Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері
II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер
Мазмұны
Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары қарастырылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам баласы жаратылғаннан бері қанша заман өтіп, адамдар өздерін саналы түрде сезіне бастағалы екі топ болып, яғни, әйелдер мен еркектер болып бөлінетінін біліп келеді. Бірақ өркениет алға озып, жаһандану жүрген сайын әйел мен еркектердің қоғамдағы орын деңгейлері қалай болу керек? - деген сұрақ ешқашан күн тәртібінен түскен емес.
Сан ғасырлар бойы өсіп, дамып келе жатқан адамзаттың әрбір тайпа, қоғам, ұлт тарихында матриархаттың дамыған кезі болғанынан да көне тарих сыр шертеді.
Қазіргі таңдағы дамудың қарама-қарсы тенденцияларының арасынан батыстық және шығыстық дәстүрлердің қайшылығын, модернизацияның басымдылығын, мәдениет вестернизациясын ерекше атап өтуге болады. Бұл гендерлік қатынастар, ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік және отбасылық ролдерді иемдену, әйелдердің қоғамдағы мәртебесі сияқты саяда маңызды орын алады.
Қоғамның әйелдер мәселесіне назар аударуы Еуропа мен АҚШ сияқты елдерде XX ғ. 60 ж. бастау алады. Осы уақыттарда гендерлік зерттеудің пәнаралық ғылыми бағытына айналған әйелдер мәселесіне қатысты зерттеулер пайда бола бастады.
Әйелдер мәселесі қазіргі араб елдерінде ерекше өзекті мәселеге айналды. Бұл елдерде исламдағы әйел мәселесін түрлі түсінуден туындаса керек.
Халықаралық әйел мәселесі – күрделі, көпқырлы, нәзік, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі.
Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.
Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты.
Әйелдер құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Әйел құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.
Зерттеудің
жұмысының мақсаты мен
-Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттарын анықтау
-Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдерін қарастыру
- Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайын талдау
Зерттеудің теориялық негіздері. Зерттеудің негізіне әйелдер мәселесіне гуманитарлық ғылыми пәндер: мәдениет, тарих, әлеуметтанудың нәтижелері мен әдістеріне сүйенетін кешенді дінтанушылық талдау жатыр. Жұмыс барысында негізінен ислам діні мен қазіргі қоғамдағы әйел мәселесіндегі өзгерістер мен оның тарихи дамуын зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи-генетикалық әдіс қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей:
- әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілуі кешенді түрде зерттеу нысанына айналып, теориялық талдау арқылы оның ғылыми маңызы анықталды.
-әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайын талдау
- - әйел мәселесінің өзекті қыры әйелдер құқығы, полигамия, хиджаб және т.б. сұрақтардың шынайы ислам мен қазіргі заман арасындағы үйлесімділігі көрсетілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
БҰҰ-ның бейбітшілікті қамтамасыз етудегі немесе басқа да халықаралық деңгейдегі науқандарының ең түпкі мақсаттары – әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғау болып табылатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының әйел құқықтары саласындағы жүйесі үш жыл көлемінде қалыптасқан еді ( 1945-1948 жж.). БҰҰ-ның Жарғысы бекітілгеннен кейін, институциональды деңгейде әйел құқықтары саласындағы мәселелерге байланысты негізгі мекемелер мен арнайы агенттіктер құрылған болатын. Осы мекемелердің әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қалыпты қамтамасыз етуі үшін, әйел құқықтары жөніндегі қосымша конвенциялар арқылы толықтыру көзделді. 1945 жылдың Сан- Францискіде (АҚШ) қол қойылған БҰҰ-ның Жарғысы - әйел құқықтары мен еркіндіктерін баршаның тарапынан құрметтеу мақсатына негізделіп жасалынған алғашқы халықаралық келісім шарт. Халықаралық ұйым жағынан әйел құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау идеясы, бірнеше ғасырлар бұрын, әлемнің әр түкпірінде пайда болған «фәлсәфәлік» әлеуметтік және саяси қозғалыстар мен әртүрлі заңдық тұжырымдар негізінде туғаны белгілі. Алайда, көптеген себеп - салдарларға байланысты, ұзақ уақыт бойы қарапайым декларациялық үндеулермен шектеліп келді. Осыған қарағанда БҰҰ-ның Жарғысы өзінің үшінші тармағының бірінші бабында және 55-бапта «нәсіліне, жынысына, тіліне және діни сеніміне қарамастан, баршаның әйел құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, осы құрметті өзінің мақсатына жетудің негізі деп білу» ұйымның міндеті деп бекітеді. Жарғының инновациялық қалпы мақсаттарды қарапайым жариялаумен шектелген жоқ. Бұйрық рай күйінде жазылған 55-бап, «әйел құқықтарын жалпының құрметтеуі мен сақтауын» қамтамасыз етуге БҰҰ міндетті деп көрсетеді. Осы міндетті орындау мүмкіндігі үшін Жарғы тарапынан БҰҰ-на нақтылы билік пен әдіс-тәсілдерін айқындап көрсетеді. Мұны негізінен үш тұжырыммен белгілеуге болады: «зерттеу», «тексеру», «ұсыныс». Сайып келгенде, БҰҰ осы билік пен әдіс-тәсілдер негізінде, ұйым шеңберінде жобаланған әйел құқықтары жөніндегі халықаралық келісім шарттарды, мүше мемлекеттердің бекітуіне ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Осыған орай әйел құқықтары саласында ұсыныс жасау - БҰҰ-ның басты құралы. Ұсыныстардың нақтылы келісім шарттардан айырмашылығы, олар мүше мемлекеттер үшін заңды міндеттеме күшіне ие емес. Жарғының 56-бабын ескеретін болсақ, онда ұсыныстарды міндетті түрде жан-жақты әділ тексеруден өткізіп, оларға оң көзбен қарауды құптайды. Бұл бап әйел құқықтары саласындағы мақсаттарға да жету үшін мемлекеттерді бірігіп немесе жеке түрде БҰҰ-мен ынтымақтасуға іс-әрекеттер жасауға міндеттейді. Керісінше жағдайда, БҰҰ –ның ұсыныстарын орындамау, 56-бапқа қайшы деген бас келісім жасалынған. Бұл бап апартеидтік жүйені қолдамау жөніндегі БҰҰ-ның қаулы-қарарлары кей жағдайда жеке мемлекеттер жағынан қолдау таппауының нәтижесінде жасалынған болатын. Әйел құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның ұсыныс күйінде берілген нақтылы міндеттемелерінің өсуі қарапайым халықаралық заңдарды күшейте түскендігін атап өту қажет. Мұны 1948 жылы дүниеге келген «Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» бірнеше тармақтарынан көруге болады.
Соған қарамастан, осы міндеттемелер БҰҰ-ның ұсыныстарына тек оң көзбен қарау керек дегенмен шектеліп қалмайды. Бұл міндеттемелер әр елдің өз әдіс-тәсіліне, ерекшелігіне сай әйел құқықтары мен еркіндіктеріне байланысты ұлттық заңдарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де БҰҰ-ның басшылығынсыз-ақ дамыта түсуге міндеттейді. 56-бап әйел құқықтары саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейте түсу үшін, мемлекеттердің біріге жұмыс жасауын қолдайды. Осыған орай бірқатар негізгі аймақтық ұйымдардың, яғни Еуропалық Кеңестің, Американдық Штаттар ұйымы және Африкандық Одақ ұйымы қызметтері әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға және қамтамасыз етуге арналған. Әйел құқықтарына байланысты БҰҰ-ның заңды шаралар қабылдау мүмкіндігін Жарғы жоққа шығармайды. Мұндай шаралар әлемге қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің де қаулы - қарарларында көрініс табуы мүмкін. Кең көлемде әйел құқықтары бұзылған сәтте, соның салдарынан бейбітшілікке қауіп төнетін болса, Қауіпсіздік Кеңесі қандайда бір шешім қабылдайды. Жарғының 94-бабына сәйкес Халықаралық соттың да шешімі әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға арналуы мүмкін. Тек бүгінгі күнге дейін іс жүзінде сот көлемінде әйел құқықтарына байланысты қаралған мәселелер өте аз.
Жарғының осы инновациялық қамтамасыз етілуі, Сан-Францискі мәжілісіне қатысқан барлық мемлекеттердің ықыласымен қабылданып, сонымен қатар кейбір мемлекеттік өкілдер ішінде ақыл-кеңесші ретінде болған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жағынан қолдау тапқан болатын. Осының нәтижесінде Жарғының 71-бабын қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл бап бойынша толық құқылы үкіметтік емес ұйымдар Экономикалық және әлеуметтік кеңестің, Әйел құқықтары жөніндегі комиссиясының және т.б. ұйымдардың жұмысына Кеңес жағынан кеңесші дәрежесіне алғаннан кейін қатысу мүмкіндігіне ие болған. Әлбетте, Жарғы – құрастырған үкіметтер, жаңа ұйымдар күштерін екі жақты бекітуге, яғни ұлттық егемендік және мемлекетаралық достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы ұмтылды. Басты мақсатты, оның ішінде әйел құқықтарын қорғауды орындауды, мемлекеттердің іс-әрекетінде үйлестіруші болып табылатындығы баршамызға мәлім. БҰҰ-ның ережесі - шектелген жүйені болдырмауға бағытталған. Жарғыда көрсетілген ережелер әр елдің ішкі заңдылығына араласпауды қадағалайды. 1948 жылдан халықаралық жағдайдың шиеленісе түсуі, әсіресе «қырғи-қабақ» соғыстың кең етек жая бастауы, БҰҰ қабырғасында әйел құқықтары мәселесін талдауды саясаттану деңгейіне әкелді. Бұл кездегі отарлық жүйеге, апартеидке қарсы халықаралық күрестер және әр ұлттың өз мемлекеттік құрылысын өзі таңдауға бет алуы осы саладағы жүйені елеулі либералдандыруға жетеледі. БҰҰ әйел құқықтары саласындағы міндеттемелерін де кеңейте түсіп, біршама ережелер көлемін қарады. Бұл даму – көптеген саяси және әлеуметтік себептердің нәтижесі: яғни, бұл қоғамның әйел құқықтары жөніндегі беймазалануының өсе түсуі, демократиялану, отарлық жүйені жою және өзара байланыстағы алға басу, үкіметтік емес ұйымдардың рөлінің өсуі мен мемлекетаралық жарыстар. Сонымен бірге, БҰҰ тарапынан әйел құқықтарын қорғау мүддесіне арналған ұлттық жоспарларды дайындау және жүзеге асыруы кезеңіндегі ықпалы ; ұлттық құқық қорғау институттарын құру және нығайту; ұлттық заңдар мен саясаттағы әйел құқықтарын қорғау саласындағы дайындықта халықаралық үлгімен бірлестіріп жүйелеу әдістеріне қатысты ұсыныстар; әділеттілік жүйесін нығайту; немесе әрқилы кәсіптік топтарды әйел құқықтары мәселесінде дайындауды ұйымдастыру жөніндегі көмектер жатады. Ұлттар Лигасының жалғасы болып табылатын БҰҰ-ның одан басты айырмашылығы да, осы әйел құқықтарын қорғау мәселесіндегі құрылысынан да ерекше көрінеді. Әсіресе өте маңызды ерекшелігі- көпжақтылығы мен БҰҰ жүйесінің табиғи қозғалмалығы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы осы халықаралық ұйымның көптеген институттары мен мекемелеріне әйел құқықтары мәселесінің әр түрлі астарларын қарау құқықтарымен қоса кең көлемде өкілдік береді. БҰҰ-ның барлық негізгі мекемелері әйел құқықтары саласында тікелей немесе қосымша рөлге ие болуда. Осы негізгі мекемелерге қосымша ретінде тек әйел құқықтары мәселесіне қатысты арнайы мекемелер құрылған. Әлбетте, әйел құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі мекемелер мен институттардың көптігіне қарай күрделене түсуі- әйел құқықтары мәселесінің жан-жақтылығынан туған қажеттілік.
Аталған беделді халықаралық ұйымның құрылымына тоқталатын болсақ, әйел құқықтары мәселесін естен бір сәт шығармайтын мекемелерінің ішіндегі ең бастысы да беделдісі – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (АБ) екендігін бәріміз де білеміз. Ал «қандай да болмасын мәселені қарап талқылауда» ол қашанда Жарғының 10 бабына сүйенеді. Жарғының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, баршаның нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан бірдей әйел құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруды Бас Ассамблея жан-жақты зерттей отырып, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.
Техникалық деңгейде
Бас Ассамблеяның ұсыныстары мемлекеттерді
заңды түрде міндеттей
Ал БҰҰ-ның келесі негізгі мекемесі Қауіпсіздік Кеңесінің де Жарғының 24-бабына сәйкес басты өкілеттілігі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғандықтан осы мақсатта жалпылай кең көлемде әйел құқықтарын қорғау мәселесімен қиылысып жатады.Осындай жағдайдың алдын алу қажет болған жағдайда, БҰҰ жағынан күш қолдану шараларын пайдалануда Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 39-бабына сүйенеді. Жарғыға сәйкес, Бас Ассамблеяға бағынышты мемлекетаралық мекеме ретінде құрылған Экономикалық және әлеуметтік кеңес те әйел құқықтары мәселесімен айналысып, мүше мемлекеттерге ұсыныстар жасауға құқылы. Сонымен бірге жеке мекемелер мен арнайы агенттіктердің жұмысын барлық салада үйлестіруге жауапты. Кеңес пен оның көмекші мекемелері кеңесші органдарда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етеді. 1946-1948 жылдары Кеңес әйел құқықтарына қатысты бірнеше түйінді институционалды шешімдер қабылдаған. Соның бірі – Жарғының 68-бабы негізінде Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияны құру. Бұл Комиссияның ең алғашқы табысы әйел құқықтары туралы халықаралық билльді дайындау болды. Сол жылғы әйелдер құқықтары мен дәрежесіне қатысты мәселелерді қараған субкомиссиялар жұмысына да Кеңес жауапты еді. Сайып келгенде Экономикалық және әлеуметтік комиссия әртүрлі әйел құқықтарына қатысты мәселелерді, соның ішінде геноцид, нәсілдік жікшілдік, аз ұлтты халықтар мәселесін, еркін ақпарат мәжілістер мен жыл сайын әйел құқықтары жөніндегі кітап шығаруды бекіту, Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтаса отырып күштеп жұмыс жасатуға жол бермеу және еңбек құқықтарын қорғауды кәсіподақтар құру мәселелерін қорғайды.
Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі