жазаланса орнады.
Құлдық құлды бостандыққа жіберумен тоқтатылды. Уақыт өте келе құлдың мәртебесі жақсара бастады. Империя кезеңінде құлдар құлиеленушінің мүлкінің бір бөлігін басқару және пайдалану құқықтарын ала бастады, яғни кейбір мүліктік құқықтарға ие болды. Қабілетті құл өзіне мүлік жинау және сол мүлік арқылы қожайынынан еркіндігін алуға мүмкіндігі болды [13].
Егер құл, тек преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік құқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын және квирит құқығына ие бола алатын. (Гаи Институциясы).
Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды [5]. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл құлдықтан босатылатын, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген құл құлдықтан босатылатын. Бірақ lex Aelia Sentia заңдарды құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:
Егер де құлды босатудың салдарынан несие берушіге немесе патронға зиян болатын болса, құлдықтан босатудың еш мәні жоқ деп саналатын. Себебі Элия Сенция заңы еркіндікті жоққа шығаратын. Жиырмаға толмаған қожайын құлды еркіндікке жібере алатын, егер бостандыққа жіберу сот арқылы болатын болса және бостандыққа жіберудің заңды негізі кеңес алдында дәлелденген болса. Құлды бостандыққа жіберудің заңды негізі болып табылатын, мысалы, кім әкесін немесе шешесін не тәрбиелеушісін бостандыққа жіберсе, немесе бірге туған туысын жіберсе.
Когнициондық процесстің енгізілуімен қатар құлдар әдеттегі сотқа талап беру құқығының болмауына байланысты чиновниктерге өтініш жасай алатын.
Рим құқығы бойынша құқықтың субъектісі ретінде жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да өмір сүрді, бірақ рим құқығы заңды тұлға ұғымын анықтаған жоқ [8]. Бірақ, 12 кесте заңдарында әртүрлі діни және кәсіби сипаттағы корпорациялар туралы айтылған. Рим құқығы заңды тұлғалардың үш түрін таныды:
Корпорациялар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Бастапқыда корпорацияларды құрудың толық еркіндігі берілді. Монархияға көшуге байланысты корпорациялар өкіметте сенімсіздік туғызуына байланысты таратылды. Бұдан кейін оларды құру үшін арнайы рұқсатты қажет ететін заң шығарылды. Олар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Корпорацияның мүлкі корпорацияның өзіне тиесілі болды. Тек корпорация өз қызметін тоқтатқан жағдайда, оның мүлкі корпорацияда қалған мүшелерінің арасында бөлінетін.
Муниципилар кең көлемдегі құқыққабілеттілікке ие болды. Муниципилар өсиеттік бас тарту арқылы мүлікке ие бола алатын.
Заңды тұлғалардың ішінде қазыналар ерекше мәртебе ие болды. Бастапқы кезден мемлекеттік қазына императордың мүлкі есебінде саналды және жеке құқық нормаларымен реттелді [19].
2.2 Рим құқығының негiзгi кезеңдерi
Оқу мақсатында рим құқығы тарихын мына кезеңдерге бөледi:
Рим құқығындағы өзгерiстер оны жүйелеуде көрiндi [7].
Рим құқығының бiрiншi кезеңi - квирит құкығы, қоғамның әлеуметтiк-нарықтық құрылысы айтарлықтай емес едi, сондықтан құкықтың нысаны өте қарапайым жағдайда болды. Квирит құқығының негiзгi белгiлерi - iшкi тәртiпсiздiктi түзету, дiни нормалар мен бiрлiкте болу, бұрынғы зандармен бұзбеу едi, құқық әлi салаға бөлiнбейтiн.
Оның дiни рәсiмi, дәстүрлiк жоғарғы сиипаттары сакталды. құқықтық нормалар жалпылама шығарылды, сондықтан ол өте нақтылы жетiлмеген болатын. Квириттердің құқығы преторлардын құқығымен қатар дамыды.
Ежелгi Рим құқығының мұрасының ең маңыздысы ХII кесте заңдары. Бұл құқықтық құжаттың кабылдануында плебейдер мен патрицийлердің күресi әсерiн тигiздi [19].
Плебейлер патрицийлердің сотын осы заң бойынша тәртiпке келтiрдi және өздерiнің құқығын қорғады. Бұл заң б.д.д. V ғасырда қабылданды. Бұл цивилдiк құқықтың мұрасы болып табылады [11].
Бұл құқық бүкiл Римнiң зат–мүлiктерiн манципацияға жататын және манципацияға жатпайтын деп екi түрге бөледi. Манципацияға жататындар: жер, құл және мал, ал қалғандары жатпайтын заттар. Манципация сатушы және сатып алушы, өлшеу және бiр кезек кезi бар таразшы, Римнiң толық құқылы азаматтары. Сатып алушы колын иығына қойып: "мен Рим зандары бойынша 1000 құлды осы жерден сатыл алдым"- дейдi [24]. Сатушының үндемей тұрғаны келiсiм бергенi деп есептелiнедi. Жердi өлшеушi өлшенiтiн табағына зат лақтырады, келiсiм жасалды деп саналды. Осы айтылған процесстің бiр рәсiмi орындалмаса, келiсiм заңды емес. Мұның өзi Рим құқығында ұсақ формализмнің көп екенiн көрсетедi.
