Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат
Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.
Халықаралық шарттың тілі. Шарттың жасалу тілін жақтар өздері таңдап алады. Олар әдетте екі жақтың да тілін, сондай-ақ үшінші бейтарап жақтың да тілін алады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданылады.
Халықаралық шарттарды жасау.«Шарт жасасу» ұғымы 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкес шарт жасау дегеніміз – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екндігіне келісуі. Бұл процеске мемлекеттердің келіссөз жүргізіунен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттері жатады. Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру және қабылдау, түпнұсқасын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді. Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады. Ол өз кезегінде шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.
Шарт арнайы құжат - өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады. Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін. 1969 ж. Конвенцияға сай мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және сыртқы істер ведомостволарының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер-министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өкілеттіліксіз жасауға құқық берілген.
Халықаралық шарт мәтінін дайындау және қабылдау. Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екіжақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен аяқталады.
Халықаралық шарт мәтінінің түпнұсқасын бекіту. Шарт мәтінін қабылдау оның түпнұсқасын бекітумен жалғасады. Мәтінінің түпнұсқасы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді. 1969 ж. Вена конвенциясының 10-бабында сәйкес, «шарт мәтінінің түпнұсқалығы мен соңғылығы» қатысушылар алдын-ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, ad referendum, парафирлеу, конференцияның қорытынды актісін шығармен бекітіледі.
Халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру әдістері. Шарт жасасудың соңғы сатысы – тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 және 1986 жж. Конвенцияларға сай шарттың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны – шартқа қол қою. Халықаралық тәжірибеде шартқа қол қоюдың белгіленген ережелері бар. Екіжақты шарттарда екі мемлекет өкілінің қол таңбалары бір-біріне қарама-қарсы немесе бір-бірінің астында орналасады.
Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі – ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация – мемлекеттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органның халықаралық шарттарды ратификациялауына құзіреті барлығын тек ішкі құқық белгілейді.
Бекіту – ратификациялауға жатпайтын шарттарды Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы өзіне міндетті екендігін білдіру. Егер шарт мемлекетаралық болса, бекітуді Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді, егер шарт үкіметаралық болса, онда Қазақстан Республиксы Укіметі жүргізеді.
Халықаралық шартқа қосылу – Қазақстан Республикасы өзі жасауға қатыспаған шарттарды өзіне міндетті екендігіне ерік білдіруі. ҚР Президенті ұсынған, сондай-ақ ҚР Үкіметі ұсынған мемлекетаралық шарттарға қатысты және ратификациялауды қажет ететін шарттар бойынша қосылуды ҚР Парламенті жүзеге асырады.
Халықаралық шарттарға жасалатын ескертпе. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау, қол қою, қабылдап бекіту, қосылу немесе ресми мақұлдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңдық әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез келген нысандағы біржақты арыз ретінде анықтайды. Егер ескертпе жасауға шартта тыйым салынса, шарттың объектісі мен мақсатына қайшы келсе немесе шартта рұқсат етілгендер қатарына жатпаса, шартқа ескертпе жасауға болмайды. Егер шартта ескертпе жасау туралы нақты айтылып кетсе, қатысушылардың арнайы рұқсатының қажеті жоқ, ал басқа жағдайларда ескертпе жасалған соң, он екі ай ішінде қарсылықтар айтылуы тиіс, егер қарсылық білдірілмесе, онда ескертпе қабылданған болып есептеледі.
Депозитарий қызметі. Көпжақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын және оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады. Вена конвенцияларына сәйкес, депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет, халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін. Депозитарий қызметіне құзыреттерді белгілейтін құжаттарды, ратификациялық грамоталарын, қосылу туралы құжаттарды сақтау; бекітілген шарт көшірмесін мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға жіберу үшін дайындау; шарттарға байланысты ақпарат беру; құжаттардың белгіленген тәртібі мен нысанының сақталуын қамтамасыз ету жатады.
Қазақстанда мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды қол қойған уақыттан бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сақтау жүктеледі. Ведомоствоаралық халықаралық шарттардың түпнұсқасын өздеріне қатысты ведомостволардың мұрағатында сақталады. Олардың куәланған көшірмелері қол қойған сәттен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.
Халықаралық шарттарды тіркеу және жариялау. XX ғасыр халықаралық шарттардың тіркелуімен сипатталады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шарттарды тіркеуді Ұлттар Лигасының Секретариатына ауысты. Ал Секретариат өз кезегінде тіркелген шарттарды жариялайды. БҰҰ Секретариатынан басқа да халықаралық ұйымдарда шарттарды тіркеуге болады. Мысалы Халықаралық Еңбек Ұйымында, МАГАТЭ. Қазақстанда халықаралық шарттар мемлекетаралық болса, Парламенттің ресми басылымдарында, үкіметаралық болса, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, ведомоствоаралық болса, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар, мәмілелер және жекелеген заңдық актілер бюллетенінде жарияланады.