Жер бүкiл Рим қауымының меншiгi болып саналды. Сондықтан оны сату үшiн осындай қүрделi манципация процесi керек едi, қауым жерге, құлға, малға қатысты келiсiмдердi кадағалайды. Басқа заттардың бәрiн еркiн сатуға болады. Олардың құны да жоғары қарызын төлей алмаған азаматқа сот шешiмi бойынша бұғау кигiзiледi. Өсiмқор қарыз алушы адамды үшiн алып кетiп, үш жексенбi басты базарға шығарып, қарызын төлейтiн туысқандарын және жолдастарын iздейдi. Содан кейiн оның карыз алушыны сатуға құқығы бар. Б.д.д. II ғасырда осы Петилин заңын жойылды. Ендiгi кезде қарыз алушы өзiнің мүлкiмен ғана жауап беретiн болды.
Мүлiк құқығының ерекше түрiне сервитут жатты. Сервитут – басқаның меншiгiн пайдалану шегiн тiркедi. Сервитуттар манципацияланатын заттар қатарына жатты: көршi жерiнен басып өту, мал айдап өту, жүк тасымалдау құқығы, көршi территориясынан су жырып алу.
Шарттардан туындайтын мiндеттемелер күрделi және көпжақтылығымен ерекшелендi. Контракт жасаудың iшiндегi құлиеленушiлiк құқықтың айқын көрiнуi «нексумда» байқалды, оның нысанында әртүрлi мiндеттемелiк қатынастар болды. Ертедегi контракт түрi «стипуляция» - белгiлi бiр сөз мәтiннiн айтумен (ант берумен) орындалды [23].
Неке қарым-қатынастары ерекше түрде болды. Оның екi түрi көрiндi. Некенің бiрiншi түрi - отағасына бәрi бағынады. Шаңырақтың мүлiгi ұжымдық меншiк, оған әкесi ғана иелiк еттi. Бүкiл агнаттар әкесiнің мұрагерлерi бола алады. Әйел адам жұбайына бағынды. Некенің екiншi түрi - сине ману, манципациясыз. Мұнда ерлi-зайыптылардың құқығы тең. Әйелi жылына бiр рет үш күнге қашып кетуге тиiстi, сонда өзiнің бостандығын, құқығын, тендiгiн сақтайтын болған. Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ерекшеленген. Ұрлық жасағандар, үйдi өртегендер, егiн, мал ұрлаған қылмыскерлер өлiм жазасына кесiлдi. Түнде ұрлық iстеген адамды ең алдымен ұрады, содан кейiн жәбiрленушiге құлдыққа бередi [20]. Деликттер - адамды ұру, тiл тигiзу, дене мүшесiн зақымдаушылық (құқық бұзушылық). Адамды өлтiру туралы ештеңе айтылмаған, бұл жағдайда қанды кек алу қолданылатын болуы да мүмкiн. Дене мүшесiн зақымдаушылық басына, денесiне ұру - 300 асс, басқа жерлерiне - 25 асс айып салумен жазаланған [15]. Адамдарды түн iшiнде жинау, жауды Римге соғыс ашу үшiн дайындау, сот қызметкерлерiнің пара алуы, коғамдық тәртiптi бұзу мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарға жатады.
Осы кезеңдегi сот iстерi жекеше (азаматтық) тәртiпте қаралды. Сот өндiрiсiнің екi сатысы болды: « ин юре» және «ин юдицио». Бiрiншi сатыдағы iс магистратта (преторда) қаралды (талапкер мен жауапкер арасында) егер жауапкер талапкерге келiссе бiрiншi саты аяқталды. Соттағы тараптардың белгiлi бiр дәстүрдi сақтауын легисакциондық деп атаймыз.
Классикалық кезеңнің тәжiрибесiнде құқықты жария және жекеше деп бөлу қалыптасты. Ульпиан сипаттамасына орай жария құқық рим мемлекетiнің жағдайын, жекеше құқық жеке тұлғалардың жаңдайын қарайды. Жария құқық императивтi сипатта болды, ол билiк қатынастарын қамтыды. Оның субъектiлерi құқықтық және шаруашылық автономияға ие болды. Рим юристерi жария құқық « қоғамдық мүдденi» бiлдiргендiктен жекеше құқықтан жоғары тұрады деп бекiттi. Рим мемлекетiнің жекеше құқығы әлемдiк құқық дамуына қосылған өте маңызды үлес болды.
Классикалық және постклассикалық кезеңдегi заңгерлер заттарды топтауды жүзеге асырды, бұрын маңыз болған манципацияланатын және манципацияланбайтын заттар, жылжыйтын және жылжымайтын заттар, бөлiнетiн және бөлiнбейтiн заттар, ауыстырылатын және ауыстырылмайтын заттар т.б. Заттар иесiнің өкiлдiгiне мыналар жатты: иелену құқығы, пайдалану құқығы, басқару құқығы, жемiстерi мен кiрiстерiне құқық, үшiншi тұлғалардан өз затынталап ету құқығы [22].