Халықаралық шарттардың әрекет етуі, жарамдылығы және оларды талқылау. Күшіне енген шарт қана заңды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе ратификацияланған, қол қойылған немесе ратификациялық грамоталарының белгілі саны өткізілген күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақыты мен соған байлансты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әскери көмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар тараптардың біреуіне шабуыл жасалған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлдем орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар, шарттың күішне енуі үшін мерзім берілетін кездер де болады. Кейде шарттардың күшіне ену күні белгіленбейді – көбінесе екіжақты шарттарда, өйткені олар қол қойылған күшіне енуі оның мерзіміне байланысты болады, әрі мерзімі шартта көрсетіледі. Шарттар мерзімді, мерзімсіз болуы мүмкін. Шарттың мерзімдігі оның әрекет ету мерзімі көрсетілмеуі немесе мерзімдігі тікелей шартта көрсетілуі арқылы белгіленеді. Әдетте бейбітшілік туралы, дипломатиялық қатынас орнату туралы, шекара жөнінде шарттардың мерзімі көрсетілмейді. Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол өз кезегінде бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып екіге бөлінеді. Алғашқысы – шартта алдын ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады. Мысалы, шарт ратификациялануға жататын болса, онда хаттама да ратификациялануы қажет. Әрбір шарттың аумақта және кеңістікте әрекет ету аясы болады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, шарт оған қатысушылардың барлығының аумағында әрекет етеді. Кейбір көпжақты шарттарда мемлекет аумағынан тыс кеңістікте әрекет ету аясы белгіленуі мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Антарктика туралы шарт.
Халықаралық шарттарды талқылау. Талқылау дегеніміз – халықаралық шарттардың шынайы мағынасы мен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шартта қолданылатын терминдер әдеттегі ұғымы бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау кіріспе мен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қатысушылардың кейіннен қаблдаған келісімдері, шарт қолдану тәжірибесі, және қолданылатын халықаралық құқықтың нормалары ескеріледі. Егер тараптар алдын ала көздеген болса, белгілі терминдерге арнайы түсінік берілуі мүмкін. Егер шартты оған қатысушылар талқыласа, ол түпнұсқасын талқылау деп аталады. Бұндай талқылауды қатысушылар келісе отырып жүргізеді және оның жоғары заңды күші болады. Аутентикалық талқылау нота ламасу, хаттама нысандарында жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар жүргізетін талқылау халықаралық талқылау деп аталады. Бұл нысан шартта тікелей көрсетіледі немесе тараптардың келісуімен жүргізіледі. Талқылауды БҰҰ-ның Халықаралық Соты немесе ір түрлі комиссиялар жасайды.
Талқылау әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады.
Грамматикалық талқылау – грамматикалық және басқа де ержелер негізінде бөлек сөздер мен шарт мазмұнының мағынасын анықтау.
Логикалық талқылауда бір бапты басқа баптар негізінде және оларды бір-бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығын сақатлуы тиіс.
Жүйелік талқылау – шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау.
Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағынасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән-жайларын әзірлеу материалдарын, дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.
Халықаралық шарттардың жарамдылығы. Жарамды шарттар ғана оның қатысушылары үшін құқықтар мен міндеттер туғызады. 1969ж. Вена конвенциясының 49,50,51,52,53-баптарына сәйкес шарт алдау, мемлекет өкілін сатып алу, мемлекет өкілін шарт жасауға мәжбүрлеу, мемлекетке күш қолдану жолдарымен жасалса және халықаралық шарттың қағидаларына, нормаларына қайшы болса, жарамсыз деп танылады.
Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оның орындаудың, уақытының өтуі, шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды: 1) егер екеуі де бір мәселені реттесе, 2) егер бір-бірімен сыйыспайтын болса, 3) егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлекеттің өзі жасасқан халықаралық шарттан ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды.
Халықаралық шарттарды өзгерту. Халықаралық шарттарды өзгерту екі немесе бірнеше тарптардың арасындағы оның қандай да бір ережелерін өзгерту туралы келісімін білдіреді. Шартты өзгертуден шарттағы қатені жөндеудің айырмашылығы бар. Егер шарттың түпнұсқалылығын бекіткеннен кейін мәтінінде қате табылса, онда мәтінге өзгерту енгізіледі және ол өзгертуді әр қатысушы парафирлейді немесе түзету енгізу туралы арнайы құжат қабылдануы және тараптар осы құжаттармен алмасуы мүмкін. Егер шарт депозитарийге өткізілгеннен кейін қате табылса, онда қатысушылар қарсы болмаса, депозитарий қатені түзеп, оны парафирлейді. Депозитарий қатені түзеу туралы хаттама қабылдап, оны қатысушыларға және қатысушы болуыға құқығы бар мемлекеттерге жібереді. Егер қатысушылар өзгеше шешпесе, түзетулер енгізілген күннен бастап күшіне енеді. БҰҰ-да тіркелген шарттарды түзету туралы БҰға хабарланады.
Халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Халықаралық шарттардың орындалуын халықаралық құқық субъектілері жүзеге асырады. Шарттың орындалуы халықаралық кепілдікпен, халықаралық ұйымдар көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Халықаралық кепілдік – жасалған шарт тараптарын қажетті әрекеттерді жасауға ынталандыру шараларын қолданатындығы туралы мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің кепілдемесі. Қазақстанда жасалған халықаралық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Республика Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды ҚР Сыртқы істер министрлігі жүргізеді.
Әдістемелік нұсқаулар. Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың негізінде реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі. Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.
Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса, шарт жарамсыз болып есептелді. Ежелгі Римде шарт жасауды ереркше діни тұлғалар – фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Осы сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.
Негізгі түсінктер: Халықаралық шарттар құқығы. Халықаралық шарттар құқығы қайнар көздері.Халықаралық шарттар жасау.Халықаралық шарттардың әрекет етуі, жарамдылығы және оларды талқылау
Студенттерге тапсырмалар: